Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа
Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97
Ат маршруттарының негізгі бөлімі туристердің өзіне-өзі қызмет етуіне және ашық далада тұруға есептелінген (жазда – шатырларды түнейдә, ал қыста – баспаналарда түнейді, асты отта дайындайды, өздері аттардың күтімімен айналысады).
Ат туристінің құрал-жабдықтары. Атшы-туристің құрал-жабдықтары жаяу, тау, шаңғы немесе велосипед туризмінде қолданылатын құрал-жабдықтардан тіптен айырмашылығы жоқ десе де болады. Ең маңыздысы – киім мен аяқ киім ер-тоқымда ұзақ отыруға ыңғайлы болуы қажет. Аттық құрал-жабдықтар: атқа міну үшін – жүген, ер-тоқым, аспалы дорбалар, 2 шырмауық (алдыңғы және артқы), ат күтіміне қажет құралдар; экипажбен(арбамен) жүру үшін – шегу құралдары (дәрте, қамыт, доға, айыл және тізгін). [12,46б].
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Туристік бағыттың бойымен қозғалу барысында жеке бөліктеріндегі табиғи кедергілерден өтудің тәсілдері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастырып қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды пайдалану дағдыларын қалыптастыруды туристік техника дейміз. Туризмнің түрлеріне сәйкес спортшы туристер кедергілердің түрлеріне сәйкес төменде көрсетілген іскерлік-дағдыларды меңгеріп, оларды білуі тиіс: А) туристік бағыт бойындағы қандайда бір кедергілерді білуі; Ә) туризмнің белсенді түрлеріне тән кедергілерден қауіпсіз өту іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруы; Б) өтетін кедергілердің сипатына сай құрал-жабдықтарды іріктеп оларды пайдалана білуі тиіс. Бағыт бойымен қозғлу барысында кететін техникалық қателердің саны мен сапасы туристік жорыққа қатысушылар мен жетекшілердің техникалық дайындығына тікелей байланысты болады. Жорық барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрал жабдықтарды пайдалануға қойылатын талаптарды білмеуден және кедергілерден өту тәсілдерін дұрыс пайдаланбаудан туындайтын қателіктерді техникалық қателіктер дейміз.
Туристік бағытпен қозғалу барысында аз күш жігерді, қаржыны, уақытты жұмсай отырып қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып алдыға қойған мақсатқа жетуді көдейтін іс әрекеттердің жиынтығын туризмнің белсенді түрлерінің тактикасы дейміз.
Туризмнің тактикасы жорықтың жоспар-кестесін құрудан және олрады нақты жағдайда жүзегеасыруды, қозғалатын бағыттың бойында жүретін жолды, жол бойында қозғалу барысында жол бойындағы кедергілерден қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету, сәйкес келетін құрал-жабдықтарды іріктеуді қамтиды. Туристік жорықтың тактикасын жорықалды және жорықтық деп екіге бөледі.
Жорықалды тактикасына: 1) бағытты таңдау; 2)жорықтың жоспар-кестесін құру; 3) жорық қа қажетті азық-түлік пен құрал-жабдықтардың тізімін жасау; 4) физикалық күш-қуаты мен дайындығы таңдап алынған бағыт бойымен толық жүріп өтетін жорыққа қатысатын туристер мен жетекшілерді іріктеу жатады.
Жорықтық тактикаға 1) туристік жорықтың жалпы жоспары үздіксіз талдап қажет болған жағдайда бағыттың әр бір жеке бөліне өзгеріс енгізу; 3) жер бедерінің нақты бір пішіні мен қалыптасқан жағдайға сәйкестоптың жүретін жолын таңдау; 4) туристің белгілі бір бөлігінен өту барысында кедергіден өту шаралары мен тәсілдерін таңдау жатады. Жаяу жорық барысында туындайтын барлық тактикалық мәселелер жыл мезгілдері мен тәуліктің кезеңдерін, жер бедері мен ауа райының жағдайын, катысушылар ағзасына түсірілетін физикалық салмақ пен қолда бар құрал-жабдықтар ескеріле отырып шешіледі. Жорық жетекшісінің білместігінен жүретін бағыттан ауытқудың салдарынан туристер жарақат алып соңы қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін. Сонымен қатар мамандардың туризмнің тактикасын жетік меңгермеуі қаржы мен уақытты, жорыққа қатысушылардың күш-қуатын шектен тыс артық жұмсауына әкеп соқтырады. Сондықтан жорықтың жетекшісі жүретін жол бойындағы барлық кедер мен әсер ететін факторларды ескере отырып туристердің өмірлеріне қауіп-қатер төндірмейтін дұрыс тактикалық шешім қабылдауы тиіс.
Қорыта айтиқанда техникалық-тактикалық дайындыққа маманның оңтайлы туристік бағыт құру, туристік жорықтар мен саяхаттардың белсенді түрлерін ұйымдастырып, оған қатысушылар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін жатқызады. Туристік жорық барысында шешілетін тактикалық міндеттерді көптеген динамикалық факторларға байланысты туындайды. Олардың қатарына ауа райының жағдайы, табиғи апаттар, жарақат алып немесе ауырып қалған топ мүшелеріне немесе апат салдарынан өмірлеріне қауіп төнген басқа туристік топтарға көрсетілетін қажетті көмектер тағыда басқалар жэатады.
Негізгі тактикалық түсініктерге жорықтың мақсаты, күш-жігер, қаржы, уақыт, туристік бағыттың қосымша және апаттық нұсқалары, туристік саяхаттың қауіпсіздігі жатады.
Кез-келген тактикалық құрулар туристік іс-шараның мақсатын нақты айқындау болып табылады. Туризмнің белсенді түрлері спорттық, рекреациялық, оқу, зерттеу (экологиялық, рекреациялық, гидрологиялық, минерологиялық, медициналық, психологиялық) іздестіру-құтқару мақсатын көздейді.
1.Спорттық жорықтар қатысушылардың туристік тәжірибесін арттырып, спорттық разрядтарды орындауды, жарыстарға қатысуды көздейді.
2. Рекреациялық жорықтар көпнесе өткелдері қатысушыларды шаршатып зеріктірмейтін эстетикалық тартымды шипалы бұлақтары, жайлы жағалаулы көлдер мен өзендері бар көрікті орындарға демалу үшін бару мақсатында жоспарланады.
3. Оқу жорықтары арнайы құрылған кестеге сәйкес жер бедерінің белгілі пішіндерінде тәжірибелік сабақтар өткізу мақсатында ұйымдастырылады.
4.Зерттеу жорықтары мен жаңа құралдарды сынау көпнесе шеңберлі және сәулелі тактикадық сызба-нұсқа бойынша жүргізіліп оларға сәйкес келетін арнайы құрал- жабдықтардың сынақтық үлгілері жасалып олар сынақтан өткізу мақсатында ұйымдастырылады.
«Күш» түсінігіне жорық барысында жоспарланған кедергілерден өтуге қатасты алғанда туристік топтың мүмкіндіктері мен ресурстары жатады. Кез-келген туристік жорыққа шығар алдында жорыққа қатысушылар мен жетекшілерінің таңдалған бағыт бойынша өте алуға фзикалық, техникалық, дайындық деңгейін анықтау мақсатында міндетті түрде оларды алдын-ала тексеру қажет. Туристік топтың күшін бағалау төменде көрсетілген өлшемдер бойынша жүргізіледі: 1 қажетті білім мен іскерлік дағдыларды меңгеру дәрежесі; 2 жорыққа қатысушылардың техникалық, физикалық және моральдық ресурстары, жеке және шеберлік дайындығының деңгейі; 3 қатысушылардың мамандануы, бірін-бірі өзара алмастыра алу дәрежесі; 4. жорық жетекшісі жеке басының сапалық және көшбасшылық қасиеттері. Туристік топтың барлық мүшелері мен жеке тұлғалардың күші тұтастай алғанда стандартты метриктердің, тестердің жарыстардың көмегімен тексеріледі.Физикалық және техникалық көрсеткіштердің динамикасы жорыққа қатысушы туристердің жаттығу көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қандайда бір туристік бағыттың сипаты төзімділікті,биіктікке бейімделуді қажет етеді.
«Құрал» тактикалық түсінігі белсенді туристік іс-шараны ұйымдастыру және қажетті құрал жабдықтармен, киім-кешекпен, тамақтандыру, көлікпен байланыс пен медициналық жағынан материалдық-техникалық қамтамасызету мәселелерін қамтиды. Маңызды тактикалық түсініктің бірі туристік бағыттың бойымен қозғалудың күнтізбелік және тәуліктік кестесі, жұмыс күнінің ұзақтығы, бағыттың жеке бөліктеріне өту уақыты түсініктерін қамтитын «уақыт» түсінігі.Туристік бағыттың бойымен кедергісіз дұрыс жүріп өтудің шешуші факторы тактикалық жылдамдық немесе тактикалық бірлікке шаққандағы қозғалу жылдамдығы болып табылады.
Туристік жорықтың оңтайлы тактикасы «Қосымша күш пен құрадарл» түсінігімен тығыз байланысты. Климаттық -географиялық жағдайдың өзгеруі, кездейсоқ жарақат алу және ауырып қалу немесе олардың асқынуын болжау қиынға соғады. Туристік топтар бірден көмек көрсету мүмкіндігі шектелген көпнесе іс жүзінде оқшау әрекет ететіндіктен қосымша күш пен құралдарыдың болуын қматамсыз ету жағын ескеру қажет. Тактикалық дайындығы бар топтарда «бірінші дәрежелі жорыққа шықсаң екінші дәрежелі жорыққада дайынбол деген қағида бар. Бұл қағидалар күрделі жағдай қалыптасқанда оңтайлы шешгім қабылдап қиындықты жеңуге мүмкіндік беретін «икемділік» түсінігімен тығыз байланысты.Ол үшін қиын жағдай туындағанда топтың жүріп өтерін қосымша және апаттық туристік бағыттар құрылады.
Белсенді туристік жорықтарды жоспарлағанда оны ұйымдастырушылар жорықтың бағытына ішінара өзгертер енгізіп, қысқа төте жолы бар қосымша және апатты бағыттар құру жағын ескеруі тиіс. Күрделі жағдай туындаған жағдайда бағытқа өзгерістер енгізуіп, қосымша бағытпен қозғалатыны жөнінде топ жетекшісі жорықты ұйымдастырушы фирма басшыларына хабарлайды. Олар өз кезегінде құтқару топтарын құру жедел көмек беру жағын ойластырады. Қосымша туристік бағыттың апатты бағыттан айырмашылығы бағыттың жоспарлан соңғы нүктесіне балама жолмен жетумен аяқталады. Ал апаттық нұсқа туристік топты жақын орналасқан елдімекенге жеткізіп құтқаруды көздейді.
Туризмде қолданылатын «қауіпсіздік» түсінігі оған қарама-қарсы «қауып немесе қауып-қатер» түсінігімен тығыз байланысты. Жорық барысына туристердің немесе тұтас топ мүшелерінің аман-есен оралуына кедергі келтіріп, өмірлеріне қауі-қатер төндіретін табиғи үрдістер мен құбылыстардың жиынтығын қауіп дейміз. Қауіп-қатер жетекшінің немесе топ мүшелерінің жіберген тактикалық қателіктерінен немесе жолда жүру ережелерін бұзудан туындайды. Қалыптасқан жағдайда талапқа сай келмейтін іс әрекеттерге көшуінен туындайтын қателікті туристің қателігі дейміз. Тактикалық ережелерді білмеуден туындайтын қателікті тактикалық қателік дейміз. Жорықтың мақсаты мен сипатына, жергілікті жердің жүріп өту мүмкіндігіне байланысты туристік бғыттар тактикалық сызбасы шеңберлі, желілі (сызықты), сәулелі, желілі (сызықты)-шеңберлі сәулелі-шеңберлі және құрамдасқан болады
Тау және жаяу туризмнің бір-бірімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Олардың ұқсастықтары екеуінің де қозғалу әдісі жаяу жүру, бағытпен қозғалу барысында қатты тілімделген жер бедері, су кедергілерінен өту барысында бір текті техникалық тәсілдерді пайдаланады. Айырмашылығы жаяу жорықтар еліміздің кез-келген аумағында ұйымдастыруға болады ал тау туризмі тек Қазақстандағы Іле, Күңгей, Теріскей Жетісу Алатауларында, Сауыр-Тарбағатай мен Алтай сыяқты биік тауларда ғана жүргізіледі. Жаяу туризмнен тау туризмінің басты айырмашылығы күрделілік дәрежесінің жоғары болуында. Туризмнің белсенді түрлерінде біліктілік жорықтарын ұйымдастыру үшін оны құрайтын құрамдас бөліктерін түсініп алу қажет. Оның басты түсінігі туристік жорықтарды күрделілік дәрежесі мен разрядықа қарай жіктеуге мүмкіндік беретін сыныпттау (жіктеу). Белгілі бір заңдылықтарға сәйкес логикалық байланысы бар бірі-біріне өзара бағынышты жүйенің жиынтығын жіктеу дейміз.
Белгілі бір күрделілік дәрежесіне сәйкес келетін бағытты анықтауды туризмнің белсенді түрлеріндегі дәрежелі туристік жорық (саяхат) дейміз. Туристік бағыт-бұл белгілі бір уақыт ішінде қызмет көрсету бағдарламасы мен қосымша туристік-саяхаттық (экскурсиялық) қызмет көрсету бағдарламасына сәйкес алдын-ала жоспарланған туристер жүретін жол. Туристік бағытты жіктеу туризмнің белсенді түрлерінің ерекшеліктерінен туындайды. Туристік жорық барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұйымдастырылатын жорықтың күрделілігіне сәйкес жүргізілетін дайындық арқылы жүзеге асырылады. Туристік бағыттарды біліктілігі мен күрделілік дәрежесіне қарай нақты жіктеу жорық өтетін ауданның алуан түрлі табиғи ландшафттармен танысу, туристердің бағыт бойымен қозғалу барысында табиғи кедергілерден өту, ағзаға түсірілетін физикалық, психологиялық, техникалық салмақты дұрыс бөлу үшін қажет. Туристік бағыттарды біліктілігі мен күрделілік дәрежесіне қарай нақты жіктеу туристік жорықты ұйымдастырушы (менеджер) құрылым үшін төмендегі мәселелерді шешу үшін қажет: 1) тапсырыс берушінің талабына сәйкес біліктілік бағыттарын құру немесе бұрын құрылған бағыттарды жетілдіру; 2) қандайда бір туристік бағыттың күрделілік дәрежесіне сай пайдалану маусымы алдында қызымет көрсетуші қызыметкерлерді дайындау; 3) туризмнің белсенді түрімен айналысатын туристердің тбағыттың бойымен қозғалу барысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін білікті жолбасшылар тобын даярлау.
Кез-келген туристік бағытты күрделілік дәрежесіне қарай жіктеу оларды бағалау нәтижесінің қорытындысына сәйкес жүргізіледі. Қиындығы мен күрделілік дәрежесіне қарай барлық туристік бағыттар 11 дәрежеге жіктеледі. (1а,б, 2а, 2б, 3а, 3б, 4а, 4б, 5а, 5б, 6а, 6б). Күрделілік дәрежесі І-ІІІ жоғары туристік бағыттар Алтай, Жетісу Алатауы, Іле, Күңгей, Теріскей Алатауларындағы биік таулы туристік бағыттарға жатады. Белсенді туристердің техникалық дайындығы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан алғанда бірнеше маңызды мәселелерге мән беру қажет.
Күрделілігі І дәрежелі жаяу, шаңғы, су, велосипедтік туристік бағыттар жазық немесе аласа таулы алқаптарда өтетіндіктен табиғи кедергілерден өтудің арнайы техникалық дайындық түрлері көрсетілмейтіндіктен жалпы дайындық жүргізіледі. Күрделілігі 1А дәрежелі таулы туристік бағыттарда ең кем дегенде екі асу болатындықтан қозғалу техникасы, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сақтандыру құралдары мен жіптерін пайдалану дағдыларын қамтамасыз ету жаттығулары жүргізіледі.
І Өту қиындығы төмен І дәрежелі туристік бағыттар қиындығы төмен топқа жатады. Бағытпен қозғалу барысында кейде қолдың көмегі қажет жер бедері қатты тілімделгенімен биік жартастар болмайды немесе олар өтуге қауіп төндірмейді. Одан өту үшін өз-өзіңе деген сенімділік пен санаңды қорыныш билемеуі тиіс. Оған күрделілігі дәрежелі 1А,1Б бағыттары жатады. 3 дәріс. Тау, жаяу туризміндегі табиғи кедергілер. Асу, су кедергілері, шатқалдар, каньондар, ну орман, үйінділер, мұздықтар, қар, фирн, жартастар.
ІІ Өту қиындығы қиындығы орташа ІІ дәрежелі туристік бағыттар тепе-теңдікті сақтау қолдың көмегінсіз мүмкін болмайды. Әсіресе тік беткейлерде бұзылған жартасьтардың болуына байланысты өту барысында сақтандыру жіптері мен арқандарды пайдаланады. Байлаулары бар қысқа жіптерді тек тәжірибелі альпенистер мен тау туритстері ғана пайдалана алады. Оған қауіптілігі мен біліктілік дәрежесі 2а,2б туристік бағыттары жатады.
ІІІ Өту шамалы қиын ІІІ дәрежелі туристік бағыттар. Күрделілігімен қиындығы ІІІ дәрежелі туристік бағыттардың бұл түрінен жартасқа өрмелеумен айналысатын альпинистер өте алады. Онда ұстайтын жерлер өте аз және олар бір-бірінена бір шама алыс орналасады. Күрделілік дәрежесі ІІІ дәрежелі жердерден тек қауіпсіздік арқанының көмегімен ғана өте алады. Сондықтан өзіңмен бірге қосымша жіптер, карабин, жұмар, төмен түсу құралын алып жүру қажет. Оған қауіптілігі мен біліктілік дәрежесі 3а, 3б туристік бағыттары жатады.
ІV Өту біршама қиын ІV дәрежелі туристік бағыттар тік беткейлерге еркін спорттық өрмелеу жатады. туристікжорыққа қатысушылар мен топ жетекшісі үшін ұзақ арнайы дайындықты, кедергілерден өтудің көптеген тәсілдері мен дағдыларын меңгерудіқажет етеді. Жол бойындағы күрделі кедергілерден өту үшін ілгек, түсу (сегіздік), көтерілу ( жұмар), арқан тарту (полиспаз) құралдарын пайдалануды қажет етеді.
Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні