Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

              Мұз жарығының үстіндегі жұқа қардың үстімен жүру үшін алдымен мұзшапқышпен оның мықтылығын бйқау керек. Егер әрең кіріп, қардан өтпесе, мықты, аяқты дәл бір бірінің ізіне салып, міндетті түрде сақтандырумен өтуге болады.

              Еңбектеп өту – егер мұзшапқыш тегіс немесе тұтқасына дейін кіріп кетсе.

              Құлауы қатты емес беткейге тура, мұзшапқыш қолданып мінеді. Табанды жалпағымен қою, «шырша» сияқты. Одан қатты көлбеу( 25-30) болса, қырындап, мұзшапқышқа сүйеніп міну керек. Табанын қырынан қою, жоғары үшкір бұрышпен қиғаш міну.

              Орташа көлбеу (35-45) қар көшкіні қаүіпі болмаса, жартылай қырындап, қиғаштап(зигзагпен)міну. Баспалдақты бәтіңке қырының рантымен шайқап ұрып жасау. Табанын горизоналды, бір біріне параллелді қою.Мұзшапқыш дайын, беткейге астыңғы ұшымен тіреліп міну.

              Бұрылыста ирекпен бұрылу.

              Қабыршақ мықты болмаса (5-10 см), аяқ ішіне кіріп кетсе, қадам сайын қабыршақты сындырып отыру керек.

              Көлбеуі үлкен беткейлер(50-65) тура, үш есепке, беткейге тура қарап, үнемі екі тіреу сақтап міну. Екі аяқта тұрып, мұз шапқышты ұшын ағаш тұтқасының жартысына дейін қадау керек(бірінші есеп), Одан кейін, сол аяқта тұрып, шақыш басын екі қолдап ұстап, оң аяқ ұшымен сол тізе биіктігінде баспалдақ жасау, оған оң аяқты қойып тізені жазу(екінші такт). Оң аяқта тұрып, шапқышты ұстап, сол аяқ ұшымен екінші баспалдақ жасап, оған сол аяқты қою(үшінші такт( және одан әрі сол сияқты.

              Траверстер.

              Түсу үш есепке, беткейге қарап, үнемі екі жерде тіреліп түседі.

              Жартастар. Ережелер:

1.     Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.

2.     Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдауорындарын табу. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.

3.     Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап  немесе ұрып.

4.     Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалану

5.     Үнемі үш тіреу болу керек, келесіге тек бір мүшені жылжыту.

6.     Көбінесе аяқпен жүру, қолды тірек ретінде қолдану. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін жүктеме өседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.

7.     Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет

8.     Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.

9.     Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.

Мұз. Ережелер:

1.      Қажетті құралдар: мұзшапқыш, кошкалар, мұз ілгектері(крючья) болу керек.

2.      Басты жүк сирақ пен табан-өкшелерге түседі. Егер олар шынықпаған болса, мұз маршрутына бармаған жөн

3.      Вибраммен маршрутқа шықса да, кошкалар бірге болу қажет.

4.      Алдымен мұздықты қарап, жолы мен жүру әдісін жоспарлау қажет.

5.      Кошкалардың тістері үшкір болу керек, сондықтан оларды жолдың алдында қайрау қажет.

6.      Кошка тістерінің барлығын мұзға бірден, қайталамай кіргізу керек, себебі – соққыны қайталаса, мұз үгіле бастайды. Үлкен қадам жасамау(екінші аяқты қағып кетпеу үшін)

7.      Үнемі екі тіреуден кем болмау керек, үш есепке жүру қажет: мұзшапқыш – аяқ – аяқ..Жүрген кезде әрқашан мұзшапқышпен беткейге тіреліп жүру керек.

8.      Кошкалармен жүрген кезде мүмкіндікше беткейдегі тегіссіздіктерді – жарықтарды, қуыстарды, дөңестерді қолдану қажет: аяқ пен сирақты аздап жеңілдетеді.

9.      Әл біткенше жүруге болмайды, алда келе жатқан адамды, әсіресе баспалдақ жасап жүрсе, ауыстырып тұру керек.

10.  Қозғалыс бағытын жер бедеріне, тіректер мықтылығына орай және күш сақтау мақсатыментаңдау; өрге 45-60 диагональ арқылы көтерілу, түскенде – су ағуы бағытымен тура түсу.

11.  Кошка кисең секірмеуге тырыс.

12.  Мұз беткеймен жүрудің негізгі әдісі – кошкалармен жүру, сондықтан баспалдақ жасауды өте сирек қолдануға тырысу керек.

13.  Баспалдақ жасағанда ең маңызды нәрсе – шапқыш соққысы күшінің дәл болуы. Соққы күші қол күші емес, мұзшапқышқа берілген инерцияға байланысты.

Жайпақ мұз беткейі(20-25дейін). Кошкасыз. Тайғанақ болса кошкаларды кию.

Тік емес өр(25-30). Кошкамен тура міну. «Шырша» әдісі.

Орташа өр(30-40 ). Қиғаштап, зигзагпен міну.

Бұрылу.

Тік өр(40-60). Тура, кошканың алдыңғы төрт тістерінде.Тізені бүгу, бақай төмен, мұзшапқыш тұмсығынан тартылуға болмайды – аяқпен көтерілу керек.

Тік өр(50-60). Кәдімгі(тістері бірдей) кошкалар, қысқа кесінділерде беткейге арқасымен бұрылып. Тізе бүгілген, қадамдары шағын, мұзшапқыш ұшымен арт жағына тірелу.

Мұз қабырғасына өрлеу(80дейін). 12 тісті кошкалар, 2 алдыңғы тісі қалған 10 тісімен тік бұрыш құрады. 2 алдыңғы тіспенен ғана өрлеу. Мұзшапқыштың басы оң қолда, сол қолда – мұз ілгектері, оларды кезекпен мұзға қағады.

Мұз камині.

Тік бұрыш мұз қабырғасы(90). Сатымен, мұзбұрғыш(штопорлық) емесе якорлық ілгектер көмегімен өрлеу.

Үшкір мұз қырқасы. Аяқ қырқаның екі жағында, аяқ ұшы төмен қарайды.

Траверс(60 шейін). Қырынан,жақын аяқ ұшы беткейге қаратып алға, екіншісі – төменге, шапқыш дайын.

Тік өрдің(60шейін) траверсі. Аяқта тік тұрып, арқаң беткейге қарайды, аяқтың екі ұшы да төмен. Шапқыш ұшын артыңа қадап, аяқты бірінен соң бірін үш есепке жылжыту.

55дейін мұз беткейімен түсу: арқасы беткей жақта,түрегеп тұрып. Аяқ ұшы төмен қарайды, шапқыш ұшын артында мұзға қадайды.

Өте тік(65) өрден түсу. Тістері бірдей емес кошкаларда бетімен беткейге қарап түсу.

Баспалдақтар жасап жүру.

Мұзшапқышты екі қолымен ағашынан ұстайды, беткейге жақын қолы оның ұшына жақын болады. Бүлдіргесі(темляк) дұрыс келіп түрса шапқыш салмағы тұтқасын ұстап тұрған қолға мемес, бүлдіргеге келіп түседі де саусақтарға жеңілдеу болады.

Баспалдақ жасау. Баспалдақ ені мен ұзындығы топтағы ең үлкен аяқ киімге сәйкес болу қажет. Баспалдақ арасы топтағы ең аласа бойлы спортсменнің қадамынан аспау керек. 50 деін: 45-50қиғаш-жоғарылаумен болады. Беткей сол жақта болса, сол аяқ оң аяқтан жоғары және оның алдында болады. Әрбір цикл екі баспалдақ шабу мен солармен өтуден тұрады. Алдында төменгісін жасайды да одан кейін үстінгісін, ал содан соң төменгісін мұз сынықтарынан тазартады.

Бұрылыс. Бұрышында екі баспалдақ – төменгі бұрылыстық баспалдақ – екі аяқ сиятын орын және үстінгісін - әдеттегідей.

Траверс үшін еекі қатар шахмат ретімен жасалады. Баспалдақтың үстінгі қатары(сол аяқ үшін) төменгі қатардан 10-15 см биік жасайды.

Түскен кезде бір қолмен баспалдақ жасайды, ал басқа қолмен одан бұрын жасалған баспалдақты ұстап тұрады.

Құлап бара жатса, 1 – екі қолынан шапқышты жібермей, бетін төмен қаратып аударылу; 2 – кошкамен жерге тіреліп қалмау үшін аяқ ұшын көтеру; 3 – шынтақ тұсында бүгілген қолмен шапқыш тұмсығын мұзға шаншып, дененің бар салмағымен оны басу.

Судан өту. Ең алдымен өткелдер, көпірлер орналасқан жерлерді анықтау қажет.

Үш негізгі түрі – су үстімен, су кешіп, жүзу құралдарымен.

Су үстімен – ең сенімді. Тас үстімен, жағадан сақтандырып, ағаш діңінің үстімен немесе арқан қолданып өту.

Сүды кешіп өту. Бір бірден, топпен, тірекпен және тірексіз.

Арқан қолданып өтсе, карабин немесе сақтандыру белбеуіне келетін қысқа шалу қолданылады. Ұстап қалушы(схватывающий) бауды қолдануға болмайды. Өтетін адам өзен бойымен арқаннан төмен болуы керек.

Жағада екі жерден сақтандыру, қиын жағдайда өзеннің бойымен төмендеу жерде ұстап қалу постын ұйымдастыру қажет.

Тәжік әдісі. Қауіпті емес өзендерден өту үшін, сақтандырусыз қолданылады. Ең күштілері жан-жағында, бірін бірі иығынан, рюкзак бауларынан ұстап өтеді.

Қаүіпті өзеннен өткенде 3-4 адам негізгі арқанмен байланады, баулары арқасында.

Жүзіп өту. Жақсы жүзе білетін туристер, жүзуге келетін өзендерде.

Қар көпірімен өту қаүіпті.

Тау өзендерінен өту ережелері.

1.                      Жағалауды, арна бедерін, су ағысын, тереңдігін алдын ала барлау. Тіректерді, құрал-жабдықтардың бар-жоғы, оларды қолдану мүмкіншіліктерін анықтау.

2.     Топ қабілетіне байланысты судан өту әдісін таңдау.

3.     Өту орны мен уақытын анықтау.

4.     Өтуді бақылау мен басқаруға қолайлы орын табу.

5.     Өзен бойымен төменірек жерде ұстап қалу пунктін ұйымдастыру. Ол үшін ең күшті, тәжірибелі адамдарды қою керек.

6.     Қиын жағдайда тек қос сақтандыруды қолдану қажет.

7.     Топ жетекшісі арқан, карабиндер, байлаулардың дұрыс қолдануын байқауы қажет.

8.     Судан өтудің алдында бекіту нүктелерін, арқан мен карабиндердің сау күйін тексеру қажет.

9.     Әрекет реті мен әдістерді дұрыс қолдану жөнінде инструктаж жасау керек.

10. Бірінші болып ең тәжірибелі, білікті спортсмен жүреді.

11. Өткен кезде ағысқа қарсы қиғаштап жүру, міндетті түрде екі жерден сақтандыру жасау(«усы»).

12. Ұзын таяқпен өткенде таяқты жоғары жақта тіреу қажет.

13. Арқан(перила) қолданса оны төмен жағынан ұстап өту керек.

14. Ұстап қалу бауын қолдануға болмайды.

15. Екі және одан көп адам қиын жағдайда бірге өтпейді.

16. Жағалары алыс болса, тек қос арқан қолданылады.

17. Ілме өткел болса карабин арқылы жіппен тек алдына қарап өтуге болады, себебі – басқа жағалауда басын соғыл алмау үшін.

18. Ілме өткелде жүк бөлек, адамдар бөлек көшіріледі.

19. Тәртіп сақтау, өткелге шақырылу алдында спортсмен қаүіпсіз жерде тұру керек.

20. Ұйымдасырушылар мен сақтандырушылар сенімді өзін өзі сақтандырып тұруы керек.

Асулар. Тау жотасындағы төмен жері, бір аңғардан екіншіге өту үшін ең қолайлы жер.

Асулар қиындығын бағалау үшін 4 негізгі көрсеткіш қолданылады: 1) жолдағы ең қиын жерлердің сипаттамалары; 2) асудан өтуге қажетті қозғалыс техникасы мен тактикасы және түнеу жерлерінің ерекшеліктері; 3) маршруттың сандық сипаттамалары( қозғалыс уақыты, сақтандыру нүктелерінің саны); 4) қажетті арнайы құрал-жабдықтар. [12,13-16бб].

              Асу қиындығы осы төрт көрсеткіштерінің жиынтығымен анықталады.

              Жіктелу қағидаларына әртүрлі қаүіптер(тас, қар көшкіндері сияқты). Ереже бойынша, қатысушылар жорыққа дейін бұдан төмен жартылай категориялы асудан бұрын өткен болуы қажет, ал жетекшісі дәл осы жартылай категориядан бұрын қатысушы ретінде, одан төменгі категориялы асудан жетекші ретінде бұрын өткені қажет. Қиындығы үшінші категориялы асуларды басқару үшін одан бұрын бір емес, екі рет жетекші ретінде асулардан өту қажет.

              Туристік жорықтың қиындығын бағалаған кезде биіктігі мен осы биіктікте болу уақыты ескерілуі қажет.

              Қойылатын талаптар мынадай: 5000 м-ден биік асулары бар жорық қатысушылары бұдан бұрын жаңа маршруттағы максималды биіктіктен 1000  төмен болу тәжірибесі болуы қажет.

              Батпақтар, ну орман. Ескі суаттарда пайда болған батпақтар ең қаүіпті. Таяқпен жүру қажет. Абайлап жүру.

 


2 ҚР ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

             

              2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері

Жорықтар және саяхаттардың ұйымдастырылуы арнайы дайындалған, кейбір жағдайларда лицензиясы бар, квалификацияланған мамандармен жүргiзiледi, оларға жататындар: туристік ұйымдастырушы; туристтік саяхаттың жетекшісі; туризм бойынша инструктор; гид-өткізуші; туризм бойынша судьялар; әдіскерлер; бақылау-құтқарушы қызметінің жұмысшылары. Осы мамандар туристік мекемелердің штаттық және штаттық емес (қоғамдық белсенділер) жұмысшылары болып табылады.

              Жүретін туристік бағыттың мақсаты мен міндеттері, қаржы көздері, қауіпсіз өтуге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар толық сипатталған қажетті құжаттарды құрып дайындауды белсенді туристік жорықтарды тактикалық құру  дейміз. Тактикалық құру жорық барысында топтың іс әрекетін айқындайтын ақпараттар сақталған жорық алды тактикалық іс әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Туризмнің белсенді түрлерін комерциялық пайдалануда бағыттың тактикалық құрылуы бастапқы маңызы болғандықтан өзалдына дербес туристік өнім болып табылады. Туристік бағытты тактикалық құру аяқталғанда жоспарланған жорыққа дайындық кезеңі басталып белсенді турды ішкі және халықаралық туристік нарыққа сабасталады. Туристік бағытты тактикалық құруынсыз тур мен сәйкес келетін прайс қағаздың бағасын, жарнамашараларын, қажетті материалдық-техникалық қамтамасызету, туристерді алып жүретін жолбасшы және құтқару қызыметін атқаратын топты  анықтап жорықты өткізу мүмкін емес.

Комерциялық және спорттық белсенді турдың тактикалық құруының бір-бірінен айырмашылығы бар.  Комерциялық және спорттық белсенді турдың тактикалық құрулар үшін бірінші дәрежеден аспайтын туристік бағыттар таңдалып,  коммерциялық топқа сәйкес келетін құрал-жабдықтар , бірге жүріп, қауіпсіздінгін қамтамасыз ететін топ іріктеледі.

Спорттық топ болса, жорықтың күрделілігіне орай қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптарға, ережеге сәйкес топ құрамы анықталады. Ереже бойынша, 1-2 күрделілік дәрежесіндегі жаяу, тау, су, велосипед жорықтарының топ құрамы 4 адамнан кем болмауы керек. Шаңғы туризмінің 2 дәрежелік, жаяу, тау, су, велосипед 3 дәрежелік жорықтарының топ құрамы 6 адамнан кем болмауы керек.

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні