Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

              Туристі дайындаудың маятниктік қағидасын қолдану жекелеген сабақтар мен әр түрлі микроцикл түрлерінің  дұрыс кезектесіп келуі нәтижесінде жоғары дайындық нәтижесін береді. Онда туристік жорық жағдайына келтірілген 2-3 жаттығудан кейін жоғалтқан күшті қалпына келтіру үшін 2-3 бағыт құжаттарын дайындауды көздейтін 2-3 сабақтарға алмасатырылады. Ал содан соң тағыда 2-3 сабақ қарқынды жаттығуға көшіріледі.

              Туристік жорыққа дайындаудың мезоциклыдары 

              Мезоцикл бірнеше микроциклдарды қамтиды. Қызыметі жағынан мезоциклдардың бір-бірінен айырмашылығы болады. Уақыттық  өлшемі жағынан бір мезоцикл бір ай  жекелеген жағдайда 6-7 аптаға созылады.

              Бірінші мезоциклдың міндеті туризммен айналасытындардың салыстырмалы түрде жоғары физикалық  және   жалпы дене шынынықтыру дайындығын қамтамсыз ету. Бірінші мезоцикл жаттығуларының мазмұны және олардың көлемі  мен қарқындылығы  туризммен айналысушылар ағзасын техникалық және арнайы физикалық  дайындықтарын жетілдіруге тартады.

              Екінші мезоциклда жаттығу сабақтарында ағзаға жоғары деңгейде салмақ түсіру есебінен нақты бір жағдайда жоспарланған  жорық талапететін негізгі дайындық түрлерін қамтамасызеті міндеті шешіледі. Бұл мезоцикл басқаларына қарағанда ұзақ болуымен ерекшеленеді.

              Үшншіі мезоциклдың міндеті-тұрақты түрде жүргізілген белгілі бір мақсатты көздеген жаттығу дайындықтары нәтижесінде қолжеткізілген туристердің дайындық жағдайларын жіктеп тексеру.  Тексеру дайындықтың барлық тараптарын қамтиды. Жаттығу жағдайын талдау негізінде   туристердің физикалық, техникалық, тактикалық, теориялық дайындығының кемшіліктері мен жетістіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі назарды кемшіліктерді талдауға аударып, жаттығу барысында оны жою шараларын шешу жолдары қарастырылады.

              Төртіншіі мезоциклдың міндеті-үшінші мезоциклда туристердің дайындығынан табылған кемшіліктерді жою болып табылады. Оқу-жаттығу үрдісінің барысында  туристердің жалпы дайындығына әсер ететін жекелеген әлсіз тұстарын жетілдіруге, физикалық, техникалық, тактикалық, теориялық  дайындықтарының қолжеткізілген деңгейін теңестіруге  басты назар аударылады.  Бұл мезоциклда техникалық дайындықты қамтамасызетуде маңызды орын алатын туристік техникадан өтетін бірнеше жарыстарға топты қатыстыру жоспарланады.

              Бесііншіі мезоциклда жаттығу сабақтары бағытпен қозғалуға мүмкіндік беретін спорттық  дайындықтар мен бағыттық құжаттарды байындауға арналады.

              Жорықалды кезеңін қамтитын алтыншы мезоциклдың мақсаты бағытпен қозғалудың  барлық кезеңінде  жорыққа қатысушы туристердің денсаулық жағдапйы қалыпты болу үшін  салыстырмалы түрде жоғары спорттық дайындығын сақтап, қауіпсіздікті қамтамасызету.

              Жетіншіі мезоцикл Топтың бағытпен қозғалуымен толық аяқталуына дейінгі барлық кезеңін қамтиды.

              Соңғы сегізінші мезоцикл жорықтан кейінгі кезеңді қамтып, белсенді демалыстың ағзаның қалыпты жұмысын қамтамасызететуге мүмкіндік беретін оңтайлы нәтижеге қолжеткізу  деңгейін анықтауды қамтиды. 

              Мезоциклдарға бөлінетін уақыт жорықты жоспарланған мерзімге, оның ұзақтығына, бағыттың күрделілігіне және қатысатын топтың дайындығына байланысты болады.

              Туристерді жаттықтырудың жастық кезеңдері мен тұйықталған макроциклы. Туристерді жорыққа дайындап жаттықтыру жалпы дайындық және арнайы дайындық кезеңдеріне бөлінеді. Арнайы дайындық кезеңінің жалпы дайындықтан айырмашылығыбілікті туристерді дайындау үшін  жоспарланатын жорық талапптарына сәйкес келетін техникалық, тактикалық, физикалық, және теориялық  дайындық жаттығулары біршама терең беріледі. 

Туристерді жаттықтыру  дайындық, негізгі және өтпелі кезеңдерге бөлінеді. Туризмде тікелей жорықты өткізу негізгі кезең деп саналады.  Жоспарланған жрықты ұйымдастыруға дайындауға қатысты іс-шаралардың барлығы жорыққа дайындық кезеңіне жатады. Өтпелі кезең дайындық және негізгі кезеңдердің қорытындысын шығару үшін жорыққа қатысушы топ мүшелерінің ұзақ мерзім ішінде ағзаға түскен  физикалық және рухани салмақты қалпына келтіруді көдейді.

8-10 айға дейін созылатын дайындық  кезеңінің  ұзақтығы жоспарланған туристік жорықтың күрделілігіне, қатысушылардың тәжірибесіне тығыз байланысты болады. Басты жорық шегімен айқындалатын негізгі немесе жорықтық кезеңді бұрынғы жорықтарда меңгерілген іскерлік дағдыларды бекітуді, дайындық кезеңін жетілдіруді жоспарлауды қорытындылау кезеңі деп санауға болады.

Туристерді жаттықтырудың макроциклдары өз кезегінде көп жылдық дайындықты біріктіреді. Туристерді жаттықтырудың макроциклдарының 1-2 жыл аралығында ауытқиды. Туризмдегі көпжыджық  дайындық 7-13 жасқа дейінгі оқушыларды қамтитын жалпы физикалық дайындық  базасын құру; 14-17 жас аралығыннда туризммен айналысуды бастау; 18-35 жас аралығын қамтитын физикалық, техникалық, теориялық дайындықты жетілдіру; 36-және оданда үлкен жастағы адамдарды қамтитын физикалық және арнайы дайындығында қолжеткізілген деңгейді салыстырмалы түрде тұрақтандырып, одан ары жетілдіру кезеңдерін қамтиды. Қорыта айтқанда физикалық дайындықтың күрделі міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін  туризмдегі жаттықтыру циклдарының бір жүйеге келтірілген  құрылымы адам өмірінің салыстырмалы түрде біршама ұзақ бөлігін қамтиды. [17,20б].

Жаяу туристік жорықты ұйымдастыру барысында экстримальды жағдай туындайтыны белгілі. Туындаған туристер өміріне қауіп төндіретін  қолайсыз  жағдайдан шығып қауіпсіздікті қамтамасызету үшін  арнайы дайындық жаттығуларын жасау қажет. Жорық барысында ағзаға түсетін салмаққа төзімділікті қалыптастыру үшін жаттығу барысында түсірілетін физикалық салмақтың қарқынын жылдан-жылға арттырып отыру қажет. Физикалық салмақтың еңжоғарғы шегіне пайыздық қатынаспен өлшенеді. Түсірілетін физикалық салмақ  көлемі сонымен қатар, біртекті жаттығуларды қайталаумен де өлшенеді. Іс жүзінде с өлшеудің ең тиімді тәсілі толқын тәрізді әдіс. Оның мәні жаттығудың көлемі мен қарқыны бірнеше жаттығу сабақтарында арттырылып одансоң біртіндеп азайтылады. Аталған ырғақ кезектесіп қайталанып отырады.

             

              2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі

              «ЕРМА-ТУР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туризмді ұйымдатыру саласының кәсіпорны болып табылады. Серіктестік 2003-ші жылдың 7-қазанынан бастап халыққа  қызмет көрсетіп келеді.

Компания жарғы негізінде қызмет атқарады. Жарғыға сәйкес серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызметтің барлық түрлерімен айналысуға құқылы. Қызметінің негізгі түрлері: тур пакеттерді өңдеу, сату; әуе билеттерін брондау; виза дайындау; экскурсиялық қызмет; автокөлікпен қамтамасыз ету; барлық елге арналған саяхат түрлері; діни туризм; қосымша қызмет түрлерімен айналысады. [18,2б].

Осы жарғыға сәйкес «ЕРМА-ТУР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2003 жылы өзінің кәсіпкерлік әрекетін жүргізе бастады. Ал 2003 жылы Туристік әркетпен шұғылдануға берілген мемлекетік лицензияға ие болған (серясы ТА № 333, 02.07.2003 ж Қазақстан Республикасының  туризм және спорт агенттігімен берілген). Сонымен қатар туристік салада серіктестіктің келесідей құжаттары бар:

- Туристік маршрут бойынша турлар мен саяхаттарды ұйымдастыруға сәйкестілік сертификаты № KZ7500071.11.02.00134 ЖАҚ «КАЗЭКСПОАУДИТ» 21.02.2007 ж.

- Қазақстан Туристік Ассоциациясына мүшелік куәлігі,16.01.2008 Қазақстан Туристік Ассоциациясы.

- Қызметкерлердің IATA курстарын өткендігі туралы сертифкаттары.

Серіктестіктің негізгі алдына қойған міндеттері:

1. Туристерді оналастыру, демалысын ұйымдастыру, және туристерді Қазақстаннан жіберу мақсатымен шетел турфирмаларымен ікерлік қарым қатынастарды орнату.

2. Шетелден келген туристерге ұқсас қызмет көрсету.

3. Қазақстанда жолаушыларды тасымалдаушылармен әскерлік қарым қатнас ұйымдастыру.

4. Шоп туристер үшін тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету, ұйымдастыру

5. Алматы қаласы маңында туристік шараларды ұйымдастыру

6. Туризм саласында заңдылық нормативтермен қамтамасыз ету және сонымен байланысты шекаралық және туризмде қызмет атқару үшін лицензиялық жинақ төлеу сияқты басқа да міселелер бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс.

«ЕРМА-ТУР» туристік компаниясы қазақ және шетел серіктестерінің арасында көппрофильді және сенімді фирма ретінде беделге ие.  Компания әлемнің 136 елімен серіктестік қарым қатынаста. «ЕРМА-ТУР» ЖШС ұйымдық құрылымын қарастырар болсақ:

Сурет 1. «ЕРМА-ТУР»  ұйымдық  құрылымы

Қайнар көзі: «ЕРМА-ТУР» ЖШС– нің жарғысы. 2010ж.

 

«ЕРМА-ТУР» компаниясында жоғары мамандандырылған менеджерлер қызмет атқарады. Жарғыға сәйкес Серіктестіктің орындаушы органы Директор болып табылады. Директор Жалпы Жиналыс тарапынан оған берілген құқтарды жүзеге асырады. Директор Құрылтайшылардың Жалпы Жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің іске асуын ұйымдастырады.

Авиатасымалдауды ұйымдастыру бойынша : 

- бас директордың келісімімен авиатасымалдауды сатуға, чартерлі рейстерді орындауға, авиажелілерді ұйымдастыруға, бас директормен және бас бухгалтермен келісе отырып, жарнамалық қызметті ұйымдастыруға қатысты кәсіпорынның кәсіпкерлік немесе коммерциялық қызметін басқаруды, сонымен қатар функционалды міндеттерді орындау үрдісінде  жақтас мемкемелер  өкілдерімен байланысады;             

              - Авиатасымалдауларды сату бойынша бас агент  ішкі және халықаралық жиі және  (немесе) чартерлі авиарейстерді  сатумен айналысады; клиенттермен байланысады; контропенттермен және кәсіпорынның белгілі қызметтері бар персоналмен бірге БСО бойынша есептілікті өткізеді. Яғна біз бұл кестеден «ЕРМА-ТУР» ЖШС –нің штаттық күнтізбесін қарай отырып, жұмыс атқарушы персоналдардың жалақы көлемі мен үлесін көре аламыз.

«ЕРМА-ТУР»ЖШС  туристік фирмасының негізгі  жұмыс  қағидалары:

1. Сапалы  қызмет - бұл тұтынушының қалауы;

2. Фирмада сапа және қауіпсіз мәселелеріне бәрі де жауапты;

3. Әрбір қызметкер өз еңбегінің сапасына жауапты;

4. Кез – келген    жұмыс  бірінші   кезекте     атқарылуы      тиіс;

5. Қателіктерді алдын - алу;   

«ЕРМА-ТУР» ЖШС туристік фирмасының сапа   саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз  ететін жолдар :

1. Қазақстан  нарығындағы туристік қызмет көрсету беделі және оған деген  көзқарасты бекіту, негізіндегі менеджмент жүйесінің көрсеткіштерін          жоғарылатуға және  үнемі дамытуға, тиімді қызмет атқаруға бағытталған;

2. Фирманың барлық құрылым бөлімшелерінің  және қызметкерлердің      өзара байланыстарын жетілдіру, бәсекеге төтеп бере алатын өнімді шығару   үздіксіз жақсартуға мүмкіндік жасайды, сапа және қауіпсіздікті     қамтамасыз  етеді;

3. Тұтынушылардың талаптарына сай әрдайым  маркетингтік зерттеулер     жүргізу;

4. Басқа мемлекеттердегі қызметкерлермен өзара тиімді қарым-қатынас  орнату және оны өркендету , ортақ  құндылық  жасау;

5.Сәйкессіздікті болдырмау үшін алдын-ала ескерту және түзету шараларын     жүргізу;

6. Қызметтердің жаңа түрлерін жобалау және әзірлеу, ассортимент    түрлерін кеңейту;

7. Фирма қызметкерлердің кәсіби дайындықтарын үнемі көтеріп отыру  және олардың  қажеттіліктерін қанағаттандыру сапа саласындағы саясаты, оның  мақсаттарын түсіндіру.

              «ЕРМА-ТУР» ЖШС компаниясында мынандай қызмет түрлерін ұсынады: әуе билеттерді брондау; эксурсиялық қызмет; діни туризм; қосымша қызмет.

                                          Компанияла әуе билеттерін брондауда “Amadeus”, “Galileo”, “Soubrane” брондау қызметін қолдана отырып, әуе билеттерді брондап, тұтынушыларға сатумен айналысады. Әуе билеттерді елдің барлық жерлеріне брондауға болады. Яғни ол тұтынушының таңдауына байланысты. Тұтынушының таңдаған елге әуе билетін брондайтын болса, тұтынушы берген құжаттар арқылы билетті брондайды. Ал экскурсиялық қызмет болса, ол тұтынушы таңдауына байланыты. Экскурсиялық қызмет берілген күнге ғана жүргізіледі, яғни 24 сағаттан кем жүргізілмейді. Экскурсиялық қызмет сонымен қатар топтық немесе жеке түрде жүргізілуіде мүмкін. Діни туризм түрлерімен айналысатындықтан қазіргі таңда қажылыққа баратын туристердің саны жылдан жылға өсу үстінде. Бұл компания қажыға баратын туристерге бірнеше қызмет түрін ұсынады:

-   медициналық көмек;

-   мешіт жанынан 900 метр қашықтықта орналасқан төрт жұлдызды қонақ үй;

-   таңғы және түскі ас;

-   сонымен қатар “VIP” қызмет көрсету;

-   арнайы дайындалған гидтермен экскурсия;

-   қажыға жеке бару сияқты қызмет түрлерін ұсынады.

                            Қосымша қызмет түрлеріне автокөлікпен, қонақ үйлердегі нөмірлерді брондау, акциялар ұйымдастыру, маусымдық жеңілдік түрлерін жатқызамыз.

БАЭ бағытындағы қызмет көрсету диапазоны өте кең: Ең жақсы отелдер, Қолайлы бағалар, Рұқсатнамалар, Шоп – турлар, Интернетте турларды резервте сақтау, VIP сервис, Экскурсиялық бағдарламалар.

Сонымен «ЕРМА-ТУР» ЖШС –нің жалпы сипаттамасы  қарастырылған. Қазақстандағы алдыңғы қатардағы туристік компаниялардың бірі болып саналады. Көп жылдар бойы табысты еңбектің арқасында бұл компания үлкен жетістіктерге жете отырып, тұтынушылардың сүйіспеншілігін жаулап алды. Көп жылдар бойы табысты еңбектің арқасында бұл компания үлкен жетістіктерге жете отырып, тұтынушылардың сүйіспеншілігін жаулап алды. Компанияның беделді аты сенімді партнерлер мен саны күннен күнге өсіп келе жатқан тұтынушыларды қызықтыруда басты роль атқарады. Бүгінгі күні «ЕРМА-ТУР» ЖШС - нің облыстық орталықтарда филиалдар мен қызмет көрсету орталықтары бар. Бұл бүкіл Қазақстанда қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

                                          Туризмдегі анықтаушы және негізгі көрсеткіш жүзеге асырылған туристік қызметтер көлемі болып табылады. Туристік қызмет көрсету көлемінің көрсеткішіне мыналар кіреді: туристердің транспорттық  шығындары, трансферге шығындар, турларды жасаудағы туристік фирмалардың шығындары, жалақы қоры және әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, туристердің өмір сүруіне шығындар, туристердің тамақ ішуіне шығындар, делегациялар қабылдауға шығындар, жарнамаға шығындар, іс-сапарлық шығындар, виза жасату үшін шығындар, сақтандыруға шығындар компания  пайдалары. [18,6б].

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні