Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

Қайнар көзі: «ЕРМА-ТУР» ЖШС– нің жылдық есебі. 2011ж.

 

Шығындар кестесін қарағанда олардың жылдан жылға өзгерісін байқауға болады. Турларды брондау, әуебилеттерге шығындар, және басқа өндірістік шығындардың өсуі, қызметтер сұранысының артуымен түсіндіріледі. Шығындар статьясында негізгі қорларға аударым шығындары көптеп өсіп келеді. Сонымен қатар мұнда анық байқалатын жағдай басқа шығындардың өсуі кезінде іс-сапар шығындарының төмендеуі. Оны немен түсіндіруге болады, мүмкін бірінші жылдары «ЕРМА-ТУР» ЖШС-сінің басшылары   серіктес фирмалармен байланыс орнатуға шетелге іс-сапарға көп барған, ал байланыстар орнатылған  соң олар телефон, интернет арқылы байланысып отыр.  

Кесте 6

«ЕРМА-ТУР» әуетурагенттігінің жарнама шығындарына тоқталар болсақ, кестеде көрсетілгендей жарнамаға кеткен шығындардың үлесі көрсетілген:

Жарнама құралдары

жылдар

2009

2010

2011

Жарнама көлеміне кеткен шығын, мың тг

545.6

601.5

700

Пайда көлеміне %-бен

21.2

20.5

22.4

Баспасөз(Караван Плюс, Таймаут)

мың тг

78,3

22

145,9

Телевизиялық жарнама

-

45,4

-

Радио жарнама

-

14,6

123,7

Сыртқы жарнама, мың тг

20

21

24

Интернет жарнамасы

425,7

484,6

384

Қайнар көзі: «ЕРМА-ТУР» ЖШС– нің жылдық есебі. 2012ж.

 

Жыл сайын жарнамаға жұмсалатын шығындар өсіп отыр бірақ әлі де болса біршама болсада жеткіліксіз. Көбінесе баспасөзда жарияланатын жарнамалар(қосымшадан жарнаманың парақтарын көре аласыздар), себебі телевизиялық жарнамаға компанияның қаржылық жағдайы жетпей отыр. Сонымен қатар газет теледидар және радиоға берілетін жарнаманың көп жағдайда клиенттерді тартуға байланысты сенімді ақтамайтынын ескеру қажет. «ЕРМА-ТУР» ЖШС-нің жарнамасын қарастыра отырып оның онша тиімді емес екенін байқауға болады. Оны есептің басында көрсетілген экономикалық көрсеткіштер дәлелдейді.  2009 жылы өнімнің бір данасына кеткен маркетинг шығындары 1 теңгеге 0.009, 2008 жылы 0.010, 2009 жылы 1теңгеге 0.011 болған. Сонымен жарнама шығындары 2009 жылға қарағанда 2010 жылы 34%-ға өскен, ал өндіріс 6.9%-ға ғана артқан. Яғни жарнамаға кеткен шығындардың және оның қайтарымдылығының мүлдем сәйкессіз нәтижелері шығады. Мұнда жарнаманың тиімдірек жолдарын іздестіру қажет. Мысалы, Факс намесе интернет бойынша жарнама тарату. Бұл өте арзан және өте тиімді жарнама түрі. Осы сияқты шаралар компанияда жасалып жатыр бірақ компанияның нарықта бәеклестікке төтеп беру үшін бұл шаралар жеткіліксіз сондықтан компания үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп тұтынушыларды тарту және тауарды позициялау шараларын жетілдіру қажет.

              Сондай-ақ, туристердің ағымының төмендеуіне әсер ететін басқа да мәселелер бар: 1) виза мәселелерімен байланысты қиыншылықтар. Визасыз кіріп-шығуға болатын елдер бар. Біз үшін осындай әкімшілік рәсімінің жеңілдеуі өте маңызды; 2) Қазақстан Республикасының туризм агенттігі «Hot Line» құру ісімен айналысуда. Егер турист кез-келген аймақта туристік сапармен жүрген кезде төтенше жағдай болса, арнайы жүйе арқылы қажетті көмек жөнінде ақпарат беруге мүмкіндік туады. Бұл әрине мәселенің ұшығуының алдын алады; 3) тұрақты негіздегі авиарейстің жеткіліксіздігі; 4) көрсетілген қызметтердің бағасының деңгейін олардың сапасына сай болмауы (тұру, тамақтану, көлікпен қамтамасыз ету және т.б.); 3) салық саясаты туризмнің дамуына кедергі жасайды, фирма туристерді жіберуге немесе қабылдаумен айналысатынына қарамастан туристік қызметке қосымша құн салығы салынады.

Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Қазақстанда ІЖӨ жалпы көлеміндегі туризм үлесі 1,5% құрайды. [19,12б].

             


3 ҚР спорттық-сауықтыру туризмінің дамуы және оның болашағы

 

3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері

2011 жылдың басында  Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қабылданды. Республикада 2007-2010 жылдары саланы дамыту Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға негізделді.

Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалды. Егер Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басында 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының (15%-ы) 2,3 млн. адамды құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам немесе 17,7%-ын құраған.

Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат етіп қоя отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту үдерісінде мыналар негізгі ерекшеліктер болып табылады: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты алдын алу және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу, жастарды адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық тұрғыда дамытуда  спортты пайдалану.

Осы үдерістердің ықпалы мыналардан:

спорттық думандардан және спорттық қызмет көрсету секторынан;

спорттық телерадио хабарларды тарату көлемінің артуынан;

халықтың қажеттілігін есепке ала отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын  дамытудан;

қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметін көрсету ұсыныстарының әдістері мен құралдарының алуандығынан түсетін табыстың өсуіне алып келді.

Қазіргі таңда бүкіл еліміз бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, тек 2010 жылдың өзінде 17 мыңнан астам бұқаралық-спорттық іс-шара өткізіліп, оған 3,5 млн.-нан астам адам қатысқан.

Өткен төрт жылдық кезеңде спартакиадалар, спорт түрлерінен турнирлер, спорттық отбасылар арасында «Бірге жарысамыз» атты жарыстар, бұқаралық жүгірістер, сонымен қатар, әрқайсысында 2 млн.-нан астам адам қатысатын Президенттік сынақ тапсыру айлықтарын өткізу дәстүрге айналды.

2010 жылы алғаш рет Қазақстанның бүкіл аумағында дәстүрлі халықаралық «Олимпиадалық жүгіріс күні», бірінші «Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары» бір мезгілде басталды.

Ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамып келеді, онымен қазіргі кезде 166 мыңнан астам адам шұғылданады (2009 жылы – 123 мың адам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттар, республикалық және халықаралық турнирлер, соның ішінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты, бірінші Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары, «қазақ күресінен» әлем және Азия чемпионаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін Халық спорты ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарда ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелердің ашылуы ықпал етті.

Ауыл спортын дамытуда маңызды бастама «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорттық қоғамын құру болып табылады.

6769 жалпы білім беру мектептерінде 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары енгізілген, бұл мектептердің жалпы санының 98%-ын құрайды. Республиканың 48 жоғарғы оқу орнында спорт клубтары ашылған.

Елде 538 мыңнан астам бала немесе жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 22,0%-ы (2,5 млн. мектеп оқушысы) спортпен шұғылданатын 24 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді.  Республикада 1725 спорт клубы, соның ішінде 106 балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі клубы, 530 балалар мен жеткіншектер клубы, 1020 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және 113 спорт түрлерінен кәсіби клуб жұмыс істейді, онда 289 мың адам шұғылданады.

Өткен үш жылда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартылған мүмкімдігі шектеулі адамдар санының өсу динамикасы байқалғанын атап өту қажет. 

Елімізде халықтың 3%-ын құрайтын 486 мыңнан астам мүгедек тұрады, оның ішінде 45% адамның спортпен шұғылдануына тыйым салынбаған. Осы санаттағы адамдар арасында 13 мың адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл 6,5%-ды құрайды (2009 жылы – 6%).

Бүгінгі күні республикада 127 мүгедек спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері болып табылады. 2010 жылы 41 адам спорт шебері, 24 адам халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады.

Жыл сайын спортшы-мүгедектер арасында республикалық және халықаралық деңгейде 70-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылады және өткізіледі, оған 1,5 мыңнан астам адам қатысады.

Елімізде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың нәтижесі отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болып табылады.

Пекинде өткен 2008 жылғы ХХIХ жазғы Олимпиада ойындарында               13 олимпиадалық медалға ие болдық, соның ішінде 2 алтын, 4 күміс және            7 қола медаль, бұл бейресми есепте Қазақстанға жалпы командалық 29 орынды қамтамасыз етті.

Иеленген медальдардың жалпы саны бойынша бұл Қазақстан құрамасының 1996 жылдан бастап қатысқан барлық кездердегі (Атланта, АҚШ, 1996 жыл – 11 медаль; Сидней, Австралия, 2000 жыл – 7 медаль; Афины, Грекия, 2004 жыл – 8 медаль) үздік жетістігі болып табылады.

2010 жылы қазақстандық спортшылар Ванкувердегі (Канада) ХХI қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Он екі жылдық үзілістен кейін қысқы Олимпиадада күміс медальға қол жеткізілді. Олимпиадада өнер көрсету қорытындысы бойынша 7 қазақстандық атлет әлемнің мықты спортшыларының алғашқы ондығына кірді.

Ел спортшылары 2010 жылғы әлем чемпионатында жазғы Олимпиадалық спорт түрлерінен 11 медалды, Азия чемпионаттарында 50 медалды, Азия кубоктарында 6 медалды, Еуразиялық ойындарда 131 медалды иеленді.

2010 жылы Қазақстанның жастар құрамасы тұңғыш рет Сингапурдағы           1 жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысты, оның қорытындысы бойынша 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медалды иеленді, 204 елдің ішінде 3500 спортшы қатысқан жарыста 24 орынды қамтамасыз етті.

2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарына қатысудың қорытындылары бойынша Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс және 17 қола награда ұтып алды, Азия ойындарының рекордын жасай отырып, бірінші орынды жеңіп алды.

Қабылданған шаралардың арқасында барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында спортшыларды даярлау жөнінде үздіксіз және жүйелі жұмыс қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні 17 олимпиадалық резервті даярлау орталығы жұмыс істейді, онда 1265 спортшы спорттық шеберлігін арттырады, 8 республикалық мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығында 984 спортшы өзінің спорттық шеберлігін арттырады және орталық спортшыларының 95%-ы Қазақстан ұлттық құрама командаларының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамасына кіреді. 2007 – 2010 жылдар кезеңінде мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды.

2007 – 2011 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде республикада 16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ) құрылды.

Қазіргі күні 423 БЖСМ-да 240 мыңнан астам бала немесе оқушылардың жалпы санының 10,0%-ы айналысады.

Сонымен қатар, болашағынан үміт күттіретін 3003 оқушы оқитын                      спортта дарынды балаларға арналған 11 өңірлік мектеп-интернат және жалпы саны 1191 адамды қамтитын 4 республикалық мектеп-интернат ашылды. 

Спорт инфрақұрылымын дамытуда оң үдеріс байқалады.

2010 жылы бүкіл республика бойынша спорт ғимараттарының саны                    31 мың бірліктен асты, оның 1717-сі жеке меншікте, 20166-сы ауылдық елді мекендерде. 2009 жылмен салыстырғанда барлық объектілер саны 936 бірлікке, ауылдық жерде 721-ге және жеке меншіктегілер саны 690 объектіге көбейді.

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні