Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

жүзу бассейндерінің саны 24 бірлікке артты (2008 жылы - 198, 2008 жылы - 222);

2009 жылы 1500 және одан да көп орынды трибуналары бар 4 стадион салынды (2008 жылы – 242, 2009 жылы - 246);

спорт залдарының саны 165 бірлікке көбейіп, 2008 жылы 6 834 бірлік болса, 2009 жылы 6 999 бірлікті құрады;

22 бірлікке теннис корты көбейді, егер 2008 жылы олардың саны - 241 болса, 2009 жылы - 263-ті құрады;

2009 жылы хоккей корты 61 бірлікке көбейді, егер 2008 жылы олардың саны - 311 болса, 2009 жылы - 372-ні құрады.

Астана және Алматы қалаларында 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу шеңберінде заманауи спорт объектілері салынатын болады.

Республикада 11 өңірлік спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат жұмыс істейді, оларда 2833 болашағы бар оқушы оқиды. Өңірлерде жоғары нәтижелерге жету үшін жағдай жасаған.

Барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында 17 олимпиада резервін даярлау орталығы бар, онда 1128 спортшы спорттық шеберліктерін көтереді.

Республикада 8 мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығы жұмыс істейді, оларда 1002 спортшы спорт шеберлігін шыңдайды және орталық спортшыларын 95 %-ы Қазақстан құрамы командасының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамаларында өнер көрсетеді.

Пекинде өткен XXIX жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әртүрлі дәрежеде 13 медаль, соның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль иеленді, ресми емес есепте жалпы командалық 29 орынды иеленді.

2010 жылы қазақстандық спортшылар Ванкуверде (Канада) өткен XXI қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Он екі жылдық үзілістен кейін қысқы Олимпиадада күміс медаль иеленілді. Ойындарда Қазақстан Республикасының құрама командасын спорттың 8 түрінен 37 спортшы таныстырды. Жалпы командалық есепте Қазақстан 25 орынды алды. Олимпиадаға қатысу қорытындылары бойынша әлемнің мықты спортшыларының ондығына 7 қазақстандық атлет кірді.

Қазақстандық спортшылар 2009 жылғы Әлем чемпионаттарында алғаш рет 6 алтын және 6 қола медальге қол жеткізді.

Негізгі проблемаларды талдау

Дамудың оң үрдістерімен қатар, отандық спорттың дамуын тежеп отырған проблемалар да бар:

1.                 Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі

1)         қазіргі жұмыс істеп тұрған олимпиадалық даярлық орталықтары мен олимпиадалық резервті даярлау орталықтарындағы жоғары жетістіктер спортында өзіндік материалдық-техникалық базасы жоқ;

2)         ауылда спортты дамыту проблемасы, ең алдымен материалдық-техникалық базаның жоқтығынан айрықша өткір болып тұр. Ауылдық жерлердегі 4308 спорт залының 3650-і жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Спорт ғимараттарының тек 12,0 %-ында ғана барлық халықтың дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік бар.

Спорттық ғимараттардың ғана емес, сонымен бірге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұратын жері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық мүкәммал мен жабдықтың да жетіспеуі сезіледі. Республикалық олимпиадалық даярлық орталықтары мен өңірлік олимпиадалық резервті даярлау орталықтарының өзіндік спорттық базалары жоқ. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жоғары спорт шеберлігі мектептерінің спорттық базалары да талаптарға сәйкес келмейді.

Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің проблемалары да осындай - оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру жеткілікті қаржыландырылмайды, соның салдарынан жоспарланған жарыстар мен жиындарды өткізуге, үй-жайларды жалдауға қаражат жетіспейді.

Жұмыс істеп тұрған спорт ғимараттарының басым көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу процесін өткізу қағидаларына сәйкес келмейді.

2. Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы

Бүгінгі күнге дейін салалық спорт клубтарын құру мәселелері шешілген жоқ. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі уақытта республиканың мектеп жасындағы балаларының 9,5%-ының ғана айналысуына мүмкіндік тудыра алады. Төмен деңгейдегі материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүкәммал мен жабдықтың болмауы спорт резервін жоғары деңгейде дайындауды ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.

Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншіктер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалыс орындарында спорт ғимараттары дерлік жоқ. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өткір болып отыр. Инфрақұрылымның дамымағандығына байланысты ауылда спортпен айналысатын балалар мен жеткіншектердің саны жалпы республикалық көрсеткіштен екі есе төмен. Қазіргі бар спорт объектілері республика халқының көпшілігі үшін қолжетімсіз болып қалып отыр. Сонымен бірге азаматтардың өздерінің дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға белсене қатыспау мәселесі де өзекті болып қалып отыр.

3. Қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін ғылыми базасының болмауы, білікті мамандар тапшылығы.

1)         спорт саласында білікті мамандардың өткір жетіспеуі байқалады. Жоғары шеберлік спортында республиканың жетекші жаттықтырушыларының көпшілігі орта жаста, ал олардың орнын толық ауыстыратын мамандар жоқ. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінің 3%-ының дене шынықтыру мұғалімдері жоқ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқытушылық құрамының 30%-ының арнаулы білімі жоқ;

2)         ауылдық жерде спорт бойынша әдіскерлер жоқ. Талдау көрсеткендей, 6998 кентте барылығы 597 әдіскер жұмыс істейді, ол 8,5%-ды құрайды.

3)         спорттық ғимараттарды техникалық пайдалану мамандары жоқ, жоғарғы оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді.

Спорт саласы жоғары бәсекелі болып табылады және оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, спортшылардың функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін арттыру, оларды оңалту және қалыпқа келтіру әдістемесіндегі қазіргі заманғы барлық жаңа әзірлемелер стратегиялық материалдар болып табылады, оларды басқа елдерден иеленуі мүмкін емес.

Бүгін біздің жаттықтырушылар Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983 – 1985 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істейді. Әлемдік аренадағы спортшылар бәсекелестігінің артуына байланысты спорт бойынша мамандардың одан әрі әдістемелік және практикалық қызметі, сонымен қатар бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын жалпы дамыту елде өзінің ғылыми базасын құрмай қиынға түседі. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, ал ол спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.

Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Ел ішіндегі жағдайды бағалау халықаралық аренада қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін елдегі халықтың дене тәрбиесі жүйесі мен спорттың дамуын жетілдіруді куәландырады, бұл нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мен дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі факторлық жағдайларды бағалау мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін, оқушылар мен оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесін, халық арасында дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысын, мүгедектер арасында дене дайындығы мен спортты, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды жетілдіру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау жөніндегі шаралардың қабылданғанын растап отыр.

Дене шынықтыру мен спорттың даму жағдайына бірқатар ішкі факторлар, негізінен әлеуметтік-экономикалық және жаһанданумен байланысты факторлар әсер етеді. Ішкі факторларды қарастыруда мына негізгі аспектілерді көрсетуге болады: халықтың дене шынықтыру белсенділігін жеткіліксіз реттеу, бұл спорт орталықтарында демалуға төленетін жоғары бағалар және спорт ғимараттары санының шектеулілігімен түсіндіріледі. Балалар, жеткіншектер және үлкен адамдардың арасында дене шынықтыру және спорт жеткіліксіз насихатталады. Сонымен қатар, саланы дамытуға сыртқы факторлардың әсері әлем аренасында артып жатқан спортшылар бәсекесінен көрінеді, бұл отандық спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін уақтылы шараларды қабылдауды талап етеді.

Сонымен қатар, дене шынықтыру мен спортты дамытудың халықаралық тәжірибесі төмендегінін растайды.

1978 жылғы Халықаралық дене тәрбиесі және спорт хартиясына сәйкес кейінгі енгізілген толықтырулармен бірге әр ел әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысының ерекшеліктеріне байланысты саланы дамытуды мемлекеттік реттеуді анықтайды, атап айтқанда қандай да бір белгілер бойынша кемсітусіз бұқаралық спортпен айналасуға қол жеткізу және спорт ғимараттарының желісін құру.

Мәселен, жақын және алыс шет елдерде саланың даму тәжірибесі мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: бұқаралық спорт, жоғары жетістіктер спорты, мүгедектер спорты, спорт инфрақұрылымының дамуы, мамандар даярлау.

Мысалы, Ресей Федерациясында бес жылдық кезеңге спорт объектілерінің құрылысы, бұқаралық қозғалысты дамыту, жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау және т.б. жөнінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бірлескен шараларының кешендерін көздейтін саланы дамытудың федералдық нысаналы бағдарламасы бекітіледі. Мысалы, инфрақұрылымды дамытуға 3 000-нан астам спорт және көпфункционалды спорт залдарының, 1 000 спорт орталықтарының құрылысы кіреді. Ресейде және ТМД елдерінде де бірінші кезектегі мемлекеттік міндеттер болып дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың үлесін көбейту, спорт инфрақұрылымымен қамсыздандыру, спортшылардың спорттық шеберліктерін өсіру болып табылады.

Әзірбайжанның спорт объектілерінің қарқынды құрылысы арқылы бұқаралық спортты дамытудағы оң тәжірибесін атап өткен жөн.

Дамыған елдерде халықтың дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттарымен қамтылу көрсеткіші 80-100%-ды құрайды. Еуропа елдерінде бұқаралық спорт мемлекеттік спорт саясатының басымдығы болып табылатынын атап өту қажет. Атап айтқанда, Германияда халықты спортпен айналысуға тарту үшін жергілікті спорт ұйымдарының құзырындағы 80% жерлерге әртүрлі спорт ғимараттары құрылысына көңіл бөлінеді. Көптеген елдерде практикада мемлекеттік лотереядан спорттық ұйымдардың бюджетіне түсімнің біршама үлесі байқалады. [4].

Сондай-ақ баршаға арналған спорттың қаржылық ресурс көздері ретінде кәсіпкерлікті дамыту тән. Осы бағытта спорттық қызмет көрсетудің капиталды көп қажет ететінін ескере отырып, осы салада коммерциялық ұйымдарды ұйымдастыру жоғары бастапқы капиталды талап етеді. Осы мақсатта тек табысы жоғары халықтың спортпен айналысу қажеттілігін қамтамасыз етуді болдырмау үшін мемлекет тікелей немесе жанама түрде спорттық коммерциялық ұйымдардың қызметіне қатысады.

 

3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары

Талдықорған өңірі суармалы егіншілік пен жайылымды мал шаруашылығы дамыған аумақтардың қатарына жатады. Қазақстанды көкөніс, техникалық дақылдармен қамтамасыз ететін маңызды  агроөнеркәсіптік орталық болып табылатын өңірде халқының еңбегі мен тұрмысына қолайлы жағдай тудырып, жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде бірқатар өзекті мәселелер туындап отыр. Осыған орай еңбеккерлердің физикалық күш-қуатын қалпына келтіріп, рухани дамуын қамтамасыз ететін маңызды құрал, демалыс пен туризмді ұйымдастырудың маңызы зор.

Қырғызстандағы Ыстықкөл, Ресей мен Украинадағы Қаратеңіз жағалауы сияқты туризм инфрақұрылымын қалыптастырып, кластерлік жүйемен дамытқан жағдайда болашақта Балқаш пен Алакөлді, Жетісу Алатауының халық тығыз қоныстанған аласа таулы бөліктерін, Қапал-Күреңбел, Жаркент тау аралық ойыстарын  халықтың денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін республикалық және халықаралық дәрежедегі демалыс пен туризм дамыған аймақтардың біріне айналдыруға болады. Оған тау беткейлері мен өзен аңғарларының, көл жағалауларының таза ауасы, суы мен емдік балшықтарының химиялық құрамы, табиғи ландшафтарының эстетикалық тартымдылығы қолайлы жағдай тудырады. 

Демалыс пен туризмді ұйымдастыру Талдықорған өңірінің табиғи-рекреациялық ресурстарын жан-жақты зерттеп оларды бағалауды, сонымен қатар, тиімді пайдалану мен қорғау мәселелерін шешуді  қажет етеді. Ол үшін туристердің қызығушылығын тудыратын табиғи-климаттық, тарихи-мәдени және шаруашылықтық ресурстарды бағалау қажет.

Туристердің белгілі бір аумаққа келуіне кино, театр және саз фестивальдары, конгрестер, жәрмеңке көрмелер, 2011 жылы Алматыда өтетін Азияның қысқы олимпиада ойындары сияқты маңызды спорттық жарыстар   себебін тигізуі мүмкін.

              Талдықорған өңірі, солтүстігінде Сарыарқаның оңтүстік сілемдері Шұбартау (690м) тауымен солтүстік-шығысында Алакөл мен Жетісу қақпасымен;  оңтүстігінде Іле ойысымен, батысында Балқаш ойысының батыс бөлігімен шектеседі.  Өңір табиғат жағдайлары көршілес жатқан Сарыарқа, Іле ойыстарынан өзіне тән айырмашылықтың, ең бастысы шөл, шөлейт, аласа таулы дала, таулы орман, альплік және субальплік шалғын, нивальды-гляциальды белдеуге дейінгі барлық ландшафттар таралған. Туризм мен демалысты дамытуға мүмкіндік беретін Балқаш, Ұялы, Сасықкөл, Алакөл, Жалаңашкөл және Рай,  Тұзкөл сияқты бірегей көлдердің, Бурақожыр, Көксу, Қаратал, Ақсу, Сарқан, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендерінің, биік таулы мұздықтар мен тартымдылығымен ерекшеленетін бірегей табиғат ескерткіштерінің, емдік маңызы бар минералды су көздерінің  болуымен ерекшеленеді. 

              Талдықорған өңірінің орталық және солтүстік бөлігін алып жатқан Балқаш-Алакөл ойысының Сарыарқа мен Жетісу Алатауына ұласар тауалды жазықтары теңіз деңгейінен биіктігі 500-800  метр аралығында ауытқитын үстіртті көлбеу жазықты болып келеді. Ал Балқаш пен Алакөлге жапсарлас жатқан орталық және солтүстік бөліктерін бұйраланған белесті-жалды сусымалы құмды қабатты жазықтар алып жатыр. Морфологиялық тұрғыдан алғанда Талдықорған өңірінің орталық және солтүстік бөліктері  жер бедері әр түрлі пішіндерінің үйлесуімен ерекшеленеді. Мұнда аласа тауларға ұласатын тегіс жазықтар басым. Олар Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, Ұялы, Балқаш, Алтай, Рай көлдерінің қазан шұңқырлары, борпылдақ жыныстарды уақытша ағын сулардың шаюынан түзілген жыралар сияқты жер  бедерінің теріс пішіндері мен қатар көл жағалауларындағы дюналар, бұйраланған құм жалдары тәрізді оң пішіндері күрделендіреді. Аумақтағы жазықтардың басым бөлігінің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 465-800 метр аралығында ауытқиды. Ең төменгі Балқаш көлі деңгейінің абсолют биіктігі 341 метрден оңтүстігінде Жетісу Алатауының етегінде 850-900 метрге дейін көтеріледі. Балқаш-Алакөл ойысының онша тілімденбеген белесті-төбелі жер бедерін сусымалы құм жалдары мен  Үшқара (591 м), Сайқан (864), Арқарлы (758 м),  қалдық таулар күрделендіреді. Қалдық таулардағы гранитті жыныстардың бұзылуынан түзілген бірегей табиғат ескерткіштері, тартымдылығымен ерекшеленетін сусымалы құм жалдары шөлді алқаптарда экологиялық, ғылыми-танымдық және экстремальды сипаттағы туристік бағыттар құруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні