Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

Қайнар көзі: Е.А.Тоқпанов, З.С. Сламбеков, О.Б. Мазбаев.Талдықорған  өңірінің туристік-саяхаттық бағыттары: оқу құралы. Талдықорған: ЖМУ. 2010.-197 б.

 

Нәтижесінде беткейлердің әр түрлі экспозициясындағы қардың қоры да әр түрлі болады және оның мөлшері күн сәулесі жақсы түсетін күнгейлерде кеми береді. Сондықтан спорттың қысқы түрлері көбінесе солтүстік беткейлерде шоғырланады. Себебі, солтүстік беткейлерде қар жамылғысы оңтүстікке  қарағанда бір жеті бұрын түсіп, екі жеті кеш ериді. 

Тау беткейлерінің әр түрлі экспозицияларындағы қар жамылғысының жату ұзақтығы теңіз деңгейінен биіктігі артқан сайын біршама азаюы байқалғанымен, туристік-рекреациялық іс-әрекеттерді дамытуға барлық алғышарттар сай келетін 1600-1700  биіктіктегі орташа биік таулардың солтүстік беткейлерінде тұрақты қар жамылғысы 5-5,5 ай сақталса, оңтүстік беткейлерінің сондай биіктігінде қар жамылғысы қыс бойы толық болмайды. Биік таулы белдеудегі фирн аймағы мен мұздықтардың тілдерінде қар жамылғысы шілдеге дейін сақталып, кейде мүлдем ерімейтіндіктен тау шаңғысы спортымен 7-8 ай, кей жылдары тіпті бүкіл жыл бойы айналысуға болады.  Жетісу Алатауының оңтүстік беткейінің тау алды және аласа таулы белдеуінің тұрақты қар жамылғысының бұзылуы наурыздың бірінші, екінші жартысында, солтүстік беткейдің етегінде наурыздың соңы мен сәуірдің бірінші онкүндігінде басталады. 1000-1500 метр биіктікте қардың еруі наурыз бен сәуірде аяқталса, биік тауларда маусым, шілде айларына дейін созылады. Орташа биік таулардағы қалыңдығы 30 сантиметрден асатын қардың бұзылуы сәуірдің екінші, үшінші онкүндігінде жүреді.

Тау шаңғысының жолдарын пайдаланудың көп жылдық тәжірибесі тұрақты қар жамылғысының қалыңдығы 40-60 сантиметрге жеткенде қолданған тиімді екенін көрсетті. Қар кескіндеу деректеріне сүйенсек Лепсі, Тентек өзендерінің алабындағы тегіс алаңдарда  тұрақты қар жамылғысы пайда болғаннан кейін 3,5 ай өткен соң тек наурыздың басында қалыңдығы 60 сантиметрге жетеді.

Орташа биік таулы белдеуде қалыңдығы 30-35 сантиметрге жететін қар жамылғысының сақталу мерзімінің ұзақтығы 3,5-4 айға, 60 сантиметрге жететіні небары 1,5-2 айға созылады. Таулардағы қысқы рекреациялық іс-әрекеттерді тежеумен қатар спорттың жекелеген түрлерін белгілі дәрежеде шектейтін маңызды факторлардың бірі қар көшкіні болып табылады. Тұрақты қар жамылғысының жату ұзақтығы ылғалдану мен температура жағдайларын біріктіретін өзгермейтін көрсеткіш болып табылады. 30 күн бойы ерімей үздіксіз жатқан қар жамылғысы тұрақты болып саналады. Қар жамылғысының жату ұзақтығы жергілікті жердің биіктігіне, жер бедерінің ерекшеліктері мен беткейлердің экспозициясына тәуелді [24, 94-100 б.].

Қар қалың жауған жылдары қалыңдығы орташа мөлшерден 1,5-2 есе артуы қар көшкінінің жүру қаупін күшейтеді. Жекелеген жылдары ол халық шаруашылығына орасан зор нұқсан келтіреді.

Жетісу Алатауының биік таулы белдеулерінде қажет болған жағдайда, туристер тоқтайтын орындар торын салған жағдайда Қаратал, Ақсу, Сарқан, Лепсі, Тентек өзендері алабының биік таулы белдеуінде сноуборд, скитур сияқты туризмнің  дәстүрлі емес түрлерін дамытуға зор мүмкіндік бар.   

Талдықорған өңіріндегі туристік-рекреациялық мақсатта пайдаланылатын негізгі өзендерге  қысқаша гидрологиялық сипаттама

              Қаратал өзені. Қаратал өзенінің ұзындығы 390 шақырым, су жинайтын алабының ауданы 1910 км2. Бастауын Солтүстік-орталық жотаның солтүстік-батыс бөлігіндегі Асубай, Алтынсарин мұздықтарынан алады. Қора, Шыжы, Текелі өзендерінің бір-бірімен қосылатын сағасынан бастап Қаратал деп аталады да,  мол сулы болып тау аралық кең аңғарлармен ағады. Ағысының баяулауына байланысты Құсақ өзенінің құяр сағасына жетпей бірнеше тармақтарға бөлшектеніп кетіп, Құсаққа құйған соң тағы бір арнамен ағады, осы жерде ең үлкен сол жақ саласы Көксу қосылған соң суының шығыны екі есе артады. Одан ары өзен құмды аңғармен ағып, Балқашқа 40 шақырым қалғанда атырау түзеді.  Қаратал өзенінің оң жақ саласы болып табылатын Қора өзенінің су жинайтын ауданы 484 км2, ұзындығы 69 шақырым. Бастауын 3400-3500 метр биіктіктегі Асубай мұздығынан алады. Өзеннің қоректенуінде мұздықтар мен еріген қар суы жетекші рөл атқарады [25, 120 б.]. Оң жақ саласы Шыжының су жинайтын ауданы 682 шаршы шақырым, ұзындығы 39 шақырым.

                      Көксу өзені Қараталдың ең ірі сол жақ саласы болып табылады. Ол бастауын 3500 метр биіктіктегі Қоңыроба таулы алқабынан алады. Ұзындығы 205 шақырым. Су жинайтын ауданы 4670 км2. Негізінен, мұздықтармен еріген қар суынан аралас қоректенеді. Биік таулардан басталатын жоғарғы ағысы тар шатқалды тік беткейлі ағыны қатты болып келетіндіктен катамаранмен жүзуге пайдалануға өте қолайлы. Орта ағысында төбелі-белесті аласа таулы белдеуді кесіп өтіп Лабасы, Сарбастау тауларының шығыс беткейін бойлай ағып Қаратал өзеніне құяды.

Ақсу өзені бастауын солтүстік-орталық жотаның 3400-3500 метр биіктіктегі мұздықтарынан алады. Су жинайтын ауданы 5040 км2, ұзындығы 316 шақырым. Жоғарғы ағысында ендік бағытта созылған жоталар тізбегін кесіп өтетіндіктен аңғары терең тар шатқалды болып келеді. Орта ағысында жазыққа шыққан соң ағысы баяулап иректілігі артады. Балқашқа құяр сағасында бірнеше салаға бөлшектеніп ескі арналы көлдері бар атырау түзеді.

                      Лепсі өзені бастауын солтүстік орталық жотаның ең биік бөліктеріндегі мұздықтардан алатын, Балқаш алабына жататын ірі өзендердің бірі. Су жинайтын ауданы 8110 км2, ұзындығы 417 шақырым.

                     Мұздықтармен қоректенетін сәуір-тамыз аралығында мол сулы болатын, алабы біршама ірі Қаратал, Сарқан, Тентек, Лепсі сияқты өзендер рафтингті дамытуға, жағалауында демалып күн және су ваннасын қабылдау, шомылып шынығу, қайықпен жүзу мақсатында  кеңінен қолданылады.

Тау өзендері сулылығына байланысты көп жағдайда салмен немесе резина қайықпен суда жүзу мақсатында қолданылады. Су туризмін дамыту мүмкіндіктерінің жағдайына қарай Жетісу Алатауының өзендерін төменде көрсетілген  екі топқа бөлуге болады:

1. молсулы кезеңде суының шығыны 20-50 м3/с дейін жететін ірі тастар су бетіне шығып жатқан арнасының барлық бөлігі шоңғалды болып келетін   тау өзендері;

2. шоңғалдар мен басқа да қауіп-қатерлер кездесетін мол сулы кезеңде суының шығыны 50-100 м3/с дейін жететін тау өзендері.

              Бірінші топқа суды туристік мақсатқа қолдануға жарамсыз Бурақожыр, Теректі, Быжы, өзендері жатады. Екінші топқа спорттық су туризмінің базасы болып саналатын Қаратал, Көксу, Ақсу, Лепсі, Тентек өзендері жатады. Күрделілігі әр түрлі дәрежедегі жорықтар ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бағыттары Қаратал, Лепсі, Тентек өзендерінің жоғарғы ағысынан Балқаш пен Алакөлге дейін созылатын спорттық жүзу, қайықпен экстремальды жүзу (рафтинг) бағыты 1960-1970 жылдардың өзінде қалыптасқан. Қаратал, өзендерінде резина қайықтармен суда жүзуді теңіз деңгейінен 1100 метр биіктіктегі Текелі қаласынан, Лепсіде 1012 метр биіктіктегі өзі аттас ауылдан бастап, Балқаш көлінде аяқтаған қолайлы [26, 225-227б]. Бағыттың ұзындығы 100-115 шақырымнан асады. Жақсы дайындалған тәжірибелі спортшы туристер катамаранмен, салмен саяхатқа шығады. Жазғы маусымдағы өзеннің сулылығы, ауа мен судың температурасы сияқты бірінші кезектегі  гидроклиматтық жағдай туристік-рекреациялық мақсатта пайдалануды екі аймен ғана шектейді.

                      Су туризмі үшін өзендердің гидрологиялық жағдайлардың ішінде өзен арнасының морфологиясының маңызы зор. Жазық өзендерінен айырмашылығы Лепсі, Қаратал, Көксу өзендерінің 1800-1600 метр биіктіктегі еңістігі әр шақырымға 15 метрден асады. Аңғардың каньон тәрізді тар шатқалды шоңғалды болуы бағыттың жеке бөліктерін күрделендіреді. Тауалды жазықтарына шыққанда еңістігімен ағысының жылдамдығы кеміп, баяулайды. Күрделілігінің дәрежесі біршама жоғары су бағыты Лепсі өзенінде орналасқан. Оның ұзындығы 100 шақырымға жетеді, ұзақтығы 10-11 күн. Бағытты бойлай катамаранмен жүзу үшін жақсы спорттық дайындық пен қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды қажет етеді. Болашақта Жетісу Алатауын белгілі дәрежеде рекреациялық инфрақұрылымды қалыптастырған жағдайда көп күндік жорықтар ұйымдастыруға мүмкіндік беретін  күрделілік дәрежесі әртүрлі су  және тауда жаяу туристік бағыттар құруға болады.

Рекреанттардың эмоциялық жағдайына қолайлы әсер ететін Жетісу Алатауындағы эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін гидрологиялық нысандар сарқырамаларының маңызы зор. Бұрқанбұлақ, Бестерек сияқты сарқырамалардың саны аз болғанымен олар туристердің арасында кеңінен танымал. Қора шатқалына келген туристердің бағдарламасында Бұрқанбұлақ сарқырамасына бару енгізілген. Бүйен, Сарқан, Тентек өзендерінің салаларында тартымдылығымен ерекшеленетін сарқырамалар бар.

Тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін нысандардың бірі – 2000-3500 метр биіктік аралығындағы ежелгі және қазіргі мұздықтардың еріп жойылатын аймағында кең тараған ауданы шағын көлдер. Олардың басым бөлігі қар сызығының шегінде және Сапақ-Айпара ойысында орналасқан мұздықтық, мореналы, мореналы-бөгелмелі көлдер құрайды.

                      Жетісу Алатауындағы көлдердің рекреациялық құндылығы мен тартымдылығын тау ландшафтысы мен су айдынының табиғи көріктілігі, қолайлы қатынас жолдарымен қамтамасыз етілуі, ірі елді мекендерге жақындығы сияқты бірқатар факторлар анықтайды [26, 225-227б].

Жетісу Алатауының өзендері мен көлдерінің рекреациялық қуатына талдау жасай отырып, емдік шомылу, су туризмі, суық суды құйыну арқылы шынығу, ұйымдаспаған демалыс пен туризм, балық аулау және аңшылық сияқты суды рекреациялық мақсатта пайдаланудың түрлерін дамытуға мүмкіндік беретінін анықтадық. Ол үшін халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына жақын жатқан аймақтың тауалды бөліктерін қолайлығын арттырып, туристік инфрақұрылымдарын қалыптастырып, жазғы демалыс орындарын құрып, күрделілігі жоғары және біршама төмен экстремальды су туризмін  ұнататындар үшін көп күндік жорықтар ұйымдастыру қажет. Жаманты, Лепсі, Теректі, Сарқан, Бүйен, Қора өзендерінің бастауына ұйымдастырылған танымдық жорықтар туризмді дамытуға мүмкіндік береттін басты алғышарт Жетісу Алатауының рекреациялық қуаты болып табылатынын көрсетті. Алтынемел табиғи ұлттық бағының, Қора шатқалының, Үлкен және Кіші Жасылкөлдің (Ағыны қатты өзені), Қапал, Аманбөктер, Сапақ-Айпара ойыстарының табиғат кешендерінің бірегей болуымен ерекшеленуі көп салалы туризмді дамытуға қолайлы әсер етеді.

 

Кесте 12

Жетісу Алатауының ірі өзендеріне гидрологиялық-рекреациялық  сипаттама

Өзендердің  аты

 

Гидрологиялық сипаты

Рекреациялық іс-әрекеттің түрлері

су жинайтын

ауданы

км2 есебімен

суының жылдық орташа шығыны м/3с есебімен

емдік шомылу

 

күн және ауа қауыздарын қабылдау

 

өзен жағалауында балық аулау

 

ұйымдаспаған

демалыс

 

су туризмі

 

суда жүзетін  

құстар мен

аңдарды аулау

 

Тентек

 

 

+

+

+

+

+

төменгі ағысында

Лепсі

8110

72,2

+

+

+

+

+

сағасында

Басқан

883

34,0

+

+

+

+

 

төменгі ағысында

Сарқан

645

28,9

+

+

+

+

 

сағасында

Ақсу

5040

66,0

+

+

+

+

+

төменгі ағысында

Қаратал

19100

75,0

+

+

+

+

+

орта ағысында

Көксу

4670

62

+

+

+

+

+

сағасында

Өсек

1220

18,4

+

+

+

+

 

төменгі ағысында

Қорғас

1080

17,7

+

+

+

+

 

төменгі ағысында

Қайнар көзі: Е.А.Тоқпанов, З.С. Сламбеков, О.Б. Мазбаев.Талдықорған  өңірінің туристік-саяхаттық бағыттары: оқу құралы. Талдықорған: ЖМУ. 2010.-197 б.

 

              Талдықорған өңіріндегі туристік-рекреациялық іс-әрекеттің басым бағыттарына  емдік-сауықтыру рекреациясы, бұқаралық сипаттағы демалыс, экологиялық, су ғылыми-танымдық туризмді, сонымен қатар, әуесқой аңшылық пен балықаулауды, экстрималды сипаттағы тау туризмін жатқызуға болады. Бұлар тартымдылық, қолжетімділік, жақын болашақтағы экономикалық тиімділігі тұрғысынан алғанда болашағы зорлары болып табылады.

              Өңірде туризм мен демалысты кластерлік жүйемен дамытудың негізгі міндеті Таулы аумақтар мен тау аралық ойыстардағы шипажайларға негізгі туристер ағынын тарту, туристік ұйымдар жұмысын, емдік-сауықтыру рекреациясын, альпенизм мен экстримальды сипаттағы тау туризмін дамыта отырып, отандық және шет елдік туристерді тартуға бағыттау. Ол өз кезегінде инвистицияны тартуды, бюджетке түсетін табысты арттыруды қамтамасыз етіп, бәсекелестік қабілеті мен тартымдылығын арттыруға, сонымен қатар, имиджіне қолайлы әсер етеді. Соңғы нәтижеге қол жеткізу кешенді түрде ұйымдастыру, тәжірибелік,  ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу міндеттерін шешуді қажет етеді.


ҚОРЫТЫНДЫ

Жылына бір келетін демалыста жақсы тынығу әркімнің көкейіндегі ой. Өкініштісі, бұл ойды іске асыру бәрінің қолынан келе бермейді. Тәуелсіздік алғанымызғы жиырма жылдың жүзі болса да еліміздің туризм саласы өз деңгейінде дамыған жоқ. Өз жеріміздің маржандарын әлі де болса қызықтай алмай отырмыз. Оған себеп көлік жолдарының жөнделмеуі, қонақ үй, қызмет көрсету бағасы шетелден де қымбат. Сондай–ақ отандық туристік қызмет көрсету түрі европалық стандартқа сай емес. Міне осы себептер салдарынан қазақ халқы емдік қасиетке бай өзіміздің Каспий теңізі, Алакөл, Балқаш сияқты көлдерімізге барудың орнына қырғыз ағайынның Ыстықкөліне, сонау ел асып  Жерорта теңізінің жағалауына барып демалып келіп жүр. Өткен жылғы негізгі көрсеткіштерге сенсек сырттан келу 8 пайызға артып, 4 млн. 706 мың адамды құраған; ішкі туризм 7% артты, 3 млн. 495 мың адамнан тұрады; ал сыртқа шығу 23% және 3 млн. 687 мың адамды болған.

Бірі білсе, бірі білмейді, біздің елде туристер үшін саяхаттың  800 маршрут түрі ұсынылған. Оның 78-і - экологиялық турлар (ұлттық парктер, қорықтар және т.б.), 126 - сауықтыру бағыттары. Мемлекетімізде санаторно­­-курорттық ем алу мен демалыс біріктірілген. Аңшылық пен балықшылықты ұнататындарға 61 бағытта маршрут жұмыс істейді. Ал жылқымен жүрем деушілерге 18 бағыт бар. Сауықтыру емдік мақсатта адамдардың шипалы ем алып, ой тынықтыруына арналған туризмнің бір түрі. Елімізде мұндай сауықтыру кешендері көп. Оның себебі емдік қасиеттерге бай жер асты сулары мен тұзды минералды көлдері, шипалы қасиеттерге ие саз балшықтар соның айғағы бола алады. Экологиялық туризм мен сауықтыру туризмі жақсы қарқынмен дамып келе жатыр.

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні