Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын табысты өткізу үшін жабық футбол стадионы, коньки тебу стадионы, республикалық велотрек, сырғанау мұз айдыны бар  «Қазақстан» спорт сарайы, К-95 және К-125 халықаралық  шаңғы трамплиндерінің кешені, Алматы облысы Талғар ауданы Солдат шатқалындағы шаңғы және биатлон стадионы, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, биік таудағы «Шымбұлақ» спорт базасы, биік таудағы «Медеу» спорттық мұз айдыны сияқты бірегей спорттық объектілер салынды және қайта жаңартылды.

Дене шынықтыру және спорт саласын дамытудағы маңызды мәселе сала үшін кадрларды даярлау болып табылады.

Қазіргі уақытта республикада спорт саласында мамандарды даярлаумен 17 жоғарғы оқу орны айналысады, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушылық  құрамның біліктілігін арттыру жөніндегі кәсіби қызметті бір жоғары оқу орны - Қазақ спорт және туризм академиясы жүзеге асырады.

Салада спорт түрлері бойынша 8 748 штаттық жаттықтырушы жұмыс істейді, жаттықтырушы кадрына деген сұраныс бүгінгі таңда әр өңірде              20 – 30%-ды құрайды.

              Жалпы алғанда, республикада дене шынықтыру мен спорттың дамуы елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына оң әсер берді.

              Халықты бұқаралық спортпен айналасуға тарту дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар санының өсуіне алып келді. 7-қысқы Азия ойындарын өткізу халықаралық спорт аренасында қазақстандық спорттың имиджін және бәсекеге қабілеттілігін нығайтты.

 

                            Кесте 9

                            Дене шынықтыру және спорт саласының күшті және әлсіз жақтарын,  мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

     1.Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға арналған  заңнамалық және нормативтік-құқықтық негіздер

      2.Халықтың барлық әлеуметтік жіктерін, соның ішінде мүгедектерді дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту

      3.Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары санының артуы

      4.Ұлттық спорт түрлерін дамыту

      5.Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін ашу

      6.Халықаралық спорт аренасындағы жоғары нәтижелері үшін спортшыларды және жаттықтырушыларды материалдық ынталандыру

      7.Дене шынықтыру және спорт инфрақұрлымының  болуы

      8.Үкіметтік емес қоғамдық спорттық ұйымдардың болуы

      9.Спорт саласында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың белсенді түрде өзара әрекет етуі

 

 

 

      1.Барлық дерлік инфрақұрылым ірі қалалар мен елді мекендерде орналасқан

2.Көптеген спорт ғимараттарының моральдық және физикалық тұрғыдан тозуы

  3.Мүмкіндігі шектеулі адамдарға  арналған құрал-жабдықпен жабдықталған, бейімделген спорт ғимараттарының болмауы

  4.Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік-жеке серіктестік, сондай-ак мемлекеттік қолдау тетіктері  қалыптастырылмаған

  5.Спорттың ғылыми базасының жоқтығы

  6.Медалдар көп үлеске түсетін спорт түрлерін дамытуға арналған жүзу бассейндері, ату алаңдары, жеңіл атлетика манеждері, велотректер, шаңғы базалары, есу арналары  сияқты мамандандырылған спорт ғимараттарының жетіспеушілігі

  7.Спортты насихаттау мен дәріптеу деңгейінің жеткіліксіздігі

  8.Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелеріндегі төмен спорттық материалдық база

  9.Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарының жеке оқу-жаттығу базасының болмауы;

  10.Жаттықтырушылар жұмысына  еңбек ақының төмен болуы

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

      1.Азиаданың спорт объектілерін тұрғындарды спортпен шұғылдануға тарту үшін пайдалану

      2.Қолда бар спорт инфрақұрылымын бейімдеу арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту

      3.Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту

      4.Материалдық-техникалық базаны нығайту – инвентарьмен қамтамасыз ету және спорттық жабдықтармен жарақтандыру

      5.Спорт кадрларын даярлау мен қайта даярлау бағдарламасын жетілдіру

      6.Тұрғындар арасында спортты насихаттау және дәріптеу

      7.Дене шынықтырумен және спортпен белсенді шұғылданатын тұрғындардың үлесін арттыру

      8.Жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі даярлығы клубтарын құру

      9.Мектептер мен жоғары оқу орындарында спортпен шұғылдану бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру

      10.Интернаттарды қайта ұйымдастыру арқылы кәсіби-техникалық ұйымдардың санын ұлғайту

      11.Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің санын ұлғайту

      12.Арнайы медициналық топтардың санын ұлғайту

       13.Ғылыми-әдістемелік базаны құру және жетілдіру.

1.Спорт инфрақұрылымын тиімсіз пайдалану

2.Тұрғындардың дене шынықтыруға қызықпауы

3.Мүгедектер арасында спорттың әлсіз дамуы

4.Спорт объектлерін ұстау үшін бюджет шығындарының артуы

5.Компьютерлік ойындар, кино, дискотека сияқты және басқа да ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру мен спорттың бәсекеге қаблеттілігін төмендеуі 

6.Болашағы бұлыңғыр болуы салдарынан спорт резервінің кетуі

7.Спорт кадрларын даярлау мен қайта даярлау бағдарламасының ескіруі

      8.Медаль жинағыш спорт түрлерінің нашар дамуы (мамандандырылған спорт ғимараттарының болмауынан)

      9.Спортшылардың шет елдердегі оқу-жаттығу жиындарына арналған бюджет шығысын өсіру

      10.Халықаралық жарыстардағы спорттық нәтижелердің төмен деңгейі

      11.Қазақстандық спорттық командалардың құрамында «легионерлер» санының көбеюі

12.Жоғары білікті мамандардың басқа салаларға кетуі.

Қайнар көзі: Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы. № 1399, 30.11.2011.

 

 

                            Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт қазақстандықтардың көпшілігі үшін әлі де болса олардың жеке құндылығына айналмаған және олардың өмір сүру салтында тиісті орнын таппаған.

                            Тұрғындар денсаулығының төмен деңгейде болуының себебі олардың саламатты өмір салтын сүру және аурудың алдын алу мәселесінде хабардарлығының, сауаттылығының  және оларды уәждеудің жеткіліксіздігі болып отыр.

Елде бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер спортын және кәсіби спортты қарқынды жағымды дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасау қажет, себебі бүгінде мемлекеттің осы саладағы барлық шараларын тұтынушылар бойынша ақшаны бөлу арқылы іске асырылып отырған моделі өзін-өзі ақтамай отыр.

              Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласында құқықтық база құрылды.

1999 жылы «Дене шынықтыру және спорт туралы» және 2009 жылы «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификциалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды.

Алайда, заңнамалық актілер деңгейінде спортты қолданыстағы реттеу барлығын қамту сипатына ие бола алмай, осы саладағы қоғамдық қатынастарды толық реттей алмай отыр. Декларативтік нормалардың құқықтық тетіктерден асып кетуі едәуір байқалады, спорт саласында көптеген құқықтық кемшіліктер бар. Мысалы, спорттық жабдықпен және инвентармен жарақтандыру мәселесі жеткілікті регламенттелмеген. 

Дене шынықтыруды және спортты дамыту, дене шынықтыру-спорттық қызмет саласына халықты кеңінен тарту үшін тиісті материалдық-техникалық қамсыздандыру қажет.

Спорт инфрақұрылымының тұрақты өсу үрдісі байқалмағанымен, негізінен республика бойынша, әсіресе ауылдық жерде спорт ғимараттарының саны жеткіліксіз болып отыр. 7000 ауыл мен кентте 20166 ғимарат бар, оның ішінде 13134-і, яғни 65,1%-ы жазық ғимараттарды (ашық спорт алаңдарын) құрайды және тек 3%-ы ғана (307 бірлік) жабық спорт кешендері, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының халық тығыз орналасқан ауылдық мекендерінде спорт кешендері тіпті жоқ. [3].

Бүкіл ел бойынша жұмыс істейтін 7 мыңнан астам спорт залының                       90%-ы жалпы білім беру мектептерінде, бұл ретте, олар спорттық инвентармен жеткіліксіз жабдықталған және қолданыстағы техникалық пайдалану талаптарына сай емес. Дене шынықтыру және спортты басқару органдарының деректері бойынша, спорт залдары мен алаңдарының 40%-ы ағымдық немесе күрделі жөндеуді талап етеді.

Бұған қоса, республикада жүзу бассейндері, ату алаңдары, жеңіл атлетикалық манеждер, велотректер, шаңғы базалары, есу арналары сияқты мамандандырылған спорт ғимараттарының жетіспеушілігі сезілуде.

Елде мамандандырылған есу базаларының болмауы тұтастай алғанда есу спорты түрлерін дамытуға және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге кері әсерін тигізіп отыр. Бұл спорт түрі медаль көп үлескен түсетін спорт түрінің бірі болып табылады, себебі Олимпиада, Азия ойындарында 16 медаль жиынтығына дейін ұтысқа салынады. Оңтүстік Қазақстан облысында есу базасын салу үшін барлық алғышарттары бар Бадам су қоймасы  жұмыс істейді. Қолайлы климаттық жағдайлар оқу-жаттығу үдерісін, сондай-ақ жыл бойы республикалық және халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Спорттың кейбір түрлері бойынша республикада спортшыларды Олимпиада ойындарына және басқа ірі халықаралық жарыстарға даялауға арналған техникалық жарақтандырылған заманауи базалар жоқ.

Осыған байланысты, республикалық даярлау орталықтарының жеке оқу-жаттығу базаларының болмауы Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда бюджеттік спорттық ұйымдар отандық спортшылар мен спорттық командаларды шетелдегі ұзақ мерзімді оқу-жаттығу жиындарымен қамтамасыз етуге мәжбүр болады. Бұған қоса, қазақстандық командалардың шетелдік бәсекеге кабілетті спортшылар мен мамандарды біздің елге осы тектес оқу-жаттығу үдерісін өткізуге шақыруға мүмкіндіктері жоқ.

Тағы да бір шешуді талап ететін проблема балалар мен оқушы жастардың дене тәрбиесі болып табылады.

Республикада мектепке дейінгі жаста 1 млн.-нан астам және мектеп жасындағы 2,5 млн.-нан астам өмір сүреді. Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы орта білім беру мекемелерінің материалдық базасы одан әрі дамытуды, оқушылардың дене шынықтыру бағдарламасын толық көлемде орындауы үшін қажетті спорттық жабдықтармен жарақатандыруды және жаңартуды талап етеді.

Жалпы білім беру мектептерінің 73,2%-ында дене шынықтыру сабағын өткізуге арналған спорт залдары бар. 1156 мектепке дейінгі балалар ұйымдарының 765-інің немесе 66,3%-ының ғана спорт залдары, 32-сінің жүзу бассейіндері бар, соның салдарынан жалпы білім беру мектептеріндегі спорт секцияларында оқушыларды қамту 22%-дан аспайды.

Осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу көптеген шет елдерде балалар мен жастардың дене тәрбиесі мен спортын дамытуға ерекше орын берілетіндігін көрсетті.

Айталық, АҚШ-та мектептік, студенттік және бұқаралық спорт толығымен жергілікті биліктің құзыретінде болып табылады. Канада, Франция, Италия, Финляндия және басқа да бірқатар елдерде балалар мен жасөсірімдердің және студенттер спортының шығыстарының негізгі үлесін  жергілікті бюджет арқалайды. Финляндия мен Норвегияда спортқа бөлінген ақша аударымының 80%-ы жалпыға ортақ пайдаланудағы спорт объектілерін салуға және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталады. Бізде керісінше: 80%-ы шеберлер командасына және тек 20%-ы ғана балалар спортына бөлінеді. Елдің спорттық жүйесі балалар спортына басымдық беріле отырып құрылуы қажет.

Мекемелерде, ұйымдарда және халықтың тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруда күрделі проблемалар бар. Ұйымдар экономикалық тұрғыдан орынсыз деген себеппен спорттық және сауықтыру объектілерін ұстаудан бас тартады, дене шынықтыру және спорт мамандарын қысқартады.

Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша тек 530 балалар мен жеткіншектер клубы жұмыс істейді, ведомстволық спорт қоғамдарының жұмыс тәжірибесі жоғалған, дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің құны қымбаттауда. Талдау көрсеткендей, бағасы жоғары болғандықтан, жастардың көпшілігі спорттық-сауықтыру қызметіне қол жеткізе алмайды.

Біздің ойымызша, Еуропаның тәжірибесі бойынша қоғамдық ұйымдар құру қажет.

Мысалы, Финляндияда 54 спорт одағын, 18 аумақтық органды,                       4335 спорт клубы мен 1,1 млн. адамды біріктіретін спорт ұйымы жұмыс істейді.

Швецияда «Баршаға арналған спорт» бағдарламасы бойынша жұмысты негізінен 2 мыңнан астам клубқа тиесілі 360 мың ресми тіркелген мүшесі бар Швед гимнастикалық ұйымы жүзеге асырады. Жалпы гимнастика секцияларында 225 мыңнан астам адам шұғылданады.

Қоғамда мүгедектер, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы адамдар барынша назар аударуды талап етеді. Олармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы дайындалған кадрлар, ғылыми негізделген ұсынымдар мен әдістемелік әзірлемелер, халықтың осы санаттағы адамдарын дене жаттығуларымен белсенді айналасуға тарту бойынша кеңінен түсіндіру-насихат жұмыстары жетіспейді.

Елде денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар және қоғамның әлеуметтік қорғалмаған жіктері арасында дене шынықтыру және спортты дамытуды тежейтін бірқатар проблемалар бар, атап айтқанда:

мамандандырылған немесе бейімделген спорттық ғимараттардың, жабдықтардың, инвентардың жоқтығы;

жұмыс істейтін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық  объектілердің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қол жетімсіздігі;

мүгедектердің сауықтыру және спорттық ұйымдары жүйесінің болмауы;

дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын мүгедектер үшін арнайы қосалқы құралдарды шығаруды қамтамасыз ету;

мүгедектермен дене шынықтыру-оңалту және спорттық жұмыстарды жүргізу үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Саланы кадрлық қамтамасыз ету проблемалық мәселе күйінде қалып отыр. Осы мәселенің жай-күйін талдау саладағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің, дене шынықтыру және жоғары жетістіктер спортының ғылыми базасының әлсіз дамығанын көрсетіп отыр.

Жоғары дәрежелі спортшыларды даярлаудың негізі спорттық жаттығуларда заманауи ғылыми технологияларды пайдалану, сондай-ақ даярлық әдістемесін үнемі жетілдіру болып табылады, және елде отандық спорт ғылымының дамуы әлі күнге дейін күрделі проблема күйінде қалып отыр.   Республиканың жаттықтырушы-оқытушылар құрамы көбінесе «кеңестік» кезеңде әзірленген әдістемемен жұмыс істейді, көпшілігі спортшыларды жаттықтыру мен қалпына келтірудің заманауи әдістерін меңгермеген.

Финляндияда спорттық ғылыммен айналасатын ұйымдардың тікелей мемлекеттік қаржыландыруға заңдық тұрғыдан танылған құқығы бар. Бұл ретте дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлаудың кемінде 20%-ы оқу уақытын ғылыми ізденістерге арналады. Бұған қоса, мемлекет спорт пен дене шынықтыру жаттығулары саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін кез келген меншік нысанындағы ұйымды қолдайды.

Республикада спорт психологтары жоқ деп айтуға болады, спорттың медико-биологиялық қызметі әлсіз дамыған, халықтың әр түрлі жастағы топтарымен және спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің дене шынықтыру-сауықтыру және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу әдістемелері жоқ.

Дене шынықтыру кадрларының өздерінің кәсібінен басқа қызмет саласынан кетуі тоқтамай отыр. Бүкіл ел бойынша бүгінгі күні спорттан                        1543 әдіскер-нұсқаушы жұмыс істейді, олардың 719-ы ауылдық жерде. Бұл ретте спорт ұйымдарының кадрларға деген сұранысы 962 бірлікті құрайды.

Тәжірибе көрсеткендей, дене шынықтыру және спорт бойынша дипломдары бар мамандардың аз бөлігі ғана жалпы білім беру мектептерінде, БЖСМ, бала бақшаларда, басқа да дене шынықтыру-спорттық мекемелердегі жұмысты таңдайды, бұл төмен жалақы және көрсетілген мамандар санатының әлеуметтік кепілінің болмауының салдары болып табылады.

Осылайша, спортшылардың арасында артып келе жатқан бәсекелестікті, халықаралық спорт ұйымдарының тез өзгеріп тұратын талаптарын ескере отырып, спортшыларды даярлаудың нысандары мен әдістерін тұрақты жетілдіруді, республиканың спортшыларын «жаңа бастаған спортшыдан» халықаралық дәрежедегі шебер деңгейіне дейін тәрбиелеу жүйесін одан әрі дамытуды есепке ала отырып, оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу қажет. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды оқыту және басқаруды білікті қызметкерлер қамтамасыз ету керек екенін көрсететін халықаралық тәжірибе мен заңнамада да дәлелдеп отыр. 

Мысалы, Қытайда дене шынықтыру оқытушысы немесе жаттықтырушы дипломын алудың үш жолы бар:

1. Жалпы білім беру мектебінде 12-жылдық білім алғаннан кейін, жоғарғы спорттық оқу орнында 4-жылдық білім алу керек. Бұл жағдайда «мектеп мұғалімі» біліктілігі бойынша диплом алады.

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні