Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа
Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97
2. Жалпы білім беру мектебінде 12-жылдық білім алғаннан кейін, жоғарғы оқу орнында 4 жыл оқыған соң және спорт түрлері бойынша екі жылдық арнайы дайындықтан кейін жоғары біліктілік жаттықтырушысы дипломын алады.
3. Барлық деңгейдегі жаттықтырушы жұмысына рұқсатты мұның алдында қаланың немесе провинцияның құрамасында немесе ұлттық құрамада міндетті мүшелігі болған және спорттық интернат негізінде жалпы білім беру мектебінде тоғыз жыл оқыған мамандар ғана алады.
Финляндияда спорт мамандары мен оқытушыларын дайындау 11 дене шынықтыру-спорт орталығы мен оқу орнында жүргізіледі. Виерумяки спорт және дене шынықтыру жөніндегі ірі институтында жақсы спорт орталығы бар, оның қызметінің негізіне «дамыту, өндіру, сату» деген бизнес-идея алынған. Орталықтың жақсы дамыған инфрақұрылымы бар, орталықта 11 штаттық қызметкер мен бір жыл аралығында қажетіне қарай тартылатын 800-ге жуық штаттан тыс адамдар жұмыс істейді. Спорттық мамандарды даярлау мен оқыту жүйесі 3 – 4 жылды көздейді. Орталық өз шығындарының бір бөлігін Білім министрлігі бюджетінің есебінен жабады, мұнда мемлекет дотациялары 10%-ды құрайды, қызметкерлердің жалақысы үшін кірістің 38%-ы жұмсалады.
Дене шынықтыру және спорт күшті сауықтыру факторы, қоғамның бірігуі, жастарды зиянды әрекеттерден аулақ ұстау, аурудың алдын алу, өмір сүру сапасын және оның ұзақтығын арттыру сияқты көптеген әлуметтік-экономикалық мәселелерді шешетін адамның дене тәрбиесі мүмкіндіктерін арттыру құралы болып табылады. АҚШ-та және әлемнің басқа елдерінде спорттың дамуына жасалған талдау, тұрғындардың спортқа деген белсенді ұстанымы БАҚ арқылы жақсы насихаттау нәтижесінде қалыптасатынын көрсетті. Спорттың түрлерін дәріптеу БАҚ-қа және бірінші кезекте теледидарға байланысты болады, ал дене шынықтыру-спорттық қызметпен айналысу өмір сүру мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Соңғы онжылдықта дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-ақпараттық ресурстар маңыздылығы жағынан бірінші орынға шыға бастады. Халықаралық сарапшылар осы ресурстарды екі санатқа бөледі – саламатты өмір салтын насихаттау және жаттықтырушының және басқа спорт қызметкерінің жұмысын ақпараттық-ғылыми қолдау. Мұндай бөліп қарау шет елдің жетекші спорттық ғылыми-ақпараттық ұйымдарының қызметінен көрінеді.
Германияда спортты баршаға насихаттау ерекше орын алады, ол әр түрлі кампаниялар мен бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Барлық жобалардың маңызды қаржылай қолдауға ие екендігін ерекше атап өткен жөн. Нәтижесінде жиырма жыл ішінде клубтардың саны 40 мыңнан 80 мыңға дейін, спортпен шұғылданатындар саны 10 млн.-нан 21 млн.-ға дейін, дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты айналысатын адамдар саны 21 млн.-нан 36 млн.-ға дейін артты, яғни халықты бұқаралық спортпен қамту 60%-ға жеткен.
Көптеген мемлекеттерде кәсіпкерлік баршаға арналған спорттың едәуір қаржылық ресурсын құрайды. Алайда мына аспектіні атап өту қажет. Спорттық қызметтің жоғары капиталды талап етуіне орай, аталған салада коммерциялық ұйым құру жоғары бастапқы капиталды талап етеді. Сондықтан да мемлекеттік және жергілікті органдардың қолдауынсыз, кәсіпкерлік ресурстары тек қана халықтың табысы жоғары жіктерінің спортпен шұғылдану сұранысын қанағаттандыруға бағытталатын болады, ал балалар, орташа топ, зейнеткерлер және сол сияқты секторлардың дене тәрбиесімен шұғылдануына мүмкіндігі болмайды. Шет елдерде мемлекеттің тікелей немесе қосымша қатысуы арқылы спорттың коммерциялық ұйымдарының қызметіндегі осы проблема шешімін тапқан.
Республикада спорттық қызметті дамытуды қамтамасыз ету үшін спорттық инвентарлар мен құрал-жабдықтар өндірісін құру, жеке спорт ғимараттарын салу және қайта жаңарту, сондай-ақ аталған саладағы демеушілік пен қайырымдылықты дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру қажет.
2009 жылы министрліктің қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын, Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын орындауға бағытталды.
1-стратегиялық бағыт. Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру.
Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туристік қызмет көрсеткіштерінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Алайда, 2009 жылы туристік саланың даму серпіні туризм индустриясы көрсеткіштерінің тұрақсыз өсуімен сипатталады. Мәселен, 2009 жылдың қорытындысы бойынша 2008 жылмен салыстырғанда келушілердің саны 3,9 %-ға көбейді, шығу туризмі саны 22,3 %-ға артты (6413,9 мың теңге), алайда ішкі туризмнің көлемі 5,3 %-ға төмендеді және 4 028,1 мың адамды құрады. Бұл ретте, келу туризмі 8,3%-ға төмендеді және 4329,8 мың адамды құрады.
Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 0,4 %-ға төмендеді және 65,7 млрд. теңгені құрады. 2008 жылғы тиісті көрсеткіштің өсуін 2007 жылмен салыстырғанда 22,4 %-ды (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейін) құрады.
Негізгі көрсеткіштердің төмендеуі әлемдік экономикадағы жағдаймен түсіндіріледі.
Келу туризмі статистикасының деректері мұндай көрсеткіштердің сапар мақсаты бойынша, оның ішінде бос уақыт пен демалу бойынша бөлу ретінде, 2008 жылмен салыстырғанда 19,8%-ға немесе 1541 адамға төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны 3 242 бірлікке немесе - 44 % қысқарды.
Есепті кезеңде 1203 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 73 жеке кәсіпкер 369,1 мың келушіге қызмет көрсетті, бұл экономикадағы әлемдік жағдайдың салдарынан 2008 жылмен салыстырғанда 25,7 %-ға кем.
Жалпы алғанда туристік индустрия субьектілерінің туристік қызметінен түскен табыс 2009 жылы 82,6 млрд. теңгені құрады.
Республикада жұмыс істеп тұрған 1235 қонақ үй шаруашылығы кәсіпорны 2306,1 мың адамға 48 249,6 млн. теңгеге қызмет көрсетті. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша орналастыру объектілерінде 30 831 нөмір бар және олардың бір мезгілдегі сыйымдылығы 67 807 жатын орынды құрайды.
Елде қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдай жасалып жатыр. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды.
Туризм және спорт салалары аясында ерлер мен әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндіктері олардың өзіндік ерекшеліктері есепке алына отырып, табысты іске асып жатқандығын атап өткен жөн: туризм индустриясында туристік ұйымдардың басшылығында және қызмет көрсету аясында әйелдер көбірек еңбекпен қамтылған (барлық еңбекпен қамтылғандар санының 98 %-ға жуығы). Спортта әдетте ерлер көш бастап жүрген спорт түрлерін әйел азаматтар белсенді игеріп жатыр.
Негізгі проблемаларды талдау
Бұдан басқа, бүгінде шешілуі көзделген мақсатқа – Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі туризм орталығына айналдыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар проблемалық мәселелер бар.
1. Туристік және көліктік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы
Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сондай-ақ санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлердің түрлері, сапасы халықаралық талаптарға сай емес.
2. Сервистің төмен деңгейі және Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде танымал тарихи орындарға жетудің қиындығы қазақстандық та, шетелдік те туристерді қызықтырмайды. Біздің тарихи мұрамыздың туристік бағдарларларын халықаралық насихаттау мен жылжыту да сапалы түрде қайта қарауды талап етеді.
Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан, әуе және темір жол жолаушы тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және сыртқы туристердің топтық сапарлары үшін көліктің барлық түріне жол жүру билеттеріне жеңілдіктер жүйесінің болмауы едәуір проблемаға айналып отыр.
3. Кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың төмен деңгейі және туризмнің ғылыми базасының болмауы.
Туризмді дамытуға кедергі жасайтын негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туристік кадрлардың болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілерінде білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты.
4. Туристік индустрияда ұсынылатын қызметтердің төмен сапасы.
Бұл проблема жоғарыда аталған мәселемен өзара байланысты, өйткені қызмет көрсету саласындағы төмен сапа туризм индустриясы объектілерінде көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне әкеледі. Бұған басқа, бұл Қазақстанда туристік визаларды ресімдеу мерзіміне, шетелдік туристерді тіркеу рәсімдеріне, кедендік және паспорттық бақылауға қатысты.
5. Туризм елі ретінде Қазақстанның жеткіліксіз деңгейдегі тартымдылығы.
Елдің оң туристік имиджін ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жүйесіз сипатта, туризм жөніндегі көрмелерге қатысу мемлекеттің жарнамалық қызметінің тиімділігін толық өлшемде қамтамасыз етпейді. Осы уақытқа дейін туристерді тартуда Қазақстан үшін бірінші басымдықты нарықтар болып табылатын елдер – Германияда, Ұлыбританияда, Оңтүстік Кореяда туристік өкілдіктер (шетелдердегі мекемелер жанынан туризм бөлімдерін) ашу және олардың жұмыс істеу мәселесі шешілмей отыр. Сонымен қатар, жыл сайын орасан көп туристерді қабылдайтын, туризм саласында дамыған елдердің (Франция, Испания, Германия) тәжірибесі аталған мәселені шешу қажеттігін растап отыр.
Ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Қазақстан туризмінің әлемдік туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасқан деңгейі сақталған жағдайда, отандық туристік нарықты дамыту мүмкіндігі тұрмыс деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын арттыру, сапалы туристік қызметтерге деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және елде туризмді тұрақты дамытуға жағдай жасау үшін жеткіліксіз болады.
Туристік саланың дамуына негізінен сыртқы фактор, оның ішінде әлемдік экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, ел ішіндегі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайлар және т.б. ықпал етеді.
Бүгінгі күні туристік саланы дамыту үшін Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) («Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы) негіз болып табылады.
ҮИИДМБ шеңберінде Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалық бағыттарын дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы әзірленді.
Сонымен қатар, саланың дамуына ішкі факторлар да әсер етеді, оған кадрлық саясатты (кадрларды даярлау және қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыру) отандық туристік өнімнің кәсіби маркетингін жатқызуға болады.
Бүгінгі күні туристік сала үшін кадрларды даярлау жоғары, жоғары білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес 11 мамандық және 33 біліктілік бойынша 77 ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) оқу орындары бар.
Министрліктің әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді жүргізу, ақпарттық турларды өткізу арқылы Қазақстан туризмін ақпарттық насихаттау жөніндегі тұрақты жұмысы қазақстандық туристік өнімге жоғары сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Осы бағытта туроператорлардың шетелдерден туристерді тарту жөнінде күшейтілген жұмыстары қажет, бұл тек келу туризмі туристердің ағынының тұрақтылығын қамтамасыз етіп қоймай, туристік саланың кірістілігін арттырады.
2-стратегиялық бағыт. Халықтың дене тәрбиесі жүйесін жаңғырту және Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2009 жылы 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру бойынша халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.
Бүгінгі күні дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықтың қамтылуы 16% немесе 2 486 823 адамды құрайды және 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,4%-ға артты, соның ішінде 6-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер 9,0% (232885 бала) құрайды және 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6971 балаға (0,5%) артты. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің саны 39 адамға артты, бұл аталған көрсеткіштің 2008 жылмен салыстырғанда 10%-ға өсуін қамтамасыз етті. Жоспарланған көрсеткішті орындау – дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүгедектердің үлес салмағын 6,0 %-ға арттыру қамтамасыз етілді, бұл 12 808 адамды құрайды. Аталған көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 0,5%-ға көбейді.
2009 жылы спорт ғимараттарының саны бүкіл республика бойынша 30 330 бірлікті құрады, олардың ішінде 19 445 бірлік ауылдық жерде орналасқан. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 483 бірлікке (1,6%) артық, оның ішінде:
Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні