Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа
Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97
2009 жылы Ыстықкөлде бір миллионға жуық адам демалса, оның 70% қазақстандықтар екені анықталды. Бұған себеп еліміздің туристік қызмет көрсетуіндегі туып тұрған бірнеше ахуалдар болып тұр. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай районындағы «Рахман кілтінің шоқысы» сауықтыру орталығы бір адамға бір тәулікке қызмет көрсету бағасы 16 500 теңге, ал 11тәулікке 198 000 теңге, 23 тәулікке 396 000 теңге. Бұл экономика класы ғана, ал арнайы қызмет көрсету түрінің құны бұдан екі есе көп.
Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды екен.
Бағдарламада «Таушаңғы туризімінің болашағы» қарастырылған. Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында таушаңғы базасын салу. Алматы облысында – 5 (Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА); Шығыс-Қазақстанда – 2 (Изумруд Алтай, Алтай Альпілері). Алматы облысы, Талғар ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік стандартқа сай келетін «Ақбұлақ» таушаңғы базасы салынған. Ішкі және сыртқы туризмді дамытудың басты алғышарты барлық санаттағы туристерге арналған авиа, теміржол, автомобиль және су көлігіне қолжетімділік болатындығы жоспарланыпты. Жол жүру құнының қымбаттылығы да ішкі туризмнің дамуын тежеп тұрған тағы да бір проблема болып тұр.
Спорт саласының бюджеті 1997 жылғы 78,9 млн. теңге көрсеткішінен 3,8 млрд. теңгеге дейін өсті. Спорттық ғимараттардың саны 3055-ті құрайды. Талдықорған қаласында әлемдік стандарттарға сай «Жастар» Спорт сарайы, «Жетісу» теннис орталығы салынды. Барлығы 10 спорт нысаны жаңғыртылып, 49 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ұлттық құрама сапына облыстың 515 спортшысы енген. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балаларын көмек ретінде тегін спорт секцияларына қатыстыру жолға қойылған. Облыста ауыр атлетика спорт түрі қарқынды даму үстінде. Төрт спортшымыз Әлем Чемпиондары атағына иеленді, олар - Владимир Седов, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова. Регби командасы 7 дүркін Азия Чемпиондары болды.
Алматы облысында туризмге ерекше назар аударылады. Облыста 470 туристік нысандар бар, оның 126-сы қонақ үй, 76-сы қонақ қабылдайтын үй (гостевые дома), 15 санаторий мен профилакторий, 191 демалыс аймақтары мен базалары, 22 демалыс үйі, 13 сауықтыру лагері, 20 аңшылар үйі және 7 басқа да нысандар. Облыс аумағында «Алтынемел», «Көлсай көлдері», «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері мен «Шарын», Алматы және Алакөл қорықтары. 114 туристік бағыт жасалған. Туристердің ең сүйікті орындары ретінде Балқаш, Алакөл көлдерін, Түрген сайын, Сақ қорғандары мен Шарын шатқалын атауға болады. Азия ойындары үшін «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені қайта жаңғыртылып, халықаралық деңгейге жеткізілді. Шетелдік туристерді тарту арқылы «Табаған» спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Кешеннің ерекшелігі сол, онда аспалы жолдар арқылы шаңғымен және сноубордпен сырғанауға болады.
Алматы облысында тартымды туристік нысандарды көрсету мақсатында Алакөл, Сарқан, Талғар, Еңбекшіқазақ, Үйғыр, аудандарында туризм саласын бұқаралық басылымдарда жазып жариялайтын тілшілерге арналған ақпараттық турлар өткізілді. Туризмді дамыту бөлімі «Жетісу» және «Қазақстан» телерадио корпорациясының туризмді дамыту мәселелері туралы өткен бағдарламаларға қатысты. Ағымдағы жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында «Сарқылмас саяхат» атты үшінші (жылжымалы) Қазақстандық туристік жәрмеңкесі өткізілді. Бұл шараға облыс аудандары мен қалалары, туристік фирмалар, «Алтын Емел», «Көлсай көлдері, «Іле-Алатау» ұлттық мемлекеттік табиғи парктер, сондай-ақ қолөнер шеберлері белсенді қатысты. Жәрменке шеңберінде туризмді дамыту бөлімі Текелі, Қапшағай қалаларына ақпараттық тур ұйымдастырып, авторлық бардтар ән фестивалін, «Туризм есірткіге қарсы» атты облыстық ашық туристік слет өткізді. «Сарқылмас саяхат» республикалық туристік жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Алматы облысы 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталған. Алматы облысы әкімінің 2009 жылғы 2 наурыздағы «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық туристік экспедициясын ұйымдастыру және өткізу туралы» облыс аудандары мен қалаларында экологиялық, өлкетану, мәдени-танымдық туризм бойынша жорықтар мен экскурсиялар өткізілді. Жоғарыда аталған шараның жеңімпазы атанған Текелі қаласының командасы Ақмола облысында өткен республикалық экспедициясының 3-ші кезеңіне қатысуға жіберілген. Бұл жорық халыққа туристік нысандарды танытудағы әсерлі тәсіл.
Жастар мен балаларға арналған танымдық іс-шаралар өткізіліп жүр, Мысалы, Ақмола облысының Бурабай қаласында жастар арасында туристік көпсайыстан чемпионат өтті. Іле ауданының «Альпийская роза» командасы республикалық 1-ші орынды жеңіп алды. Талдықорған қаласының «Жоңғария» туристік клубының командасы Павлодар облысында өткен Қазақстан және Ресей туристерінің “Ертіс Меридианы-2009” туристік слетіне қатысты. Еліміздің мәдени және табиғи көзтартарлық жерлеріне көңіл аудару мақсатында «Қазақстанның жеті қазынасы» байқауы да ұйымдастырылды еліміздің түкпір-түкпінің туристік кереметтерінің өкілдері бас қосты. Шарын шатқалы, Алтын адам, Хан-Тәңірі шыңы, Көлсай көлдері, Тамғалы мұражай қорығы, «Алтын Емел» ҰМТП Қазақстанның ғажайып нысандарының тізіміне енді. Сонымен бірге «Мисс туризм» республикалық байқауы да өткен. Туристік саланы дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес ішкі туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны қуанышты жайт.
Елімізде саяхаттап кетіп бара жатырған әр бір шетелдік азамат келесі демалысында тағы да қайта келгісі келетін жағдайға жеткізу қиын жұмыс. Бірақ шетелге шығатын қазақстандықтар санын азайтуға болады деген сенімдеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!». Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы. 28.01.2011 ж.
2. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты».
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 27 қаңтар.
5. Туризмді дамыту сұрақтары бойынша әдістемелік құрал (спорттық туризм). Талдықорған, 2009. – 140б.
6. Е.А.Тоқпанов, З.С. Сламбеков, О.Б. Мазбаев.Талдықорған өңірінің туристік-саяхаттық бағыттары: оқу құралы. Талдықорған: ЖМУ. 2010.-197 б.
7. Бринк И.Ю. Тактика восхождений и качество снаряжения // Ветер странствий, № 23. - М.: ФиС, 2000. – 135с.
8. Веретенников Е.И. Тактика горного туризма. - М.: ЦРИБ "Турист", 1990. – 120с.
9. Маханбет Е.Т. Белсенді және спорт туризмі. Оқу- әдістемелік құрал. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Түркістан. 2008. -73 б.
10. Маханбет Е.Т. Развитие способности студентов в труде в сфере физической культуры // Ұлт тағлымы. - №1. Алматы, 2010. - Б.144-148.
11. Водный туризм. Сост. В.Н. Григорьев. - М.: Профиздат, 1991. 150с.
12. Вуколов В.Н. По Северному Тянь-Шанью: Горные туристские маршруты пот Заилийскому Алатау и Кунгей Алатау. - М.: Профиздат, 1991. – 152с.
13. Григорьев В.Н., Дубровский Л.Н. Подготовка туристов водников. - М.: ЦРИБ "Турист", 1980. – 150с.
14. Захаров П.П. и др. Тактика и организация горновосхождений. Ситуационные задачи. - М.: ЦРИБ "Турист", 1988. – 212с.
15.Зубалий Н.Д:, Петровский В.С. Пешеходный и лыжный туризм. - Киев: Здоровье, 1984. – 255с.
16. Единая спортивная классификация на 2009-2012 годы. Туризм спортивный - Алматы, 2008. – 75с.
17. Классификационная таблица маршрутов на горные вершины СССР. - М.: Советсикй турист, 1989. – 85с.
18. Ерма-тур ЖШС – нің жарғысы. Талдықорған, 2010ж.
19. Ерма-тур ЖШС-нің 2009-2010 қаржылық есебі. 2011ж.
20.Спортивная классификация туристких путешествий. - М.: ЦРИБ "Турист", 1975. – 90с.
21. Алимханов Е. «Дене тәрбиесі – салауаттылық негізі». //Хабаршы ҚХҚ ӘТУ Пед. Ғылым сериясы. - №3, 2010ж. -180-185 бб.
22. Алимханов Е. Ұлттық ойындар мен спорт – салауаттық өмір негізін қалыптастыру. // Қазақстан мектебі. Биология және салауаттық негізі №5, 2010. -12-14 бб.
23. Михайлов Б.А. Федотова А.А., Федотов Ю.Н. Физическая подготовка туристов. - М.: ЦРИБ "Турист", 1985. – 150с.
24. Накатков Ю.С. История туризма Казахстана.-Алматы: 2008.- С. 47-54.
25. Аппенянский А.И. Физическая тренировка в туризме. - М.: ЦРИБ "Турист", 1989. – 205с.
26. Благовещинский В.П., Абулхатаева Л.Ю., Гуляева Т.С., Гасанова Н.П Природно рекреационные ресурсы Джунгарского Алатау. Теоретические прикладные проблемы географии на рубеже столетий. Материалы международной научно-практической конференции 8-9 июня 2004, г.Алматы. Часть І. С.225-227.
89
Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні