Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

              Балқаш ойысымен шектесетін Үшқара, Қысқаш, Арғанаты, Арқарлы, Дауылбай таулары мен құмды алқаптардың өзіне тән  геоморфологиялық құрылысына сай бұйраланған құм жалдары, төбелі-жонды үстірттер, көл қазан шұңқырлары, өзен аңғарлары,  ұсақ шоқылар мен аласа таулар сияқты жер бедерінің алуан түрлі пішіндері шоғырланған. Орографиялық сипатының ерекшеліктеріне сай салыстырмалы биіктіктері біртіндеп өзгеретін аласа таулы, үстіртті, жазықты жер бедерінің үйлесуі, демалысты дамытуға қолайлы  көл жағалаулары мен өзен аңғарларының, тартымдылығымен ерекшеленетін бірегей табиғат ескерткіштерінің болуы, отандық және шетел туристері үшін әуесқой аңшылықты, эколгиялық және ғылыми-танымдық туризмді дамытуға қолайлы бағыттар құруға мүмкіндік береді. 

              Талдықорған өңірі аумағына Жетісу Алатауының Солтүстік және оңтүстік орталық жоталары кіреді. 450 шақырымға созылып жатқан тау жүйесінің солтүстік-шығыс шекарасы Алакөл-Ебінұр ойыстары арқылы өтеді. Шолақ үстірттің Барлық-Майлы тауларынан ені 10-15 км  Жетісу (Қаптағай) қақпасы бөліп тұр. Батысында абсолют биіктігі 1200-1500 метрден орталық бөлігінде біртіндеп биіктейді. Басты жоталардың біліктік бөлігінің ірге тасы каледон мен герциннің гранитоидтарынан тұратын ірі антиклинорийлі құрылымдар болып табылады. Алып баспалдақ тәрізді болып келетін Жетісу Алатауын абсолют биіктігіне қарай төмендегі топқа бөледі:

-   700-1600 метрге жететін аласа таулы;

-   1600-3000 метрге дейінгі биіктікті қамтитын орташа биік;

-   3000-4500 метрге дейінгі биіктік аралығын қамтитын биік таулы бөліктерге бөлінеді.

              Бірінші төменгі деңгейдегі аласа тауларға сыртқы күштердің әсерінен бұзылған Кеттібай-Борлы, Арғанаты, Малайсары, Лабасы, Қатутау сияқты аридтті климат жағдайында күшті денудацияланған көлбеулігі 15-200, салыстырмалы биіктік айырмасы 400-500 метр аралығында ауытқитын   қалдық таулар жатады. Аласа таулар мен гранидті алқаптарда төрттік мұзбасуларының экзарациялық әрекетінен түзіліп, сыртқы күштердің әсерінен өзгеріске ұшыраған экологиялық және ғылыми-танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін «Шыңғыс ханның шатыры» (Желдіқара тауы), «Қыранның қанаты» (Қызылтас тауы), «Шатыртас» (Алмалы тауы), сияқты бірегей табиғат ескерткіштері бар.

                      Жетісу Алатауының шашырай орналасқан аласа таулы алқаптарын негізгі жоталардан Күреңбел, Қоғалы сияқты тау аралық ойыстар  бөліп тұрғандықтан орташа биік тауларға ұласатын біртұтас белдеу түзбейді [21, 180-185бб.].

Тау жүйесі субендік және ендік бағытта созылған Солтүстік-Орталық және Оңтүстік-Орталық жоталар тізбегінен тұрады. Олардың аралықтарын Қоңырөлең, Қоғалы, Қапал, Сарыбөктер, Сапақ-Айпара сияқты үш деңгейлі  ірі тауаралық ойыстар бөліп жатыр. Оңтүстік-Орталық жотаның бір бөлігі Қытай Халық Республикасының аумағына ұласады. Көксу мен Боратола өзендерінің су айрығы болып табылатын Қоңыроба таулы алқабында Солтүстік және Оңтүстік орталық жоталар тізбегі бір-бірімен түйілісіп бір тұтас тау жүйесін түзеді. 44°-46°30' с.е., 76°24'-82°30' ш.б. аралығында орналасқан Жетісу Алатауының аумағы Лион мен Женеваның ендіктеріне сай келеді. Болашақта дельтапланеризм, ат туризмі, тау велосипеді сияқты  туризмнің жаңа салалары дамуы мүмкін.

                   Текелі, Талдықорған, Үштөбе сияқты ірі өндіріс орталықтары шоғырланған Қаратал, Көксу өзендерінің алабында бұқаралық сипаттағы жазғы демалыс орындарын салу көзделуде. Олардың алғашқыларының бірі болып Талдықорған аквабағы іске қосылды. Қазіргі кезде Талдықорған қаласындағы «Қайнар» акционерлік қоғамы, Қазақтелеком сияқты ірі кәсіпорындар мен жоғарғы оқу орындарының КСРО кезінде салынған сауықтыру орындары жұмыс істеп тұр.

                      Аласа таулы белдеудің шегіндегі минералды ыстық бұлақтардың көзінде салынған Қапал-Арасан, Көктал-Арасан, Жаркент-Арасан сияқты бальнеологиялық нысандарда  емдік-шипажайлық рекреация дамыған.

Сел мен қар көшкіннің қаупі болуына қарамастан Жетісу Алатауының орташа биіктіктегі таулы бөлігінде рекреациялық нысандарды салуға қолайлы жағдайлар бар. Қазіргі кезеңде ғылыми-танымдық, әуесқой аң аулау, серуендік сауықтыру, экологиялық туризмді дамытып, шетелден туристерді тарту мақсатында 2000 жылдан бастап Лепсі, Сарқан, Қапал орман шаруашылығының  кордондарында туристік соқпақтар мен қызмет көрсету нысандарын салу қолға алынған.

Үшінші биік таулы белдеуде тектоникалық-денудациялық және күмбез тәрізді альпілік жер бедері 3000-3100 метр биіктіктегі күрделілігі әр түрлі  асулар  басым.  Оларға қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан Тастау, Басқантау, Қоңыроба, Тоқсанбай сияқты ең биік жоталар тізбегі жатады. Қазақстанның тау жүйелерінде орталық жағдайға ие болуына, геотектоникалық құрылысының ерекшелігіне орай Жетісу Алатауы қазіргі мұздықтар сақтаған ірі аудан болып табылады. А.П. Черкасовтың деректеріне сәйкес Жетісу Алатауының Қазақстандық бөлігінде жалпы ауданы 813,9 км2 болатын 1369 мұздық бар [22, 13-15 б.].  Олардың басым көпшілігі Ырғайты, Тентек, Басқан, Ақсу, Көксу өзендері алабында шоғырланған.

Жетісу Алатауының ең биік бөлігі болып табылатын Басқан өзенінің бастауында Бесбақан (4622 м), Шумский (4442 м), шыңдары орналасқан. Олар әртүрлі спорттық біліктілігі бар альпинистер үшін маңызы зор. Таудың бұл ауданындағы ең аласа асу Талды болып табылады (3504 м). Жер бедері салыстырмалы түрде тегіс жұмыр болып келетіндіктен біліктік жоталардың шыңдары мен жалдарын қазіргі мұздықтардың фирн алаңдары жауып жатыр. Төбесі текшелі жатық болып келетіндіктен  күмбез тәрізді үшкір шыңдар сирек кездеседі. Обручев, Абай, Жамбыл, Сәтбаев сияқты көптеген шыңдардың төбесі трапеция тәрізді тегіс болғандықтан олардың кейбірінің ұзындығы 1000-2000 метрге дейін жететіндіктен бір шыңнан екінші шыңға баратын бағыттың күрделілігі 3-4 дәрежеден аспайды [22, 12-14бб.].

Жетісу Алатауындағы 22 біліктілік бағыттың бесеуі-1, жетеуі-2, жетеуі-3, тек төртеуі ғана 4-күрделілік дәрежесіне жатады. Қазіргі және ежелгі мұздықтар-дың абляция аймағындағы биік таулардан бастау  алатын  өзендердің арнасын  ысырынды  моренналардың бөгеп қалуынан қар  сызығының  шегінде Жасылкөл сияқты (ағыны қатты өзені) циркті көлдер түзілген.

 

Кесте 10

Талдықорған өңіріндегі Жетісу Алатауының жер бедерінің сипаты мен әр түрлі биіктік белдеулеріндегі туристік-рекреациялық іс-әрекеттердің типтері

Биіктік

зоналардың аты

Қамтылатын  биіктіктер

 

Тау беткейлері- нің   көлбеулігі

 

Биіктік айырмасы

с метр есебімен

Рекреациялық

іс-әрекеттің  типтері

 

 

 

 

Туристік іс-әрекеттердің түрлері

     Биік таулы мұздықты

    3300

4500 м 

     28-300

700-

1000

альпинизм

және тау туризмі

       альпинизм және тау туризмі: күрделілігі орташа (3а-4б) және төменгі (1а-2б) дәрежедегі альпинизм, ғылыми-танымдық және тау туризмі, тау шаңғысы.

     биік таулы- тасты

      3000

     3300

25-

270

600-

900

орташа биік таулы шалғындар

2400

3000 м 

20-250

400-

500

таулы

туристік, спорттық

    сауықтыру

      спорттық-туристік: тау туризмі, тау шаңғысы, сноуборд, жартасқа өрмелеу т.б. Серуендік-сауықтыру: қысқа мерзімді сауықтыру  серуені, бір күндік  жорықтар, шипажайда емделу

аласа таулы бұталы

1000

1600 м 

200

200-

250

бұқаралық сипаттағы сауықтыру серуені

       Емдік-сауықтыру: шипажайлық емделу, емдік серуендер,  климаттық терапия, күн және ауа қауыздарын қабылдау.

       спорттық сауықтыру: тауда және жазықта шаңғы тебу, шанамен еркін сырғанау, емдік шомылу, тау  велосипеді, атпен серуендеу туризмі. саяжайлық рекреация: саяжайда демалу, бағбандық, мәдени-танымдық: (барлық зоналар үшін) саяхаттар, экотуризм, өнер фестивальдары, спорттық жарыстар

Қайнар көзі: Е.А.Тоқпанов, З.С. Сламбеков, О.Б. Мазбаев.Талдықорған  өңірінің туристік-саяхаттық бағыттары: оқу құралы. Талдықорған: ЖМУ. 2010.-197 б.

 

Биік таулы белдеу альпинизм, тау туризмі  соңғы жылдары спорттың танымал түріне айналып келе жатқан тау шаңғысы, сноубордты дамытуға мүмкіндік беретін технологиялық тұрғыдан міндетті рекреациялық ресурстардың мол қоры бар.

Өкінішке орай, көлік қатынасының қиындығы, рекряциялық инфрақұрылымның   жоқтығының   салдарынан   аталған   биік   таулы  ауданда қарқынды рекреациялық іс-әрекетпен айналысуға  мүмкіндік болмай отыр.

Туристік тұрғыдан Жетісу Алатауының биік таулы бөлігінің біршама игерілген аудандарына Қора мен Бүйен өзендері алабындағы Тронов, Алтынсарин, Аюсай мұздықтары, Сели, Тентек, Шығыс асулары жатады. Мұнда күрделілігі әртүрлі дәрежедегі туристік бағыттар қалыптасқан. Аталған бағытта тасты глетчерлердің, жанартаулық күлдің, «мұздық саңырауқұлақтарының» болуы тек спорттық сауықтыру ғана емес, ғылыми-танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Спорттық сауықтырудағы маңызын ескере отырып, Қора өзені бастау алатын Алтынсарин мұздығына жақын маңда альпинизм мен тау шаңғысының базасы құрылса, жыл бойы пайдалануға мүмкіндік беретін қызықты туристік бағыттар құруға болар еді. 10-кестеде Жетісу Алатауының жер бедерінің сипатына сәйкес табиғи рекряциялық кешендерін кең көлемді туристік іс-әрекет дамыту көрсетілген.

Жетісу Алатауының саяжайлық рекреацияны дамытуға қолайлы тау бөктерінен бастап құз жартасты биік тауларға дейінгі бөліктерінде жер бедерінің алуан түрлі пішінімен қатар қалың орман алқаптарының, таза сулы өзен-көлдердің, мұздықтар мен ыстық минералды бұлақтардың болуы адамдардың басым көпшілігінің жаппай демалып, денсаулықтарын қалпына келтіру мақсатындағы дәстүрлі рекреациялық іс-әрәкеттерді жүзеге асыруға қолайлы аудандардың бірі болып табылады.

Жетісу Алатауының қарлы-рекреациялық ресурстары және қысқы рекреациялық мақсатта пайдалану мүмкіндіктері. Климатының ерекшелігіне байланысты Жетісу Алатауы аумағының туризм мен демалыстың қысқы түрлерін дамытуға қажетті мүмкіндіктері мол. Оған қар жамылғысы бар кезеңнің ұзақтығы, қар түсетін және еритін мерзім әсер етеді. Қазіргі кезеңде елімізде таулы аудандарға деген қызығушылықтың артуына қарамастан аймақта Іле Алатауындағы Шымбұлақтағыдай қазіргі заман талабына сай тау шаңғысының жолдары мен көтерілгіштердің болмауына, жетудің қиындығы мен туристік-рекреациялық инфрақұрылымның нашарлығы туризм мен демалыстың қысқы түрлерін өркендетуге кедергі келтіруде.

Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкес Талдықорған қаласының шығысындағы Ащыбұлақ аңғарында заман талабына сай шаңғы базасы салынған. Қысқы туризмнің қарқынды дамуы қарды маңызды аумақтық-рекреациялық ресурстардың біріне айналуына байланысты, оның қалыңдығы мен жатысының ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарға деген сұранысты арттырды. Қысқы демалыс индустриясының нысандарын тиімді орналастыру үшін, тау беткейінің нақтылы бір бөлігіндегі қар жамылғысының шоғырлану көрсеткіштері туралы деректерімен қатар, қар ресурстарының көп жылдық өзгерткіштігін бағалау қажет. Тау шаңғысы спорты, хелиски, сноуборд сияқты қысқы демалыстың қарқынды түрлері қармен тығыз байланысты болғандықтан, аумақты дұрыс бағаламау орасан зор экономикалық шығынға  әкеліп соқтыруы мүмкін. И.С. Соседова, И.В. Северский, А.И. Филипова, В.П. Благовещенский тағы да басқа ғалымдардың Қазақстан аумағындағы таулы аудандардағы қар жамылғысының мәселелері жөнінде іргелі зерттеулер жүргізгенін атап өту қажет.[23,12б].

Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты Қазақстан экономикасының қалыптасуында климаттағы ауытқуларды шаруашылықтың жеке салаларына, соның ішінде туристік-рекреациялық іс-әрекеттерге әсер ететін маңызды сыртқы факторлардың бірі ретінде қарастыру қажет. Жетісу Алатауында тұрақты қар жамылғысы қазанның соңғы онкүндігі мен қарашаның екінші жартысында, биік таулы белдеуде  қыркүйектің басында пайда болады. Аймақтың солтүстік бөлігінде қар өз қалыңдығының ең жоғарғы шегіне 20 ақпан мен 15 наурыз аралығында жетеді.

Жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі әр бір 500 метрге артқан сайын, қар қалыңдығының жоғарғы шегіне жететін мерзімі 10-15 тәулікке кешігеді. Қар жамылғысы қалыңдығының арту дәрежесі Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік және батыс бөліктерінде бірдей емес. Аласа таулы және тау алды бөліктерінде қардың ең жоғарғы қалыңдығы әр 100 метрге көтерілгенде, орта есеппен алғанда, солтүстік бөлігінде 10 сантиметрге, оңтүстік батыс бөлігінде 4-5 сантиметрге, оңтүстік беткейлердің  етегінде 2-3 сантиметрге артады.

Таудың солтүстік бөлігінде жергілікті жер биіктігінің артуы барысында қардың одан ары қалыңдау градиенті 5-8 сантиметрге дейін кемігенімен, оңтүстік және батыс бөлігінде 40-80 сантиметрге жетеді. Қаратал өзенінің негізгі салалары бастау алатын 3000-3300 метр биіктікте қардың қалыңдығы 175 сантиметрге тең болғанымен, циклон әрекеті күшейген жауын-шашын мол түсетін жылдары 250-300 см. дейін жетуі Іле Алатауына қарағанда қалың болатынын көрсетеді.  Жетісу Алатауының беткейлеріндегі қардың қалыңдығы 30-40 см-ден  200-250 см-ге дейін жетіп, қорының фирн сызығына дейін артуы  рекреацияның қысқы түрлерімен айналысуға қолайлы жағдай тудырады. 11-кестеде көрсетілген сандық деректер аласа таулы белдеудегі жергілікті жер биіктігінің артуына байланысты қар қалыңдығы өзгеру заңдылықтары жөнінде біршама мәлімет береді. [24, 90-94 б.].

Қыс бойы орташа биіктіктегі таулы белдеудің солтүстік беткейінен барлық қар қорының 30% ғана буланса, оңтүстік беткейінің қарқындылығы одан 1,5-2 есеге дейін артық болғандықтан, қатты түрінде жауған жауын-шашынның толық немесе 90-95% еріп жетеді.

 

Кесте 11

Жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігінің  артуына байланысты қар жамылғысы қалыңдығының өзгеру заңдылықтары

Метеорологиялық бекеттер

Теңіз деңгейінен

биіктігі м есебімен

Қардың қалыңдығы см есебімен

Орташа

Ең жоғарғы

Ең төменгі

Сарқан

763

44

67

20

Лепсі

1012

87

135

50

Талдықорған

602

29

67

13

Қоғалы

1385

62

109

32

Қосағаш

1570

68

116

35

Аралтөбе

1700

58

91

30

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні