Международный туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 07:52, диссертация

Краткое описание

Халықаралық туризм бүгінгі күні қарапайым қоғамдық құбылыстан, әлемдік экономикалық тізбектің ажырамас бір бөлігіне, әрі қарқынды дамып келе жатқан негізгі бір саласына айналды. Өзінің тез дамыу мен өсімі жағынан мамандар оны қазіргі ұрпақтың экономикалық феномені атауын берді. Статистика бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір мен 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................7
1. Халықаралық туризмнің негізгі теориялық ерекшелiктері
1.1 Халықаралық туризмнің пайда болу тарихы және даму кезеңдерi................11
1.2Туристік қызмет көрсету нарығының өзіндік ерекшеліктері және оның әлем экономикасының дамуына әсері..............................................................................28
1.3 Халықаралық туризмді реттеудегі халықаралық туристік ұйымдардың рөлі..............................................................................................................................43
2. Халықаралық туризмнің қазiргi кезеңдегi негiзгi тенденциялары және дамуының перспективасы
2.1 Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде......................53
2.2 Орталық Азия елдерiнiң аймақтық халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастық және әрiптестiк..............................................................................67
2.3 Туризмдағы жаһандану және оның Қазақстан Республикасының экономикасына зардабы...........................................................................................59
3. Орталық Азия елдерiнiң экономикасындағы халықаралық туризмнің дамуына салыстырмалы талдау
3.1 Орталық Азия елдерiндегi халықаралық туризмнің мiнездемесi: негiзгi мәселелері және перспективасы.............................................................................80
3.2 ҚР-дағы халықаралық туризмнің дамытуын шетел тәжiрибесiнiң қолдануының мүмкiндiгi..........................................................................................87
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…….95
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ….....................………….....…99
ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

магистерская работа Рамазан Г.Б..docx

— 291.46 Кб (Скачать документ)

Қазақстан республикасы Президентінің Қазақстан  халқына жолдауларында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші  тұр.  Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша  айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс  үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды  буыны болып табылады. 

Осыған орай, туризм саласының бәсекеге қабілеттілігі  мәселесін шешу Қазақстанның мемлекеттік  саясаты үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осы ретте «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін беруді атап көрсеткен.

Туризмді  дамытудың экономикалық тетіктерінің негізгі мақсаты - туристік қызметтердің бәсекелестігін арттыратын ұтымды даму үлгісін құру.

Аймақтық  деңгейде туризм кластерін құрудың  жобасын былай келтіруге болады.

Туризм кластерінің  бәсекелік мүмкіншілігін арттыру  бірнеше кезеңдерден тұрады: 1) факторлар  кезеңі; 2) инвестициялау кезеңі; 3) жаңалықтар енгізу кезеңі; 4) кеңінен даму кезеңі. Алғашқы үш кезеңде туризм кластерінің  бәсекелік мүмкіншілігі артады [21, 79 б.].   

Туристік  кластердің бәсекелік (экономиканың басқа  салаларымен және басқа елдердің туризмімен салыстырғанда) мүмкіншілігін  арттыратын жеке өлшемдерді қарастыратын болсақ, онда туризмнің кластерлік дамуының факторлар өлшемі бойынша  Қазақстан  туризм дамуының факторларына өте бай (сурет 3)

Бұл байлықтың  туризм саласының дамуына оң және теріс әсерлері жетерлік. Себебі, табиғи ресурстары төмен елдерде туризм саласының бәсекелік мүмкіншіліктері  технологиялық жағынан арттырылып отырады.



 





 



 

 

 

Сурет  3 -  Оңтүстік Қазақстан облысында  туризм кластерін құрудың үлгісі

 

Сұраныс өлшемдері  жағынан келетін болсақ, бәсекелестік мүмкіншіліктерді арттыруда сұраныстың сапасы мен көлемінің маңызы өте  үлкен.

Ел тұрғындарының  әл-ауқатының жақсаруы сапалы туристік қызметтерге деген талаптарды күшейте  отырып, туризмге деген қажеттеліктерді  арттыра түседі (мысалы, Германияда, Жапонияда, Швецияда т.б. елдерде). Өкінішке орай, Қазақстанның демографиялық өсуінің  келешегі бола тұра, туристік нарығы кеңеймей отыр. Қазақстандағы сұраныс  факторы  бойынша оң өзгерістерге елдегі болып  жатқан «құрылыс үрдісін» жатқызуға  болады (сурет 4). Себебі, елдегі құрылыстың өсуі туризмнің инфрақұрылымын жақсартуға септігін тигізеді.

 


 


 


 


 


 

 

 

Сурет  4  - Туристік кластерді дамытудың факторлық  өлшемдері

 

Экономист-ғалымдардың  осы саладағы көзқарастарын сараптай отырып, осы саланы дамытудың экономикалық тетіктері ұйымдастыру құрылымдарының, басқару әдістері мен құқықтық нормаларының  жиынтығынан тұратынын дәлелдедік.

Туризмді  дамытудың экономикалық тетіктерінің негізгі мақсаты - туристік қызметтердің бәсекелестігін арттыратын ұтымды даму үлгісін құру.

Экономикалық  тетіктер экономикалық әдістер мен  тұтқалардың көмегімен өндірісті  және шаруашылықты жүргізетін тұтастай жүйені білдіреді.

Туристік  қызметтердің бәсекелестік мүмкіншілігін  арттырудағы осы тетіктердің  негізгі қағидаларына мыналар кіреді:

Туристік  қызметтерді ұйымдастырудың экономикалық тетіктеріне келетін болсақ экономикалық факторларына мән беру керек (сурет 5 ).


 

 

 




 

 

 

Сурет 5 -  Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері

 

Қазақстан үшін сұраныс өлшемдерін халықаралық  стандарттарға сай ұстауда мынадай  мәселелерді шешуі қажет: жалпы  тұрғындардың кіріс деңгейін көтеру; көрсетілетін туристік қызметтер бойынша  сапасын көтиеру үшін қатал нормативтер  мен нормаларды қабылдау және т.б. Қазақстанның халықаралық сауда ұйымына кіруінің өзі сұранысты арттыратын факторға жатады.

Іздену жұмысымызда  болжаудың негiзгi түрлерiнiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi, болжаудың экономикалық-математикалық мәселелерi қарастырылды. Экономикалық көрсеткiштердiң регрессиялық талдауы жүргiзiлдi. Олардың арасындағы өзара байланыстарының математикалық үлгiлерi құрылды. Зерттеу барысында әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердiн өсіңкілік қатарлары экстраполяция, трендтердi талдау әдiсiмен болжау мәселелерi қарастырылды.

Әлемдiк тәжiрибеде және экономикалық әдебиеттерде әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердi болжау мәселелерi айтарлықтай терең зерттелген. Экономикада болжау әдiстемесiнiң мәселелерi шет ел, сондай ақ ЕурАзЭҚ елдерiнiң ғылымдарының зерттеулерiнде көрiнiс тапты. Шетел экономикалық әдебиеттерде болжаудын статистикалық әдiстерiне көп назар аударылған, бұл теорияға үлкен үлес Дженингс Г., Бокс Дж., Пиндик Р.С., Рубинфилд Д.Л., Копманс Т. және басқа ғалымдар қосты. Көбiнесе, шетелдік авторлар болжауды эконометрика тұрғыдан қарастырады [22, 50 б.].   

Қызмет көрсету  сферасының қаржылануын болжамдау  үшiн әртүрлi жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдiстер қолданылады. Көп тараған  әдiстер ретiнде, экстраполяция әдiсi, үлгiлеу, эксперттiк бағалау, дельфи әдiсi және салыстыру әдiстерi қарастырылған.

Туристік қызметтер жүйесін  үлгілеуде оның: қызметтер көрсетілген туристер көлемі, туристік фирмалар саны, туристік қызметтерден түскен қаржы көлемі, қонақ үйлер, тағы басқа негізгі туристік ресурстар сияқты негiзгi көрсеткiштерi қарастырылады.

Бұл матрицаның негізінде факторлардың нәтижелік шамаларының арасындағы байланысты және бір-бірімен байланыс тығыздығын бағалауға болады. Бұл  барлық көрсеткіштер қос байланыстарға  жататын болса да матрицаны регрессия  теңдеуіне енгізу үшін факторлар  өзгерісін алдын алуда, таңдауда қолдануға болады. Теңдеуге нәтижесі шамамен әлсіз байланысты, бірақ  басқа факторлармен байланысы бар  факторларды енгізбеген дұрыс болады. Мұндай шамаларды енгізу коэффициенттердің  дұрыс емес матрицасына және шешімнің анықсыздығына алып келеді.

Корреляция коэффициенттері қызмет көрсетілген туристер саны мен туристік қызметтерден түскен табыс арасында өте жоғары, сондықтан аталған факторлар бір бірімен тығыз байланысты. Бұл деген сөз, қызмет көрсетілген туристер саны артқан сайын, туристік қызметтерден түскен табыс та арта түседі.

Өсіңкілік қатарлар негiзiнде құрылған математикалық үлгiлер арқылы болжауды былай жасайды: егер мәлiметтер 2003-2009 ж.ж. аралығында 7 жылға берiлсе, тәуелсiз  айнымалы орнына сәйкесiнше 8, 9 және 10 мәндердi қойып 2010, 2011 және 2012 жылдар үшiн болжам табылады (сурет 6).

      

Сурет  6 -  Туризм саласындағы қызмет көрсетілген туристер саны мен туристік қызметтен түскен табыстың динамикасы және болашақтағы көлемі

 

Әрi қарай, алынған  коэффициенттер көмегiмен туризм саласын  жақсарту мен көрсетілген қызметтер  сапасын арттыру сияқты iс-шаралар  жүргiзуге болады. Сонымен қатар, бұл  болжамды: математикалық есептеумен алынған болжамды және 2010 - 2012 жылдардағы тiркелген жағдайларды салыстыруға  болады.

Туризм  саласы дамуының негiзгi көрсеткiштерiнiң  өзара байланысын зерттеу - жұмыстың ең маңызды мәселесiнiң бiрi. Бұл  саладағы жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар  негiзгi көрсеткiштердi реттеумен байланысты.

Туризм сферасын жақсартуда дұрыс шешiм қабылдау үшiн осы сфераның негiзi болатын  айнымалылардың бiр бiрiне қалай әсер ететiнiн бiлдiк. Сонымен, туристік сферасын дұрыс ұйымдастырып дамыта білу өзектi мәселе болып отыр. Бұл іздену жұмысымызда  аталған мәселелердi шешу үшiн ғылыми есептеулер көмегiмен негізгі көрсеткіштердің  нақты мәндеріне барынша жақындатылған  мүмкiншiлiктерге жетуге болатындығы  дәлелдендi.

Жоғарыда  айтылғандар бойынша келесідей  қорытынды жасауға болады:

  • біріншіден, туризм бір-бірін білу және түсінісуге тұрақты және оңтайы ықпал етеді, яғни әлемдегі бейбітшілікті күшейту және халықаралық шиеліністі шешу; туризмнің даму шиелісністерді жойып, керісінше бейбітшілік орнатады.
  • Екіншіден, бос уақыт қоғам қажіттілігі болып табылады, бірақ ол дұрыс пайдаланылмаса кедергі болуы  мүмкін, бос уақытты өткізуде көптеген мүмкіндіктердің бір де бірі туризм сияқты мағына алмайды.
  • Үшіншіден, туризмнің экономикалық дамуының потцениалы шектелмеген, бірақ мұнда қомақты қаржылық шығын болады.
  • Төртіншіден, ішкі туризмнің дамуы мамандарды дайындау және туристік инфрақұрылым базасын қалыптастыруға ықпал етеді.
  • Бесіншіден, туризм экологиялық таза бөлім болып табылады, бірақ бұнда табиғи, мәдени потенциалды қауіп бар, бұл мемлекеттің көңілін аударуын талап етеді.
  • Алтыншыдан, мемлекеттік күш басқарудың барлық деңгейінде, бүкіл әлемде парламент туризмің дамуына қолайлы жағдай жасап, соның ішінде қаржымен, туризмге қатысты ақпаратпен қамтамасыз ету қажет.

Туризмнің қазіргі  және болашақта дамы Үкіметтің белсенді қолдауын қажет етеді.

Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Кластерлік  инициатива шеңберінде туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады.

  • Қонақ үйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады.
  • Инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11–і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді.
  • Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды.

Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы  тиімділігі жоғары және бәсекеге  қабілетті  туристік индустрия  құруға және  экономиканың сабақтас секторларын  дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді. Ол туризмді дамыту саласындағы  мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік  реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін  құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.

Ғылыми жобаның  мақсаты:

  • туризм саласының мазмұнын түсіну;
  • Қазақстан Республикасының туризм саласына байланысты бағдарламаларды қарастыру;
  • Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы және Семей қаласы бойынша туристік саласына талдау жасау;
  • Туризмге байланысты негізгі мәселелерді айқындап және шешу жолдарын ұсыну.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - сырттан  келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты  жүмыспен қамтуды, мемлекет пен халық  кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру. Қойылған мақсаттарға  сәйкес бірінші кезектегі міндеттер  мыналар болып айқындалды: туризм инфрақүрылымын дамыту; туризмді мемлекеттік  реттеу менқолдаудың тишді тетігш құру; елдің тартымды туристік имиджін  қалыптастыру; туристік әлеуетті арттыру; рекреациялық шаруашылық мамандануы бар  аймақтар қалыптастыру. Туризм саласының  болашағын айқындайтын ұсыныстар  әзірленіп жатыр. Алдымен туристік саланың құқықтық-нормативтік базасын  мен мемлекеттік үйлестіруді  жетілдіруіміз керек. Бұл туризмді экономиканың кірісті саласымен  бәсекеге қабілетті индустрия ретінде  дамытуға мүмкіндік береді. Халықаралық  міндеттер мен мақсаттарды тереңдете  түсу қажет. Қазақстанның туризмдегі имиджін  қалыптастыру - аса маңызды міндеттердің бірі. Сол сияқты ішкі жэне өзге елдерд


Информация о работе Международный туризм