Международный туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 07:52, диссертация

Краткое описание

Халықаралық туризм бүгінгі күні қарапайым қоғамдық құбылыстан, әлемдік экономикалық тізбектің ажырамас бір бөлігіне, әрі қарқынды дамып келе жатқан негізгі бір саласына айналды. Өзінің тез дамыу мен өсімі жағынан мамандар оны қазіргі ұрпақтың экономикалық феномені атауын берді. Статистика бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір мен 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................7
1. Халықаралық туризмнің негізгі теориялық ерекшелiктері
1.1 Халықаралық туризмнің пайда болу тарихы және даму кезеңдерi................11
1.2Туристік қызмет көрсету нарығының өзіндік ерекшеліктері және оның әлем экономикасының дамуына әсері..............................................................................28
1.3 Халықаралық туризмді реттеудегі халықаралық туристік ұйымдардың рөлі..............................................................................................................................43
2. Халықаралық туризмнің қазiргi кезеңдегi негiзгi тенденциялары және дамуының перспективасы
2.1 Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде......................53
2.2 Орталық Азия елдерiнiң аймақтық халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастық және әрiптестiк..............................................................................67
2.3 Туризмдағы жаһандану және оның Қазақстан Республикасының экономикасына зардабы...........................................................................................59
3. Орталық Азия елдерiнiң экономикасындағы халықаралық туризмнің дамуына салыстырмалы талдау
3.1 Орталық Азия елдерiндегi халықаралық туризмнің мiнездемесi: негiзгi мәселелері және перспективасы.............................................................................80
3.2 ҚР-дағы халықаралық туризмнің дамытуын шетел тәжiрибесiнiң қолдануының мүмкiндiгi..........................................................................................87
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…….95
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ….....................………….....…99
ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

магистерская работа Рамазан Г.Б..docx

— 291.46 Кб (Скачать документ)

Қазақстан мен  Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастығы.

Рияд қаласында  Қазақстанның елшісі Қайрат Лама Шариф  Сауд Арабиясы Корольдігінің Туризм және ескерткіштер жөніндегі агенттігінің төрағасы әмір Сұлтан бен Салман бен  Әбдел Әзизбен кездесті деп хабарлады  Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің  баспасөз қызметі.

Кездесу барысында  қазақстандық дипломат әмір Сұлтанға үстіміздегі жылдың 3-4 мамыр аралығында өтетін Астана экономикалық форумына ҚР Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетовтің шақыру хатын табыс етті.

Елші еліміздің  экономикалық дамуындағы маңызды бағыттардың  бірі болып саналатын туристік секторына  Қазақстан Үкіметі соңғы жылдары  басым назар аударатынын атап өтті. Ел ішінде туризм саласындағы  сұраныстың өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін әр түрлі мемлекеттік  бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда. Қ.Лама Шариф  өз сөзінде  Қазақстан Еуразия кеңістігінің кіндігінде орналасқан және өзіне тән  бай табиғатының арқасында алдағы келешекте халықаралық дәрежедегі танымал саяхат орталығының біріне айналуына бірден-бір мүмкіндігі бар мемлекет екендігіне назар аударды.

Сонымен қатар  Елші Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның  туристік индустриясы отандық шикізаттық емес салаларды дамыту үшін айқындалған  жеті кластердің құрамындағы ұзақ мерзімге арналған мемлекетіміздің экономикалық басым бағыттарының бірі болып табылады», - деген сөзін тілге тиек етті. Осы ретте қазақстандық дипломат Сауд Арабиясы Корольдігімен аталмыш  саладағы екіжақты қарым-қатынастардың  дамуының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Еуропалық одақпен белсенді түрде  қарым-қатынас жасайды, осы ретте  Қазақстан үшін туризм саласының  дамуы барысында серіктестік  байланыста болудың маңызы зор екендігін  айта кетуіміз қажет. Негізгі екі  жақты аймақтық нормативті-құқықтық актілер мен бір жақты Қазақстан  мен Еуропалық одақ арасындағы «ынтымақтастық стратегияны» талдау үрдісінің барысында  келесі мәселелер анықталды. Қазақстан  мен ЕО арасында туризм саласы бойынша  арнайы келісім болмаса да, әртүрлі  салалардағы қарым-қатынас барысында  Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы аймақтық туризмнің дамуына  бағытталған халықаралық-құқықтық реттеу жүйесі қалыптаса бастады. Негізінен  алғанда мұндай қарым-қатынастағы  басым бағытты экономикалық байланыс алады. Яғни заң шығару, транспорт  және байланыс, ғылым және мәдениет, экология, космос, қауіпсіздік,  виза жасау мен кедендік рәсімдеу шаралары, статистика және т.б., демек туризмді құрайтын (аспектісі) немесе оның дамуына ықпал ететін талаптардың барлығы.

Қазақстан мен  Еропалық одақтың арасындағы байланыстың  дамуы экономикалық ынтымақтастықтың орнауына түрткі болды, нәтижесінде  бұл ынтымақтастық   кеңейе және тереңдей түсіп, білім беру, мәдениет пен туристік сияқты гуманитарлық салаларды  да қамтыды. Екі жақ та басты назарды  жастарға және басқа да халықтың арасындағы әлеуметтік топтарға, олардың әртүрлі  алмасуларына аударды. Бұл серіктестік  пен ынтымақтастық деңгейінің жоғарылауына, мемлекетаралық туристік байланыстардың  арта түсуіне ықпал етті, сонымен  қатар Қазақстан мен Еуропалық  одақтың өз территориялырының ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар  аударатындығын көрсетті. Бұған халықтың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни сырттан келер азаматтардың қоқан-лоқысынан (терроризм, ұйымдастырылған  қылмыс және т.б.) табиғаттың апатынан (стихиялық апаттар) сақтандыру сияқты мәселелер кіреді.  

Қазақстан мен  Еуропалық одақтың «шекаралық сызықсыз»  біртұтас еуропалық аймақ құру бағыты, яғни өз азаматтарының еркін жүріп-тұруына  жағдай жасайтын біртұтас визасыз кеңістік құру жолындағы бастамасы 2007 жылдың мамыр айынан бастау алды. Бұл бойынша  азаматтардың едәуір бөлігіне (білімгерлер, оқытушылар, ғылыми, мәдени, спорттық іс-шаралардың қатысушылары, кәсіпкерлер және т.б.) визалық жүйені жеңілдетті. Мұның  өзара туристік іс-сапарларға айтарлықтай  қолайлы әсер етері сөзсіз.

Біртұтас  туристік кеңістікті қалыптастыруға және РФ мен ЕО мемлекеттері азаматтары арасындағы өзара туристік сапарлардың  санын ұлғайтуға бағытталған  тенденцияға қарамастан Ресей мен  ЕО қол қойыса алатын туризм саласындағы  ынтымақтастық туралы екіжақты Келісімнің, немесе Қазақстан мен ЕО әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісіміндегі  ынтымақтастықтың көрсетілген бағытын  кеңейту және детальдандырудың және сәйкес туризмді дамыту бойынша бірлескен  іс-қимылдар бағдарламасын қабылдаудың  маңызын төмендтеуге болмайды.

Қазақстан-ЕО ынтымақтастығы аясында қызмет ететін институциялық органдардың кең  ауқымын назарға ала отырып, диссертант әртүрлі жоспарлық қатынастарды реттеу контекстіндегі біртұтас туристік кеңістікті дамыту байынша бірлескен  саясатты жүргізуде негізгі құқықтық «жылжуларға»  Қазақстан Республикасы Президенті мен Еуроодақ және Еурокомиссия төрағаларының «жоғары деңгейдегі»  кездесулерін өткізу шеңберінде қол  жеткізілгендігін баса айтады. 

ТМД аясында  және ЕО-пен стратегиялық ынтымақтастықтан басқа қазақстан мемлекеті туризм саласында және онымен шектес салаларда  әлемнің әр өңірлерінде құрылған басқа да халықаралық бірлестіктермен  көпаспектілі халықаралық қатынастарды орнатуда.

Қазақстан ынтымақтасып отырған өңірлік халықаралық  ұйымдар мен бірлестіктер олардың  құрылған және тұрған жеріне байланысты бірнеше тақырыптық кеңістіктерге бөлінген:  евуропалық, азиаттық-тынықмұхиттық , таяушығыстық, африкалық, американдық.

Зерттеудің  жалпы нәтижесі Қазақстан барлық территориялық бағыттар бойынша  өңірлік халықаралық туризмді дамыту мақсатында халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың белсенді әрвекторлы саясатын жүргізіп отыр деген қоырытынды болғандығына қарамастан, неғұрлым мұқият реттелгендері  Қазақстанның  СЕ. ОБСЕ, СБЕР, СГБМ, АС, ЧЭС, АСЕАН, АТЭС, ШОС сияқты өңірлік/субөңірлік интеграциялық бірлестіктердің  өзара қарым-қатынастары аясындағы  еуроплақы және азиаттық-тынықмұхиттық  кеңістіктегі халықаралық қатынастары  болып табылады. Мұнымен қоса, туризм саласындағы қатынастарды өңірлік  реттеу арнайы нормалар негізінде, сондай-ақ әріптестік және ынтымақтастық туралы жарғылық құжаттар мен халықаралық-құқықтық актілерде, сауда-экономикалық, әлеуметтік-мәдени келіссөздердегі, халықаралық қауіпсіздік  мәселелерін бір мезгілде шешкен кезде, сондай-ақ көлік ынтымақтастығын  кеңейту үшін туризммен шектес сипаттағы  ынтымақтастықтың түрлі бағыттары  үшін ортақ нормалар негізінде жүзеге асырылатындығы айтылады.  Еуроплақы  кеңістіктегі туризмді халықаралық-құқықтық регламенттеу оның экологиялық ынтымақтастықпен және жастар арасындағы алмасулардың интенсивтендірілуімен, білім берушілік, мәдени, спорттық және басқа да мақсаттармен, және де «бөлгіш сызықтарсыз біртұтас Еуропаны» құру тұжырымдамасы контекстінде байланыстырылатындығымен ерекшеленеді, ал АТР-де бұл көбінесе сәйкес өңірдің  тұрақты дамуы контексінде немесе мақсатында жүзеге асады.

Мемлекеттердің  іс жүзіндегі өзара ықпалдастығы, әдетте, бекіген халықаралық институционалдық механизм шеңберінде жүзеге асады: саммиттер, кеңестер немесе мемлекет, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлеріне сәйкес жоғарғы және жоғары деңгейдегі мәжілістер өткізу арқылы; кеңестерді жүзеге асыру, салалық министрліктер мен ведомстволардың  өкілдерінің тәжірибе алмасулары, қарастырылған  жағдайларда жұмыстық және мақсаттық  топтар, сәйкес жобалалар мен бағдарламаларды  дайындау үшін ынтымақтастықтың басты  бағыттары бойынша комитеттер құру арқылы

Қазақстандық  келісімшарттық тәжірибесінде туризм туралы нормалар бар екіжақты халықаралық  келісімшарттардың үлкен тізімі бар. Осыған байланысты, ғылыми әдебиетте  оларға түрлі негіздері бойынша  классификациялау жүргізіледі.

Біріншісіне туризм де мәдени, экономикалық, сауда, техникалық және басқа да ынтымақтастықтың құрамдас бөлігі және тереңдету тәсілі ретінде, осыдан келіп шығатын сәйкес саланы мемлекетаралық реттеу механизмімен бірге, мемлекеттердің түрлі саладағы ынтымақтастығының негізін орнататын келісімшарттар жатқызылды  (достық пен ынтымақтастық туралы келісімшарттар, мәдениет, ғылым, білім, спорт және туризм және сауда-экономикалық қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарттар;  мәдениет, ғылым мен техниника, спорт және турзим; сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық және т.б. салаларда);

Екіншісіне, -  турзимнің жекелеген жақтарын және халықаралық туристік айырбастарды жүзеге асыруды реттейтіндер (өзара  визалық-визасыз азаматтардың сапары туралы, кеден істеріндегі өзара  көмек туралы, түрлі көлік салаларындағы  ынтымақтастық туралы, әртүрлі мүмкін айырбастар туралы, елден шығушы азаматтарды  медициналық сақтандыру туралы және т.б. келісімдер). Бұларды жоғарыдағы келісімшарттар тобындағы халықаралық  ынтымақтастықтың ережелері, бағыттары  мен формаларын нақтылайтын халықаралық  келісімдер деп айтуға болады.

Үшінші топқа  нақты туризм саласындағы ынтымақтастық  туралы келісімдер жатады.  

Екіжақты  келісімшарттарды қарастыру барысында  туризм саласындағы типтік және типтік сипат шеңберіне симайтын келісімдердің  міндеткерліктері анықталды, туризм саласындағы  қатынастарды басқа келісімдермен (бірінші және екінші) халықаралық-құқықтық реттеудің ерекшеліктері белгіленді. 

Азаматтардың  денсаулықтарын сақтау маңызды және шет ел туристеріне сапалы, қажетті  медициналық көмек көрсету қауіпсіздіктің деңгейі болып саналады. Бір жағынан,  Ресей азаматтарының осы тұрғыда  қорғалмағандығы, екінші жағынан автор  өз жұмысында осы мәселені шешу жолдарын медициналық сақтандыру және шет  ел азаматына медициналық көмек  көрсету үкіметаралық  келісім-шарт жасауды ұсынады.   Онда келісіні бекіткен жөн: келісілген мемлекеттер  арасында туристердің міндетті түрде  медициналық сақтандырулары болуы  керек, сонымен қатар, белгілі медициналық  сақтандыру орындарынан медициналық  сақтандыруды пайдаланғандарды есепке алу жұмыстарын жүргізуді талап  етеді, және жыл аяқталған соң  өзара есеп жүргізеді; осы мәлеметтерге сай, қызмет көрсеткен дәрігер жалақысы өз мойынына алған сақтандару орталықтары  қорынан төленеді.

Өз кезегінде, ағымды түрдегі сақтандыру сақтандыру ұйымының негізгі іскерлігінен төленетін  болады, соның ішінде,  келісілген елге сапарға шыққанда азаматтарды  медициналық сақтандыру. Бұның бәрі билет құнына және туропарторлар  жірберген ақша көлеміне енеді. Келісілген шарттарды, құқықтық-нормативтык базаны жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасында туристік ұйымдардың ресми қызметкерлері  енген ортақ ұйым құрылады.

Аймақтық  халықаралық туризм саласында  Қазақстан  Республикасы мынадай туристiк қызмет көрсету шартын құрады.

 Туристік  қызметтер көрсету шарт негізінде  жүзеге асырылады. Туристік қызмет  көрсету шарты, гидпен (гид-аудармашымен) және экскурсоводпен жасалатын  шарттарды қоспағанда, жазбаша нысанда  жасалады және Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес болуға тиіс.

Туристік  қызметтер көрсету шартының елеулі талаптары Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекіткен үлгі шартта белгіленеді. Шартты жасасу кезiнде басшылыққа алынған  мән-жайдың елеулi түрде өзгеруiне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертудi немесе бұзуды талап етуге құқылы.

 Мән-жайлардың  елеулi түрде өзгеруiне мыналар  жатады:

 саяхат  жағдайларының нашарлауы, саяхат  мерзiмiнiң өзгеруi;

 көлiк  тарифтерiнiң ойламаған жерден  өсуi;

салықтар  мен алымдардың және бюджетке төленетiн  басқа да мiндеттi төлемдердiң жаңа ставкаларын енгiзу немесе олардың  қолданыстағы ставкаларының артуы;

тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн өзге де негiздер.

Турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға  шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етiлгенге дейiн көрсетiлген қызметтерi үшiн олардың iс жүзiнде  шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Турдың құрамына кiретiн туристiк қызметтер көрсетiлуiн  сатып алған жағдайда туристiк  ваучер туристiң тиiстi қызмет көрсетудi пайдалану құқығын растайтын  құжат болып табылады.

Туристiң  кiнәсiнен туристiк қызмет көрсету  шартын орындау мүмкiн болмайтын  жағдай туындаған ретте, егер заң  актiлерiнде немесе өтелмелi қызметтер  көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметтерге толық көлемде  ақы төленуi тиiс.

Туристiк  қызмет көрсету шартын орындаудың мүмкiн  болмауы тараптардың бiр де бiрi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша  туындаған жағдайда, егер заң актiлерiнде  немесе шартта өзгеше көзделмесе, турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға iс жүзiнде шығарған шығындарын өтейдi.

Туристiң  кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға  тапсырыс берушiге шартты бұзудан келтiрiлген залалдарды толық өтеген жағдайда ғана шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Басқа елге келген жерi бойынша не жүру барысындағы  маршруты бойынша шарт талаптарына  сәйкес келмеген жағдайда туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шарт талаптарының тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапты  болады.

Туристерге  келтiрiлетiн залалдар мен моральдық  зиянды өтеу Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жүргiзiледi.  Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға саяхат жасау кезiнде дүлей күштiң  ықпалы салдарынан туристке келтiрiлген залал үшiн жауап бермейдi.

 Жолаушыларды  көлiктiң кез келген түрiмен  тасымалдаған кезде туристік  қызметті жүзеге асыратын тұлға  туристке жөнелтiлетiн және баратын  пункттер атаулары, жолаушылардың  негiзгi құқықтары мен мiндеттерi  көрсетiлген жеке немесе топтық (туристер тобына қызмет көрсету  кезiнде) тасымалдау құжатын (билетiн)  беруге мiндеттi.

Информация о работе Международный туризм