Международный туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 07:52, диссертация

Краткое описание

Халықаралық туризм бүгінгі күні қарапайым қоғамдық құбылыстан, әлемдік экономикалық тізбектің ажырамас бір бөлігіне, әрі қарқынды дамып келе жатқан негізгі бір саласына айналды. Өзінің тез дамыу мен өсімі жағынан мамандар оны қазіргі ұрпақтың экономикалық феномені атауын берді. Статистика бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір мен 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................7
1. Халықаралық туризмнің негізгі теориялық ерекшелiктері
1.1 Халықаралық туризмнің пайда болу тарихы және даму кезеңдерi................11
1.2Туристік қызмет көрсету нарығының өзіндік ерекшеліктері және оның әлем экономикасының дамуына әсері..............................................................................28
1.3 Халықаралық туризмді реттеудегі халықаралық туристік ұйымдардың рөлі..............................................................................................................................43
2. Халықаралық туризмнің қазiргi кезеңдегi негiзгi тенденциялары және дамуының перспективасы
2.1 Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде......................53
2.2 Орталық Азия елдерiнiң аймақтық халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастық және әрiптестiк..............................................................................67
2.3 Туризмдағы жаһандану және оның Қазақстан Республикасының экономикасына зардабы...........................................................................................59
3. Орталық Азия елдерiнiң экономикасындағы халықаралық туризмнің дамуына салыстырмалы талдау
3.1 Орталық Азия елдерiндегi халықаралық туризмнің мiнездемесi: негiзгi мәселелері және перспективасы.............................................................................80
3.2 ҚР-дағы халықаралық туризмнің дамытуын шетел тәжiрибесiнiң қолдануының мүмкiндiгi..........................................................................................87
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…….95
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ….....................………….....…99
ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

магистерская работа Рамазан Г.Б..docx

— 291.46 Кб (Скачать документ)

ДТҰ әлемдік  туризмнің жағдайы туралы тұрақты  есеп беріп тұрады, онда туристтік  индустрияның әрі қарай дамуының жетістіктері сияқты, кедергілерді ескереді. ДТҰ халықаралық туризмге үкіметтің  араласуын болдырмау немесе шектеу арқылы әлемдік туризмге әрекет етуге  талпынады. ДТҰ мемлекеттер дамуын, әсіресе БҰҰ – мүше елдеріне техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

ДТҰ қызметіндегі ең атақты оқиға – 1980 жылы 27 қыркүйекте Манилада (Филлипины) болған туризм бойынша  дүниежүзілік конференцияның өткізілуі. Туризм бойынша дүниежүзілік конференцияға  шақыру туралы шешімді ДТҰ-ның 2-ші сессиясының  Бас ассамблеясы (мамыр 1977ж.) қабылдады. Конференцияда туризмнің дамуына  мемлекеттердің жауапкершілігінің  сұрақтары (әлеуметтік-экономикалық шарттар, мақсаттары және міндеттері, факторлар) және адам - өзінің демалысын ұйымдастырушысы  сұраныс пен ұсынысты реттеу; туризм саласында ғылыми-техникалық ыңтымақтастық, туризм индустриясына кадрларды  дайындау сияқты өзекті мәселелерді  қарастырады.

Халықаралық туризм жекелеген елдердің өмірінде әлеуметтік-экономикалық қатынастарды сипаттамасы және бір уақытта  халықаралық қатынастардың құрамдас бөлігі бола отырып мемлекет сияқты, халықаралық  деңгей шегінде де туристтік-экскурсиялық қызметтің барлық кешенін ұйымдастыруда  және басқаруда қажетті алғы шарттар  болып табылады. Мұндай алғы шарттар, көбінесе, туристтік ұйымдарды құру кезінде жүзеге асырылады.

Туристтік ұйымдарды  келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:

Ұлттық-аймақтық белгі бойынша: халықаралық, аумақтық және ұлттық ұйымдар. Олардың қызметі  бүкіл әлемдік, аумақтық және ұлттық сипатқа ие. Қоғамдық-мемлекеттік  бойынша: өкіметтік, қоғамдық, жеке меншіктік. Қызмет түрі бойынша: реттеуші, жабдықтаушылар, нарық агенттері, өңдеушілер, кеңес  берушілер, жобалық ұйымдар, оқытушы  ұйымдар, баспашылар, кәсіптік ассоциациялар, саудалық және тұтынушылық ұйымдар.

Қызмет сферасы  бойынша: көліктік (авиациялық, автобустық, темір жол, автомобиль және круиздік), туристтік агенттер, туроператорлар, жергілікті (локальді) кәсіби одақтар.

Әуе көлігінің  халықаралық ассоциациясы (ӘКХА) Әуе  көлігінің халықаралық ассоциациясы – 1919 жылы негізі қаланған және 1945 жылы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қайта  құрылған барлық халықаралық авиа-тасымалдаушылардың дүниежүзілік ұйымы. ӘКХА – халықаралық  рейстерді жүзеге асыратын авиациялық компаниялардың кәсіби ассоциациясы болып  табылады. Оның басты қызметі –  халықаралық коммерциялық авиациялық хабарларды реттеу, барлық мүшелеріне біртұтас ерержелер пен процедураларды еңгізу және халықаралық маршруттарға жолаушылар авиатасымалдарына келісімді  тарифтерін орнату.

ӘКХА –ның жоғарғы органы – жыл сайыңғы  Бас ассамблея, оған президент және атқарушы орган сүйенеді.

ӘКХА мақсаты  – азаматтық авиация халықаралық  ұйымдарының саясатын жүзеге асыру.

ӘКХА –  бұл әуе тораптар маршруттарының әртүрлі комбинацияларын пайдалана  отырып бір елден басқа елге адамдарды, пошталарды және жүктерді жеткізуге  әрекеттесу. ӘКХА көліктік конференциясында қабылданған резолюциялар тек билеттерге ғана емес, сондай-ақ жол қағаздарына, жүк құжаттарына да қатысты.

Тарифтерді  орнату — ӘКХА жұмысының маңызды  құрамдас бөлігінің бірі. Барлық авиакомпаниялар  арасында тарифтерді белгілеу қажеттілігі  – бұл бір уақытта саясат, тәжіребие  болып табылады, өйткені халықаралық  авиакомпаниялары иелерінің – мемлекет өкіметімен бақыланады. Әрбір ел —  өзінің кеңістігінің иесі, ол өзінің территориясына кіруге тыйым салу немесе рұқсат беруі  мүмкін және өзіне ыңғайлы шарттарды  қоюына болады.

ӘКХА –  ның мүшелеріне  — халықаралық  әуе сапарларын жасайтын 259 авиакомпаниялар  кіреді. Бұл авиакомпанияларының  үлесіне халықаралық тұрақты  хабарламалардың 95 %-не жуығы келеді.

ӘКХА –  ның мүшесі және конференция қатысушысы болуы үшін авиакомпанияларының  өкімет беретін, халықаралық азаматтық  авиация ұйымына да келетін, тұрақты  тасымалдауды растайтын сертификаты  болуы керек.

ӘКХА бүкіл  жер шарының аумағын 3 үлкен аймаққа  бөледі:

1)      Солтүстік және Онтүстік Америка  және халықаралық линиядан шығысқа  қарай тынық мухиттық аймақ  бөлігі;

2)      Еуропа, Африка және Таяу Шығыс;

3)      Азия, Австралия және халықаралық  линиядан бастықа қарай Тынық  Мухиттық аймақ бөлігі.

Туристтік агенттіктер  ӘКХА – ның қызметіне оның арнайы бөлімшесі – авиакомпаниялар  агенттіктерінің халықаралық ұйымы  арқылы қатысады. Аккредитация процедурасынан өткен және тиісті белгілі-бір талаптарға сәйкес келетін әрбір турагенттікке  – визиттық карточканың бір түрі ретінде номер беріледі және ол авиакомпаниямен  және басқа салаларының қатысушыларымен  есеп айырысуды жүзеге асырғанда  пайдаланылады.

Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы(ААХҰ)

Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы 1944 жылы Чикаго конвенциясымен белгіленді. Бірікке Ұлттар Ұйымының эгидасымен жұмыс істейді. ААХҰ қызметі  әуе көлігі индустриясының қызметіне  қатысты ұлттар тепе-теңдігіне негізделеді.

ААХҰ басты  міндеті – халықаралық стандартқа және нормаларға сәйкес авиатасымалының  қауіпсіз, мамандандырылған және экономикалы  тиімді халықаралық нарықтарын дамыту және қамтамасыз ету болып табылады.

Халықаралық туристтік айырбасты тұрақты  түрде кеңеюі оның халықаралық-құқықтық регламентациясына; әртүрлі құқықытық  институттарды өңдеуге және мамандандырылған халықаралық туристтік ұйымдарды  құруға қажеттілікті тудырды.

Халықаралық туризм жекелеген елдердің өмірінде әлеуметтік-экономикалық қатынастарды сипаттамасы және бір уақытта  халықаралық қатынастардың құрамдас бөлігі бола отырып мемлекет сияқты, халықаралық  деңгей шегінде де туристтік-экскурсиялық қызметтің барлық кешенін ұйымдастыруда  және басқаруда қажетті алғы шарттар  болып табылады. Мұндай алғы шарттар, көбінесе, туристтік ұйымдарды құру кезінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Халықаралық туризмның қазiргi кезеңдегi негiзгi тенденциялары және дамуының перспективасы

 

2.1 Халықаралық  туризм аймақтық дамытудағы  фактор  ретінде

 

Туризм қазіргі  әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың  экономикалық феномені болып танылды  және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы  әлемдік экономика да туристік сала-аса  жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің  алғашқы тарауы болып табылады.

Туризм –  мемлекетті әлемге мәшһүр қылудан бөлек, көл-көсір табыс көзі.

Көптеген  елдерде туристік бизнес жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда қосымша жұмыс  орындарын құруда және халықты жұмыспен қамтамасыз ету, сыртқы сауда балансынбелсендіруде маңызды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың  катализаторы ретінде туризм саласы экономиканың маңызды көлік және байланыс, құрылыс,ауылшаруашылығы, халық  тұтынатын тауарлар өндірісі және басқада  салаларға ықпалы зор. Оның әсері  оң не теріс болуы мүмкін.

 

Кесте 1 –  Туристік кәсіпкерлік қызметке оң және теріс әсер ету аспектілері

 

Оң аспектілері

Теріс аспектілері

 – жұмыс орындарын құру;

 –халықтың өмір сүру деңгейін арттырады, яғни табыстың артуы;

–урбандалу үдерісін тездетеді және инфрақұрылым дамиды;

–әлеуметтік және мәдени үдерісті тездету;

–мәдени құндылықтар, мәдени

ескерткіштерді қорғау және қайта  қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру;

–жергілікті өнім өндірушілердің

тауарлары мен ауылшаруашылығы  өнімдеріне сұраныстың артуы;

–табиғи кешендердің көбеюі;

–өңірдің тартымдылығының артуы.

–халықтың әртүрлі топтарының қызығушылығын коммерциялау және полияризациялау;

–білікті емес еңбек үлесінің көбеюі;

қоғамдық тәртіп нормасынан тысқары (ішімдік ішу, бұзақылық) ауытқулар;

–мәдениеттің коммерциализациялануы;

нақты туристік бағыттың табиғилығының  жоғалуы;

– жергілікті халық пен туристердің арасындағы келіспеушілік, қақтығыстардың болуы.

Ескертпе  – Автор құрастырған.


 

Туристік  бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты: бастапқы инвестициялар; туристік қызметтерге деген сұраныс; туризмнің  пайдалылығының жоғары деңгейі; шығыстардың  қайтарымдылығының қысқа мерзімі. Туристік қызметтердің қолжетімділігі, олардың сапалылығы және алуан түрлілігі  саяхаттаушылардың демалыс нысанын  таңдауда маңызды фактор болып саналады.

Елімізде  жақсы демалыспен және демалыс қауіпсіздігімен  қамтамасыз ете алатын қызметтерді  көрсететін туристік компаниялар желісі дамыған. Туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздері «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңында анықталған [8]. Осы заңға сәйкес туристік қызмет туристік агенттер қызметі және туристік операторлар қызметі болып бөлінеді. Туристік өнімдерді қалыптастыруға, дамытуға және ол өнімдерді туристік агенттер мен туристерге сатуға рұқсаты бар заңды тұлғалардың қызметін туристік операторлар қызметі деп атайды. Туристік операторлар қалыптастырған туристік өнімдерді дамыту мен сатуға рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі – туристік агенттер қызметі.

X. Криппендорф берген анықтамасында, «туристік қызмет – туристік кәсіпорындар қызметінің, сонымен қатар туризм саласындағы жеке және мемлекеттік саясаттың жүйелілік өзгеруі және шоғырлануы». Туризмнің алғашқы және барынша толық анықтамаларының бірін Берндегі университет  профессорлары Фрунзикер мен Крапф берген, кейіннен бұл анықтаманы туризмнің халықаралық ғылыми-сараптамалық ассоциациясы қабылдаған. Олардың пікірінше, туризм - адамзаттың жол жүруін, саяхатқа шығуын айқындайтын, ешқандай табыс табумен байланыссыз құбылыс.

Туристік  бизнес – бұл туристік өнімді өндіру үшін нысанды кәсіпорындары бар  өндіріс орындары. Туристік бизнес қандай тауар мен қандай қызмет түрін  орындауды, қандай көлемде, қандай бағамен  сату қажеттігін анықтайтын ұғым [22].

Туризмнің әртүрлі  түрлерін дамытудың келешегін бағалау  әдісіне төмендегі зерттеу кезеңдері  кіреді:

1. Рекреациялық  мүмкіндіктерді зерттеу.

2. Туризмнің  қолданыстағы түрлеріне талдау  жасау.

3. Қолданыстағы  туристік бағыттарға талдау жасау.

4. Туризмнің  жаңа түрлерін дамыту мүмкіндіктерін  анықтау.

5. Туризмнің  жаңа түрлерін дамытуда қажеттіліктерді  маркетингтік зерттеу, соның ішінде  ұзақ мерзімді сұранысты анықтау.

6. Туризмнің  келешегі зор түрлерін(соның ішінде  турбағыттар) және оларды дамыту  үшін қорларды  бағалау.

7. Қауіп-қатерлерді  бағалау.

8. Туризмнің  осы түрі үшін басты бәсекелес  елдердің туристік әлеуетін бағалау  және туризмнің осы түрінің  сырттан келушілер туризмі ретінде  қолданылу мүмкіндігін анықтау.

9. Экологиялық  өріске әсерін анықтау.

10. Туризмнің  осы түрінің экономикалық тиімділігін  анықтау.

Шетелдік  тәжірибелер туристік бизнесті дамытудағы жетістіктер туризм саласы мемлекет деңгейінде қалай қабылданатындығына, мемлекет тарапынан қаншалықты деңгейде қолдау табатындына және туристік саланы табысты жүргізудің кепілі, кез келген мемлекеттің бюджетін толықтыру  көзі болатындығына тікелей байланысты екендігін көрсетіп отыр.

 

Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.

Қазақстан республикасында  туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады және қоғам өміріне  өз ықпалын тигізеді (сурет 1).

 


 

 




 


 

 


 

 

 

Сурет 1 -  Туризмнің экономикадағы ролі

 

Туристік  қызметтердің ұйымдастырылуы мен оларды жетілдірудің ұтымды жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды туризм нарығындағы кәсіпкерлік субъектілердің туристік қызметтер көрсетуге деген казіргі қатынастарынан бастадық.

Өкінішке  орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет жасайды.

Көптеген  туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми зерттеулерсіз  және сапалы іс-шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте алмады [13, 58 б.].   

Туризм саласындағы  жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда  болуы осы саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды жоспарлауға  көп көңіл бөлу керектігін негіздеді.

Туризм  индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары, «ноу-хау», немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында колданылады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі үшін маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялык маркетингтік жоспар құрады.

Информация о работе Международный туризм