Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 07:52, диссертация
Халықаралық туризм бүгінгі күні қарапайым қоғамдық құбылыстан, әлемдік экономикалық тізбектің ажырамас бір бөлігіне, әрі қарқынды дамып келе жатқан негізгі бір саласына айналды. Өзінің тез дамыу мен өсімі жағынан мамандар оны қазіргі ұрпақтың экономикалық феномені атауын берді. Статистика бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір мен 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.
КІРІСПЕ........................................................................................................................7
1. Халықаралық туризмнің негізгі теориялық ерекшелiктері
1.1 Халықаралық туризмнің пайда болу тарихы және даму кезеңдерi................11
1.2Туристік қызмет көрсету нарығының өзіндік ерекшеліктері және оның әлем экономикасының дамуына әсері..............................................................................28
1.3 Халықаралық туризмді реттеудегі халықаралық туристік ұйымдардың рөлі..............................................................................................................................43
2. Халықаралық туризмнің қазiргi кезеңдегi негiзгi тенденциялары және дамуының перспективасы
2.1 Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде......................53
2.2 Орталық Азия елдерiнiң аймақтық халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастық және әрiптестiк..............................................................................67
2.3 Туризмдағы жаһандану және оның Қазақстан Республикасының экономикасына зардабы...........................................................................................59
3. Орталық Азия елдерiнiң экономикасындағы халықаралық туризмнің дамуына салыстырмалы талдау
3.1 Орталық Азия елдерiндегi халықаралық туризмнің мiнездемесi: негiзгi мәселелері және перспективасы.............................................................................80
3.2 ҚР-дағы халықаралық туризмнің дамытуын шетел тәжiрибесiнiң қолдануының мүмкiндiгi..........................................................................................87
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…….95
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ….....................………….....…99
ҚОСЫМША
-сұраныс субьективті сипатқа
ие. Тұтыну формасы ретінде ол
тұтынушылардың жеке
-туризмдегі ұсыныс өте
-туристік кәсіпорын
Сондықтан туристік
потенциалды, туристік қызметтің сұранысы
мен ұсынысы тек кешенді
Екінші жағынан,
сыртқы экономикалық қызметтің маңызды
жақтарының бірі бола тұра, халықарлық
туристік ағымдардың өсуі мемлекеттер
арасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың
кеңеюіне ықпал етеді, басқа елдердің
материалдық игіліктері мен мәдени
құндылықтарды жасау
Туризмді дамытудың мақсаты: сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті, рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
Республиканың туристік әлеуетін арттыру;
Тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
Халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
Тұрғындардың
жұмыспен қамтылуын
Мемлекеттік
және жеке құрылымдардың
Шағын
және орта кәсіпкерлікті
Республикада
саланы дамыту мынадай
Халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсінік пен ынтымақтастықтың ізгілік сипатын, бейбітшілік пен сыйластық, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау;
Әділеттік пен егемендік, саяси,экономикалық және әлеуметтік жүйесіне қарамастан, мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпау;
Қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарау;
әлеуметтік тепе теңдік пен даму, жеке адам мен қоғамның игілігін арттыру;
Туризмді тұрақты дамыту.
Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
Туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
Туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
Туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін одан әрі дамыту;
Туристік рынокта демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тартымды туристік обьект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;
Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
Туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;
Туризм саласындағы
қызмет көрсетудің статистикалық есебінің
әдіснамасын халықаралық
Туристік обьектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
Туристік
қызметті стандарттау, сертификаттау
мен лицензиялау негізінде
Туризм саласындағы кадрлар даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
Туризм саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, теріс әлеуметтік әсерлерді бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;
Туризм саласындағы келеңсіз үрдістерден арылу.
80-ші жылдардың
ортасында Батыс Еуропа
Экономикалық
конъюктураның нашарлауына
Жоғарыда аталған шаралардың ішінде зейнеткерлер мәселесін ерекше қарастырып кетейік, өйткені зейнет жасындағы адамдардың туристік белсенділігі жоғары. Дағдарысқа дейін көптеген өркениетті елдерде ол 60-65 жас деңгейінде бекітілген. Экономикалық құлдырау нәтижесінде, қаржы жағдайы нашарлаған кейбір кәсіпорындар алпыс жасқа жетпеген адамдардың өзін зейнеткерлікке шығара бастады. Олар- денсаулығы мықты бос уақыты шектеусіз, демалыс сапарларына қажетті қаржысы бар адамдар. Олардың халықаралық және ішкі туризм нарығына тигізетін ықпалы өсіп келеді.
Туристік сұраныстың қазіргі таңдағы сипаты субьективтік факторлар әсеріне байланысты қалыптасады. Адам технологиясындағы жаңа құндылықтардың пайда болуы терең өзгерістерге әкелді, олар төмендегілер:
Қарастырылған факторлар туристік тұтынуда терең өзгерістердің орын алуына ықпал етті. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлау кезінде бос уақыт көлемінің артуына байланысты халықтың рекреакциондық жүріп-тұрысында екі тенденция қалыптасты: демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді сапарлардың артуы. 80-ші жылдардың басында Австрия және Ұлыбританияда халықтың 20 %-тен астамы жазда және қыста шыққан, ал 10%-ті демалыс сапарларына жылына 3 және одан да көп рет барған. Осындай жағдай Италияда, Германияда, Еуропаның басқада дамыған елдерінде қалыптасқан. Демалыс сапарларының уақыты қысқарып, ал жалпы саны көбейді. Батыс әдебиетінде бұл құбылыс «үзілісті саяхат» деген атқа ие болды.
«Үзілісті саяхатты»
ұйымдастыру ісі табысты болып
шықты, сондықтан турфирмалар өз
тарапынан мұндай сапарларға деген
тұтынушылық сұранысты жан-
Батыс Еуропа халқының арасында демалыс және мереке күндері саяхатқа шығу бағыттары кең қолдау тапты. Олар негізінен көрмелерге, музейлерге, галереялар мен дүкендерге барады. Сондай-ақ адамдар өз демалыстарын ұлттық саябақтарда өткізгенді жақсы көреді немесе фестивальдарға, карнавалдарға қатысу үшін аз уақытқа жолға аттанады. Статистикалық зерттеу деректері бойынша 1993 жылы Еуропалықтардың іскерлік мақсаттан тыс сапарларының 40%-ті жақын қалалаға келсе, 1\3 бөлігі тауда, теңізде және ауылды жерлерде демалу мақсатын көздеген, қалған 30%-ті емделу, жазғы және қысқы спорт түрлерімен айналысумен байланысты болған.
Қысқа мерзімге саяхатқа шығу кезінде қолданылатын негізгі транспорт түрі – меншік автомобильдер. 1993 жылы туристердің тек 13%-ті самолет пен сапарға аттанған. Жол сапарда олар негізінен мейманханада түнейді.
Қысқа мерзімдік сапарлардың Батыс Еуропалық нарығына туристер негізінен Терманиядан және Ұлыбританиядан келеді. 1993 жылы бұл елдердің үлесіне қысқа мерзімді сапардың 35 және 10 пайызы келді. Олардың көп бөлігі Францияға, Австрияға, және Германияға барады.
Қысқа мерзімді саяхатшыларды қабылдаушы Еуропа елдерінің арасында бірінші орынды Франция алады. Жақын арадағы туризмді дамыта отырып, ол Германиядан, Белгиядан, Ұлыбританиядан, Италиядан, Испаниядан уақытша туристерді қабылдайды.Бірнеше күн ішінде туристер Парижді және Францияның келесі қалаларын аралайды: Океанографиялық турларымен әйгілі Марсель; әскери базаның орнындағы ерекше рекреакциондық аймағы бар Белфорт; архитектуралық ескерткіштерге бай Нант және т.б Бұлардың әрқайсысының ерекшеліктері бар, және олар уақытша туристерді тарту үшін тиімді қолданылады. Жүзеге асырылатын мақсатты шаралар нәтижесінде Франциядағы қысқа мерзімді туризм жылына 25%-ке өсіп отырады, бұл ұзақ мерзімдік туризмге қарағанда 3-4 есе артық.
Қысқа мерзімдік сапарлар санының өсуіне қарамастан ұзақ сапарларға деген сұраныс та сақталған.
Соңғы кездегі туризм дамуының тағы бір тенденциясы – үлкен жастағы адамдардың туристік сұранысының кеңеюі. Бір қарағанда, 55 жастан асқан адамдардың туризмі парадокс сияқты болуы мүмкін, өйткені зейнеткерлікке шығудың өзі адамның демалуын қамтамасыз етеді. Алайда әр жас тобындағы халықтың қажеттілігін зерттеу-бұл проблеманың өткір екендігін көрсетеді. Туризмді күнделікті жұмыстан дем алу және жұмысқа деген қабілеттілікті қалпына келтіру құралы ретінде пайдаланатын халықтың белсенді бөлігіне қарағанда, бос уақыты көп зейнеткерлер үшін туристік сапарлар – белсенді өмір сүру формасы. Осыған байланысты үлкен жастағы адамдардың туристік нарықтағы алатын үлесі айтарлықтай. Бүгінде ол елеулі өзгерістерге ұшырауда.
Үлкен жастағы адамдардың туристік сұраныстары олардың өздерінен 10 және 20 жас төмен құрдастарына қарағанда қатты ерекшеленеді. Олар өз жастарындағы ата-аналарына қарағанда неғұрлым сергек. Туристік сапарларға деген бейімділік бұл адамдарда зейнеткерлікке шықпай тұрып – ақ қалыптасқан. Еуропада туристік қызметтің күрт өсуі басталған кезде олардың жасы 30-да болды. Олардың көбі сол кезде-ақ саяхатқа белсенді түрде араласқан.Сол кезден бері туристік сапар олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.