Кесте 2
2020 жылға қарай кіру туризмі
бойынша көшбасшы елдер
№ |
Туристермен жабдықтаушы елдер |
Халықаралық сапар саны, млн |
Нарықтағы үлесі, % |
1 |
Қытай |
137,1 |
8,6 |
2 |
АҚШ |
102,4 |
6,4 |
3 |
Франция |
93,3 |
5,8 |
4 |
Испания |
71 |
4,4 |
5 |
Италия |
52,9 |
3,3 |
6 |
Ұлыбритания |
52,8 |
3,3 |
7 |
Мексика |
48,9 |
3,1 |
8 |
Ресей |
47,1 |
2,9 |
9 |
Чехия |
44 |
2,7 |
БАРЛЫҒЫ |
649,5 |
|
Халықаралық
туризмнің дамуының қазіргі факторларына
жер шары халқының бейбіт өмір сүруі, халықаралық
туризмді дамытып отырған көптеген елдерде
мемлекеттік органдардың қолдауы, қоғамдық
байлықтың өсуі, жұмыс уақытының қысқаруы,
көліктің дамуы, қоғамдық сана деңгейінің
жетілуі жатады. Демографиялық факторлар
да (өмір сүрудің орташа ұзақтығының өсуі,
урбандалу деңгейінің көтерілуі) әсер
етеді.
Туризмнің дамуына
кедергі келтіретін факторларды
да бөліп қарастыруға болады. Оған
негізгі географиялық маршруттан елдің
тым алыс орналасуы, сейсмикалық
белсенділік пен апаттық жағдайлар,
азаматтық соғыстар мен дамушы елдердегі
экономикалық төмендеулер, халықаралық
терроризм.
1.2.
Туристік қызмет көрсету нарығының
өзіндік ерекшеліктері және әлем
экономикасының дамуына әсері
Осы заманғы
туризм индустриалды формасы бар, ұлттық
экономиканың дамуының негізгі катализаторы
болып табылатын, жаңа жұмыс орнын
пайда болдыратын, ұлттық кірістің
өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың
тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс.
Туризм саласында алдыңғы қатардағы
шетелдің туризм индустриясын мысалға
алсақ, оған салынған инвестициялардың
тез өзін өзі ақтауының ең жоғарғы
тиімділігін көреміз. Бұл дегеніңіз,
туризм өзі жетілген мемлекеттің
экономикасына оң ықпалын тигізеді
деген сөз.
Халықаралық
туризм - бұл мемлекетттің дамуында
үлкен роль атқаратын, қиын да бірегей
құбылыс. Халықаралық туризмнің әлемдік
сауданың және ұлттық экономиканың дамуына
әсері жоғары дәрежелі мәнге ие.
Әрбір мемлекеттің
сыртқы экономикалық айырбасы, валюта
негізінде көрінетін сыртқы саудасы
экономикалық қызметтің негізгі
сферасы болып табылады. Халықаралық
айырбас теориясы жеке мемлекетттердің
сыртқы сауда процессіндегі нәтижелеріне
байланысты шарттар мен факторларын
қарастырады. Сыртқы сауда қызметтеріне
қатысты бұл теориның жалпы қағидалары
туристермен айырбас жасау ерекше
нысанына әбден келеді. Экономистер
ішкі туризмге қарағанда халықаралық
туризмге көңіл бөлген. Олар мынадай
шешімге келген, яғни, төлем балансына
тауарлардың аййырбасы қалай
әсер етсе, туристік қозғалыс та сондай-ақ
әсер етеді. Сондықтан да халықаралық
туризмді сыртқы экономикалық қатынастардың
бір түрі ретінде және сыртқы сауданың
ерекше нысаны ретінде түсіндіруге
болады [8, 17 б.].
Халықаралық
туризм халықаралық экономикалық
қатынастардың бір нысаны ретінде
шетелдік туристердің кең көлемдегі
рухани және мәдени қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатындағы туристік
қызметтің түрлерін ұсынуға бағытталған
қызмет болып табылады.
Халықаралық
туризм сыртқы экономикалық қатынастардың
нысаны ретінде өзгеше белгімен
ерекшеленеді. Олардың негізгілері,
әлемдік нарықта сату-сатып алу
құралдары ретінде тікелей сыртқы
сауды айырбасына қабілеттілігі
жоқ тауарлар мен қызметтер
болып табылады.
Саяхатшыны
орналастырумен байланысты көрсетілетін
қызметтерге (мейманхана, тамақтану,
экскурция, төсек орнын жуу,
тазалау т.б) тауарлық сипат тән. Бұл
жерде тауарлар мен қызметтер ғана сатылып
және сатылып алынбайды, сонымен қатар
табиғи және әлеуметтік- экономикалық
туристік –рекреациондық ресурстар да
сатылады және сатылып алынады. Бірақ
бұл сауда-саттық та олар дәстүрлі экспорт
кезіндегідей территориядан алшақ кетпейді.
Шетелдік туризмнен түскен валюталық
түсімдер, ішкі туризмнен түскен табыстар
сияқты табиғаттың емдік және ерекше қасиеттері
үшін, жергілікті жердің тарихи ескерткіштері
үшін өзіндік рекреационндық рента болып
табылады.
Туризмнің
тағы бір ерекшелігі сол, қызмет
пен тауар өндірісіне жұмсалған
еңбек оның жасалған жерінде
затқа айналады. Бұл кезде тауар
тұтынушыға қарай жылжымайды, керісінше,
сатып лаушы тауардың немесе
қызметтің өндірілген жеріне
өзі келеді, ал бұл капиталдың
айналу уақытын қысқартады. Халықаралық
туризмнің бұл негізгі сипаттамасы,
оның басқа экспорттық баптардан
ерекшелендіретін бірқатар жағдайларды
тудырады.
Біріншіден,
сатып алушы саяхатшы тасымалдау
шығындарын өзі төлейді. Екіншіден,
шетел саяхатшыларының сапар
кезіндегі тауарлар мен сувенирлерді
сатып алуын сыртқы сауданың
тиімді формасы ретінде қарастыруға
болады. әр елдерде бірқатар салалар
топтары осы «ішкі экспортқа» қызмет
етеді. Мысалы, Жапонияда шетел саяхатшылары
елде өндірілетін радио тауарлары менг
видео аппаратураларының, фотоаппараттардың
айтарлықтай бөлігін сатып алды; Швейцарияда
– сағаттар, шокалад, сыр, Францияда –
иіс сулар мен сән салондарының өнімдерін,
Италияда – аяқ киім мен былғары галантереясының
өнімдерін, Ұлыбританияда – виски және
басқаларын сатып алады.
Халықаралық
туризмге ішкі саудада қалыптасатын
операциялар түрлері тән, атап айтқанда:
экспорт, импорт және реэкспорт, бұл операциялардың
халықаралық туризмде өз ерекшеліктері
бар. Халықаралық экономикалық қатынастар
формасы ретінде халықаралық туризмнің
басты ерекше белгісі сол, қызметті сатып
алу, кез келген сыртқы сауда мәмлесі сияқты,
шетелдік контрагенттер (туристік фирма,
шетелдік турист) арқылы жүзеге асады.
Осыған байланысты халықаралық туризмдегі
экспорт дегеніміз – шетел қонақтарын
қабылдау, ал импорт - осы елдің саяхатшыларының
шетелдерге сапар шегуі. Халықаралық туризмдегі
реэкспорт түсінігінің мазмұны күрделірек.
Таза теориялық көзқарастан алып қарағанда,
бұл категорияға осы елдің туристік фирмаларынан
үшінші елге сапар шегу үшін жолдама сатып
алған барлық шетел саяхатшылары жатады.
Алайда, қалыптасқан есеп жүйесінің жетілмегендігіне
байланысты, саяхатшылардың бұл категориясын
есепке алу қиынға соғады. Сондықтан халықаралық
туризмдегі реэкспортық операциялар барған
сайын ұлғайып бара жатса да,олардың көрсеткіштері
экспортық операцялар шінде жоғалып кетеді.
Туризм
арқылы жүзеге асатын экспорттың
бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың
бірі - басқа жағдайларда қарапайым
каналдар арқылы экспортталатын
тауарлар үшін экспорт нарығының
кеңеюі. Сонымен қатар мұндай
экспорт шет ел валютасына
көптеген тауарлар мен қызметтер
жиынтығын сату мүмкіндігін береді.
Оған қоса шетелдік саяхатшылар
сатып алған тауарлары үшін
шет нл валютасында салық төлейді.
Шаруашылық
жүйесіндегі туризм - еңбек бөлінісінің
бір көрінісі, бұл жерде экономикасының
даму дәрежесі жоғары елдер
басты роль атқарады. Мұндай жағдай
халықаралық туристік айырбаста
да қалыптасқан. әлемдік туристік
сапарларың негізіг бөлігі өнеркәсіптік
дамыған елдер арасында жүзеге
асырылады, бұл елдерден (АҚШ,
Франция, Ұлыбритания т.б) шетелдерге адамдардың
саяхат құру проценті жоғары. Сондай –ақ
дамыған елдер мен экономикалық дамудың
орташа деңгейінде тұрған елдер (Греция,
Португалия, Турция т.б) және дамушы елдер
(Тунис, Тайланд және т.б ) арасындағы саяхатшылар
ағымы да айтарлықтай. Осыған сай, бұл
елднрге Бүкіләлемдік туристік Ұйым аталған
елдерге келесідей анықтама берген: «саяхатшыларды
негізгі қоюшы елдер», және «саяхатшыларды
негізгі қабылдаушы елдер».
Туризм
теоретиктері шетел туристерін
қабылдаудың және оларға қызмет
көрсетудің ерекше экономикалық
тиімділігін атап көрсетеді, және
туризмді дамытуға бейімделген
экономиканың табысқа кенелтетіндігін
бола айтады. Мысалы, Багам аралдарындағы
экономиканың негізін шетелдік
туризм қалайды. Мұндағы қызмет
көрсету сферасының (туризмді қоса
есептегенде) жиынтық ішкі өнімі
мемлекеттік табыстың 60% -ін береді,
ал өнеркәсіптің мемлекеттік
табыстағы үлесі тек 10%-ке тең.
Барбодостағы шетелдік туризмнен
түсетін түсім осы елдің негізгі
өңдеуші саласы- қант өндірісінен
түсетін табыстан да жоғары. Алайда,
саяхатшыларды шығаратын елдер
үшін, туризм, валюталық құралдардың
шетке ағыоу көзі болып табылса
да, экономикалық тиімсіздік белгісі
емес. өйткені, адамдардың шет
елге шыу мүмкіндігінің болуы
елдегі өмір сүру деңгейінің
жоғары екендігін көрсетеді. Мемлекетер
арасында саяхат байланыстарының
дамуы екі жақты сипатқа ие.
Кез келген елге келген шетелдік
саяхатшылар санының өсуі елдің
фалюталық резервін толтыруға
үлес қосады. Сонымен қатар, қабылдаушы
елде жұмсалған валюталық құралдар,
саяхатшыны шығарған елге, импорттың
артылуы арқылы қайтып келеді.
Мысалы Бундесбанк (ФРГ) басшылығы
әкімшілік органдарын туристік
операциялар бойынша қалыптасқан
тапшылықты жою шараларын қабылдамауға
шақырады. Олардың пікірінше, ФПГ
азаматтарының шетелдік саяхат
кезінде жұмсаған шығындары ел
үшін валюталық құралдардың шетке
ағылуын білдірмейді. Бұл валютаның
айтарлықтай бөлігі ФРГ-ға қайтып
келеді, өйткені оларға ФРГ-да
жасалған тауарлар сатып алынады.
Басқаша айтқанда, Батыс Германдық
саяхатшылар, өздері барған елдерге,
ФРГ-мен сауданы дамыту үшін
қажетті «несие» береді. Ал халықаралық
туристік айырбасты шектеу сыртқы
сауданың тепе-теңдігінің бұзылуына
әкеліп соғуы мүмкін [9, 23 б.].
Экономикалық
көзқарас тұрғысынан белсенді
туризмді (саяхатшыларды қабылдау)
туристік игіліктердің экспорт
ретінде, ал пассивті туризмді
(азаматтардың шетелге шығуы)
– олардың импорты ретінде
анықтауға болады. Туристік экспорт
арқылы тауарлар мен қызметтердің
айырбасталуы ішкі сауданың кеңеюіне
әкеледі, дәстүрлі экспорттың
жаңа мүмкіндіктерін ашады және
дәстүрлі тауар экспортының орнын
туристік тауар экспортының басуына
әкелуі мүмкін.
Белсенді
және пассивті туризм тиімділігін
есептеу қиын емес. Нақты ақпаратты
жинау қиынға соғады, өйткені
шетелдік туристердің жергілікті
өндіріс өнімдеріне деген сұранысы
және көлімі туралы деректер
жоқтың-қасы. Мұндай сұранысты тіркеу
мүмкін емес, оны тек болжауға
болады. Шекарадан өту және ақша
айырбасы мен байланысты талаптардың
либерализациялануы көптеген ақпарат
көздерін жабады. Елге келген
саяхатшылардың тек ғана нақты
санымен олардың елдегі болу
уақытын ғана анықтауға болады.
Туристтік тұтынуды статистикалық
есепке алудың қиыдығы сонда, тұтыну саяхатшыны
қабылдаушы елде жүзеге асады, ал сатып
алынған тауарлар саяхатшының тұрақты
өмір сүретін еліне шығарылады. бұл тауарлар,
әдетте, шекараны өту кезінде тіркелмейді.
Осы тұрғыдан алып қарағанда белсенді
туризмді - «көзге көрінбейтін экспорт»,
ал пассивті туризмді - «көзге көрінбейтін
импорт» деп анықтауға болады.
Сауданың
кеңеюіне ықпал ететін шешімдердің
бірі - азық-түліктің туристік экспорты,
ол туристер келетін елдерге
дәстүрлі экспортты жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Мысалы, Болгария
және Испания тұтыну тауарларының
дәстүрлі экспортын туристік
экспорт пен алмастырады. Дамушы
елдер өз экспортын туристік
импорт арқылы қолдау мүмкіндігін
аша бастады. Оның экономикалық
тиімділігі мынада: пассивтік туризм
қабылдаушы елге валюта түсіреді,
бұл, өз кезегінде, ұлттық табысқа
жағымды ықпал етеді. Нәтижесінде,
саяхатшыларды қабылдаушы елдер,
саяхатшыларды қоюшы елдерден
тауарлар импортын ынталандыру
үшін туристік баланстың оң
сальдосын қолдануға бейім келеді.
Кез келген мемлекет үшін, оң
туристік сальдо туристік экспортсыз
мүмкін болатын мөлшерге қарағанда
көп тауар көлемін импорттауға
мүмкіндік береді. Тіпті өнеркәсібі
дамыған елдер үшін де мұндай
айырбас түрі - өнеркәсіптік және
ауыл шаруашылық экспортын қолдау
және дамыту жолы. Туризм экспорты
шектеулі елдердің экономикалық
дамуы үшін маңызды фактор
бола алады. Шетелдік туризмді
экономикалық дамуды жеделдететін,
төлем балансын белсенділететін
және елдің валюталық резервін
арттыратын маңызды тұтқалардың
бірі ретінде қарастыруға болады.
Халықаралық
айырбастың, белгілі бір өнімдер
мен қызметтер экспортының немесе
импортының тиімділігін есептеу
өндірістік шығындарды дәстүрлі
экспорт нәтижесінде түскен валютада
және туристік экспорттан түскен
валютада салыстыру негізінде
жүргізіледі. Мұндай есептеу туристік
экспорттың тиімді екеніне көз
жеткізеді, өйткені бұл жағдайда
тауарлар мен қызметтер бөлшек
бағамен сатылады, ал дәстүрлік
экспортта - көтерме сауда бағасы
қолданылады, ол көбінесе әлемдік
бағалардан жоғары болады.
Экономикалық
категория ретінде халықаралық
туристік нарық тауар-ақша қатынастарының
сферасы болып табылады, оның
ерекшеліктерін келесі қағидалардан
көруге болады:
-нарық кешенді сипатта, яғни
онда тауарлар мен қызметтердің
сұранысы мен ұсынысы бірдей
әрекет етеді;
-тауарлар мен қызметтерді тұтыну
өндіруші- елдерде жүзеге асады.
Сауда ішкі нарықтың бөлшек
сауда бағасымен жүргізілетін
болғандықтан, туристік сауда-саттықты
сыртқы сауда операциясының тиімді
формасы ретінде қарастыруға
болады. Бөлшек сауда бағасының
құрамына ішкі салықтар да
кіреді, ал дәстүрлі тауар экспортында
мұндай салықтар алынбайды;