Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 07:52, диссертация
Халықаралық туризм бүгінгі күні қарапайым қоғамдық құбылыстан, әлемдік экономикалық тізбектің ажырамас бір бөлігіне, әрі қарқынды дамып келе жатқан негізгі бір саласына айналды. Өзінің тез дамыу мен өсімі жағынан мамандар оны қазіргі ұрпақтың экономикалық феномені атауын берді. Статистика бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір мен 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.
КІРІСПЕ........................................................................................................................7
1. Халықаралық туризмнің негізгі теориялық ерекшелiктері
1.1 Халықаралық туризмнің пайда болу тарихы және даму кезеңдерi................11
1.2Туристік қызмет көрсету нарығының өзіндік ерекшеліктері және оның әлем экономикасының дамуына әсері..............................................................................28
1.3 Халықаралық туризмді реттеудегі халықаралық туристік ұйымдардың рөлі..............................................................................................................................43
2. Халықаралық туризмнің қазiргi кезеңдегi негiзгi тенденциялары және дамуының перспективасы
2.1 Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде......................53
2.2 Орталық Азия елдерiнiң аймақтық халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастық және әрiптестiк..............................................................................67
2.3 Туризмдағы жаһандану және оның Қазақстан Республикасының экономикасына зардабы...........................................................................................59
3. Орталық Азия елдерiнiң экономикасындағы халықаралық туризмнің дамуына салыстырмалы талдау
3.1 Орталық Азия елдерiндегi халықаралық туризмнің мiнездемесi: негiзгi мәселелері және перспективасы.............................................................................80
3.2 ҚР-дағы халықаралық туризмнің дамытуын шетел тәжiрибесiнiң қолдануының мүмкiндiгi..........................................................................................87
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…….95
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ….....................………….....…99
ҚОСЫМША
Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша 2011 жылы әлемде туристік саяхатқа шыққандардың тіркелген саны 851,6 млн. адамға жетіп, одан түскен кірістердің көлемі 601 млрд. доллар құраған. Эксперттердің болжамы бойынша, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы одан әрі жалғаса бермек. Осы өсу қарқыны жалғаса берсе, 2012 жылдың соңына қарай әлемдегі туристердің саны 937 млн. адамға жетеді [2].
Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.
Жеке сала ретінде, туризмнің дамуы басқа да ТМД елдерінде сияқты Қазақстанда жақында басталды. Туристік қызметтік жеткіліксіз дамуы, қызмет етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладағы пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті деңгейде зерттелмеуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттырып, диссертацияның тақырыбын таңдауға себеп болды.
Зерттеу
жұмысының мақсаты мен
Қойылған мақсатқа жету үшін диссертациялық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
- туризм саласын ұйымдастыру мен дамытудың шетелдік тәжірибесіне шолу жасай отырып, олардың озық үлгілерін отандық туризмді дамытуда қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- туризм
саласының қазіргі жағдайына
республика және аймақ
- туризм
саласын ұйымдастыру мен
- туристік
фирмалардың қызметтерін
- туристік
фирмалардағы көрсетілетін
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен шетелдік ғалымдардың еңбектерінің әдістемелік көмегі көп болды. Туризм саласын дамыту мәселелерімен ғылыми жұмыстар жүргізген шетелдік –
X. Криппендорф, Б. Олин, Ф. Хайек, В. Столпер сияқты ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығы өте жоғары.
Туристік қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру бойынша экономикалық мәселелерді шешуде ТМД ғалымдары: Г.Л. Азоев, А.П. Градов, И.Н. Герчикова, Н.Н. Дуданов, Р.А. Фатхутдинов, А.Ю. Юданов, Р.М. Петухов және т.б. ғалымдардың қосқан үлестері зор.
Қазақстаннның қызметтер көрсету нарығының дамуындағы туризм саласының кейбір мәселелері қазақстандық ғалымдар: А.А Алимбаев, Р.А. Алшанов, С.Б. Ахметжанова, У.Б. Баймуратова, А. Есентүгелова, Б. Мырзалиев Ә.Ә. Сатыбалдин, С.Д. Тәжібаев, С.Қ. Сурағанова, Б.О. Сабатаева, Б.Н. Исабеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Ел туризмінің мемлекет тарапынан нақты қолдау тапқанына көп уақыт болған жоқ. Сондықтан туристік қызметтер төңірегінде бәсекелестік мүмкіншіліктерді бағалаудың теориялық тұстары аз зерттелген. Қызметтер нарығындағы туристік фирмалардың тұрақтылығын дұрыс бағалау үшін, бәсекелік мүмкіншілігін анықтай алатын бағалау әдістемесі әлі күнге жоқ. Сол себепті, туризм саласының дамуындағы шешуін таппаған көкейкесті мәселелер әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері: Зерттеу барысындағы қарастырылып отырған мәселелер төңірегіндегі шетелдік және отандық экономистердің еңбектері жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері болып табылады. Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік, статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық негіздері: Туристік қызметтерді реттеуші заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттары диссертациялық жұмыстың нормативтік-құқықтық негізі болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың ақпараттық негізі ретінде Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның, Қазақстан Республикасы туризм және спорт Агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің мәліметтері пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеу нысанына барлық туристік саланың негізгі буыны ретінде Қазақстан Республикасының туризм және спорт Министрлігінің туристік фирмалары алынды.
Диссертациялық зерттеудің пәні болып туризм саласы мен оның алғашқы буындарындағы ұйымдық-экономикалық мәселелер таңдалды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мынада:
- ғылыми зерттеулер жүргізу негізінде туризм саласының өзіндік ерекшеліктерін анықтай келе, дамыған елдердегі туризмді ұйымдастыру мен дамыту тәжірибесін ескере отырып, осы саланың ұлттық шаруашылық жүйесіндегі мәні тиянақталды;
- туризм саласын дамытуда кластер құрудың қажеттілігі, және соның нәтижесінде, туристік қызметтердің сапасының артатындығы және осы саланың табыстылығын көтеруге мүмкіндіктер болатындығы ғылыми негізделді;
Диссертациялық жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мәні: Ғылыми зерттеудің негізгі жағдайларын жүзеге асыру – туристік қызметтің ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін қалыптастырудың стратегиялық бағыттарын анықтауға, және осы қызметті құқықтық және әкімшілік реттеудің әдістері мен құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Орындалған
зерттеудің нәтижелері туристік қызметтерді
экономикалық реттеудің кешенді
іс-шараларын жасауға
Қазіргі кезеңде
туристік қызмет бөлімдеріне ресурстарды
ұтымды бөлу өзекті мәселе болып отыр.
Ғылыми зерттеу жұмысында аталған
мәселелерді шешу үшін ғылыми есептеулер
көмегімен ресурстардың нақты бөлінуінің
ұтымды бөлінуіне барынша
Ұсынылған ұсыныстар мен туристік қызмет көрсетудің экономикалық тетігін құрудың ғылыми-әдістемелік қадамдарын мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар туристік кәсіпорындар қолдана алады.
Зерттеу жүргізілген орыны: Астана қаласы, «INTRAVEL» туристік фирмасы.
Зерттеу нәтижесінің жарияланымы: Диссертация тақырыбы бойынша екі ғылыми мақала жарияланған:
// Хабаршы.
Экономика сериясы: Л.Н.
2. Рамазан Г.Б. МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТУРИЗМ: ЕВРОПА – ЦЕНТР ТУРИСТСКОГО ПРИТЯЖЕНИЯ
// Сборник материалов Х Республиканской научно-практической конференции «Новый век – новые технологии», - Астана: Казахский университет технологии и бизнеса, -2012.- ІІ том. стр.:-292-294.
Диссертациялық жұмыстың
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУЫ
Халықаралық туризм – бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс. Бәрімізге белгілі, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы айырбастың әртүрлі нысандары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдік салымдар, халықтардың көшіп-қонуы, мәдениет төңірегіндегі айырбас, сауда қызмет көрсету және тағы басқалар. Қандай да бір болмасын оның ең күрделі экономикалық іс-әрекеті сыртқы экономкалық айырбас, жеке алғанда нәтижесі валютамен түсетін сыртқы сауда. Халықаралық сауда сияқты халықаралық туризм экономистерді ішкі туризммен бұрын қызықтыра бастады. Олар, туристтік қозғалыс төлем балансына тауар айырбасы сияқты әсер етеді деген қортындыға келді. Сондықтан да, халықаралық туризмді сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі деп білген жөн, яғни ол сыртқы сауданың арнайы бір түрі болады. Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристтік қызметтер көрсетеді.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады.
Халықаралық
туризмде турист өзінің елінен шығып,
басқа бір шетелдік елге барады.
Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды
толтырады (паспорт, виза жасау), валюта
және медициналық бақылаудан өтеді.
Бұл халықаралық туризмнің
Дүниежүзілік
туристтік ұйым туристтік
- паспорт формальдылықтары: паспорт қызметін бір орталықтан босату; шетелдік паспорттарды жасаудың жұмыстарын реттеп, мерзімін қысқарту; ақша жинауды реттеу; паспорттың жарамдылық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапар санын шектемеу; шетелдік паспорттың иесі оны өзінде сақтауы және конфискацияға тыйым салу; паспортты компьютер жүйесі арқылы тексеру үшін ИКАО стандартына бейімдеу;
- виза формальдылықтары: рұқсатсыз кіру үш айға дейін; визаның мерзімін 12 айға дейін ұзарту және бірнеше сапарларға рұқсат ету мен көліктің кез-келген түрін пайдалануға болатындығы; көрші мемлекеттердің визаны мойындауы; өте сирек жағдайда бақылау бекеттерінде кіруге рұқсат ету; туристердің азаматтығына қарамастан, бірдей консульдық жинақты бекіту;
- валюта формальдылықтары: кеден декларасында көрсетілген валюта мөлшеріне рұқсат ету; қазіргі валюта аыйрбастау туралы туристтерге толық мәлімет беру; кірудің бақылау – жіберу бекеттерінде толық мәліметтерді іліп қою; барған елінен кетерде қайтадан валюта айырбастау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; алып келген валюталарын өз еркімен ғана айырбастау; елден кетерде туристерге өз елінде сапарын жалғастыру үшін керекті мөлшерде ұлттық ақшаларына рұқсат ету
- кедендік формальдылықтар: кірерде және шығарда туристерге салық салу; туристтік объектілерді жаңарту үшін кейбір салықтар мен ақша жинаудың түрін еңгізу;
- медициналық формальдылықтар мен туристерге медициналық жәрдем көрсету; ұлттық туристтік әкімшіліктің денсаулық сақтау органдарымен келісіп жұмыс істеуін кеңейту, керек жағдайда туристерге медицинаға байланысты толық мәліметтер беру; туристерге жәрдем көрсету және мемлекетпен медициналық қауіпсіздік туралы жан-жақты келісімдер жасау; туристерге жедел медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру; қатаң түрде ауырып қалған жағдайда немесе қайтыс болғанда консулдық пен туыстарына хабарлау, жерлеу немесе алып кету үшін қажетті құжыттарын тез арада дайындау [3, 356-363б].
Мұндай ұсыныстар, туристік формальдылықтарды қысқартудың негізгі қағидалары Будапешт конвенциясынан алынып отыр және ол туризм туралы Гаага декларациясында да қолдау тапты.
Туристтік
формальдылықтар мемлекеттік
Әлемдік
нарықта сыртқы сауда айырбасына
тікелей кірмейтін тауарлар мен
көрсетілетін қызметтерді сатуға немесе
сатып алуға болмайды. Бұл жерде
тек тауарлар мен қызметтер ғана
емес, сонымен қатар табиғи және
әлеуметтік-экономикалық туристтік-рекреациялық
ресурстар да сатыладыжәне сатылып
алынады. Бірақ, дәстүрлі экспорттағыдай,
бұл сату мен сатып алу территориядан
айырылмайды. Басқа осындай ерекшілігі
– тауар мен қызмет өндірісне
жұмсалған зат пен еңбек
Халықаралық
туризмге сыртқы саудада қалыптасқан
операциялар түрі тән: экспорт, импорт
және реэкспорт. Халықаралық экономикалық
қанастың бір түрі ретінде халықаралық
туризмнің өзіндік басты