Международный туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 07:52, диссертация

Краткое описание

Халықаралық туризм бүгінгі күні қарапайым қоғамдық құбылыстан, әлемдік экономикалық тізбектің ажырамас бір бөлігіне, әрі қарқынды дамып келе жатқан негізгі бір саласына айналды. Өзінің тез дамыу мен өсімі жағынан мамандар оны қазіргі ұрпақтың экономикалық феномені атауын берді. Статистика бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір мен 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................7
1. Халықаралық туризмнің негізгі теориялық ерекшелiктері
1.1 Халықаралық туризмнің пайда болу тарихы және даму кезеңдерi................11
1.2Туристік қызмет көрсету нарығының өзіндік ерекшеліктері және оның әлем экономикасының дамуына әсері..............................................................................28
1.3 Халықаралық туризмді реттеудегі халықаралық туристік ұйымдардың рөлі..............................................................................................................................43
2. Халықаралық туризмнің қазiргi кезеңдегi негiзгi тенденциялары және дамуының перспективасы
2.1 Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде......................53
2.2 Орталық Азия елдерiнiң аймақтық халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастық және әрiптестiк..............................................................................67
2.3 Туризмдағы жаһандану және оның Қазақстан Республикасының экономикасына зардабы...........................................................................................59
3. Орталық Азия елдерiнiң экономикасындағы халықаралық туризмнің дамуына салыстырмалы талдау
3.1 Орталық Азия елдерiндегi халықаралық туризмнің мiнездемесi: негiзгi мәселелері және перспективасы.............................................................................80
3.2 ҚР-дағы халықаралық туризмнің дамытуын шетел тәжiрибесiнiң қолдануының мүмкiндiгi..........................................................................................87
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…….95
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ….....................………….....…99
ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

магистерская работа Рамазан Г.Б..docx

— 291.46 Кб (Скачать документ)

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшілігі – елдің төлем балансына тигізетін  әсері. Сондықтан да шетелдік туристтердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оған қарсы, туристтердің шетелге кетуі  ұлттық ақша мөлшерінен азаюына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді «белсенді  емес» дейді. Туристтердің белсенді және белсенді емес болып бөлінуі  туристтік іс-әрекетін қаражат нәтижесімен  байланысты, ол халықаралық туризмде ғана болады, ішкі туризмге тарамайды.

Кейбір  жағдайларда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық және әлеуметтік дауын жылдамдатуға да жіберілуі мүмкін.

Шаруашылық  жүйесінде туризм еңбектің бөлінетін  көрсетеді, мұндайда басты рольді экономикасы  жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған  елдердің арасындағы тауар алмасуға келетінін білеміз. Әлемдегі негізгі  туристтік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шетелге  шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ солар және экономикасы  орта деңгейде дамыған елдер (Греция, Португалия, Туркия) және дамушы елдерде (Тунис, Тайланд және т.б.) арасында жүреді және іске асырылады. Осыған байланысты дүниежүзілік туристтік ұйым келесі анықтаманы қабылдады: «туристтерді жеткізуші  елдер»  және «туристтерді қабылдаушы елдер».

Экономикалық  жағынан белсенді туризм (туристтерді қабылдау) туристтік игіліктерді экспорттау, ал белсенді емес туризм (азаматтар шығу)  - импорттау деуге болады. Белсенді және белсенді емес туризмнің экономикалық әсерін есептеу қиын, өйткені шетел туристерінің жергілікті өндірістің өнімдеріне сұранысы мен көлемі туралы хабарлар жоқ. Бұл сұранысты есепке алу мүмкін емес, оны тек болжауға болады. Статистикалық есептің қиындығы иемдену қабылдаушы мемлекетке жүреді, ал иемдеген тауарлар тұрақты тұру мемлекетінде әкелінеді. Бұл тауарлар шекараны өткенде тізімге алынбайды. Бұл жерде белсенді туризмді «көрінбейтін экспорт», ал белсенді емес туризмді – «көрінбейтін импорт» деуге болады. Шетел туризмін экономикалық дамуды тездететін, төлем балансын жылдамдататын және мемлекеттік қорын үлкейтудің қайнар көзі деуге болады. 

Туризм  – бұл динамикалы тез дамып  келе жатқан, басты мақсаты тұтынушыны толық қанағаттандыруға бағытталған  құбылыс. Туризм мен саяхат жөнiндегi бүкiлдүниежүзiлiк Кеңес қазiргi заманғы  туризмге тән сипаттарды былайша  көрсетедi:

-Жылдық айналымы $3,5 триллионға жетiп жығылатын  әлемдегi ең үлкен индустрия.  Туризмнiң құрамдас бөлiктерiне  төмендегiлер жатады:

-саяхат (теңiз  бен мұхит және өзен кеме  круиздерi; автомобильмен, автобуспен, темiр жолмен немесе ұшақты  пайдалану)

- жатын орын (қонақүйлер, жол бойындағы мотельдер,  конференциялар, түрлi көрмелер мен  басқа да кездесулер)

- тамақтану  (мейрамханалар, дәмхана, барлар)

- дем алыс  пен уақыт өткiзу (ойындар, парктер,  аттракциондар, ойын-сауық орталықтары)

- әлемдiк  экономиканың 6,1% қомақты үлес салмағын  құрайды және бұл көрсеткiш  жылдан-жылға қарқынды түрде өсiп  келедi.

Көптеген  елдердiң бюджеттерiн салықпен толтыруда  басты роль атқаратын экономика  саласы. Дүние жүзi бойынша 127 млн. адам, яғни әрбiр 15-шi жұмыс iстеушi осы салада қызмет етедi.

Бүкiл дүниежүзiлiк  еңбек бөлiнiсiнде ең тез дамып  келе жатқан экономика саласы.

Туризм дегенiмiз -жұмысқа, тұрғылықты мекен-жайды ауыстыруға қатысы жоқ, адамның қолы бос уақытында жасайтын сапарлары мен саяхаттары және туристердiң қажеттiлiктерiн өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы. Халықаралық туризмнiң функцияларына бiрнеше мәселе кiредi, ең алдымен бұл функциялар әлеуметтiк сипатымен ерекшеленедi. Кейбiр аспектiлерiн атап айтар болсақ: Туризм дегенiмiз демалыстың бiр түрi. Ол адамдардың күш-қуаты мен еңбек ету қабiлетiнiң қайта қалыпқа келуiне, ендеше үлкен категориялар тұрғысынан қоғамның психофизиологиялық ресурстарының (байлық көздерiнiң) орнына келуiне көмектеседi. 

Туризм ұғымы  мен түсінігіне тоқталу үшін, алдымен  туризм анықтамасын үш топқа топтастырып  алайық. Бірінші топқа- туризмді рекреация  түрі,  бос уақытты өткізуде, сапар  және адамның денсаулығын нығайту, әрі  оның  мәдениетін және білім  деңгейін жоғарылатуды үйлестірген  қызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық,  интеллектуалдық  және эмоционалдық күшін қалпына келтіру)  ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады [4, 79-93 б.].

   Туризм анықтамасының екінші тобы – оны халық  миграциясының бір түрі ретінде қарастырады,  қозғалу актісімен, саяхатпен,  кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.

Анықтаманың үшінші тобы –туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде  сипаттайды,  оның түрлері қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін   ашады.

Статистикада  туризм, мекен-жайды немесе жұмысты  ауыстырумен байланысты емес, халық  миграциясының  бір формасы ретінде  қарастырылады. Туризм басында адамдардың өз тұрақты мекен – жайынан  басқа жерде  қозғалысы және уақытша  болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл  ұғымның  мазмұны мен мәні  өзгеріске  ұшырады және  толықтырулар енгізілді.  БҰҰ 1954 жылы қабылданған  анықтамасы  бойынша,  туризм  - бұл денсаулықты  нығайтуға,  адамның денесін шынықтыруға  әсер ететін, тұрақты мекен –  жайдан тыс жерлерге  барумен  байланысты  активті демалыс.

Бұл ұғымның  кең сипаттамасын ХХ ғасырда  Монте-Карлодағы туризм Академиясы  берді: туризм – адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу мақсатында, бос уақытта  танымдық қызығушылығын қанағаттандыру  үшін  немесе кәсіби – іскерлік мақсатта  уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен байланысты емес жалпы түсінік.

1993 жылы БҰҰ  Статистика комиссиясы Бүкіләлемдік  Туристік Ұйым (БТҰ) мақұлдаған  анықтама  қабылдады. Соған сәйкес  туризм бір жылдан  аспайтын  мерзімде,  дем алу, іскерлік  және басқа да мақсаттарда,  тұрғылықты  ортадан тыс жатқан  жерлерде саяхаттаушы адамдардың  қызметін қамтиды.

Осы анықтамаға сәйкес туризмге тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:

  • тұрғылықты ортадан тысқары шығу:
  • қозғалудың уақытша сипаты;
  • сапардың мақсаттылығы;

Тұрғылықты  ортадан тысқары шығу – туризмнің  маңызды сипаттамасы. Белгілі бір  жеке  тұлғаның тұрғылықты ортасына,  оның өмір сүретін мекен – жайы және ол жиі баратын белгілі бір  аудан жатады.

БТҰ ұсынысы  бойынша тұрғылықты орта параметрі  екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге  бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі баратын орындар,  арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта элементіне жатады. Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші  мемлекетте қызмет  атқаруы,  олар турист қатарына  жатқызылмайды.

Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен-жайға қашық орналасқан орындар, оған бару жиілігіне  қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.

Сапар мақсаты  туризмге жататын қызметтер түрін  дәл анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған жерінде  ақылы қызмет  атқару  мақсат  болмауы тиіс. Сапар мақсаты,  оның себебіне жатады. Адамның мінез  – құлық әрекеті себепті болады. Туристік себеп адамның қажеттіліктерін  анықтайды.

   Қазақстандағы туризмнiң тарихи алғышарттары бiздiң д.д. үшiншi мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жiбек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Туризм тарихына жүгінсек, адам еңбегінің үш кезеңге  бөлінуі (мал шаруашылығын, егін шаруашылығының бөлінуі; қолөнердің мал және егін шаруашылығынан бөлінуі; ой еңбегінің дене еңбегінен  бөлінуі) ұйымдасқан  саяхаттың Ежелгі әлем туралы мәліметтердің жинақталуы мен жүйеленуі (Египее); оны керуен және өзен арқылы ұйымдастырылуы мен  қолдауы (Вавилон); бос территориряларды іздеп игеру, теңізде жүзуге оқыту  мен үйрету (Финикия) қолөнерді жасау, сату, олимпиядалық ойындарды өткізу (Греция) сияқты шаралар әлем тарихында  ұйымдастырылған саяхат мазмұнын құрайды.

Орта ғасыр  тарихында ұйымдастырылған саяхатты ынталандыру үшін: батыс және шығыспен сауданы кеңейтуде – «Ұлы Жібек  жолын» пайдалану, сыртқы қарым-қатынас  мекемесін құру (Византия); Мекке  мен Мадинаға қажылық жасау (Арабия); мектептер мен жоғары оқу орындарының  ашылуы, ірі монастырьларға, өзен өткелінде  қорғандарда теңіз жолдардың  түйіскен  жерлеріне қалалар салу, күшті  флот  құру ( Франция, Германия, Италия) сауда-саттықтың қалыптасуына жағдай туғызды.

Жаңа ғасырда  туризм индустриясының қалыптасуына машинақұрылысының  дамуы, тауар  өтімінің  нарығын  құру (Англия); тауарлар   алмасуы, жаңа  жерлерге  қоныстандыру, су  және  теміржол  транспортының   дамуы (АҚШ); бірыңғай  ұлттық  нарықты  қалыптастыру, адам  мен  азамат  құқығының   декларациясы, өнеркәсіп  пен  сауда дамуы  үшін   кедергілерді   жою (Франция)  бұл саланың дамуына  себепші болды.

Ежелгі  әлемнің  тарихында  қазіргі   Қазақстан  территориясы  бойынша  ұйымдастырылған  саяхат  пен  туризм   дамуының   бірінші  кезеңі  (б.э.д.ІІІ мыңжылдық  –XV ғасыр)  қалыптасуының  басы  б.э.д. ІІІ мыңжылдыққа  жататын  Ұлы  Жібек  жолының  бойында  орналасқан  жергілікті  туристік   нысандармен   байланыстар  жүйелі іске  қосылды. Бұл  кезеңнің  өзі  екі  кезеңге  бөлінеді:

1) ҰЖЖ дамуының  монғол  шапқыншылығына   дейінгі   кезеңі (б.э.д. ІІІ мыңжылдық –XІІІ  ғасыр);

2) ҰЖЖ дамуындағы  монғол –Темірлан   кезеңі (XІІІ  –XV ғасыр). Бірінші  кезеңде   Қытай, Орталық  Азия, Шығыс,  Батыс  Еуропа  мен  Африканы  жалғастыратын   транспорттық   сауда мәдени    жүйесінің   қалыптасуымен байланысты.

    Қазақстан  территориясындағы   ең  бірінші  туристік  нысан  түрік  тайпаларының  жаулап  алуымен  және  миграциясымен  байланысты. VIXIV ғғ. Ұлы Жібек жолының   солтүстік –түркі  тайпаларының  жол торабы   көрсетілген кезеңде   саяхат  тек қана  сауда мақсатында  ғана  жасалған жоқ, сонымен қоса  қажылық, емдік және  білім алу мақсатымен  жасалды деп айтуға  жеткілікті  дәлелдер  бар.

Екінші   кезең  ҰЖЖ   арқылы  адамдар  мен  тауарларды  ыңғайлы  және  қауіпсіз  түрде  ауыстыру  үшін  инфрақұрылымның   жасалуымен (жолдардың, көпірлердің, орман  қорғау  алқабының, саяхатшыларды  орналастыру  мен  тамақтандыру  құралы керуен  сарайдың  құрылысы; сауда –қолөнер  орталықтары); ҰЖЖ керуендердің  күзетін  ұйымдастыру; Түркістан  қаласында  діни  құрылыстардың  тұрғызылумен (Хожа  Ахмет Яссауи  мавзолейі) сипатталады.

   Қазіргі Қазақстан территориясында  монғол-татар  кезеңі  кезінде  кең  иеліктер демалыс  пен  түнейтін  жерге  мұқтаж  хан  шабармандары   арқылы  іске  асырылған  жауланған  жерлермен  жақсы  байланысты  қажет  етті. Монғолдар  халықаралық сауданы дінге  айналдырды. Монғол  ақсүйектері, хандары, шетелдік  көпестер орасан  зор  жол  құрылысын  жүргізді, өзенде  тұрақты өткелдер  ұйымдастырылды, шатқалдарда  көпірлер  салынды, жартастарда  өтетін  жерге белгілер  қойылды, жол  жиектеріне   ағаштар  отырғызылды, әр  30-40 км сайын бекеттер  салынды, азық –түлік  қорынан, кезекші арба, салт  және  теңдеп  жүк артылған  жануарлардан  басқа жердің  барлығына әрқашанда  20-дан 1000-ға  дейін қаруланған бөлімдер орналасты. Сауда қолөнер  орталықтары  тез  салынды.

   Ұйымдастырылған  саяхаттың  дамуының  Ұлы  Жібек жолындағы  қазақстандық  жердің  құлдырауы  бақыланған  XV ғасырдан  1731 жылға  дейінгі  кезеңді екінші кезең  деп  атауға  болады. Бұл  уақытта  қазіргі  Қазақстан  және  шетел  территориясы  бойынша  көпестердің (олармен  бірге  басқа  туристердің) аракідік  саяхаты  іске  асырылды. Меккеге, Мадинаға, Түркістанға   қажылық   саяхаты  және  киелі  орындарға  зиярат еткендігі  туралы  мәліметтердің  жинақталуы  жайлы  айтуға болады.

  Ұйымдастырылған  саяхат  пен туризмнің  дамуының  Қазақстанның  Ресей  империясының  құрамына  кіру  кезеңін –1731 жылдан  1917 жылға   дейін жалғасуын үшінші  кезеңге  жатқызуға  болады.

   Ұлы  Жібек  жолының  Қазақстан  бөлігінде  ерекше  орынды  Түркістан  қаласы  алады. Қалаға  келген  туристерге, оларды  орналастыруға  және  бос  уақыттарын  тиімді  өткізуін  ұйымдастыруға  жағдайлар  бар.Туристік нысандарға жататын келесі қалашықтарды Шойтөбе (ІV–XІІғғ.), Оранғай (ХІІІ-ХҮІІІ ғ.ғ.), Қазқорған–Қазтөбе  (І–V ғғ.), Балақорған (XІ –XІІ – XV–XVІІІғғ.), Шоқтас (І–ІІғғ.), Қарашық (VІІІ–XІІІ ғғ.) қалашықтарын атауға болады.

   Ірі қалалардың тарихи ескерткіштерінің  сақталуын  және  оларды  тиімді  қолдануын, дүние  жүзі  халықтары  арасында  тарихи  құндылықтарды  насихаттау  арқылы  кеңінен  танымал  ету. Қала  және  қала  аумағындағы  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға, туған  өлкесіне  деген  сүйіспеншілікті  арттыруға  және  патриоттық  сезімге  тәрбиелеуге  ықпалын  тигізеді. Бағдарламада  көзделген  туризмді  дамыту  жөніндегі  іс –шараларды  жүзеге  асыру  қызметі  ішкі  және  сырқы  туризмнің  дамуына  бағытталған  туристік  бизнестегі  субъектілер  санын  айтарлықтай  көбейтуге  мүмкіндік  береді. Сондықтан, қаланың  туристік  бағытта  жұмыс  жасайтын  фирмалар  мен  кәсіпорындарға  қолдау  көрсету  арқылы  қазіргі  заманға  сай  туризм  инфрақұрылымының  дамуына  мүмкіндік  туғызады.

   Қазақстан тәуелсiздiк алғанға дейiн туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелдi. Туристiк қызметтегi КСРО-ның негiзгi аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңiрi, Ресейдiң, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бiрге, Қазақстанның бiрқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткiштерi мен табиғи көрнектi жерлерiнiң тарихи мәнiне іс жүзiнде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестiк кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметтi атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесi элементтерiнiң бiрi болып саналды және оның басым рөлiне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулi экономикалық маңызға ие болмады.

Информация о работе Международный туризм