Международный туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 07:52, диссертация

Краткое описание

Халықаралық туризм бүгінгі күні қарапайым қоғамдық құбылыстан, әлемдік экономикалық тізбектің ажырамас бір бөлігіне, әрі қарқынды дамып келе жатқан негізгі бір саласына айналды. Өзінің тез дамыу мен өсімі жағынан мамандар оны қазіргі ұрпақтың экономикалық феномені атауын берді. Статистика бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір мен 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................7
1. Халықаралық туризмнің негізгі теориялық ерекшелiктері
1.1 Халықаралық туризмнің пайда болу тарихы және даму кезеңдерi................11
1.2Туристік қызмет көрсету нарығының өзіндік ерекшеліктері және оның әлем экономикасының дамуына әсері..............................................................................28
1.3 Халықаралық туризмді реттеудегі халықаралық туристік ұйымдардың рөлі..............................................................................................................................43
2. Халықаралық туризмнің қазiргi кезеңдегi негiзгi тенденциялары және дамуының перспективасы
2.1 Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде......................53
2.2 Орталық Азия елдерiнiң аймақтық халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастық және әрiптестiк..............................................................................67
2.3 Туризмдағы жаһандану және оның Қазақстан Республикасының экономикасына зардабы...........................................................................................59
3. Орталық Азия елдерiнiң экономикасындағы халықаралық туризмнің дамуына салыстырмалы талдау
3.1 Орталық Азия елдерiндегi халықаралық туризмнің мiнездемесi: негiзгi мәселелері және перспективасы.............................................................................80
3.2 ҚР-дағы халықаралық туризмнің дамытуын шетел тәжiрибесiнiң қолдануының мүмкiндiгi..........................................................................................87
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…….95
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ….....................………….....…99
ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

магистерская работа Рамазан Г.Б..docx

— 291.46 Кб (Скачать документ)

 

Бұдан басқа, туристік бизнесті тиімді дамыту үшін стратегиялық жоспарлаудың,   өлшеудің және үнемі өзгермелі нарықтық жағдайында олардың өзгермелі сыртқы орта жағдайына  бейімделуінің әлеуметтік мүмкіндіктері  қаншалықты толық ескерілуіне байланысты туристік ұйымдар (фирмалар) тиімділігін  бақылаудың бірыңғай қағидаттары мен  тәсілдерін жасау қажет.

 

 

 

Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік  туристік қауымдастықта өз орнын  табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы саланы  ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек.

Айтылған  мәселелерді қорыта келе, туристік қызметтерді ұйымдастыру мен  реттеу жағдайларын, туризмнің экономикалық дамудағы құндылығын, кемшіліктерін  және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін кешенді шолу, отандық  туризмді дамытудың талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік беретіндігін атап өтуге болады.

Сапалы туристік қызметтерді ұйымдастыру мен  туризм саласын реттеу мақсатында мемлекет деңгейінде атқарылып жатқан іс-шаралар 2007-2011 жылдарға арналған туризм саласын дамыту бағдарламасында қарастырылған. Қазақстанда 2008 жылдың өзінде сыртқы туризм 2 есеге өссе, ішкі туризм 2005 жылмен салыстырғанда 19 пайызға артып, жалпы түсімі 6,5 млрд теңгеге жеткен.

Туризмді  реттеу бағытында да біраз іс-шаралар  жүзеге асырылды. Мысалы, 2001 жылдың 13 маусымында № 211-11 Қазақстан Республикасының  «Қазақстан республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы шықты.

Бұл Заңға  қазіргі уақытқа дейін біраз  өзгертулер мен толықтырулар енгізілді (кесте 5).

Қазақстанда әзірге дейін туризмнің толық  жүйесі жоқ. Сондықтан да, туристерді барлық керекті жабдықтармен, жарнамамен, сауда қызметімен, көлікпен, қонақ  үйлерге орналастырумен, тамақтандырумен  қамтамасыз етумен байланысты сұрақтар өз шешімін таппай отыр [15, 70 б.].   

Туризмнің дамуының жеткіліксіздігінің тағы бір  себебі – туризмді дамытуға қажетті  факторлардың ғылыми негіздемелерінің жоқтығы. Біліктілігі жоғары мамандарсыз  туризм саласын дамыту мүмкін емес.

 

Кесте 5 - Қазақстан  Республикасының «Қазақстан республикасындағы  туристік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар

 

Заңның аталуы

Өзгертулер мен толықтырулар мерзімі

Номері

1

Қазақстан респуб-ликасындағы туристік қызмет туралы

22 ақпан 2002 ж.

296-II

4 желтоқсан 2003 ж.

503-II

20 желтоқсан 2004 ж.

13-III

31 қаңтар 2006 ж.

125-III

12 қаңтар 2007 ж.

222-II

21 шілде 2007 ж.

307-II

5 шілде 2008 ж.

59-IV


 

Туризм  саласындағы фирмалар елге ұлттық табыс  ретінде валюталық ресурстарды  тартатын болғандықтан, оларға белгілі  бір жеңілдіктер қарастырылуы тиіс.

Қазақстан жерінің  таңғажайып табиғаты кез келген саяхатшының  көзін қызықтырады. Қазіргі міндет барды ұқсатып, көрікті мекендердің  сұлулығын жарнамалау арқылы туризмнің  қазақстандық брендін қалыптастыру. Сонымен қатар, көрсетіліп отырған бар туристік қызметтер түрлерін сақтай отырып, ішкі туризмді дамыту.

Халықаралық туристiк рынок бүгiнгi күнi миллиардтаған  айналымы және қатаң бәсекелестiкте  орасан зор механизмдi бiлдiредi, сондықтан, бiрiншi кезекте мiндет Қазақстанға  ғана тән ерекшелiгi бар және сұраныс  болатын туристiк өнiмдi (бұдан  әрi - турөнiм) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерiнде  қазақстандық турөнiмнiң жарқын болашағы бар екенi көрiнетiн болады.

ДТҰ-ның ұсынымдарын  ескере отырып жүргiзiлген талдау мен  қазiргi тәжiрибенiң негiзiнде, қазақстандық турөнiмнiң екi базалық құрамдас бөлiгiн  баса көрсетуге болады: Жiбек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету  және дәстүрлi) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл  ретте экооқиғалы туризм үшiн Жiбек  жолы бағытымен өтетiн ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк  Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.

Көрсетiлген басымдықтарға сәйкес бiрiншi кезекте  игерiлетiн мынадай аудандар мен  тiрек орталықтары анықталды:

1. Іле (Алматы  қ., Түрген с., Есiк қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с., Қапшағай  қ.).

2. Солтүстiк  Тянь-Шань (Кеген с., Нарынқол с., Жалаңаш  с., Шонжы с., Көлжат с.).

3. Жаркент-Талдықорған  (Жаркент қ., Көктал с., Басши с., Текелi қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан  курорты).

4. Балқаш (Балқаш көлi, Балқаш өңiрi с.).

5. Солтүстiк  Жоңғар (Достық с., Алакөл көлiнiң  маңы, Лепсi с., Лепсi өзенiнің маңы, Жарбұлақ  с., Көктұма с., Сарқант қ., Арасан-Қапал  курорты).

6. Жамбыл (Тараз қ., Мерке с., Мойынқұм ауданы);

7. Түркiстан (Түркiстан қ., Тұрбат с., Отырар  с., Шәуiлдiр с., Баба-ата с., Кентау  қ., Шаян с.).

8. Сайрам-Шымкент  (Шымкент қ., Сайрам с., Арыс қ., Шардара қ., Сарыағаш қ., Ленгер  қ., Ванновка с.).

9. Жоғары  Бұқтырма (Қатон-Қарағай с., Берiл  с., Рахманов бұлақтары курорты,  Марқакөл көлiнiң маңы).

10. Маңғыстау (Фетисово с., Ақтау қ., Ералиев-Құрық а.п.).

Бұдан басқа, басымдықты игеру объектiлерiне жатқызуға  болатын қазiргi және құрылу жоспарланған мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерi (МҰТП): "Іле Алатауы" МҰТП, "Алтын  емел" МҰТП (Алматы облысы), "Ақсу-Жабағылы" МҰТП (Оңтүстiк Қазақстан облысы), "Баянауыл" МҰТП (Павлодар) облысы, "Қарқаралы" МҰТП (Қарағанды облысы), Щучье-Бурабай курортты аймағы базасындағы "Бурабай" және "Көкшетау" МҰТП, "Қорғалжын" мемлекеттiк табиғат  паркi (Ақмола облысы) ландшафтарының көрiктілiгi, қол жеткiзiлуi, аумағының игерiлуi туризмдi ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының  жоғары деңгейiмен сипатталады.

Орталық Азия аймағындағы туризмнiң ерекшелiгiн  ескеру қажет. Жiбек жолы және оқиғалы  туризм сегменттерiнде шетелдiк туристердiң  негiзгi ағыны барлық көрсетілген  аймақтың iшiнде: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр  автономиялық округi (ҚХР), Қырғызстан, Өзбекстан, Түркiменстанның шегiндегi ұдайы  қозғалысына бағытталған.

Сөйтiп, қазақстандық өнiм тек қана кешендi орталық  азия турөнiмiнiң құрамында тиімдi ұсынылуы мүмкiн, бұдан мынадай қорытынды  шығады:

1. Турөнімнiң  институционалдық элементтерi үкiметаралық  деңгейде келiсiлуi тиiс.

2. Қазақстандық  турөнiм бiздiң аймақтағы көршiлерiмiздiң  турөнiмдерiнен (ең болмағанда  баға/сапа қатынасында) кем түспеуi тиiс.

Қазақстандық  туристiк өнiмнiң ерекше белгiсi оның сипатының маусымдығы болып табылады, бұл маусымнан басқа кезде  нақты шаралар қабылдауды және туризмнiң  баламалы түрлерiн дамытуды талап  етедi.

Жоғарыда  көрсетiлген сегменттерге сәйкес инфрақұрылымның  белгiлi бiр талаптары бар. Ол қарапайым, салыстырмалы түрде қымбат та, үлкен  де емес (25-100 орын шегiнде) экологиялық  таза жерлердегi бiр орында клиенттер 2-3 күн болуға есептелген туристiк  бағыттарда орналастырылған объектiлер  болуы тиiс.

Қазақстанның  бизнес-туризм сегментiнде белгiлi бiр  болашағы бар. Бұл - ең алдымен Алматы, Астана, Атырау қалалары. Геосаяси жағдай мен табиғи шикiзат-ресурстары Қазақстанға  бизнес және халықаралық конвенцияларға қатысу мәселелерi бойынша келушiлер  бизнес туристер санын көбейтедi деген  болжам жасауға мүмкiндiк бередi. Жоғарыда көрсетiлген орталықтардың  инфрақұрылымы негiзiнен халықаралық стандарттарға сай келедi. Алматы қаласы республика үшiн стратегиялық (әуе, автомобиль, темiр жол) қақпасы болып табылады және негiзгi көшi-қон осы қала арқылы өтедi. Әртүрлi жиындар өткiзуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ үйлерiнен басқа, қалада ойын-сауық құру үшiн барлық жағдай жасалған, сонымен қатар қала маңындағы радиусы 500 км жердегi аумақта тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Астана қаласы осындай стратегиялық аймақ болып келедi. Бiздiң мемлекетiмiздiң жас ел ордасы ретiнде өзiндiк келбетi мен инфрақұрылымы бар қалаға деген қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық және iшкi туризмдi жылдам дамытуға қызмет ететiн болады [17, 10 б.].   

Турөнiмнiң  маңызды құрамының бiрi көлiк болып  табылады. Туристердi Қазақстанға алып келуде авиа қатынас басты рөл  атқарады. Сондықтан, рынокта ұлттық авиа тасымалдаушының жағдаятын  күшейту және дамыту мейлiнше маңызды  мәселе болып табылады. Ұлттық авиажелілерде  осындай бағыттағы рейстер ашу  арқылы бәсекелестiк қабiлетi төмендеуiнiң  нәтижесiн бейтараптандыру қажет.

Республика  аумағының кендiгiн ескере отырып, рыноктың көрсетiлген сегменттерiнiң  көпшiлiк бөлiгiн құрайтын жеке туристердiң  автобустар мен поездарда еркiн  қозғалуға ұмтылатынын ескере отырып, сенiмдi автобус қатынасы мен темiр  жол көлiгiнiң мәнi зор.

Туристiк  жағынан дамыған көпшiлiк елдерде  туризмнен түскен жалпы табыстың 30-дан 50-ге дейiнгi пайызын iшкi туристiк  рынок құрайды. Бұл ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен бiр мезгiлде, қазiргi кезде iшкi туризм негiзiнен бейберекет күйде екенiн, ұйымдастырылмағандығын атап өткен жөн. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар  ғана жұмыс істеуде. Туризмнің осы  түрiн дамытуға тиiстi көңiл бөлiнбей отырғандықтан, мемлекеттiң бюджетi қыруар соманы ала алмайды, инфрақұрылымның  бұзылуы жалғасуда, табиғи, мәдени және тарихи ескерткiштердiң экологиялық  жай-күйіне орасан зор нұқсан келтiрiлуде.

Демалу құқығын  пайдалануда халықтың аз қамтылған  бөлiгi ретiнде әлеуметтiк көмек  көрсетiлетiн оқушыларға, жастарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, соғыс  және еңбек ардагерлерiне және өзге әлеуметтiк көмекке мұқтаж азаматтарға  саяхат жасау үшiн жағдай жасау  мақсатында мемлекет, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес қорлардан, басқа  да қайырымдылық ұйымдары мен қорлар әлеуметтiк көмек көрсететiн бюджеттен  тыс қаржыландыру көздерiнен қаражат  бөлу арқылы әлеуметтiк туризмдi дамытудың  экономикалық әлеуетi зор.

Бұл ретте, әлемдегi демалыс түрлерi мен туризм өндiрiсiн  пайдаланушылардың неғұрлым қарасы көп тобын құрайтын мүгедектер мен  қарттардың, сондай-ақ осы бiр кеңейiп  келе жатқан туризм индустриясы рыногының  бiр бөлiгiне айналған балалы отбасылардың көптеген қонақ үйлерге, көлiк құралдарына  және туристiк көрiкті жерлерге қолы жете бермейдi. Сөйтiп, туристiк ресурстарға  қол жеткiзу туризмдi дамытудағы неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Көптеген туроператорлар туристiк ресурстар  мен қызмет көрсетулерге қол жеткiзу туристер санын көбейтуге мүмкiндiк  беретiнiн бiле отырып, осыған қатысты шаралар қабылдау қажеттiлiгінiң мәнiн әзiрге түсiнген жоқ. Сондықтан, туристiк қорларға қол жеткiзудiң стратегиясы мен саясатын жiті әзiрлеу, туризм өндiрiсi қызметшiлерiнiң арнайы даярлық деңгейiн көтеру, мүгедек туристер талабы мен сұранысы туралы және әлеуметтiк-экономикалық дамудағы туризмнiң алатын маңызы жайында жұртшылықтың хабардар болуын арттыру қажет [18, 103 б.].   

Мемлекеттiк  және жергілiкті басқару органдары  шағын бизнес кәсіпорындарына, оның iшiнде әлеуметтiк туризм саласындағы  қызметтi жүзеге асыратын кәсіпорындарға қолдау көрсету тәжiрибесiн жалғастыруы  тиiс. Әлеуметтiк туризмге қатысты  қайырымдылық, жебеушiлiк және демеушiлiк  көтермеленуi тиiс.

Әлеуметтiк  туризмдi, оның ішінде өлкетану, спорттық, жеке, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, экологиялық туризмдi, отбасылық  туризмдi, қарттарға және мүгедектерге арналған туризмдi, жастар және балалар  мен жасөспiрiмдер туризмiн дамытудың  тәрбиелiк және патриоттық маңызы зор.

Осы мәселелердiң  барлығын шешуде турөнiмдi қалыптастырудың  институционалдық элементтерiнiң бiрiншi дәрежелi рөлi бар.

"Қазақстан"  деген фирмалық атауы бар турөнiмдi жылжыту, оның барлық компоненттерiн  нақты анықтауды және рынок  сегментiндегi орналасуын ғана емес, оны өткiзудiң барынша тиiмдi арналарын  iздестiру, мақсатты рыноктарды (мысалы, Англия, Германия, Жапония және т.б  рыноктарды) iздестiрудi талап етедi.

Туризм Қазақстан  экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың  пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны  төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс  орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы  жылдары туризм әлемдегі ең табысты  бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық  байланыста және валюталық түсім  көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа  да салаларға тигізетін әсері  мол, оның 32 салаға жанама ықпалы бар(турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл  дегеніміз - әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.

Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін  валюталық түсімі, орта және шағын  бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың  экономикасының дамуына ықпалы өте  зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы  шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді [19, 60 б.].   

Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын  әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің  жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:

  • кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;
  • туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;
  • сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;
  • аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;
  • алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы;
  • халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы;
  • қызмет көрсету секторының өсуі;
  • елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.

Информация о работе Международный туризм