Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 07:52, диссертация
Халықаралық туризм бүгінгі күні қарапайым қоғамдық құбылыстан, әлемдік экономикалық тізбектің ажырамас бір бөлігіне, әрі қарқынды дамып келе жатқан негізгі бір саласына айналды. Өзінің тез дамыу мен өсімі жағынан мамандар оны қазіргі ұрпақтың экономикалық феномені атауын берді. Статистика бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір мен 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.
КІРІСПЕ........................................................................................................................7
1. Халықаралық туризмнің негізгі теориялық ерекшелiктері
1.1 Халықаралық туризмнің пайда болу тарихы және даму кезеңдерi................11
1.2Туристік қызмет көрсету нарығының өзіндік ерекшеліктері және оның әлем экономикасының дамуына әсері..............................................................................28
1.3 Халықаралық туризмді реттеудегі халықаралық туристік ұйымдардың рөлі..............................................................................................................................43
2. Халықаралық туризмнің қазiргi кезеңдегi негiзгi тенденциялары және дамуының перспективасы
2.1 Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде......................53
2.2 Орталық Азия елдерiнiң аймақтық халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастық және әрiптестiк..............................................................................67
2.3 Туризмдағы жаһандану және оның Қазақстан Республикасының экономикасына зардабы...........................................................................................59
3. Орталық Азия елдерiнiң экономикасындағы халықаралық туризмнің дамуына салыстырмалы талдау
3.1 Орталық Азия елдерiндегi халықаралық туризмнің мiнездемесi: негiзгi мәселелері және перспективасы.............................................................................80
3.2 ҚР-дағы халықаралық туризмнің дамытуын шетел тәжiрибесiнiң қолдануының мүмкiндiгi..........................................................................................87
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…….95
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ….....................………….....…99
ҚОСЫМША
Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған . Туризмнің дамыған аймақтары – Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары , сондай-ақ Алматы және Астана қалалары . Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды . Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Польша және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.
Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.
Теміржол көлігі «Қазақстан Теміржолы» 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді.
Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің қабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.
Қазақстан туризмнің дамуына түрткі болған Президенттің бұл салаға басымды сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан Қазақстан туризмінің және елдің бет-бейнесін жасауға ( 2000-2003) байланысты шаралар болды.
2001 жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26млн. теңге бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жұлдызды орта, шағын мейманхана салуға мүмкіндігі бар.
Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары. Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт, урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады.
Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі
қазіргі кезде туризмнің
Туризмнің дамуын тежейтін факторлар 3 суретте көрсетілген.
Бірқатар кедергілерден соң Қазақстан үлкен туристік биржаларға қатысты. Берлин, Лондон, Мәскеу қалаларында. Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе алатын және рентабельді туризм индустриясын дамытуға толық мүмкіншілігі бар .
Оған ықпал ететіндер:
Сурет 3- Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар.
Туризмнің даму
барысына Қазақстанның 1993 жылы ӘТҰ- на
кіруінің маңызы зор болды. Елімізде
туризмнің дамуына көңіл
Қазақстандағы
туризмнің тарихи алғы шарттары біздің
д.д .үшінші мың жылдықта қалыптаса
бастаған Ұлы Жібек жолының
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқада экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО – ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен, бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени- ағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.
Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемелекттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.
Қазақстан аумағында
туризмнің барлық түрін дамытуға
мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші
мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек
жолының пайда болуы мен дамуы
тарихи негіз болып табылады. Табиғи
климаттық жағдайларына байланысты,
Қазақстан рекреациялық ресурстарға,
ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай
және қазақ даласында ата-бабамыздан
келе жатқан баға жетпес құнды мәдени
мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік-
Қазақстан аумағында
атақты "Байқоңыр" космодромы болғандықтан
шетелдің ғарыштық мүмкіндіктерінен еш
кем түспейді. Аталған туризм түріне
дұрыс қарап, дамуына жағдай жасаса,
Қазақстан өз байлығын көбейтіп, түскен
пайданы экологиялық
Қазақстан тәуелсіздік
алғанға дейін, туризм басқа да экономикалық
салалар секілді жоғарыдан
Қазақстанда туризм индустриясының дұрыс дамымауының бір себебі, онымен мемлекеттік дәрежеде, экономиканың бір саласы ретінде мақсатты түрде ешкім де айналыспады. Туризмді кешенді болжауға, ұзақ уақытты жобалауға, аумақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға жете көңіл бөлінбеді. Саланың дамуының тежелуіне себеп болған жағдайдың бірі, жергілікті органдардың туристік қызметі, одан түскен қаржының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетініне сенбеуі.
3
Орталық Азия елдерiнiң
3.1 Орталық Азия елдерiндегi халықаралық туризмның мiнездемесi: негiзгi мәселелер және перспективасы
Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымының (ДТҰ) бағалауы бойынша туристердiң ағыны 3 есе артады және 2020 жылы 15 миллиардқа жетедi. Тоқтаусыз жылдамдық және әлемдегi туристiк өнiм өсiмiнiң көлемi бiрегей және нәзiк мәдени орындарға, инфрақұрылымға, жергiлiктi ресурстарға және қоршаған ортаға күштi әсер етуге алып келедi. Туристiк өнiмдi ұзақ мерзiмдi көру, жоспарлау және бақыланатын дамыту жергiлiктi қауымдастықтарға туризмнен экономикалық пайданы әкелу кедейлiктi қысқарту және қоршаған ортаны қорғау үшiн қажеттi.
Жiбек жолы
өңiрiнiң магниттiк тартуы әсiресе,
соңғы он жылдықта әлемде жыл сайын
15% өсетiн мәдени туризмдi дамытуға сай
келедi. Тарихи орындар мен дәстүрлi өнер
мен кәсiпшiлiк бай әртараптандырылған
туристiк өнiмдi ұсынады. Алайда бұл мүмкiндiктермен
қатар қауiптi де көздейдi. Елдiң қаржылық
және әлеуметтiк прогресiне үлес қосып
тұрақты болуы үшiн табиғатты сақтау және
туризм бiр-бiрiн өзара толықтыруы тиiс.
мемлекеттiк және жеке секторлар осыған
қол жеткiзу үшiн жергiлiктi қауымдастықтармен
бiрлесiп жұмыс iстеуi тиiс. ДТҰ экономикалық
даму арасындағы балансқа қол жеткiзудiң
төрт қағидатын пайдаланады: мәдени туризм
саясаты мұраны сақтауды көздеген қызметпен
байланысты болуы тиiс; мұраны сақтау басым
келедi; жеке және мемлекеттiк секторлар
арасындағы серiктестiк (ЖМСС) жергiлiктi
қауымдастықтар одан пайда алу үшiн жоғары
технологиялық машықтарды беру және туризмдi
оқыту мақсатында нығайтылады; азаматтық
қоғамның жағынан мәдени туризмге мүдделiлiктiң
болуы қажет.
Жiбек Жолы елдерi өз өнiмiн ұзақ мерзiмде
әртараптандыра алуы қажет. Жiбек Жолы
өңiрi экотуризмдi дамыту үшiн өңiр ретiнде
елеулi әлеуетке ие. Шағын кәсiпорындар
экотуризм секторының негiзiн құрайды,
бұл ретте көптеген экотуризм операторлары
шағын топтарға немесе жекелеген тұлғаларға
арнайы қызметтер көрсетедi. Экотуризм
қоршаған ортаны сақтау, қоғамның қатысты,
өзгерту, оқыту және басқару арқылы экологиялық
және әлеуметтiк тұрақтылықты күшейтедi.
Ұлттық зерттеу немесе ғылыми институттар,
халықаралық серiктестер немесе жергiлiктi
қауымдас туристiк жобалар секiлдi басқа
да серiктестермен ынтымақтастық ақпарат
және өнiм сапасы деңгейiн арттыруға көмектеседi.
Жақсы зерделеген және басқарылатын маркетинг
арқылы экономикалық тұрақтылық экотуризмнiң
негiзгi бөлiгi болып табылады. Көптеген
оңды әрекеттер етілдi, бiрақ кейбiр елдерде
әлi күнге дейiн туризмдi шектейтiн мемлекеттiк
реттеу бар.
Қазақстандағы туризмге шығындар 2011 жылы 621 миллион АҚШ долларға жеттi, бұл 2010 жылғы жалпы шығыстармен салыстырғанда 50% өсiм құрады. Шығыс Азия мен Тынық мұхит өңiрiнен туристердiң келуi 2010 жылға қарағанда 23% өстi. Қытайлық туристердiң саны 17%-ға өстi. Қазақстан 2010 жылы "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы заң" қабылдады. Заң экотуризмдi дамытудың үшiн нормативтiк-құқықтық негiзiн салды және лицензиялау жүйесiн қабылдады. Сертификаттау жүйесi әзiрленген. Туризм саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстанның Индустрия және сауда министрлiгi, сондай-ақ жергiлiктi уәкiлеттi аумақтың органдар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанында Yйлестiру Кеңес жұмыс iстеуде.
Қырғызстандағы туризм жыл сайын 10-15% өседi. Туризмнен түсiмдер 2010 жылға қарағанда төрт есе өскен және 2011 жылы тұтастай 36 миллион АҚШ доллар құрады. Туристердiң көбiсi Еуропадан келедi (туристердiң бүкiл рыногынан 63%), ал Қытайдан Қырғызстанға туризм 2010-2011 жж. арасында бүкiл рыноктық үлестен 5%-н құрап, 43%-ға өстi. Алайда инфрақұрылым нашар дамыған және шетелдiк инвесторлар үшiн инвестициялық ахуал салыстырмалы тартымды болса да, осы секторды дамытудың жеткiлiктi сипатына байланысты туризм секторына инвестициялар баяу болды. Қырғызстандағы жауапты экотуризмдi дамытуға қолайлы жағдай туғызатын ережелер жоқ.
Тәжiкстандағы туризм жаңа ғана жандандыра бастады, бiрақ 2009 жылғы 3.190-дан 2011 жылғы 5.200-ге дейiн тұрақты өсуде. Памир секiлдi табиғатының әсемдiгiмен игерiлмеген өңiрлер шытырман оқиғалы және экотуризмдi дамыту үшiн елеулi әлеуеттi ұсынады, және 2012 жылы халықаралық қонақүйдi ашу жоспары бар.
Өзбекстанның
Бухара, Самарканд және Хива секiлдi тарихи
көрнектi жерлерi Жiбек Жолының көне даңқының
белгiсi болып табылады. Өзбекстандағы
туризмге шығыстар 2009 жылғы 167 миллион
АҚШ доллардан 2011 жылғы 68 миллион АҚШ долларға
дейiн төмендеген кезде өңiрдегi қауiпсiздiк
жағынан қауiпке байланысты ел болашақты
даму үшiн бар әлеуетке ие. Шығыс Азия мен
Тынық мұхит бассейнiнен келетiн туристер
2011 жылы рыноктық үлесiнiң 58,8%-н құрады.
Өзбекстан туристiк қызметтер көрсету
рыногын және туризмдi дамыту үшiн заңнамалық
негiз жасау жөнiндегi жұмыс iстеуде. Мемлекеттiк
компаниялар акционерлiк қоғамдарға, бiрлескен
жеке кәсiпорындарға қайта құрылды. ЕО,
АҚШ елдерi, Жапония үшiн туризм саласы
үшiн рәсiмдер жеңiлдетiлген және шағын
және орта көлемдi қонақ үйлер салуға көмектесу
үшiн туризм секторына ТШИ тарту жолдары
iзденуде.
Болжамдарға сәйкес 2020 жылғы қарай Қытай
жыл сайын 100 миллион туристер тартып басты
туризм елi болады. Демалысқа шетелге баратын
қытайлық туристердiң саны 2010 жылға жалпы
12,13 миллион құрап, 2009 жылғы 1 миллионға
өстi. Осы цифр 2020 жылға қарай 100 миллионға
дейiн өседi. Туризм қытай экономикасының
түпкi мәнi ретiнде қаралады және Дүниежүзiлiк
Саяхат және Туризм жөнiндегi Кеңес (ДСТК)
деректерiне сәйкес туризм секторы 2012
жылы 183,6 миллиард АҚШ доллар құрайтыны
күтiлуде. 2010-2011 жылдары осы секторда жұмыспен
қамтылуының 21,3%-ға өсуi пайда болды, бұл
осы елдегi жұмыспен қамтылудың жалпы
пайызынан 1,9%-н құрайды. уе жолдарының
тұрақты рейстерi бар және Жiбек Жолы бойында
орналасқан әртүрлi елдерге туристiк бағыттар
өткiзу мүмкiндiктерiн арттырып, қытайлық
қалаларды Орталық Азия қалаларымен бiрiктiретiн
жолдар салынуда.
1994 жылғы Самарқанд Декларациясы iс жүзiндегi
тұжырымдаманы дамыту және жылжыту үшiн
бiр ұранмен Жiбек Жолы елдерiн бiрiктiрдi.
Көлiк инфрақұрылымы тұрақты жақсаруда.
Өзбекстанның Самарқанд, Бұхара және Ургенчтегi
әуежайлар халықаралық қуаттылықтарға
ие. Ташкентте, Бiшкекте және Алматыдағы
әуежайлар елеулi жаңарылған. Алайда туризм
экономика және жалпы қоғамды дамытуға
үлес қосу үшiн шешуi тиiс елеулi мәселелер
қалуда.