«ШиКо» ЖШС-де өнімдердің сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 15:11, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдарында «Көпшілік экономиканы «қолмен басқару» қажеттігіне келіп отыр,ал реттеу осы дағдарыстан шығудың аса маңызды ісіне айналуда. Сондықтан да тереңде түбегейлі көзқарас әлемдік қоғамдастықта әлемдік нарықтық экономиканың келесі бұрылыстарында бізді қауіпсіздендіру жолын табуға көмектеседі» делінген. Біз елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өнімдерді ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқалар. Біздін бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар.

Содержание

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.............................................................................
АНЫҚТАМАЛАР.....................................................................................................
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР…................................................….........
КІРІСПЕ..…………………………………………………………………...............
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ............................................................................................
1.1 Стандарттау және өсімдік майларының халық шаруашылығындағы маңызы .....................................................................................................................
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ.....................................................................................................
2.1 ЖШС «ШиКО» кәсiпорынының сипаттамасы...............................................
2.2 Зерттеу әдістемесі..............................................................................................
2.3 Майдың (шикізаттың) технологиялық сапасын бағалау.............................
2.4 “Алтын” және “Иртыш” және “Экстра” маркалы майларының сапасын сараптау нәтижелері ..................................................................
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ..................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................... ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өсімдік майы .doc

— 605.00 Кб (Скачать документ)

Осылайша қазіргі кезде заң формалары мен нормативтік сұрақтар ҚР қабылдаған заң, қойылымдар, актілер қалай негізделсе, түзілмеген КСРО нормативтік құжаттары да қолдануда солай негізделеді.

Қазақстан Республикасының еңбек қорғау туралы заңы еңбек қорғауда жұмысшылар құқығын қамтамасыз етуге осы облыстағы ұлттық саясат принциптерін қамтамасыз ету, олардың негізгісі болып өнеркәсіп өндірісінің нәтижелеріне қатысты жұмысшылар өмірі мен денсаулығы приоритет принципі және жұмыс берушінің толық жауапкершілігі мен еңбек қорғау талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылау болып табылатын мәселелерге бағытталған.

Жалпы санитарлы талаптар.Барлық көрсетілген талаптарды орындау барысында қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығы қамтамасыз етіледі.

Өнеркәсіп алаңының және сыртының ауасын ластауды тоқтататын негізгі шаралар төмендегідей:

− технологиялық, транспорттық және вентиляциялық құрал− жабдықтарын әбден герметизациялау;

− ашық көру люкті, қақпақты  машиналар мен механизмдердің жұмыс істеу жағдайларын жою; 

− құралдарды жүктеу және толтырып тастауды жіберу;

− камералар мен жинақтарда жиналған қалдықтарды уақытында тазалау және шығару.

Микроклимат параметрлерінің оптималы болып адамға ұзақ уақыт және жүйелі түрде әсер ету кезінде терморегуляция реакциясының қысымынсыз ағзаның қалыпты қалыптасуын қамтамасыз ететін жылулық тиімділікті шығарып, еңбек қабілеттілігінің жоғарылауына оң әсер ететін параметрлер жиыны есептеледі.

Өнеркәсіп алаңының микроклиматы. Адамның өнеркәсіптік еңбек іскерлігі, еңбек зоналары белгілі бір метеорологиялық шарттармен және ауа тазалығымен анықталатын артықшылық алаңында іске асады.

Өнеркәсіп орталарының метеорологиялық шарттарын анықтайтын негізгі факторлар болып: температура және ауа ылғалдылығы, оның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәулелену болып табылады.Бұл физикалық факторлар комплексі адам мен қоршаған ортаның жылу алмасуына мәнді әсер етеді.

Жобаланған кәсіпорын 232-293Вт  (200-250 ккал/сағ.) энергия жұмсалатын жүріспен және 10 кг. дейінгі  ауырлықты енгізумен байланысты 2 Б категориясына жатады.

Өнеркәсіп алаңының микроклиматының санитарлы нормалары СН № 40-16  МЕМСТ  121.005-76 ССБТ жұмыс зонасының ауасы.

 

Өнеркәсіптік жарықтандыру

 

Адам өмірінде жарықтандыру маңызды роль атқарады.Құрал- жабдықпен жұмысқа, техникалық процесстерді бақылауға, өте әр түрлі жұмыс түрлерін орындауға арналған жарықты кең қолдану жарықтандырудың белгілі бір шарттарының болуын талап етеді. Өндірісті жарықтандыруда келесідей негізгі талаптар қойылады:

− жарықтандыру жеткілікті және көзбен жасау жұмысының көрсеткішіне сәйкес болу керек;

− жарықтандыру біркелкі, шұғыл көлеңкесіз, объект қарастырғанда объектілер арасында фон айырылып, кейбір контрастылығы болу керек;

− жарықтың шығатын жері жұмысшының көру қабілетін нашарлатпау керек;

− жұмысшылардың жарықтануының беткі деңгейі уақыт аралығында тұрақты болу керек;

− қызмет көрсету кезінде жасанды жарықтандырудың электрожарықтандыру қондырғылары қауіпсіз болу керек.

Жобаланып отырған кәсіпорындарға табиғи және жасанды жарықтандыру қатысады.Табиғи жарық (күн сәулесі энергиясының көрінетін бөліктері) ағзаның тіршілігін реттейді, алаңның керекті және біркелкі жарықтануын туғызуға мүмкіндік береді.

Табиғи жарықтандыру табиғи жарықтандыру коэффициентімен  сипатталады. Табиғи жарық коэффициентінің нормаланған мәндері СНИП 2-4-79“ табиғи және жасанды жарықтандыруды жобалау нормалары“ да келтірілген.

Жасанды жарықтандыру электр көздерінің көмегімен жүзеге асырылады.Жұмыс орындарындағы жарықтандыру СНИП 2-4-79 негізгі нормативтік құжатымен келісіліп нормаланады және объект размерінің түрлілігімен анықталады: заттар неғұрлым аз болса, соғұрлым көру қысымы көп болады да, ел одан күшті жарықтандырылуы керек.

Жұмыс қабаттарындағы жарықтандыруды өлшеу үшін өлшеніп отырған жарықты үздіксіз люксометр деп аталатын люкстерде көрсетіп отыратын арнайы құралдар қолданылады.

Жобаланып отырған кәсіпорындарда жарықтандыруды бақылау жылына екі рет жүргізіліп отырады.

Технологиялық құрал – жабдықтардың қауіпсіздігі.Өнеркәсіптік құрал – жабдықтарды эксплуатациялау кезінде қауіпті факторлардың болу нәтижесінде жарақаттану мүмкіндігі туады.Үнемі тұрақты және үздіксіз түрде бұл факторлардың болуы қауіпті зона деп аталады.

Қауіпті зоналардың өлшемдері тұрақты және өзгермелі бола алады.

Қауіпті факторлардың әсерінен қорғау үшін МЕМСТ 12.4.011-75 ССБТ сәйкес ұжымдық және жекелеген қорғаныс амалдары қолданылады.

Өндірістік құрал – жабдықтар өрт және жарылысқа байланысты қауіпті болмау керек. Ол ылғалдылыққа, күн радиациясына, механикалық тербеліске, жоғарғы және төменгі қысым мен температураға, агрессивті заттарға, микроағзаларға, тағы да басқа заттарға әсер ету нәтижесінде қауіптілік туғызбау керек.

Құрал- жабдықтарды эксплуатациялау қауіпсіздігінің маңызды шарты болып өндірістік алаң өлшемі, галерея мен тунель, құрылыс конструкциясының төменге түсетін минималды биіктігі, өтетін жер ені бөліктеріндегі талаптарды, салалық стандарттарды және техникалық қауіпсіздік ережелерін бақылау жатады.

Техникалық құрал- жабдықтарды орналастыру кезінде технологиялық құрал- жабдықтар зонасының және машина ремонты зонасының өлшемдері ескеріледі. Типтік жобалауға сәйкес құрал- жабдықтарды және жұмыс орындарын белгілеу кезінде келесі арақашықтық нормалары қарастылуы керек:

− құрал- жабдық пен жұмыс зонасы арасы 1-2 м. Кем емес;

− бағаннан құрал- жабдыққа дейін 1 м. Кем емес;

− алаң ішіндегі негізгі өту жолының ені 2 м.;

− басқа да өту жолының ені 0.8 м.;

−  вибрация беретін құралдар бағаннан және қабырғадан 2.5 м. кем емес болу керек.

Өрт қауіпсіздігі. Өнеркәсіптің өрт қауіпсіздігі - өрт жағдайын болдырмайтын өнеркәсіптің жағдайы, ал егер өрт туындаса адамға қауіпті факторлардың әсер етуі қарастырылады.

Өрт қауіпсіздігі қарастырады: мүмкін болғанша жанбайтын және әзер жанатын заттар мен материалдарды қолдану; жанғыш заттардың санын және орналасуын шектеу; жанған ортаны бөлектеу; өрттің ошақ аумағынан таралуын тежеу; өрт сөндіретін құралдарды қолдану адамдарды эвакуациялау.

Кәсіпорындарда жиі шаруашылықта қолданылатын су мен өндірістік  өртке қарсы су құбырын біріктіріп салады, бұл техникалық-экономикалық артықшылыққа ие.

Ғимаратта өрт болған жағдайда эвакуциялық шығыс есіктері қарастырылуы қажет, бұл қауіпсіз және адамдарды құнды материалдарды тез эвакуациялауды қамтамасыз етуі керек. Эвакуациялау жолына дәліз, фойе, баспалдақ жатады.

Алыста орналасқан жұмыс орны мен жақын жердегі эвакуация есігіне дейінгі аралықты ҚР СНиП 202-05-2002 өндірістің категориясына байланысты 30-100 м белгілейді.

Өрт қауіпсіздік құралдары техникалық процестің маңызды сипат өлшемімен негізділеді, бұл ұйымдастыру техникалық структурасында оқтын-оқтын және үздіксіз болып бөлінеді. Соңғысы өрт қауіпсіздігіне жақын келеді, оны жүзеге асыру кезінде процестің уақытта тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оқтын-оқтын қақпақтың ашылуы болмайды, қоршаған ортаны газбен, бумен және өртке қауіпті заттардың шаңымен улау қауіпі болмайды, процестің механикалық және автоматты игеру жеңілдейді.

Техникалық құрылғы жарылғыш және өртке қауіпті болмау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келе, өсімдік майлары-түрлі өсімдіктер дәнінен алынатын табиғи өнімдер. Майлы дақылдарға  тұқымында, дәнінде майдың мөлшері көп болатын дақылдар жатады. Олардан алынған  майлар тамаққа пайдаланылады және өндіріс салаларында да қолданады.Өсімдік майлары таза күйінде  немесе маргарин күйінде қолданылады. Майлы дақылдарының тұқымдарының сапалық көрсеткіштеріне  олардың түсі мен иісі, ылғалдылығы, араласпалардың мөлшері, майдың мөлшері және сапасы жатады.

 Өсімдік майлары негізінен  глицериннің ( глицеридтер), қаныққан және қанықпаған бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлерінен  (95-98 %) түзіледі. Олардан басқа өсімдік майлары құрамында  1-2% май қышқылдары, 0,05-3%  фосфатидтер, 0,3-0,5%  өсімдік стеариндері (фитостериндер), аз мөлшерде пигменттер, 0,5% ке дейін Е витамині болады.

 «ШиКо» ЖШС өндірілетін Алтын,  Иртыш және Экстра маркалы майлардың органолептикалық көрсеткіштері және физика –химиялық кқрсеткіштері стандарт талаптарына сай екенін анықталды. «Алтын» майында майсыз қоспалардың массалық үлесі 0,01 болды калган екі майдан табылмады 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Смагулов А.К  Стандарттау оқулық 2006 ж

2.  Арутюнян Н.С., Аркешева Е.А., Янова Л.И., Камышан м.А., Майды

 өңдеудiң технологиясының Зертханалық практикумы. “Колос” Л.: 1983 ж.

3.Вернер Э.О. Майдың рафинадталған комбинацияланған сызба нұсқасы ғылыми техникалық ақпараттар. Сұйық май өнеркәсібі. М, 1971 ж. 10

4. Васильев Д.С.Күнбағыстың агротехникасы. М. “Колос” 1983 ж. 5.

5. Каминский Н.А. Арутюнян Н.С. Стерлик Б.Я. Золочевский  “Сабынды сiлтiлi ортада өсімдік майы мен жай майды бейтараптандыру” М. 1968 ж.

6. Ключкин В.В. “Өсімдік майын алудағы технологиялық үрдiстердiң қарқындылығы және оларды тазалау және өңдеу”.  М. 1988 ж.

7. Кошевой Е.П. “Өсімдік майын шығаруға арналған құрал-жабдықтар”

8. Копейковский В.Н. Данильчук С.И. Горбузова Г.И. “Өсімдік майын өндiру технологиясы” М 1982 ж.

9. Мырзабай М.М. ж б. Стандарттау, метрология, сертификаттау және сапа менеджменті. Оқулық. Алматы, 2003ж.

10.Мишина М.Ф. Сапаны және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стандарттардың орны. Стандарттар және сапа. №1,1998ж.25б.

11. Смагулов А.К. Ауылшаруашылық тағам өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау. Оқулық Алматы, 2005ж.

12. Товбин И.И. Файнберг Е.Е. “Май өңдеудiң өндiрiстегi технологиялық жобасы” М. Пиùепромиздат 1989 ж.

13. Өсімдік майын және жай майды өңдеу және алу технологиясын басқару. Том II. Л. ВНИИЖ. 1973 ж.

14. Сұйық майды Өнеркәсіптегi тексеру әдiстерiмен техникалық қадағалау және өндірістік тізімдi басқару. Том V. Л. ВНИИЖ. 1979 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе «ШиКо» ЖШС-де өнімдердің сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін талдау