«ШиКо» ЖШС-де өнімдердің сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 15:11, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдарында «Көпшілік экономиканы «қолмен басқару» қажеттігіне келіп отыр,ал реттеу осы дағдарыстан шығудың аса маңызды ісіне айналуда. Сондықтан да тереңде түбегейлі көзқарас әлемдік қоғамдастықта әлемдік нарықтық экономиканың келесі бұрылыстарында бізді қауіпсіздендіру жолын табуға көмектеседі» делінген. Біз елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өнімдерді ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқалар. Біздін бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар.

Содержание

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.............................................................................
АНЫҚТАМАЛАР.....................................................................................................
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР…................................................….........
КІРІСПЕ..…………………………………………………………………...............
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ............................................................................................
1.1 Стандарттау және өсімдік майларының халық шаруашылығындағы маңызы .....................................................................................................................
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ.....................................................................................................
2.1 ЖШС «ШиКО» кәсiпорынының сипаттамасы...............................................
2.2 Зерттеу әдістемесі..............................................................................................
2.3 Майдың (шикізаттың) технологиялық сапасын бағалау.............................
2.4 “Алтын” және “Иртыш” және “Экстра” маркалы майларының сапасын сараптау нәтижелері ..................................................................
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ..................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................... ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өсімдік майы .doc

— 605.00 Кб (Скачать документ)

  Органолептикалық және физикалық-химиялық  көрсеткіштері бойынша қыша майын  МЕМСТ 8807-74 «Қыша майы. Техникалық шарт»  /ОКП 91412, ТН ВЭД 1514/ талаптарымен шектеледі.

  Үлкен шыны ыдысқа құйылған  қыша майы, жабық қараңғыланған  бөлмеде температурасы 200 С-тан жоғары еместе, 8 ай сақталады.

  Рапс майы. Рапс дәнін нығыздау және экстракциялау арқылы алады. Оны екі түрде шығарады : тазартылған дезодоранталмаған /сортқа бөлінбейді/ және тазартылмаған бірінші және екінші сорттар. Тазартылған дезодоранталмаған және тазартылмаған екінші сорт техникалық мақсатта пайдалануға жіберіледі.

  Органолептикалық және физикалық-химиялық сапа көрсеткіштері МЕМСТ 8988-77 «Рапс майы. Техникалық шарт»  /код ОКП 314123, ТН ВЭД 1514/  талаптарымен шектеледі.

  Тазартылмаған рапс майының  кепілдік сақталу мерзімі, жасалған  күннен – 1 жыл.

  Кокос майы – кепрадан /кокос жаңғағының жұмсағын кептіріп ұнтағынан/ алынады, өңдеу тәсіліне байланысты тазартылмаған және тазартылған дезодорантталған болып бөлінеді.

  Органолептикалық және физикалық-химиялық  сапа көрсеткіштері МЕМСТ 10766-64 «Кокос  майы. Техникалық шарт»  /код ОКП 914143, ТН ВЭД 1513/ талаптарымен шектеледі.

  Арахис майы. Нығздау, экстрактау арқылы арахис бұршағын алдын-ала өңдеу арқылы алады.

  Өңдеу деңгейіне және сапа  көрсеткіштеріне байланысты арахис  майын:

  • Тазартылған дезодорандталған және дезодорандталмаған;
  • Тазартылмаған жоғары, бірінші сортты және техникалық;
  • Тазартылған дезодорандталған май тағамға пайдалануға, тазартылған және тазартылмаған бірінші, екінші сорттар тағамдық өнімдер үшін өңдеуге, техникалық өңдеуге жіберіледі.

  Бөтелкеге құйылған арахис  майының сақталу мерзімі 6 ай /салқын қараңғы жерде/

  Рафинадталған зәйтүн майы -  зәйтүн ағашының жемісінің жұмсағынан нығыздау тәсілімен алынады.

   Зәйтүн майын тағам үшін  тек қана тазартылған түрін  шығарады. Тазартылған зәйтүн майының  органолептикалық және физикалық-химиялық сапа көрсеткіштері ТШ 10-04-11/13-87

«Тазартылған зәйтүн майы. Техникалық шарт»  /код ОКП 914146, ТН ВЭД 1509 10/ талаптарымен шектеледі.

   Тазартылған зәйтүн майы  ыдысқа құйылғаннан кейін кепілдік  сақтау мерзімі – 6 ай. Уақыты  өткеннен кейін май техникалық шарт талабына сай екендігі қайта тексеріледі[2].

 Күнбағыс.

 Қазақстанда майлы дақылдардың  ішінде егіс көлемі бойынша  барынша кең тарағаны (70%) күнбағыс. 1996 жылы ол 330 мың га жерде өсірілді, оның ішінде Шығыс Қазақстан  облысында 160 мың га, Павлодар облысында 88 мың га болды. Оның жартылай кебетін майы табиғи түрінде де, өңделген түрінде де (майонез, маргарин) азық-түлікке кеңінен қолданылады, олиф, сабын т.б. өнеркәсіп бұйымдарын жасауда пайдаланылады. Күнбағыстың күнжарасы өте құнды мал азығы. Суыққа төзімділігіне және жоғары өнімділігіне байланысты Солтүстік Қазақстанда бірқатар аудандарда сүрлемдік жүгеріні ойдағыдай алмастырады. Аудандастырылған күнбағыс сорттарының тұқымдарында 47-54% май болады.

   Күнбағыс  астра тұқымдасына  жатады, барынша кең тараған түрі мәдени күнбағыс. Күнбағыстың бұл түрі шекілдеуігінің мөлшнрі, майлылығы мен қабықтылығы бойынша 3 бөлінеді: майлы шағылатын және аралық. Өндірістік маңызға майлы топтың сорттары ие. Мәдени күнбағыс – кіндік тамырлы бір жылдық өсімдік, көптеген ұсақ бүйір тамыршаларының арқасында қазақстанның құрғақ далалы аймағында ойдағыдай өсіріледі. Күнбағыс сабағы тік өседі, қуатты, қатты түктермен көмкерілген, майлы сорттары бұтақтанбайды, биіктігі 0,6-2,5м. Жапырақтары ірі, сағақты, сабақта кезектесіп және қарама қарсы орналасқан, сопақ – жүрек пішінді, түкті. Гүл шоғыры – диаметрі 15-20см және одан да жоғары себет. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз тілді, ал ортасында – қос жынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Себеттің гүлдеуі созылыңқы және 7-10 тәуілікке созылады. Жемісі – шекілдеуік, ло жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. Майлы сорттардың 1000 шекілдеуігінің массасы 40-80г және қауыздылығы (қабықтылығы) 28-35%.  

   Өсіп жетілу кезеңдері – көктеу, бірінші нағыз жапырақтар жұбы, бүрленуі, гүлденуі және пісуі. Күнбағыстың шекілдеугі  +4-50С температурада өне бастайды, ең қолайлы температура +16-180С деп есептеледі, және бұл жағдайда күнбағыс көгі 6-8 күнде пайда болады. Өркендер -5-70С үсікті жеңіл көтереді. Гүлдеу кезеңіне қарай жылуға қоятын талабы өсе түседі де, гүлдеуі мен кейінгі дамуына +25-270С температура қолайлы деп есептеледі. Күнбағыс жағары температураны 8-10 сағат бойы тұрақты түрде көтере алады. Басқа дақылдармен салыстырғанда ол аз зақымданады, транспирация күшінің нәтижесінде және өсімдік юойындағы түктердің жылу сәулелерін шашыратып жіберетіндіктен жоғары температурамен аңызақтан күйікке ұшырамайды. Толық вегитация кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы 1800-25000С. Солтүстік Қазақстан жағдайында ерте және орташадан ерте пісетін сорттар үшін бұл көрсеткіш 1900-21000С тең.

   Күнбағыс ылғалды көп  қажетсінеді, алайда қуаңшылыққа  төзімділігімен ерекшеленеді. Бұл  жақсы дамыған тамыр жүйесімен, сабақ пен жапырақтардың түктілігімен  түсіндіріледі. Ылғалдың жеткіліксіздігі сезілгенде жапырақтардың төменгі жағында орналасқан тыныс алатын ұсақ саңылаулар жабылыңқырайды да судың булануын азайтады, осының нәтижесінде күнбағыс суды тиімді пайдаланады. Өніп -өсу кезеңдеріне қарай жалпы пайдаланатын судың шығыны төмендегідей: себет түзілгенге дейін 20-22%, гүлденуінің соңына дейін 60-62%, піскенге дейін 18-20%.

   Күнбағыс – қысқа күндік, жарық сүйгіш өсімдік. Басқа өсімдіктермен  көлеңкеленуін, әсіресе жас шағында, сонымен қатар ұзақ бұлыңғыр  ауа райы өсімдіктің өсуі мен дамуын әлсіретеді, өніп өсуін ұзартады.

  Май зығыр.

  Май зығыр Қазақстанда негізіне солтүстік облыстарда өсіріледі. Аудандастырылған сорттарының тұқымдарында, ол тағамға және техникалық бағыттарда қолданылады, кебетін 41-46% май болады. Майлы зығырдың күнжарасы – құнарландырылған бағалы мал азығы, ақсыл мен азотсыз экстрактивті заттарға бай.

   Май зығыр – зығырлар  тұқымдасына жатады. 200-ден астам  түрлерінің ішіндеөндірістік маңызы  бар – мәдени зығыр. Бұл түр 5 түр тармақтарына бөлінеді, ал олар өз кезегінде түршелер топтарына ажыратылады (талшықты зығыр, май зығыр, аралық т.б.) және әр түрлі бағытта пайдаланылады: талшықты зығыр тоқыма дақылы, май зығыр және басқалары – май және қысқа талшықтар өндіруде қолданылады. Май зығыр бір жылдық аласа (40-50см) өсетін өсімдік, сабағы бұтақты және тік өседі. Ланцет тәрізді жапырақтары сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл щорығы – сирек шоқпарбас, гүлдері қос жынысты, бестік типтес ақ, қызғылт және көкшіл күлтеше жапырақшалары бар. Жемісі – дөңгелек келген бесяұлы қорапша. Тұқымдары жалпақ, жылтыр, қоңыр немесе сарғыш түсті, 1000 санының массасы 4-6г. Зығырда көктеу, қосқұлақ бүрлену, гүлдеу, пісу кезеңдері белгіленеді.

Май зығыр – жылу сүйгіш, қуаңшылыққа төзімді майлы дақылдардың бірі, Қазақстанның далалық аудандарында өсіруге бейімделген. Тұқымдары 3-40С бозқырауды көтереді. Орташа мерзімде пісетін сорттарына қажетті белсенді температура жиынтығы 1600-18000С. Май зығыр ылғалға орташа талап қояды, транспирациялық коэффициенті 370-430. Ылғалды барынша жоғары қажетсінуі гүлдеу – тұқым толысу кезеңіне дәл келеді. Май зығырдың қуаңшылыққа барынша төзімді кезеңі көктеуден гүлдеуге дейін, бұл кезеңде тамыр жүйесінің қуатты өсуі, топыраққа бойлай енуі байқалады. Майлы зығыр арамшөптерден таза және қоректік заттарға бай қара, қоңыр ж.б. топырақтарда жақсы өсіп –дамиды да жоғары тұқым өнімін береді. Сортаңдау кешенді топырақ май зығыр өсіруге жарамсыз. Өсірілетін аудандарда Карабалыкский 7, Кустанайский янтарь, Иссыккульский, Опал, Воронежский 1308, Сибиряк сорттары аудандастырылған.

Тұтынушылардың күнбағыс майын таңдауда сүйенетін ең маңызды көрсеткіштері: өнімнің дәмділік қасиеттері (40%), иісі (28%), көбіктенбеуі (18%), тағамдық құндылығы (16%), төмен баға (11%).         

Күнбағыс майы тағамдық және дәмдiлігі жағынан өте бағалы, майдың құрамында биологиялық белсендi заттар- фосфат, майда еритiн витаминдер және провитаминдер А, Д, Е бар. Майдағы токоферолдардың мөлшерi (витамин Е) 60-80%, фосфатидтердiң (фосфолипиттер) - 0,7-1,0%, оның 55-65% лецитин құрайды, олар тағамдық және техникалық жағынан өте құнды [3].

Күнбағыс шротындағы протеиннiң құрамында белгiлi барлық амин қышқылдары өзара жақсы қатынаста кездеседi. Мысалы: 7 кг. шротта: лизин - 12,8 г, триптофан - 5,1, тирозин - 6.5, цистин - 2.7, аргенин - 19.3, гистидин - 8.7 г. Ал оның құрамында май, көмiрсу, фосфоридтер, фитин, пектин, В тобындағы витаминдер бар.

Мал шаруашылығында күнбағыс шроты кең түрде пайдаланылады, ол жоғары концентратты ақуызы мол жем болып табылады. Әрi ол әр түрлi құрама жемдердің құрамына кiредi. Күнбағыс ақуызы тек қана тағамдық мақсатта емес, сонымен қатар мал азығы да болып табылады, сондықтан жем өндiрiстерiнде кең түрде пайдаланады.

Өңдеу барысында дәнді қабығынан ажыратады, ал ендi сол қабықтары гидролиз өндiрiсiнiң өте қымбат шикізаты болып табылады. Одан фурфурол, этил сприртi, мал азығы, ашытқылар т.б заттар химиялық өндiрiсте алынады[4].

Күнбағыстың қалдығынан пектин алынады, ол кондитерлiк өндiрiсте кең қолданылады. Күнбағыс корзинкасы – малдарға бағалы азық.

Бiр гектардағы күнбағыстан 25 ц дән алынса, одан 12 ц май, 8 ц шрот (соның iшiнде 3 ц ақуыз), 5 ц қабықтан (0,7 ашытқы саңырауқұлақтары), 15 ц себетшеден (10 ц шөп), 25-30 кг бал алуға болады[5].

Күнбағыс майының маркаларының ішінде тұтынушылар ең пайдаланатын май қазақстандаық «Шедевр» майы. Оның сауал қойылғандардың 28,1% тұтынады екен. Майдың бұл маркасын тұтыну үлесі күрт азайған, себебі нарықта көптеген отандық және ресейлік күнбағыс майларының түрлері қаптап кеткен. «Шедевр» майынан кейінгі екінші орынды венгерлік өндірістен шыққан «Олейна» майы алып отыр. «Олейна» майын венгриялық «Бунге» фирмасы өндіреді. Төртінші және үшінші орында ресейлік «Золотая семечка» және украиндық «Идеал» тауарлық маркалары тұр. Импорттық маркалардың нарықта елеулі орын алуы кешенді жарнамалық кампаниялар арқасында жүзеге асқан. Күнбағыс майының тұтынушылық нарығы сегментінің құрылымын зерттегенде, сауал қойылғандардың 55% отандық маркаларды таңдайтыны анықталды, алайды осы нарықта венгірлік күнбағыс майы қатты бәсекелеседі (28%) [7].

Өсімдік майын өндiру ерекшелiгi. Күнбағыс - континентальдi климатта өсетiн өсімдік. Мәдени күнбағыс – тiгiнен, жапырақты, себеті мықты, түсі біркелкі, бiр жылдық өсімдік. Гүлдерi бiрнеше қатардан тұрады. Себет пайда болудан оның гүлдеуiне дейiнгi мерзiм 18-ден 30 күнге дейiн созылады. Себетше өсiп-өнiп келе жатқанда, онда гүлдердiң бөрткенi көрiнедi, ол көбiнесе 1-3 мың гүлден тұрады. Бұл үрдіс күнбағысты күтiп-бағу шарттарымен тығыз байланысты. Күнбағыстың өнiмi - дән. Күнбағыстың дәнi - қапталған тұқым, ол екіге бөлiнедi, ортасындағы бұршақ тәрiздес түйнекте - гипокатиля және ұрықтың негізі орналасқан. Осы негіз дәннiң үшкiр жағында болады. Негізгi қоректiк заттар (май, ақуыз) осында болады.

Сапалы дән алу, шығынды болдырмау үшiн, дәндi жинау мерзiмiн дәл анықтау өте қажет. Күнбағыс дәнiнiң толу мерзiмi ерте басталады, әдетте гүлдегеннен кейiн 35-40 күнге дейін созылады

Дәнi пiсе бастаған кезде оның ылғалдығы жоғары болады - 35-40%. Ал пiсе бастаған кезде олардың ылғалдылығы күрт төмендейдi. 15-20 күн өткеннен кейiн дәнiнiң ылғалдылығы 12-14% дейiн төмендейдi. Осындай ылғалдылық болған кезде өнiмдi комбайнмен жинауға болады,  бiрақ, кейiн бiр тәулiктен  асырмай, дәннiң ылғалдылығын 10% жоғары көтермеу керек, одан кейiн екі-үш тәулiктен кейiн 6-7% асырмауға тырысу керек, өйткенi тек қана осындай ылғалдылықта дәндердi ұзақ мерзiмде сақтауға болады. Дәндi қырманнан май шығаратын өндiріске жеткiзгенге дейiн iстелетiн жұмыстар жалпы сапаға зор әсер етедi. Дәндi жинап алғаннан кейiн, оны әр түрлi механикалық қоспалардан тазарту үшiн агрегаттарды қолданады. Агрегатты жұмыс бабына келтiргенде бақылау қажет, тазартылған өнiмдердiң iшiндегi қоспалар 1% артық болмауы тиiс. Өнiмдi алғашқы жинаған күндерi бункерлердi пайдаланады, осы жерде қыздырылған ауа жiберiп құрғата бастайды[8].

Өсімдік майын екі түрлi әдiспен алуға болады: бiрiншi - пресс әдiсiмен, яғни ұнтақталған өнiмнен, екінші - химиялық (Экстракция) әдiсiмен, бұл жағдайда шикізатқа органикалық еріткіштер қолданады.

Өсімдік майлары  мынандай өсімдіктердiң дәндерiнен алынады: күнбағыс, мақта, жүгерi, арахис, соя, кунжут. Осы майлардың биологиялық құндылығы өте жоғары болады, себебі бұлардың құрамында қанықпаған май қышқылдары, май ерiтетiн витаминдер, каротин, фосфатидтер т.с.с. болады. Шикізаттан май алу үшiн экстракция мен пресс әдiстерiн қолданады. Ал егер екі әдiстердi бiрден қолданып, яғни алдымен пресс әдiсiн қолданып, одан кейiн экстрация әдiсiн пайдаланса, онда алынған майдың сапасы жоғары болады. Майды шығару үшiн, май өнеркәсібіi әр түрлi май шығаратын қондырғыларды пайдаланады. Осы майлардың сапасы мемлекеттiк стандарт арқылы реттеледi. Тағам майлары тұнық, ашық түстi болуы керек. Майдың сапасы иiсiмен, тұнбасымен, қышқылдық санымен, сабындалу санымен (МЕМСТ 1129-93) анықталады.

Жоғарыда айтылғандай, майдың сапасы агротехникаға және өсiрiлген дәннiң сапасына байланысты болады.

Өндiрудiң технологиялық үрдістерi бұзылса, сақтау мен өңдеу дұрыс болмаса майдың сапасы әлдеқайда төмен болады.

Шикізатқа қойылатын талаптар, өнiмнiң сапасына қатысты стандарттар бойынша анықталады. Мысалы, дән сапасының негізгi көрсеткішiнiң бiрi - қышқылдық саны (МЕМСТ 10858-77, МЕМСТ 26597-89) арқылы анықталады. Улы элементтер МЕМСТ 26927-86, МЕМСТ 26930-86, МЕМСТ 26934-86, митоксиндер мен пестицидтер Денсаулық минстирлiгi бекіткен әдiстермен анықталады.

Майды өндiру барысында қосымша тағы да мал азығы алынады - жмых пен шрот. Бұлар өте құнды мал азығы болып табылады, себебі құрамы: 32-44% ақуыздан, 7-9% майдан тұрады. Шрот пен жмых құрғақ қараңғы жерде сақталуы тиіс.

Сығымдау (пресстеу), екіншісі экстракциялау. Сығу тәсілі май алудың ең ежелгі тәсілі, бұл кезде жоғары қысымда дәндерді сығып алады. Сығымдаудың екі әдісі бар: ыстық және суық. Суық сығымдауда дәндерді алдын ала жылулық өңдемей сығады; майдың түсі ашық түсті болады, май дәндерінің табиғи дәмі мен иісін сақтацды. Май шығымын ұлғайту үшін майдаланған дәндерді 100-1100С температурада ылғалдандыра отырып қуырады, нәтижесінде май тұтқырлығы азаяды да, одан май толық алынады. Майдың дәмі мен иісі күшейе түседі, түсі қоюланады. Сұйық майларды алғанда және өңдегенде алу технологиясына, рафинациялаудың сепараторлық линиясына қатысты Техникалық құжаттарды басшылыққа алады.

Осылармен қатар май өндiру кәсiпорынның технологиялық жобалауы  туралы және олардың Техникалық сипаттамасы туралы мәлiметтер қолданылады [9].

Шикі майды (шикізатты) қабылдау үрдісiнде және оның ары қарай сепарациялауға (рафинациялау) май өндiрiсiндегi өндiрудi есепке алу және технохимиялық бақылау, зерттеу тәсiлдерi туралы әдiстемелiктер қолданылады. Кәсiпорын технологтары сабынды – сiлтiлi ортада сұйық майларды бейтараптандырулау сұрақтарын қарастырған зерттеушiлер тәжiрибесiне ерекше көңiл аударады.

Информация о работе «ШиКо» ЖШС-де өнімдердің сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін талдау