«ШиКо» ЖШС-де өнімдердің сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 15:11, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдарында «Көпшілік экономиканы «қолмен басқару» қажеттігіне келіп отыр,ал реттеу осы дағдарыстан шығудың аса маңызды ісіне айналуда. Сондықтан да тереңде түбегейлі көзқарас әлемдік қоғамдастықта әлемдік нарықтық экономиканың келесі бұрылыстарында бізді қауіпсіздендіру жолын табуға көмектеседі» делінген. Біз елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өнімдерді ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқалар. Біздін бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар.

Содержание

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.............................................................................
АНЫҚТАМАЛАР.....................................................................................................
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР…................................................….........
КІРІСПЕ..…………………………………………………………………...............
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ............................................................................................
1.1 Стандарттау және өсімдік майларының халық шаруашылығындағы маңызы .....................................................................................................................
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ.....................................................................................................
2.1 ЖШС «ШиКО» кәсiпорынының сипаттамасы...............................................
2.2 Зерттеу әдістемесі..............................................................................................
2.3 Майдың (шикізаттың) технологиялық сапасын бағалау.............................
2.4 “Алтын” және “Иртыш” және “Экстра” маркалы майларының сапасын сараптау нәтижелері ..................................................................
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ..................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................... ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өсімдік майы .doc

— 605.00 Кб (Скачать документ)

Дәмiн бөлме температурасында дегустация жасау арқылы анықтайды. Егер майда борсыған, шiрiген, ескi майдың, ашыған, басқа дәм не басқа иiс болса май сапасыздеп есептеледi.

Майдың түсiн анықтау үшiн мөлдiр түссіз стаканға қалыңдығы 50 мм-ден кем емес май құйып жарық жақсы өтетiн, ақ түсте анықтайды.

Майдың мөлдiрлiгiн цилиндрге 100 мл май құйып 24 сағат тұндыруға қойып жарық жақсы өтетiн ақ түсте анықтайды.

Мөлдiрлiк майды майсыз, май тәрiздi заттардан тазарту деңгейiн көрсетедi. Мөлдiрлiк майда лай немесе көрiнетiн тұнба белгiлерi болмауын айтады. Майдың сорты жоғары болған сайын онда тұндырма заттар, тауарлық түрiн бұзатын заттар аз болады. Рафинадталған майлар (мақтадан басқа) мөлдiр, тұнбасызболуы тиiс. Егер цилиндрдiң жоғары жарты бөлiгi мөлдiр болса, мақта майы мөлдiр деп есептелiнедi.

Өсімдік майының түсiн анықтау МЕМСТ 5477-69 “Өсiмпдiк майлары. Түстiлiгiн анықтау тәсiлi” талабы бойынша жүргізiледi.

Түстiлiгi ден дайдың құрамындағы пигменттердiң әсерiнен түсiнiң әр деңгейде көрiнуiн айтады. Ол түстілік санымен есептеледi.

Барлық сұйық өсімдік майлары 10 нан 100 ге дейiн йодтық шкала шамасымен мақта майы қызыл шкала шамасымен (сапа түсiнiң бiрлiк санын) түс өлшеугiшпен стандартты түстi әйнектердiң жинағымен өлшенедi.

Сарғыш майдың түстіліксаны йод ерiтiндiсiнiң стандарттық ерiтiндiсiмен анықталады, ол 100 мл стандарттық йодтың ерiтiндiсiндегi бос йодтық санмен (мг) есептеледi, яғни 1 см қалыңдығы бар, сынайтын майдың түсiндей түсi бар.

Ол үшiн 14 эталонды йодтың судағы ерiтiндiсi бар шкала дайындалады, оның 1 мл-де 1 г йод болады /стандартты ерiтiндi 0,25 г йод, 0,5 г КУ-ты 1 мл суға есептеп 250 мл суға араластырған.

Араластыру деңгейi және түс саны эталонының, 10 кестеде берiлген. Эталон қараңғы жерде 6 айға дейiн сақталады.

 

Күнбағыс майын сертификаттау

 

Өсімдік майының өңделген өнiмдерi мен өсімдік майын мiндеттi сертификаттау 2,2а, 3,3а, 4,4а,5,7,10,10а схемасы бойынша, қысқа уақытқа сақталатын өнiмдердi 2а,3а,4а,5 (7 өтiнушiнiң таңдауы кезінде), 10,10а схемасы бойынша жүргізiледi.

Берiлген өнiм топтарын мiндеттi сертификаттау кезінде куәландыруға жататын көрсеткіштер тізімi қауiпсiздiк Көрсеткіштерi мен оларды сынау әдiстерiн белгiлейтiн нормативтiк құжат.

Өсімдік майының өңделген өнiмдерi мен өсімдік майына мiндеттi сертификаттау жүргізген кезде нақты Өнiм түрi нормативтiк құжаттар талаптарына оның сәйкестiгiн өнiмдi сәйкестендiру жүргізiледi.

Егер сынақ кезінде берiлген атауларға өнiмнiң сәйкессiздiгi табылса, онда бұл аталған өнiмге сертификат берiлмейдi. Жаңа атаумен өнiмдi сертификаттау өтiнiш берушiнiң қайта қаралған өтiнiшi сәйкес болған кезде жүргізiлуi мүмкін.

Сертификаттау жөнiндегi органның шешiмi  бойыншат сынақ көрсеткіштердiң қысқартылған номенклатурасы бойынша, ал қалған көрсеткіштер сәйкес мемлекеттiк қызметтер құжаттарымен куәландыру шарттары кезінде жүргізiлуi мүмкін:

  • Химикаттау құралдарын (пестицид, тыңайтқыш, бойды реттеу биопрепараттар) қолдану туралы Өсімдіктi қорғау  станциялары мен агрохимқызметiнiң аймақтық орталықтарының қорытындылары қосылған, пайдаланылған шикізаттардың қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжаттар.
  • Қаптау матиралдары мен ыдыстардың қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжаттар (Госкомсанэпидслужба органының гигеналық қорытындысы қосылған нормативтiк құжаттар).

Үлгiлердi iрiктеу және оларды өсімдік майлары мен майлысүт өнiмдерiн сертификаттау үшiн сынақ жүргізуге дайындау МЕМСТ 5471-83. Өсімдік майы қабылдау ережелерi мен үлгiнi iрiктеу әдiсiне сәйкес нақты өнiм түрiне нормативтiк құжаттар бойынша жүзеге асады. ұзақ сақталған соң сертификатталған майлы сүт өнiмдерiн таратудың алдында сертификаттау жөнiндегi органның шешiмi бойынша сақтау тәртiбi бұзылған кезде белгiленген нормадан жоғарылауы мүмкін көрсеткіштерi бойынша өнiмге инспекциялық бақылау жүргізiледi.

Сертификаттау жөнiндегi орган нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға өсімдік майының iрiктелген үлгiлерiнiң сәйкестiгiн куәландыру және өнiмдi сәйкестендiрудi толық және сенiмдi түрде өткiзудi жүргізетiн аттестатталған нұсқаулар бойынша аккредиттелген сынақ зертханаларында алынған сынақ нәтижелерiн пайдалануы керек.

Сертификаттау жөнiндегi органның шешiмi бойынша сынақ қалған көрсеткіштерi қадағалау және бақылау қызметтерiне сәйкес құжаттармен (санитарлы гигеналық ветеринарлық және де нақты аудандағы топырақ, су, азық, шикізат және т.б. жағдайы туралы құжаттар) куәландырылуы шартында көрсеткіштердiң қысқартылған номенклатурасы бойынша жүргізiлуi мүмкін.

Өнiмге сертификат дайындаушы кәсiпорыннан дайын өнiмдi 3-схема (өндiрiстi талдау жағдайында сынақ түрi) бойынша қоймадан алынған үлгiнi (iрiктеме) сынау негізінде, сертификатталған өнiмнiң кезектi инспекциялық бақылауын жүзеге асыру кезінде аккредиттелген сынақ зертханаларында өнiм үлгiлерiн сынаудың дұрыс нәтижелерiне негізделiп берiлуi мүмкін.

Мемлекеттiк резервке келiп түскен сауда-саттық шикізаттары мен тағамдық өнiмдердi 7-схема (сапа жүйесiн сертификаттау жағдайында партияны сынау) бойынша сертификаттау ұсынылады.

Сертификатталған алғашқы импортқа шығарылатын өнiмнiң мiндеттi шарттарының бiрi оның санитарлық нормаларға сәйкестiгi туралы санитарлық- эпидемологиялық қорытындысының барлығы болып табылады. Өсімдік майының сапасын сараптау арызберушiнiң сұранысына байланысты барлық сапа көрсеткіштеріне таңдалып жүргізiлуi мүмкін.

 

 

 

 

 

3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Бүгінгі күннің мәселелерінің бірі,  мұнай өндіретін орындарда, металлургия комбинаттарында, көмір шахталарында, құрылыста және басқа жұмыс істейтін жерлерде, ол экологиялық нормаларды және еңбекті қорғау талаптарын бірінші кезекте шетел компанияларымен орындау. Олардың көбінің жұмысы ол өңірлердің экологиясына, өміріне және сонда тұратын және жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына үлкен мөлшерде зиян келтірмеуін қамтамасыз етеді.

Өркениетті елдер – жетіліп келе жатқан елдердің табиғат байлығын белсенді пайдаланды және олардың территориясында өндірістің қалдықтарын жинақтайды және , осы уақытқа дейіңгі қағидаларын естен шығармау керек. Осыған қарай капитал иелері –елдерінде – алынған пайда есебінен өздері өмір сүретін ортаны әрлендіру, өз  тұрғындарының өмірлік жағдайын жақсартады.

Халықаралық стандарттар ИСО 14000 және OHSAS18000 осы салаларда тәртіп орнатуда басты тетіктердің бірі және алдыңғы қатарлы тазалау технологиясын нәтижелі пайдалануға, болмаса қалдықтарды және ауаға шығарылған улы заттарды  азайтуға бағытталған.

Оған жетудің екі жолы бар:

1) Ерекше қауіпті өндірістерде енгізу және жұмыста халықаралық стандарттарды пайдалануды заңнаманың белгілі деңгейінде жіктеу.

2) Контакттерге және тендерлерге, техникалық реттеудің ұлттық жүйесінің сәйкестік сертификатының болуын кіргізу.

Қәзіргі кезде өте актуалды болатын мәселелердің бірі, ол автотранспорт құралдарының күннен-күнге өсіп келе жатқандығы. Шығарылған газдары, адам саулығына және қаланың экологиясына түзетуге келмейтін зияндығы. Оған мысал біздің Алматы, оның тура мәнінде шығарылған газдардан тұншығу жағдайына әкеліп соғады. Бірақ бұл саладағы өнімдерді әкелу, тоқтату халықаралық нормаларға қайшы келеді, ол үшін өркениетті елдерде бұл мәселелерді шешуге қабылданған әдістері бар.

Европада талаптарды қаталдату бойынша Евро стандарттары біртіндеп енгізілуде, ол жанармайға да және автотранспорттық құралдарға тиісті.

Қазіргі уақытта Евро 4, ал  2008 жылдан бері Евро 5 стандарты іс-әрекетте.

Ресейде 2006 жылдан бері бұл жолға Евро 2 стандартын, 2008 жылы Евро 3, 20010-Евро 4, 2014-Евро 5 стандарттарын еңгізу арқылы түсуде.

Қазақстанға да Евро стандарттарына өту керек және АТС техқараудан, тәуелсіз сәйкестікті растау органымен кезеңдерімен сертификаттауды өткізу керек, онда шеттен алып келінген және эксплуатациядағы автотасымалдау құралдарының стандарттар талаптарына сәйкестігін растау жүргізіледі.

Өнеркәсіпкiк цехтарда және сынама зертханалардағы шикі майдың сапалық бағасын және дайын өнiмнiң әр түрлi этаптардағы технологиялық үдерiстердегi рафинадталған майды дайындауға жұмыс iстеу жағдайын жасау керек. Қатаң сақталған техникалық қауiпсiздiк және талдау жүргізу әдiстерi бойынша негізгi жазатайым жағдайға ескерту берiледi.

Өнеркәсіптiк цехтарда және зертханаларда қышқылдармен, сiлтiлермен, жанғыш, жарылғыш және улы заттармен, түрлі агрегаттармен, қондырғылармен, талдамалықжәне электрикалық құралдармен қолдануға тура келедi. Бұның бәрiн өнеркәсіптiк тәртiппен және қойылған ережелердi қатаң сақтауды талап етедi.

Жұмысқа кiрiсу барысында сынама зертханаларында талдау жүргізу туралы методикалық басқару, болып жатқан үдерістердiң теориялық негізін, химиялық заттармен реактивтердiң өзiне тән қолданылуын, құралдар мен қондырғылардың тұрақтылығын және жұмыс iстеу қалпын өте анық қарастыру керек.

Өнеркәсіптiк цехтарда және талдамалық зертханаларда арнайы тиiмсiз жұмыстар жасауға болмайды.

Сынама және талдамалық зертханаларда темекі тартуға, тамақ iшуге немесе өнiмдi сақтауға, жұмыс орнын басқа заттармен толтырып тастауға, қатты сөйлеуге немесе радио қондырғыларын қолдануға болмайды. Әрбiр шу зертханада жұмыс iстеушiнiң назарын бөлiп, жұмыстың қателiгiне немесе жазатайым жағдайларға душар болуға әкеліп соғады.

Қышқылдармен, сiлтiлермен жұмыс iстеу барысында келесi қағидаларды сақтау керек:

  • Қатты қышқылдарды, сiлтiлердi немесе аммиакты сифон арқылы ыдыстарға құю. Құю барысында көзілдірік, резинка қолғаптар, алжапқыш немесе етiк кию керек.
  • Консервiленген қышқылдарды немесе сiлтiнi, ұшқыш сұйықты жұмыс iстейтiн тартылған шкафтарда ғана құяды.
  • Концентрленген қышқылды қолданып ерiтiндi жасаған кезде, қыздырған кезде шашырамауы үшiн суға қышқылды қосады.
  • Төгiлген қышқылды сумен шаяды, қайнауышты тоқтату үшiн содамен немесе бормен нейтралдайды.
  • Улы заттарды, күйдiргiш немесе ұшқыш сұйықтарды арнайы немесе пипетка көмегiмен алады (резинка груша, шприц).
  • Тез жанатын заттардың қасында ашық электроқыздырғыш қондырғыларды, спирттi немесе газды жандырғыштарды қолдану жiберiлмейдi.
  • Зертханаларда тұталғыш сұйықтарды (бензин, эфир, ацетол т,б ) жұмысқа керектi мөлшерден көп етiп сақтауға болмайды. Оларды қалың шишаларда жақсы тығындалған тығындармен жабылған ұзартылған шКафтарда, оттан немесе жылулардан алыста сақтау керек. Тез жанғыш Заттарды канализацияға құюға болмайды. Қолданылған сұйықтарды арнайы герметикалық тараларға жинайды. Сосын оның құндылығына байланысты қайта өңдейдi немесе қауiпсiз жерде жандырады.
  • Тез жанатын және жарылатын заттарды, газды қыздырғыштарды аналитикалық және электро қыздырғыш сеттердi жұмыс құралдарын қараусызқалдыруға болмайды.

Еңбекті қорғау- еңбек процессіндегі адамның қауіпсіздігін, денсаулығының сақталуын және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін қоғамдық-экономикалық, техникалық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларының сәйкестігін және заң актілерінің жүйесін қарастырады.

Қауіпсіздік техникасы - бұл жұмысшыларға қауіпті өндіріс факторларының әсерін тоқтататын ұйымдастыру және техникалық шаралар жүйесі.

Өндірістік санитария жұмысшыларға қауіпті өндіріс факторларының әсерін тоқтататын ұйымдастыру және гигиеналық, санитарлы – техникалық шаралардың жиыны.

Еңбекті қорғаудың мақсатына жоғары өнімділік кезінде белгіленген МЕМСТ – дың, стандарттардың (ССБТ – еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі ) үздіксіз бақылауын орнату кезіндегі максималды еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді.

Жобаланатын өнеркәсіп МЕМСТ 12.00.03-74 ССБТ пен белгіленген барлық төрт классификациялық топтардың қауіпті және зиянды өндіріс факторларының бар болумен сипатталады.

Қауіпсіздік ережелерін бұзу эксплуатация және аталған құрал – жабдықтардың конструктивтік кемшіліктері механикалық, жылулық, электірлік, химиялық және басқа зақым түрлеріне жиі әкеледі.Олар басқа өндіріс салаларындағыдай шығу тегіне байланысты аналогиялық болады.

Қауіпті және зиянды өндіріс факторлары жұмысшыларға жалпы өндірістік құрал – жабдықтарды эксплуатациялау кезінде де әсер етеді.

Негізгі зиянды өндіріс факторлары болып: жағымсыз микроклимат, шу мен вибрацияның жоғарғы деңгейі, өндіріс операцияларының қатарындағы еңбек біркелкілігі болып табылады.

Тамақ өндірісіндегі еңбек қауіпсіздігі жұмысын ұйымдастыру еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, травматизм және  профессионалды аурулар ликвидациясымен, улану профилактикасымен және жұмысшыларға өнеркәсіп ортасы факторларының зиянды  әсерімен, өрт қауіпсіздігімен байланысты проблеммаларды шешу арнайы техникалық пәнде және еңбек қауіпсіздігі сияқты комплексті пәнде көрсетілген білім негіздерін меңгермесе мәнсіз болып табылады.Еңбек қауіпсіздігі негіздерін оқу және қатаң меңгеру әрбір болашақ инженер үшін міндет.

 

Еңбекті қорғау мәселелерін шешуге арналған заң негіздері

 

Еңбек қорғауды дамытудың құқықтық негіздері құқықтық стандарттардың бірлік жүйесінде негізделеді.

Еңбек қорғау облысындағы Қазақстан Республикасының  негізгі заңы Қазақстан Республикасының еңбек қорғау туралы № 1914 – 12  23.01.95 – тегі заңы болып табылады.

1991 жылы  16 желтоқсанда Қазақстан  Республикасының жоғары кеңесі  екінші пунктінде “Қазақстан Республикасының заң және басқа да нормативтік актілер қабылданғанша оның территориясында бұрынғы КСРО заң нормаларын қолдануға және халықаралық құқық нормаларын қабылдауға болады, себебі олар бұл заңға қайшы келмейді” деп көрсетілген  “Қазақстан Республикасының мемлекеттік бостандығы туралы” Қазақстан Республикасының конституциялық заңын іске асыру жөнінде құжат қабылдады. Еңбек қорғау туралы салалардағы жүзеге асырылатын барлық нормативтік құжаттарды ұйымдастыру – құқық формалары мен өзіндік түріне байланыссыз Қазақстан Республикасының өнеркәсіптеріне қатыса алады.

Информация о работе «ШиКо» ЖШС-де өнімдердің сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін талдау