Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:39, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Жеткіншектердің девиантты мінез – құлықтарының психологиялық
теориялық мәселелері....................................................................................6
1.1 Девиантты мінез-құлық және оның пайда болусебептері...........................6
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының
психологиялық белгілері..............................................................................15
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың
психологиялық өлшемдері............................................................................25
1.4 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары.................................................41

2. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі.........................................................................46
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқы......................46
Жеткіншектердің девиантты мінез - құлқындағы психологиялық

ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............................53

Қорытынды..........................................................................................................63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сағынай Самал диплом.docx

— 252.16 Кб (Скачать документ)

Қорыта айтқанда, қиын баланы қайта тәрбиелеуде үш кезең бойынша жұмыс нәтижесі шығарылды.

Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Бұл кезеңде оқушы тәртібінің төмендеу себептерін анықтадық. Баланың жалпы психикасын жан - жақты талдап, адамдармен қатынасындағы жақсы қасиеттерін бағдарлауға назар аудардық. Қандай бір қиын оқушы болсын, оның мінез - құлқынан шамалы болса да жақсы нышандар кездестіруге болатынын білдік. Міне, осы жақсы қасиеттерін негізге ала отырып, оқушыны қайта тәрбиелеудің болашақ жоспарын  жасап, оны іске асыруға әрекеттендік.

Екінші кезең –  педагогтің сынып алдындағы жауапкершілік кезеңі. Педагог өзінің мағыналы ісімен сынып алдында абыройға ие болғанда ғана қиын жасөспірімдермен екі арада сыйластық, сенімдік қарым - қатынастар орнығады. Осындай бір - біріне деген сенім арқылы қиын жасөспірімдердің жағымсыз қылықтарының ішінен тәуір қасиетін бөліп алып, соған оқушының өз назарын аударуға болады. Жеке қайта тәрбиелеу жұмысын осылай жоспарлы ұйымдастырса ғана, баланы өзінің қыңыр мінезінен жирендетіп, ізгі ой - сезімін ояту мүмкіндігі туады.

Үшінші кезең – өзгеріс кезеңі. Бұл кезеңде қиын баланың ішкі дүниесінде «күрес» пайда болады. Күреске шыққан екі қарсыластың бірі - бұрынғы теріс қылықтары да, екіншісі – қалыптаса бастаған жаңа, жақсы мінез машықтары. Бұрынғы теріс қылықтары баланы еліктіріп артқа тартса, үздіксіз жүргізілген тәрбие жұмысы оны алға сүйрейді. Осы бір сәтте тәрбиеші - педагог баланың жақсы қасиеттерін қолдап, ішкі рухани қажеттерін қанағаттандыру арқылы ілгері жетелеп, қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы балаларды бір - бірімен адамгершілік қарым-қатынасқа түсіріп, жақсы қасиеттерін молырақ қалыптастырады.

Соңғы үшінші кезең жеке қайта тәрбиелеудің ең нәтижелі - бекіту кезеңі болып есептеледі. Өйткені, қиын жасөспірім өзін - өзі тәрбиелеуге талаптанып, мінез - құлқының оңды сипаттарын өз бетінше дамытуға бет түзейді. Бұдан әрі педагог - тәрбиеші сол тәрбие ортасының өзіндік ерекшелігіне қарай белгілі болған ұтымды әдіс - тәсілдерді пайдаланып, бала өзін - өзі тәрбиелеуге ақыл-кеңестер беріп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық   ерекшеліктерінің көрінуі

   2.1   Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез - құлқы           

      «Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан - жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады [44]. Сондықтан «қиын оқушыларды» мүмкіндігінше ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан - салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор.

Девиантты мінез - құлықты балалар санының артуы қоғам алдына әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мәселелерін қойды. Сондықтан бүгінгі қоғамда девиантты мінез - құлықты жеткіншектермен жұмыс істеудің профилактикалық (алдын алу) және реабилитациялық технологияларын кеңінен насихаттау және жетілдіру - міндет.

Профилактика -  жеткіншектердің мінез - құлқында әртүрлі әлеуметтік

ауытқулардың сипаттарын қалыптастыратын себептер мен жағдайлардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік - медициналық және тәрбиелік - ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы. Девиантты мінез - құлықтың алдын алу жұмыстарында ең  алдымен дер кезінде ұйымдастырылған шаралар мынадай бағытты ұстануы  тиіс:

  • әлеуметтік қауіпті топта деп табылған кәмелет жасына толмаған баланың дене, психологиялық және әлеуметтік - мәдени жағдайының алдын алу;
  • баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау;
  • баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу.

Профилактикалық шаралардың өтуі жоғары тиімділікті болуы үшін белгілі бір шарттарды ескеру маңызды. Ондай шарттарды ғалымдар мынадай

құрамда көрсетеді:

  • баланың әлеуметтік ортада, табиғатта өзін қолайсыз сезінуіне әсер етіп

тұрған көздерді болдырмау. Сонымен қатар, өмірінде кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды өздігінен шешуге қажетті тәжірибені меңгеруіне жағдай туғызу;

  • баланың алдына қойған мақсаты мен денсаулығын сақтауға бағытталған жоспарына қол жеткізу үшін көмегі тиетін жаңа дағдыларды үйренуге оқыту;
  • әлі пайда болмаған мәселелердің шешімін табуға үйрету және олардың пайда болуының алдын алу [45].

Концептуалдық тұрғыдан профилактикалық технологияларды пайдаланғанда бұл мәселеге ақпараттық тұрғыдан келу маңызды. Бұл жеткіншектер мінез-құлқындағы  қалыптан ауытқудың болуы кәмелетке толмаған жеткіншектің ол туралы білмейтіндігіне негізделеді.

Сондықтан жұмыстың негізгі бағыты кәмелетке толмаған балаларды олардың құқықтары мен міндеттері туралы, әртүрлі жас ерекшеліктеріндегі топтар үшін қоғам мен мемлекет тарапынан анықталған әлеуметтік қалыптың

орындалу қажет етілетін талаптары туралы ақпараттандырудан тұруы тиіс.

Қазіргі кезде жеткіншек жастағы оқушының жалпы және психикалық дамуының  жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі.

Девиантты мінезді балалармен жұмыс бағыттары :

1. Девиантты мінез - құлқы бар  оқушыларды анықтау

2. Девиантты мінез-құлқы бар  оқушылардың  тобын және оның  айналасын 

    психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу

3. Мәселе бойынша басқа мамандарымен  өзара әрекеттесу.

4. Білім беру мекемесінің барлық оқушыларымен бірге өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатысу.

Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін ең алдымен, біз Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №2 мектебінің педагог және ата - ана ұжымынан,8 в және 9 в сыныптарының оқушыларынан  “Жеткіншектің девиантты мінез-құлқы” деген тақырыпта анкета жүргізуді жөн көрдік. Яғни, зерттеу жұмысындағы мақсатымыз – «қиын» балалар туралы ақпараттың ата-ана, педагог ұжымына, оқушыларға  қаншалықты мәлім екенін анықтау.

Зерттеу жұмысы екі сыныпта жүргізуге негізделген. Оның 8 в сынып экперименталды топ, ал  9 в сынып бақылау тобы етіп алдық. Зерттеу жұмысына 8 в сынып оқушылары, яғни 37 оқушы, 12 ата - ана және 14 мұғалім қатысты.              

      Анкета мына сұрақтарды  қамтыды:

      1. Девиантты мінез - құлық дегеніміз не?

      2. Ол қай жасқа тән және неге ?

      3. Девиантты мінез - құлық белгілерін білесіз бе?

      4. Девиантты мінез - құлықтың пайда болуына әсер етуші факторлар?

      5. Девиантты мінез - құлыққа тән іс-әрекеттер?

      6. Девиантты мінез - құлық кезіндегі жеткіншектің ата - анамен қарым-қатынасы?

      7. Педагог ұжымы, мектеп әкімшілігімен қарым - қатынасы?

      8. Достары мен құрбы - құрдастарымен қарым - қатынасы?         

Өкінішке орай, анкетадан алған нәтижеміз бізді қуанта қойған жоқ. Ата-аналардың жауабынан  көбіне  бұл мәселеге аса назар аудармайтыны ата - ана жауаптарынан белгілі болды. Ата - ана жауаптары: «Бұл өтпелі кезең болғандықтан», «Уақыт өте келе өзі жойылады», «Баламның әкесі кезінде осындай болған дейді», «Баланың қанында бар нәрсеге мен  ешнәрсе істей алмаймын», «Іздей берсең ауру көп», «Аз білсең тыныш ұйықтайсың» деген жауаптар берілді.

             Нәтиже төмендегідей болды:

Ата - аналар                       20%

Педагог ұжымы                 43 %

Оқушылар                          37 %

Бұл олқылықты түзету мақсатында ата-аналарға, педагог ұжымына және оқушыларға сауаттандыру жұмысын жүргізуді жөн көрдік. Сауаттандыру жұмысында ата-аналар, педагог ұжымына және оқушыларға «Қиын жеткіншектердің мінез-құлқы» тақырыпта баяндама оқылды.                      Сауаттандыру жұмысы тек баяндамамен шектеліп қана қоймай, қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып жатқан, жоғарғы сынып оқушылар арасындағы, әсіресе қыздар арасындағы төбелес мәселесі туралы деректі фильм тамашаладық. Фильмнен соң осы мәселені әрі қарай талқыға салуды жөн көрдік . Бұл жердегі өзекті сұрақтар:

          1. Жасөспірімдердің «қиын» бала қатарына қосылуына кім кінәлі?

          2. Оған не себеп?

          3. Тәрбие беруде кімнен қате кеткен?

          4.«Қиын» жасөспірімдердің отбасы, құрбылары, ортасы туралы көзқарасы?

           5.«Қиын» баланың қатарына қосылған баланы  қайта түзетуге болады ма?

          6. Өз  көзқарасың және ұсынысың?-  деген мағынаны қамтыды.

Сонымен қатар, Қақтығыстық жағдайдан шығып кете аласызба? К.Томас сауалнамасы жүргізілді.

Мақсаты: мінез  -  құлық ерекшеліктерін, дау -  дамайдағы қақтығысқа

жақындығын анықтау.

Әдістемеге түсініктеме.

Орын алған дау  -  дамайдан шығып, келісімге келу жолын басқаларға көрсетіп беру үшін, зерттелінушінің келіспеушілік орын алған қандай мінез - құлық көрсететінін анықтау керек. К.Томастың айтуы бойынша келіспеушілікке алып келетін шатақ мінез екі типке топтастыруға болады:

1) басқа адамдардың, қызығушылықтарына, тіршілігіне зиянкестікпен 

ерекше көңіл аударуы;

2) өз қызығушылығын қорғаудағы  ерекше қайсарлығы.

Осы екі себепке байланысты қақтығыс келіспеушілікке алып келген мәселені шешудің келесі жолдарын көрсеткен:

А) бәсекелесу, жарысу барысында басқаны жеңу арқылы өзінің мәртебесін  көтеріп, өзгенің намысына тию, ең жиі пайдаланылатын және ең тиімсіз жолы;

Б) икемделу, бәсекелесуге қарама - қарсы келетін әрекет, өзгенің пайдасын  ойлап өз қызығушылығын құрбандылыққа келтіруі;

В) ымыраға, компромисске келу, дау - дамайдың себепкерлері бір - бірімен  келісімге келуі;

Г) жалтару (бойды аулақ салу, қашып кету) басқаның тіршілігіне де, өзінің  мақсатына ынталануының төмендігі;

Д) ынтымақтастық, екі жақты да қанағаттандыратын альтернативаға келуі.

К.Томас айтуынша «а» және «б» нұсқалары бойынша, бәсекелестік пен  икемделу арқылы келісімге келгенде дауласқандардың біреуі ұтса, екіншісі  ұтылады, немесе компримисске келу арқылы екеуі де ұтылады. Сондықтан тек қана ынтымақтастық дау - дамайды шешудің ең тиімді жолы болып табылады.

Сауалнамада 60 тұжырымдама бар. Олардың тізімі,  зерттелінушіге  орындау ережесі түсіндіріліп беріледі.

Орындау ережесі. Сауалнаманың әр бабы «А» және «Б» әріптерімен белгіленген екі нұсқадағы тұжырымдамадан тұрады. Оның қайсысы сіздің  мінезіңізге жақын болса, сол нұсқаны белгілеңіз.

         Сауалнама

1. А. Кейде талас -  тартыс мәселені шешу үшін басқаларға жауапкершілікті  мойнына алуға мүмкіншілік беремін.

     Б. Біздің көзқарасымыздағы  қарама -  қайшылықтарды талқылаудың  орнына, екеуіміз де келісетін  нәрселерге көңіл аударғым келеді.

2. А. Мен компромисстік шешім  қабылдауға тырысамын.

    Б. Мен мәселені өзімнің  де басқаның да көңілін табатындай  етіп шешкім келеді.

3. А. Әдетте мен өз айтқанымды  қатаң орындауға тырысамын.

    Б. Өзгелердің қызығушылығын  қорғау үшін кейде өз қызығушылығымды  жанпида етемін.

4. А. Мен компромисстік шешім  қабылдауға тырысамын.

    Б. Басқалардың сезімін аяққа таптамауға тырысамын.

5. А. Талас – тартыс сұрақтары  шешу үстінде біреудің қолдауын  іздеймін.

    Б.  Мен өз айтқанымды орындауға тырысамын.

6. А.Талас-тартыс тудырған сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана дәл шешуге  болатынына сенемін.

    Б. Өз шешімінің дәлелді екендігіне басқаның көзін жеткізуге тырысамын.

7. А. Өз дегеніме жетуге әбден  тырысамын.

    Б. Мақсатқа шешу үшін  кейбір жағдайларда кешіпейілділік  танытуға болады деп есептеймін.

8. А. Қарама - қайшылықтарға бола қатты толғануға болмайды деп  ойлаймын.

    Б. Өз дегеніме қол  жеткізу үшін бар күш - жігерімді  жұмсаймын.

9. А. Өз дегеніме жетуге тырысамын.

    Б. Мен компромисстік  шешім қабылдауға тырысамын.

10. А. Ең бірінші қандай өзекті  мәселе талас тартыс тудырғанын  анықтап алу  керек деп есептеймін.

      Б. Екеуіміздің арамыздағы  сыйластықты сақтау үшін оны  сабырлылыққа 

шақырамын.

11. А. Ұрыс - қағыс шығатын жағдайдан  аулақ жүру ұстанымын сақтаймын.

      Б. Егер маған қарсылық  білдірмесе мен де оған өз  пікірінде қалуға мүмкіндік беремін.

12. А. Мен ортақ ұстанымды сақтауға  шақырамын.

      Б. Өз дегенімдей  болуды қатаң талап етемін.

13. А. Өз пікірімді басқа біреуге  жеткіземін және оның пікірін  сұраймын.

      Б. Өз пікірімнің  логикасы мен артықшылығын басқа  біреуге көрсеткім 

келеді.

14.А. Біздің сыйластық қатынасымызды сақтау үшін оны келісімге шақырамын.

      Б. Ауыртпалық болмауы  үшін барлық жағдайды жасауға  тырысамын.

15. А. Басқа біреудің сезімін  аяққа таптамауға тырысамын.

Информация о работе Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі