Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:39, курсовая работа
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Жеткіншектердің девиантты мінез – құлықтарының психологиялық
теориялық мәселелері....................................................................................6
1.1 Девиантты мінез-құлық және оның пайда болусебептері...........................6
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының
психологиялық белгілері..............................................................................15
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың
психологиялық өлшемдері............................................................................25
1.4 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары.................................................41
2. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі.........................................................................46
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқы......................46
Жеткіншектердің девиантты мінез - құлқындағы психологиялық
ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............................53
Қорытынды..........................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................
Өзін - өзі жоғары бағалайтын балалар жаңа ұжымға келгенде айналасындағылар жағынан ерекше көңіл бөлуді талап етеді, көш бастаушылық позицияны алуға ұмтылады, сондықтан да құрдастарымен әрдайым дауласып, келіспей қалады. Басқа жеткіншектерде де көбіне оларды қабылдамайды және өзінің жағдайына қанағаттанбаушылық оларда жағымсыз эмоциялардың, сыныптастарына деген қарым - қатынастың агрессивтілігінің пайда болуына әкеледі. Бұл жеткіншектер әлеуметтік жоспарда ұзақ уақыт бейімделе алмай, ұжыммен қарым - қатынас бекітуде қиындықтар сезінеді [30].
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың психологиялық өлшемдері
Жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарды игерту арқылы сындарлы тәрбие беру психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қалыптасу компоненттерін қамтитын белсенді процесс. Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадыр - қасиеттерді сіңдіру барысында, олардың бойында қоршаған орта ықпалымен көрініс табатын жағымсыз, яғни девиантты мінез - құлықтан арылтуды және оның қалыптасу себеп - салдарын анықтап алуды да талап етеді. Педагогикалық әлеуметтік сөздіктерде бұл ұғым былай түсіндіріледі. Девиантты мінез-құлық - бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қаса - қана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалу. Сондай - ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы; Демек, жасөспірімдердің бойын ауытқымалы (яғни, девиантты) мінез - құлық нышандарынан арылту арқылы олардың бойына қоғамымызда қабылданып, орнығып келе жатқан рухани жаңа құндылықты бағдарларды, соның ішінде әсіресе ең алдымен, ұлтжандылық, азаматтылықты, жоғары моральдық және адамгершілік қадыр - қасиеттер мен мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластықты, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын мүлтіксіз орындаушылықты қалыптастыру - орта мектептердегі оқу - тәрбие процестерінің негізгі міндеттерінің бірі саналады.
Бала
Отбасы
2 - сурет - Отбасы . Бала . Мектеп .
Бұл бір-бірінен ажыраусыз үш ұғым.Отбасы бар жерде бала бар,бала бар жерде отбасы бар. Ата- ана тарапына, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірімдер өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп,уайымға шалдығады. Ұзаққа созылған қайғыру, ренжу, жүйке ауруларына шалдықтырады.
Мектеп пен отбасы бала тәрбиелеудегі негізгі мақсатты қолданатын әдіс - тәсілдерді бірге ойлап, іске асырмау салдарынан, яғни әр түрлі талаптардан оқушы отбасының, мектептің ықпалынан шығып кетеді.
Ата - ана баласын еркелеткенде
күнге, айға теңейді. Бала жүрегі,
бала қиялы бір әлем. Бала жүрегіне
жол табылғанда ғана жұмбақ
әлемінің сыры ашылады. Сонымен
қатар, бала жүрегі сезімтал және
нәзік. Кез - келген нәрсені тез
қабылдайды, бірақ ақ пен қараны
ажырата алмайды. Сондықтан әдептілікке
жатпайтын әдептерден, лас ақпарат
көздерінен сақтандыру қажет
[31].
Жасөспірімдер арасында маскүнемдік соңғы 4 жылда 2,5 есеге өскен. 14 жасқа дейінгі балаларда маскүнемдік саны соңғы 4 жылда 21 есеге өскен. Спиртті ішімдіктерді ішудің нәтижесінде психикалық және іс - әрекеттік бұзылыстар бойынша психиатр дәрігерлерде 610 бала тіркелген.
Есірткіге тәуелділік 1500 - ге жуық жасөспірімдерде анықталып, 14 - ке дейінгі балаларда 385 - ке жеткен. Содан, жылы психиатрға алғаш көрінетін балалар мен жасөспірімдердің саны 30 мыңнан асады, ал жалпы бақылауға алынғандардың саны 310 мыңға жетеді. Бұл дегеніміз, әрбір 5 оқушының екеуінің психикасы өзгеріске ұшырайды деген сөз.
Девиантты іс - әрекетке ие балалар мен жасөспірімдер жағымсыз іс - әрекеттер мен қылықтар жасайды, сол себепті өз құрбыларының мұғалімдер мен ата - аналардың және жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады. Олар өз құрбы - құрдастары арасында зорлық - зомбылық жасайды.
2002 жылды Елбасымыз анықтап, 14-ке
дейінгі балаларда 385-ке жеткен
болса, 2007 жылы психиатрға алғаш
көрінетін балалар мен
Девиантты іс - әрекетке ие балалар мен жасөспірімдер жағымсыз іс - әрекеттер мен қылықтар жасайды, сол себепті өз құрбыларының мұғалімдер мен ата - аналардың және жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады. Олар өз құрбы - құрдастары арасында зорлық - зомбылық жасайды .
2002 жылды Елбасымыз «Денсаулық
жылы» етіп жариялаған еді. Қазақстанның
жалпы білім беретін
Негізі бала тәрбиесін үш топқа бөледі. Мамандар пікірінше, сәбиге деген ата - ана махаббаты ол жарық дүниеге келместен бұрын, ана құрсағында жатқан қүннен басталуы керек. Оны - жүрек тәрбиесі деп атайды.
Туылғаннан - 5 жасқа дейінгі аралықта берілген тәрбие - дүниетану тәрбиесі және адамгершілік әліппесі.
«Тәрбиенің негізі 5 жасқа дейін қолданылады, 5жасқа дейін жүргізген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл тәрбие процесінің 90 пайызы», - дейді А.С.Макаренко. «Бес жасар баладан маған дейінгі қашықтық он - ақ қадам. Ал, жаңа туған нәрестеден 5 жасқа дейінгі қашықтық орасан зор» деген ғұлама Лев Толстой.
Мектеп жасындағы 5 жастан 16 жасқа дейін азаматтық және адамдық тәрбие. Дүниеге ұрпақ әкелген соң, оған дұрыс тәлім - тәрбие беру - әрбір
ата - ананың парызы. Бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы. Оларға саналы білім, тәлімді тәрбие беру тек мұғалім мен мектептің еншісіндегі нәрсе деп қарау - қателік.
Біздің ойымызша, мектеп жасындағы баланың адам болып қалыптасуы үшін мектеп пен отбасының таразы басын тең ұстау қажет.
3 - сурет - Адам болып қалыптасуы үшін мектеп пен отбасының таразы басын тең ұстау
Бала үшін ата - анасынан артық адам жоқ. Баланың бас ұстазы ата -анасы. Ендеше, әрбір ата - ана өз перзентін мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, ата - салтын, ана тілін қастерлейтін ұлтжанды адам етіп тәрбиелеу ата - аналық міндеті деп түсінуі керек.
Қорыта айтсам, мынау мектептің жұмысы, анау ата - ананың міндеті етіп бөліп жармай-ақ, жас ұрпақты келешек өмір, елдігіміз үшін бірігіп тәрбиелегенге не жетсін.
«Қиын» балаларды қайта тәрбиелеу мәселесіне тоқталып кетсек. Ең алдымен тәртіп пен заңды бұзуға бейім тұратын, сабақ үлгерімі нашар оқушыларды сынып және мектеп бойынша анықтау керек. Ол үшін, әр тоқсанда бір немесе екі пәннен үлгермейтін оқушыларды анықтап отыру қажет. Үлгермейтін оқушылардың барлығының тәртібі нашар болмас, алайда, қиын оқушылардың басым көпшілігі бірнеше пәндерден үлгермейтіні ақиқат.
Сауалнама жүргізу арқылы «қиын» оқушылар мен педагогтардың қарым - қатынасын анықтап, оны жолға қою мәселесін шешу қажет. Зерттеулер көрсеткендей, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігі бір немесе бірнеше мұғалімдермен шиеліністі жағдайда болады, ондай қарым - қатынас олардың түзелуіне кері әсер етеді [33].
«Қиын» оқущылардың өз сыныптастарымен қандай жағдайда екенін анықтау және соған лайықты іс - шаралар жүргізу. Олардың көпшілігі өз сыныбында - басбұзар, ірітушілер және өзі сияқты бұзақылардың жетекшісі болып келеді. Ата-аналарымен және достарымен әңгімелесуі арқылы тәрбиесі «қиын» оқушылардың бос кездерінде кімдермен жүріп -тұратынын, қандай топтарда, орталарда болатынын анықтау. Себебі, дәл сол бейресми топтарда болу арқылы олар темекі шегу, арақ ішу, құмар ойындарын ойнауды әдетке айналдырады.
Сонымен қатар, олар өзінен кішілерге әлім-жеттік жасауын, жануарларды қаншалықты жәбірлейтінін анықтау да олардың мінез -құлқының бұзылғанын көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген төрт көрсеткіштің екеуінің бар болуының өзі оқушыны тәрбиесі «қиын» балалар қатарына қосуға жеткілікті.
Анықталған тәрбиесі «қиын» оқушылардың тәртібі мен адамгершілік қасиеттерін дамытудағы ауытқушылықтардың себебін зерттеу және жеке басының психологиялық ерекшеліктерін зерделеу мәселесі бойынша, «қиын» балалардың «қиындығы» неде екенін білу үшін оның себебін табу керек. Біріншіден, оның жүйкесі мен психикасында ауытқушылық бар жоғын анықтап алу қажет. Мамандардың пікірінше, ондай ауытқушылығы бар оқушылардың 10 - 15% жүйке немесе психикалық ауру жағдайына байланысты. Мұндай оқушыларды тәрбиелеуден бұрын емдеу керек. Сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер ететінін анықтап алу үшін ақпарат жинау. Ол үшін әңгімелер, бақылау, сауалнама жүргізу, құжаттарды зерттеу әдістері қолданылады. Олардың бәріне дұрыс талдау жасау дегеніміз – «қиын» балаларды анықтауда қателікке бой ұрмау жағын қарастыру болып табылады.
«Қиын»
оқушылардың отбасылық
Жеткіншектерді өзін-өзі тану пәні арқылы
жеткіншек кезеңдегі кедергілерден өту
жолдары. Баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын
дамыту, баланың өзіндік «менің» анықтауға
көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас
мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа,
кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа,
имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «өзін-өзі
тану» пәнінің рөлі зор. «Өзін-өзі тану»
пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша
баланың бойына «Әлем және адамзат» туралы
дұрыс түсінік қалыптастыру. Жеткіншектердің
адамгершілік мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен
таныстыру. Жеткіншектердің танымдық
белсенділіктерін арттыру. Жас ұрпақтың
рухани адамгершілік категорияларына
көңіл аудару. Жеке тұлғаның «менің» (өзімшілдігін
емес ояту). Осы міндеттерді бала бойына
дарыту мақсатында оқытудың әдіс-тәсілдері
қолданысқа енгізіледі.
1. Интерактивтік әдіс
2. Топтық жұмыс
3. Ой - қозғау әдісі
4. Жобалау әдісі
5. Рөлдік ойындар
6. Шешім қабылдау әдісі
7. Қосымша жұмысты орындау
Осы әдістерді пайдалана отырып, оқушы
өз пікірін айта алатындай, өзін толғандыратын
сұрақтың шешімін табуға ұмтылатындай
дәрежеге көтеріледі.
Жасөспірімдер іс-әрекеттері мен оқиғаларға,
жағдаяттарға кейіпкерлердің мінез-құлқы
мен қарым-қатынастарына баға беруге үйренеді. Жеткіншектерге
өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын
меңгерту.
«Өзін-өзі тану» пәнінің әдістері арқылы
жасөспірімдік кезеңдегі келіспеушілік
пен жасөспірім шақтан ересек шақтағы
өтер кездегі мінез қиындылығын жеңуге
мүмкіндік береді. Осы орайда өзін-өзі
тану пәнінен жеткіншектерге өткізілген
бір сабақты мысалға келтіріп көрейік. Сабақтың тақырыбы:
Мақсаты:
Оқушылардың бойында адам туралы, оның
дүние-танымдық көзқарасы туралы жағымды
көзқарас қалыптастыра отырып, оларға
өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және
бағалай білу туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Шаттық шеңбері
Биылғы оқу жылындағы алғашқы сабақ болғандықтан
мұғалім оқушылармен жазғы демалыс туралы
әңгіме жүргізеді. Одан соң сыныптағы
бір оқушы немесе мұғалімнің оқулықта
берілген Төле бидің мына нақыл сөзін
оқып, өздерінің ойларын ортаға салады.
Біліп айтқан сөзге күн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықтағы
«Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен
берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме
жүргізіледі:
• Жазғы демалысты қалай
• Демалыс кезінде қандай
• Өзін тану үшін адам не
Мұғалім өзін-өзі танудың адам өміріне
қажетті әрекет екендігін айта келіп,
таным жолындағы ізденістердің адам өмірінің
бағытын айқындаудағы мәнін түсіндіреді.
Үйрену, оқып-білу адамның танымдық қабілетін
жетілдіретін күш деп мұғалім ой түйіндейді.
Оқушылар жазғы демалыста істеген жақсы
істері туралы әңгімелеседі. Мәтінмен