Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:39, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Жеткіншектердің девиантты мінез – құлықтарының психологиялық
теориялық мәселелері....................................................................................6
1.1 Девиантты мінез-құлық және оның пайда болусебептері...........................6
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының
психологиялық белгілері..............................................................................15
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың
психологиялық өлшемдері............................................................................25
1.4 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары.................................................41

2. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі.........................................................................46
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқы......................46
Жеткіншектердің девиантты мінез - құлқындағы психологиялық

ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............................53

Қорытынды..........................................................................................................63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сағынай Самал диплом.docx

— 252.16 Кб (Скачать документ)

Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» - оқулығында: жеткіншектердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады,-  дейді.   Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін - өзі тануы, өзіндік сана – сезімі белсенді және өз тұлғасын өз - өзіне бағындыруы туа бастайды. Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жеткіншіктердің жетілуі ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құрбы құрдастарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән. Жеткіншек кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады, «жеткіншек» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жеткіншек шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады  [38].      Осы жастағы өзгешелік психолог   А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасөспірімнің эмоциялық қалпына беттесуін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактормен анықтаймыз. В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу -  адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі. Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жеткіншектердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық ордасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. жеткіншектердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады. Жеткіншектердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады. Жеткіншек – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай - ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді [39].    Мектеп пен ата – ана мен жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу – танымдық және қоғамдық - саяси іс- әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр. Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық жүйедегі көз қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көзқарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек жеткіншектерде философиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым-қатынас. Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады. М.И. Шардаков бойынша жасөспірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр  түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік

жағынан есейеді. Жеткіншектердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әрі міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жасауға үйрене алады  [40].       А.В. Мудрик жеткіншек кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол екіжақтылық пен қарама - қайшылық деген. Педагогикада жеткіншектерді өскен адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік білмейді,-   деп пайымдайды. Ст. Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама - қайшылықтарды бөліп көрсете отырып, жеткіншек мінезіндегі амби-валенттілік пен пародаксальдылықты сипаттаған. Жеткіншектерде шектен тыс белсенділік -  аяқ шалысқа шектен тыс көңілділік - уайым, өзіне сенімділік - ұялшақтық пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым-қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық – бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді «Боран мен тегеурін» кезең деп атайды. Ст. Холл жеткіншек кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана – сезім» кризисі деп сипаттайды. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады. Келесі жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жеткіншек кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді.         Э. Шпрангер жеткіншек кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19 жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды  [41]. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөспірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады.Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөспірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді: 
1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым – қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады. 
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады. 
3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін - өзі қалыптастырады. Өзінің ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым - Э. Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы.

 

 

     1.4 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары

     «Адамның баласын заман өсіреді. Кімде - кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз  де: мектеп, ұстаз, ата-ана, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз. Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан-сезімін түсініп, ұғыну, оған көмектесу. Мысалы, «Балаңды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға-ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла»деген ғибаратты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз.

Орта білім дамыту тұжырымдамасында «Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек» делінген. Бұл үшін психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, нарықтық экономикаға сай дені сау, ұлттық сана – сезімі жоғары, рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу- міндетіміз.

Осынау өмірдегі әрбір жасөспірімге тән қасиет яғни, көңілінің қалмауы – ешкімге бағынышты болмай, қатар - құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін көңілді өткізу. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне үлескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, қиын балалардың болашаққа ұстанған бағыты басқа жасөспірімдерден өзгешелеу болып келеді. Тәрбиесі «қиын» балалар әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, көп ретте ерік-күшінің аздығынан, берік қалыптаспауынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкегіне түсіп кете барады.  Тәрбиесі «қиын» балалардың  пайда болуына бірден-бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның бастылары: - біріншіден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу;

  • екіншіден: тәрбиенің көзі - баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтажын қамтамасыз ету,- деп санаушылық;
  • үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау. Оқушының жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуі де себеп болады.

Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленсе түсетіндігі айқын. Себебі, мектепте де баланың жеке басын силамай, әкімшілік көрсету баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары «қиын» айтуымен, ұрысу ар-ожданына тию тәрізді. Педагогикаға жат әрекеттермен сипатталады.  Мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді төмендегіше топтан өткізуге болады.

  1. Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын  - ала айқындай алмау. Мұғалімдердің кейбіреулері оқушының дара ерекшеліктеріне, адамгершілік тәрбиесі нормасынан ауытқу себептеріне толық көңіл аудармаған. Ұжым арасындағы қарым- қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың бос уақыттарын нәтижелі ұйымдастырмаудан деп санаймын.
  2. Тәрбиесі «қиын» оқушылармен тіл таба алмай, яғни жеке педагогикалық ықпалдар жасай алмаудан барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдері: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыз жазаламау, қандай бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту т.б. қолдану, дұрыс қолданылмаған шара жасөспірімдердің ыза кегін туғызып, қарсылық көрсетеді.
  3. Кейбір педагогтердің кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі. 
  4. Пәндерінен білімдерінің таяздығынан, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырумен өткізуде методикалық шеберліктер дәрежесі төмен болуы себеп болған.

Қиын оқушылардың проблемаларын шешуде оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс [42].

  1. Оқушыларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі - сынып жетекшілері.

     Сынып жетекшілері  жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен  ақылдаса ата-аналармен бірлесе  жұмыс істеген жағдайда ғана  үлкен нәтижелерге ие бола  алады. Сондықтан ол әр уақытта  оқушыларының күшті және әлсіз  жақтарын ескеріп, нәтижелеріне  жүйелі салыстырулар жүргізіп, нақты  талдау жасап отыруы тиіс. Ең бастысы әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан - жақты білуге ұмтылған дұрыс. Оқушылардың тәрбиелік деңгейі нақты анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу керек. Бұл ретте ұстаз оқушылардың тәрбиелілігін көрсететін саналылығы, адамгершілігі мен имандылығы, эстетикалық талғамы, танымдық даму дәрежесі, қызығуы, қоршаған ортаға, өнерге бейімділігін тағы басқа ескеруі керек.

  Сынып жетекшілері туралы әдістемелік хатта: Сынып жетекшісі әр уақытта  оқушылардың жаңа ұжымын қабылдай отырып, ең алдымен отбасының бала тәрбиелеу шарттарын зерттейді делінген. Сондықтан тәрбиешінің ең бірінші міндеті – балалар өсіп тәрбиеленетін ортаны зерттеу. М. Дулатов «Жақсы білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек» [43] деген.  Жас ұрпақ тәрбиесі бір пәс босаңсуды, бейғамдықты көтермелейтін тіршілік тынымсыздықтың аса өзекті тетігі болғандықтан ешқашан күн тәртібінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар опат болады»,- дейді ертеден келе жатқан көнелер сөзі. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шынайы мәніндегі «Адам» болып қалыптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін  аумағы кең, жауапкершілігі мол күрделі процесс екенін  ұқтырса керек. Қазіргі таңда тәрбиесі «қиын» балалар мәселесі қатты алаңдатып отыр. Ахмет Байтұрсынов айтқандай (балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін ұлт қайдан болсын.)

«Қиын» оқушылардың ерекшеліктері. Ең біріншісі олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет.

  1. Темпераменті, жыныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері);
  2. Адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері  (ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция қабылдау және ойлау биологиялық ерекшеліктері);
  3. Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет - дағдысы, іскерлігі мен ептілігі;
  4. Жеке адамның жалпы бағыт - бағдары мен адагершілік қадір - қасиеттерінің бірлігі;

Қиын бала туралы жалпы мәлімет, отбасындағы тәрбие жағдайы, сыныптастарының қиын балаға қатысы, қиын оқушының оқуға, еңбекке айналасындағы адамдармен өзіне қарым - қатынасы.

Педагогикалық шешім:

а) отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда қандай жағымсыз әдет - дағдылар баланың мінез - құлқына, жүріс - тұрысына әсер ететіндігін анықтау.

ә) қиын баланың бағыт - бағдарындағы тіректі адамгершілік қасиеті болмаса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін құрудың программасын жоспарлау.

б) дербес ерекшеліктерін ескеріп, оның адамгершілікті сыр сипатын, оқу тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда және басын сыйлау, оның дамуына обьективті жағдайлар туғызу.

Қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар:

  1. Әрбір қиын баланы жан - жақты зерттеп, мінез - құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу.
  2. Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәрбиелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көзқарасты ұжымшылдық қарым - қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру.
  3. Әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және шығармашылық талап - тілектеріне орай қабілеті мен икемшіліктерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру.
  4. Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымшылдық өмір қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.

Келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында сынып жетекшілерімен, ата-аналармен, пән мұғалімдерімен «Қателесу, оны түзету жолдары», «Қысым мен қиянат қарсы әрекет туғызады», «Ізгілікті қарым - қатынас мәдениеті», «Кекшілдік», «Агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі», «Тәрбиесі «қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі» тақырыптарымен әр түрлі типтегі іс-шаралар өтілді. Мына тақырыптарда ата-аналар университеті өтілді. «Баланың бас ұстазы  - ата  - анасы» / конференция/ . «Девиантты балаларды қайта тәрбиелеудің маңызы». «Ата - балаға сыншы» «Әкелер конференциясы». «Ата - бала дәстүрі - әдептілік негізі».  Мектепішілік есепке алынған балалармен көңілділер, тапқырлар, ептілер және «Бәрекелді, сайып қыран» сайыстары өтілді.

Информация о работе Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі