Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:39, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Жеткіншектердің девиантты мінез – құлықтарының психологиялық
теориялық мәселелері....................................................................................6
1.1 Девиантты мінез-құлық және оның пайда болусебептері...........................6
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының
психологиялық белгілері..............................................................................15
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың
психологиялық өлшемдері............................................................................25
1.4 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары.................................................41

2. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі.........................................................................46
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқы......................46
Жеткіншектердің девиантты мінез - құлқындағы психологиялық

ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............................53

Қорытынды..........................................................................................................63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сағынай Самал диплом.docx

— 252.16 Кб (Скачать документ)

•  Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре білдіңдер;

•  Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;

•  Өмірдің ең  құнды жақтарын алуға тырысыңдар;

•  Адамның әлсіздігіне шыдамдылықпен қараңыз, ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;

•  Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына  рақаттаныңыз,  ал жамандығына ренжімеңіз. 
          Сөйтіп өмірлік бағыт дегеніміз, әркімнің өз өмірлік жолын таңдауына әкеледі. Жас кезінде адамның алдында  әртүрлі жолдар тұрады. Бірақ адам оған жетуі үшін біреуін  ғана таңдауы мүмкін. Ол қайсысы? Ол  сені қайда апарады?  Адамның өмір жолы  жеңілдікпен  ғана тұрмайды, ол ауыр да болуы да мүмкін. Өмірдегі  жеңіл жол әдетте тез таусылады және ештеңеге жеткізбейді. Жас адамға кез келген қиындық  ештеңе емес, өйткені оның бойында күш-жігер бар.Батыл,намысшыл, қорықпайтын адам өз бағытынан  

таймайды. Сондықтан өмірлік жолды, өмірлік бағытты таңдай отырып адамгершілік, әділдік, адалдық, шыншылдық, ар-ұят тәрізді адамдық асыл қасиеттерді басшылыққа алу керек.

•  Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыздар?

•  Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз?

Мұғалім тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды таптырып, олардың құндылықты мәнін өз пікірлерімен пайымдатады. 
 Оқу ақпараты. Оқушылардың  жауаптарын түйіндеген соң мұғалім оқулықтағы  жаңа ақпаратпен сабақты жалғастырады. Сабақтың тақырыбын  айқындай түсу үшін қолданылатын оқу ақпараты  оқушылардың өзін-өзі тани отырып, өзін-өзі дамыту, жетілдіру үшін қандай мақсат қоя білуі керектігін түсіндіреді. Мұғалімнің  сөзі төменде берілген оқу ақпаратындағы өзекті ойды нақтылай  түсетіндей болуы керек. Оқу ақпаратын мұғалімнің  өзі оқиды. 
 Адамның танымдық әрекеті оның өзін-өзі дамытып, өзін-өзі түсінуінен басталады. Адамның таным жолындағы  жетістіктері оның өзі тіршілік ететін ортаны жетік білуіне байланысты. Адам барлық  дүниені, болмысты танып білуі үшін айналасымен жағымды қарым-қатынаста болуы шарт. Таным баспалдақтарымен  жоғары өрлеп, таным белестерінен сүрінбей өту-әр адамның өмірлік нысанасы  болып табылады. Адамның өзіндік ұстанымы, дүниеге  деген көзқарасы, пікірі іс-әрекеті және қоғамдық қызметінің пайдалы болуы оның таным тағылымдарын  еркін игергендігін көрсетеді. Өзіне  сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына  сәйкес бағдарлай білген адам таным жолында өз мақсатына жетеді. Әр адам өз өмірлік айқындамасын дұрыс белгілеп алса, өмірлік ұстанымы, таным жолы да айқын болады.            Назар аудару.  Сабақтың түйіні ретінде Б. Әлжақсыұлы жинастырған «Тоғыз жауың тағы бар…» атты адам өміріне кері әсерін тигізіп, адамгершілік қасиеттердің құнын түсіретін төмендегідей жаман әдеттерді еске сақтау тапсырылады:

Басты жауың-жалқаулық, сорлататын жаныңды;

Осалдығың-аңқаулық, соқтыратын саныңды;

Жасқаншақ болсаң-ұрылар алып қояр малыңды;

Жалатқызбас жасықтық аузыңдағы балыңды;

Өтірік айтсаң өңмендеп, жоғалтарсың арыңды;

Өсек  терсең телмеңдеп, суға кірер салыңды;

Көпірме босқа мақтан ғып түкке тұрмас барыңды;

Көрінгенге  жалтақтап бола алмайсың жағымды;

Біреуді алдап, арбаумен аша алмайсың бағыңды.

Оқушылар ақын ойын өз сөздеріме жалғастырады.

Шығармашылық жұмыс. Бұл әдіс әр дара тұлғаның өзіндік қабілетін, ой тереңдігін дамытуға ықпал етеді. Орайластырып берілген шығармашылық тапсырма оларды ізденімпаздыққа жетелейді. Төменде берілген ой-тұжырымды жалғастырыңыздар:

-   Біздің танымымыз  артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді; 
Шығармашылық жұмысты орындауда оқушылар өмірлік ұстаным, өмірлік бағыт туралы өз пікірлерін жазады.

Дәйексөз 
Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі, өзін - өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани аласың. Иоганн Гете

Сабақ әрі қарай оқулықтағы дәйексөзді талдаумен жалғасады. Мұғалім сөзіне баса назар аударады. Дәйексөзді талдау үшін мынандай сұрақ беріледі:

•    Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

•    Өзін-өзі қалай тануға болады?

Оқушылар нақыл сөздің мағынасын өз пікірлерімен дәйектейді. Дәйексөз дәптерге жазылады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылардың бір сәт дем алуы ойластырылады.Оларды сезім сергектігіне үйрететін «Тыныштық сәті» немесе «Өзіммен-өзім» релаксациялық тәсілі қолданылады. 
 Мәтінмен жұмыс. Оқулықта берілген Б. Үсеновтің «Өз жолым  бар, сонан соң өз үнім бар» атты өлеңді талдай отырып, оқушылар адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударады.

Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар,

Тағдырым бар сыр тұнған сезімде әр.

Ұмтыламын мен саған, ұмтыламын,

Құпиямен сен менің төзімімді ал.

Болса-дағы мұратым шалғай тарап,

Қоясың сен қандай сын, қандай талап?

Құлатсаң да құзыңнан тұрғызбастай,

Осы әнімді айтамын сан қайталап.

Не тілейсің ақыннан жиырма жасар,

Жастамын мен қамықпай шыңға басар.

Ез емеспін тау түгіл, қырда адасар,

Мен-қазақпын домбыра, жыр жарасар.

Өз арнамнан  әйтеуір, аспай бақтым,

Бір арманға жасымнан тастай  қаттым.

Күнді бетке ап тартып бара жатқан,

Жыр көшіне ілескен  жас тайлақпын.

Сабақ барысында  өз ой өрісімен танымына, мүмкіндіктеріне сыни көз қараспен қарай отырып, өзін-өзін дамытады, адами қарым-қатынасқа үйренеді. Адами қасиеттермен құндылықтарға үйретіліп, олардың күнделікті өмірдегі рөлі айтылады   [35].         Жеткіншектің «мен» деген қасиетін жете түсінуі үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына әсіресе екі ортадағы кездесетін қайшылықтарына тоқталайық. Қайшылық жеткіншектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған әлі бала деп қарауының келіспеушілігінен болғандықтан біз осыны қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс деп атадық.

Дағдарыс  дегеннің мағынасы қиын жағдайға тап болған кезде одан қалай шығуды білмеуді білдіреді. А. Г. Коволев  дағдарыс кезі  жеткіншектің жасына орай келмейді. Онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болады,- дейді. Осылай деу дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол  сергелдеңге ұшырамауы мүмкін. Демек жеткіншектердің үлкендермен қарым-қатынасы жақсы болып келсе онда дағдарыс кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын. Біріншіден, дағдарысқа ұшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден, дағдарыс үлкендердің қатынасына риза болмаудан кездессе де мұның өзі тек 11-16 жас арасында болып отыр. Егер Коволевтың  айтқаны дұрыс болса дағдарысқа ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда кездесуі ықтимал болар еді. Бірақ осы жөнінде әдебиеттерде ешнәрсе айтылмайды. Біз осыны есепке алып жеткіншекпен ересектердің арасындағы қайшылыққа қайта оралайық [36].  Жеткіншек үлкендердің өзінің есейгені мен  өз беттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киуде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен орындағысы келеді. Осыған әуелі кезде туған-туысқандар қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, басына сенім білдіргісі келмегеннен емес, оны бала деп бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек бұған түсінбей «Мені бала деп сенбей отыр»-дейді. Егер осындай қатынас көп созылса жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып ерегісуге немесе үлкендер не айтса соны орындамауға тырысады. Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді дегенде жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан сол жеңеді деуге болады. Себебі: диалектиканың заңы бойынша жаңа нәрсе көнен жеңеді. Ал осы іске қалай асады. Бұл әуелі жеткіншек үлкен адамдармен қарсыласып оның сөзін тыңдамайды. Үлкендер әуелі жеткіншектерді тәртіпке шақыруға тырысады. Тіпті жазалауы да ықтимал. Бірақ осыған жеткіншектердің кейбіреулері көнбей «түбінде үлкендер шаршап енді сенің айтқаның бола қойсын» деуі мүмкін деген ойда болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологі К. Левин «ойлық, бөгет» деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендердің арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды.  Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек.  Ал бөгетті жою оңай емес. Сондықтан  «өзін-өзі тану» пәніндегі  оқушылар игеретін білім, білік және дағдылар барысында оқушылар өзара қарым-қатынаста шындықты айтуға жағымды  ойлауға үйренеді. Өзара сыйластықты түсінуге қабілетті  айналасындағыларды ұнатып жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын, жақындарын  қуантуға асығады. Сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға ойланып сөйлеуге үйренеді. Әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп көмектесе біледі. Өзгені  ренжітпеуге тырысады.

Жеткіншектерді өткізілген «Ата-анаң-алтын тұғырың» тақырыбындағы сабақта ата - ана мен бала арасындағы махаббатты дәріптеу баласының санасына жеткізу мақсат қойылады. Жеткіншектерге ата-ананың бала үшін қандай жанқиарлық іске болса да баратынын түсіндіру мақсатында сабақ барысында  ана мен әкенің  мейір махаббаты үшін перзенті ақылды дана болса ештеңені орындаудан бас тартпайды. Ата-ананың міндеті сені тәрбиелеп өсіру және сені жақсылыққа үйрету. Себебі, ата-ананың  қадірін білмесе басқа біреудің  жақсылығына баға бере алмайды.  Сондықтан ана мен әке алдында шыншыл болуға, ата-ананың  құптаусыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсат ризалығын алу керектігін түсіндіріледі. Сондықтан ата-анамен жасөспірім арасындағы қарым-қатынастың  жақсы жағынан қайта қарап, дұрыс пайымдауға сараптауға көмектесетін «Мен және менің ата-анам» тест алу арқылы балалардың ата-анамен қарым-қатынасын  нығайту жолдарын құрастыруға болады.           Тесттің сұрақтарына «Иә», «Жоқ», «Кейде» жауап беру қажет.

    1. Ата-анаңыз сіздің достарыңызды біледі ме?
    2. Сіз ата-анаңызбен ашық сырласып сөйлесесіз бе?, жеке сұрақтар бойынша кеңес аласыз ба?
    3. Сізді ата-анаңыздың жұмысы қызықтыра ма?
    4. Достарыңыз үйіңізде жиі болады ма?
    5. Үйдегі өз міндеттеріңізді орындайсыз ба?
    6. Үйде жалығасыз ба?, үйден тыс жерден дем алуды жақсы көресіз бе?
    7. Ата  - анаңызбен ортақ қызығушылықтарыңыз немесе істеріңіз бар ма?
    8. Сіз отбасылық мерекелердің  дайындығына қатысасыз ба?
    9. Туған күніңізде ата-анаңыздың үйде болуын қалайсыз ба?
    10. Оқыған кітаптарыңызды ата-анаңызбен талқылайсыз ба?
    11. Ата-анаңызбен телехабарларды және фильмдерді талқылауды ұнатасыз ба?
    12. Ата-анаңызбен театрға, көрмелерге, музейлерге барасыз ба?
    13. Өміріңізде ата-анаңызбен серуендеу саяхатқа шығу сәттері жиі болады ма?
    14. Демалыстарда ата-анаңызбен өткізгенді қалайсыз ба?
    15. Қалай ойлайсыз? Ата-анаңызбен аралықта өзара түсінбеушілік бар ма?

Ұпайларды санау

«Иә» - 2 ұпай

«Кейде» - 1 ұпай

«Жоқ» -   0 ұпай

10 және одан да аз ұпай

Сенде ата-анаңыз да өзара түсінбеушілікте айтарлықтай қиыншылықтары бар. Сіз ата-анаңызбен бірге тұрғанымен, бір-бірлеріңізбен бөтен адамдар сияқтысыз. Мүмкін сіздердің араларыңызда жиі ұрыс-керістер болып тұратын шығар. Иә болмаса көп уақытқа созылып келе жатқан түсінбеушіліктер бар. Бұл әрине екі жақтың да көңілін толтырмайды. Сіз өзіңіз алғашқы қадам жасауға тырысып көріңіз. Ең алдымен мынаны түсінуге тырысыңыз. Сіздің ата-анаңыз сіз сияқты өз қызығушылықтары, қамқорлықтары, түйткіл мәселелері бар адамдар.

11-20 ұпай

Жаман емес! Сіз ата-анаңызбен қарым-қатынастасыз деп айтуға болады.Бірақ ол керемет бірлестік емес. Ал егер сәл ғана тырысып көрсеңіз, онда сізге достарыңызбен ғана емес ата-анаңызбен де қызықты болатынын түсініңіз.

20 ұпайдан жоғары

Құттықтаймыз! Сіз  көп нәрсеге қол жеткіздіңіз деп айтуға  болады: Сізде өз ата-анаңызбен өзара толық түсінісушілік бар. Сіз ата-анаңыз үшін-олардың нағыз жақсы көретін, сыйлайтын адамысыз: ашық және шыншыл, әрқашан да көмектесуге және отбасы үшін  ортақ проблемаларды бөлісуге дайынсыз. Отбасындағы мұндай қатынас – нағыз бақыт.

Отбасындағы жеткіншектерге тәрбиелеудің психологиялық  негіздері. 
Отбасы - баланың ең  жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірибиеде сынап байқап көреді.    Балалар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.         Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.      «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Қарым-қатынас адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған. Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі мен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды. Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде   А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша - «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады.         Жеткіншек шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған. Жеткіншек кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жеткіншек кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады. Жеткіншек  өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынасқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейірбандылықтан зұлымдыққа, адамгершіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс.  Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және ересек жаста анықтайтын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені, ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.  Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жеткіншектік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жеткіншектік өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін.  Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жеткіншек тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады  [37].  

Информация о работе Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі