Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:39, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Жеткіншектердің девиантты мінез – құлықтарының психологиялық
теориялық мәселелері....................................................................................6
1.1 Девиантты мінез-құлық және оның пайда болусебептері...........................6
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының
психологиялық белгілері..............................................................................15
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың
психологиялық өлшемдері............................................................................25
1.4 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары.................................................41

2. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі.........................................................................46
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқы......................46
Жеткіншектердің девиантты мінез - құлқындағы психологиялық

ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............................53

Қорытынды..........................................................................................................63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сағынай Самал диплом.docx

— 252.16 Кб (Скачать документ)

Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік «мен» сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді. Тым еліктегіш болады. Жасөспірімдік шақта оларда өзін - өзі тануға күшті болады. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасымен, мектептен оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді. Олар спорт секциялары, техникалық үйірмелер болуы мүмкін, тіпті, темекі шегетін, арақ  ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.

Қоғамда қалыптасқан  мінез - құлықтан ауытқыған балаларды «қиын» немесе «тәрбиесі қиын» бала деп санау   қабылданған  тәрбиесі  «қиын» балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала қалып пен ауытқудың ортасында болғандықтан бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлерде көңіл аудару керек.

Жеткіншектік жаста адамның мінез - құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады:

             - Ата - анамен келіспеушілік жағдайда  болу

             - Мектептегі қиындық пен сәтсіздік

             - Тәртібі қиын құрбы-достарымен  байланыс орнату .

 Отбасындағы жақсы қарым - қатынасты  жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз  топтағы құрбыларымен жақындық  әр түрлі жолдарға итермелейді.  Ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы - құрдастар тобы –  барлық жеткіншектердің нағыз  табиғи ортасы. Олар кәмелеттік  жасқа толмағандардың ең маңызды  қоғамдық факторы болып табылады.

 Демек, жас баланың мінез - құлқының  қалыптасуына отбасы ерекше әсер  етеді, солай болғандықтан оның  көп қырлы, жан - жақты болуы отбасына  байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік  жағынан жіберілетін әлсіздік  оқу жүйесіндегі сәтсіздің, аномалді  мінез - құлықтың қайнар көзі болып  табылады.

Жеткіншектің мінез - құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез - құлық деп аталады.

«Қиын бала» дегеніміз кім? Осы сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды, жалпы жұртшылықты жиі толғандырады және бір сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз, өйткені, баланың «қиын» аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес [50].    

«Қиын бала»қатарына қосылуына не себеп?      Қазіргі таңдағы ғалымдардың ойы бойынша негізгі себеп мыналар:

             -   Көңіл аударғанға күрес. Тіл алмаушылық – бұл дегеніміз  өзіне көңіл аударуға мүмкіндік  береді. Көңіл аударған эмоциялық  көңіл-күйдің жақсаруына қажет.

             -  Өз көзқарасы, билік үшін  күрес. Жеткіншек ескертулерге,  ережелерге өз қарсылығын білдіріп, барлығына қарсы шығады. Өз  шешімдері, көзқарастарының болуына деген  мүмкіндік – бұл деген өзінің  өмірлік тәжірибесінің жинауына  мүмкіндік. Қате тәжірибе болса  да .

             -    Ақысын алуға деген  ұмтылыс. Жеткіншек кек сақтайды :

  • Оны іні, қарындастары мен ағаларымен басына тұрып салыстырғаны үшін
  • Отбасы мүшелерінің алдында басынғаны үшін
  • Ата-анасының ажырасуы немесе отбасында жаңа адамның пайда болуы.

        Оның мектептегі, оқуындағы, мұғалім мен құрбыларымен қарым-қатынасындағы жетістігіне  сенбеу, өзін-өзі бағалауының төмендігі.

Біздің ойымызша, мұндай қиын өтпелі кезеңде ата-ана тарапынан жеткіншекке дұрыс қарым-қатынас жасай білу. Дұрыс қарым - қатынас дегеніміз - дұрыс сөйлей білу. Яғни, «Мен саған сенемін», «Мен сені жақсы көремін», «Мен әрқашан сенімен біргемін», «Сенің жетістігіңе мен сенемін» т.б.

         Ата-ана тарапынан қолдау дегеніміз бұл:

  1. Жеткіншектің жақсы қасиеттеріне көңіл аудару
  2. Жеткіншектің қателік жасамауға өз ақылын, көзқарасын білдіру
  3. Жеткіншектің өзі күшіне сенуіне көмектесу
  4. Сәтсіздіктерде қолдау көрсету

Жеткіншекке қолдау көрсетуде  ата-ана, өз іс-әрекет, қарым-қатынас стильін өзгертуіңіз мүмкін. Жеткіншекке қолдау көрсету - оған сену. Көптеген өмірлік қиыншылықтарды бірге бастан кешу. Жеткіншек өз күшіне деген сенімділігі пайда болу үшін, ата-ана шыдамды, қайратты әрі сабырлы болу керек. Бұл қасиеттер:

    1. Өткен сәтсіздіктерді ұмыту үшін

    2. Кез-келген тапсырманы орындай алуына сенімділігін арттыру үшін

    3. Барлығын жаңадан бастауға және ол жетістікке жететініне сену үшін

    4. Өткен жетістіктерді  ұмытпауға және қателіктерді қайталамау үшін қажет.            Сонымен қатар жеткіншекті қолдауда

      1. Ата-ана көп уақыт жеткіншекпен бірге өткізгені жөн

      2. Жеткіншектің жақсы қасиеттеріне сүйену

      3. Күрделі тапсырмаларды жеңіл етіп түсіндіру

      4. Жеткіншекпен қарым-қатынасыңызда әзіл-қалжыңды  ендіру

      5. Жеткіншектің барынша мәселені өзі шешуге мүмкіндік беру

      6. Шектеулер мен жазалардан қашу

      7. Сәтсіздіктер мен қиындықтарда оптимизм көрсету

Бұл жерде ең бастысы ата-ана өз баласын қандай болса, солай етіп қабылдау. Оның жақсы қасиеттер мен  кемшіліктерімен қоса.

Девиантты мінезді оқушыны қайта тәрбиелеу кезеңінде төмендегі факторларды есепке алмайынша істің табысты болмайтыны белгілі: отбасындағы  жағдайы, досы кім, бос уақытын кіммен және қалай өткізеді, сабақ оқуда неден қиналады, сынып ұжымымымен және педагогтармен қарым - қатынасы қалай, оның өзінің тұлғалық ерекшеліктері. Осындай ерекшеліктері. Осындай ерекшіліктерін есепке алу – оған дұрыс диагноз қоюмен бірдей. Дұрыс қойылған диагноз аурудың дұрыс ем қабылдауына оң әсер ететіні – белгілі жәйт.

Девиантты балаларға педагогикалық әсер ету жолдарына келсек, ойланып жоспарланған түзету шаралар оқу - тәрбие жұмысында «қиын» балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса маңызды болып табылады .

Біріншіден, мектеп жоспарында «қиын» балалардың барлығы үшін жүргізілетін іс - шаралар белгіленген болуы керек.

Екіншіден, әрбір «қиын» оқушымен жүргізілетін  жеке жұмыс жоспарының болуы. Осындай  жоспарларда «қиын» балаларға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау, кездейсоқ топтағылардың  жағымсыз әсерінен оларды қорғау, сабаққа қызығушылығын арттыру, қандай істерге оларды ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы тиіс.

Сондай - ақ «қиын» оқушылардың жағымды жақтарын анықтап, оны олардың өзін түзету ісіне ұтымды пайдалана білу - педагогтың нағыз ерлігі болып саналады. Әрине, тәрбиеші барлық кезде сабырлы болуы шарт, түзету жұмыстары өз жемісін тез арада қоймауын біз саналы ұғынуымыз керек.

 «Қиын»  балалардың сыныптастары және  мұғалімдермен қарым -қатынасын  өзгерту жолдарына келсек, «қиын» балалардың басым көпшілігі өздерін өзі оқитын сыныптан оқшау ұстайды, оларды сыныптың тіршілігі қызықтырмайды, олардан қашқақтайды.   Олар, әдетте, нашар оқығандықтан, сыныптастары оларды жек көреді, сондықтан оларға ұжымның жағымды әсері шамалы  [51] .

Сол себептен тәрбиеші, сынып жетекшісі «қиын» баланың өзін тәуір жағынан көрсете алатындай, сол арқылы сыныпта беделге ие бола алатындай жағдаят тудыруы керек.

Девиантты мінезді оқушылар өздеріне ұрысқанды ұната бермейді. Сондықтан мектеп мұғалімдері олармен қарым - қатынаста педагогикалық этиканы аса қатаң сақтауы қажет .

           «Қиын»  оқушыларды әртүрлі жағымды істерге  қатысуға тарту арқылы оларды  табысқа жетелеу мәселесінде, «қиын»  оқушыларды қайта тәрбиелеу дегеніміз  оның жағымсыз әдеттерін жағымды  әдептерден шығарып тастау.

Оқу жасындағы балалардың негізгі айналысатын істері – оқу, еңбек ету қызметі мен қызыққан ісімен айналысу, сондықтан «қиын» оқушыларды мектепке қайтару, оқуға қызығушылығын арттыру - аса қүрделі және педагогтің беделін де арттыратын іс. Себебі «қиын» балалардың   90%  сабаққа ықыласы жоқ. Сондықтан, оларды сыныптан тыс іс - шараларға тарту арқылы, спортқа, техникаға, өнерге қызықтыру арқылы оқуға бірте - бірте тарту педагогтардың қасиетті ісі болып табылады. Себебі, аталған қызметтердің бірінде табысты болу оларды басқа да істерге жетелейді.

Ол үшін педагогтар адамның өзін - өзі дамытушылық қасиеті мен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігін есепке алуы керек. Әрбір баланың жақсы болуға тырысатын кездері болады. Оның сондай белсенділігі мен энергиясына қолдау көрсету, демеп жіберу, сеніммен қарау балаға қанат бітіріп, басқаларға деген сенімін ұлғайтады.

   «Қиын» оқушыларға әртүрлі жағдаяттар арқылы сыныпта оның беделін көтеруге мүмкіндік беру,  ұжымдық шығармашылық істерге тарта отырып, оның қабілетін жақсы жағынан көрсете білуіне жәрдемдесу -  әсер ететін бақытты сәттер болып есептеледі.

Педагог  қиын оқушылармен жұмыс жүргізгенде осыларды іске асыруға міндетті.

Баланың алғашқы адами құндылықтары, әрине, отбасында қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде, ол ата-аналарды кінәләй бермей, бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек,  бұл біріншіден,  ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, «қиын» балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: «Менің  отбасым», «Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)», «Мен бос уақытымды қалай өткіземін?» деген тақырыптарға шығарма жаздырып, содан көп нәрсені білуге болады. Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын-ала, терең, жан - жақты ойластырған болуы керек.  Ата-аналармен, олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланған болуы керек [52].

Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақыланып, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі «қиын»  жасөспірімдерді тәрбиелеу – білгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзіне асыруға ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтер мен психологтерге, заң қызметкерлеріне жүктеледі. Өйткені, біздің ойымызша, «қиын» бала тәрбиесін ұйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

 

 

 

 

 

 

                                                     Қорытынды

«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Қарым-қатынастық адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау,отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған.        Отбасындағы жеткіншектерді тәрбиелеудің психологиялық  негіздері. 
Отбасы баланың ең  жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.     Балалар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.   Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу -  ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.    Жеткіншектік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жеткіншектік өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін.          Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жеткіншек тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады.

Информация о работе Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі