Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:39, курсовая работа
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Жеткіншектердің девиантты мінез – құлықтарының психологиялық
теориялық мәселелері....................................................................................6
1.1 Девиантты мінез-құлық және оның пайда болусебептері...........................6
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының
психологиялық белгілері..............................................................................15
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың
психологиялық өлшемдері............................................................................25
1.4 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары.................................................41
2. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі.........................................................................46
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқы......................46
Жеткіншектердің девиантты мінез - құлқындағы психологиялық
ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............................53
Қорытынды..........................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................
Жеткіншек өмір ағымына байланысты өз дүниетанымымен, әлеуметтік рөлін: Оқушы, мұғалім, спорттың топ командасының мүшесі тағы басқа иемденеді. Бірақта олардың сол рөлді игеруі қиынға соғады. Кейде күрделі эмоционалды қысымға, мінез-құлықтың бұзылуына әкеліп соғады.
Девиантты (ауытқулы) мінез - құлық - деп, қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік мінез - құлықты айтады (И.А.Невский). Танымал социолог И.С.Кон анықтамасында, - «Девиантты мінез - құлық ол психикалық саулық , құқық, мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы» - деп қарастырды. Бейімделген мінез - құлық тұжырымдамасына сәйкес ауытқу процесі кез - келген бейімделуді бұзады (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік - психологиялық орта) Әлеуметтік ауытқуды С.А.Беличева «девиантты мінез - құлық» деп төмендегідей топтастырды:
- пайдақор бағытта: құқық бұзу, материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу ( ұрлық, алдау, жымқыру, сату, т.б.)
- агрессивті бағытта: жеке бас дамуына кері бағытталған қимыл (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау)
- әлеуметтік - енжар түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид, белсенді өмір сүруден қашу, азаматтық жауапкершіліктен жалтару)
Бейсаналық мінездің сыртқы жағдайда көрінуі, ол ішкі ресурстың реттелуімен: әлеуметтік, адамгершілік бағыт және түсініктің өзгеруі негізінде қарастырылады. Сондықтан баланың бір жағынан мінез - құлқында белгі, дабыл, нышан пайда болуы және дамуы деп қарастырсақ, екіншіден жеке бас дамуына мақсатты әсердің құралы тәрбиелік әсердің сала көрсеткіші.
И.А.Невский, Л.С.Колесова тәжірибеде мектеп қызметкерлеріне экспертті сұрақнама өткізген. Педагогтар пікірінше, сыртқы факторлар негізінде қаланатын мінез - құлықты түзетуге жататындар:
1. Қоғамда болып жатқан процестер: қоғамдық құндылықтың иерархиялы өзгермеуі, мемлекеттік идеологияның болмауы: қылмысты жазалауды заңның дұрыстығы, құқық қорғау қызметкерлерінің өз жұмысына жауапкершілік алуы. Жұмыссыздық (ашық және жабық) отбасына әлеуметтік қолдау мен жәрдем ақының дұрыс қарастырылмауы ақпарат көздері арқылы қаталдық және зорлық туралы көп насихат жасалуы, баланың дене және психикалық жағынан түзетуге және көмек көрсетуге қажетті мекемелердің аздығы, балаға ақысыз сапалы үйірмелердің, қосымша білім алу көздерінің қарастырылмауы, керісінше ішкілік пен темекіні жарнамалау және оны сатып алу оңайлығын сөз етуге болады.
2. Отбасы жағдайы және оның ахуалы бүтін емес отбасы:
Төменде ұсынылған кестеде баланың қандай жағдайда тәрбиеленгенінен нәтижесін көруге болады. Бұл кестеде негізгі орында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас екені дәлел болып отыр. Кестені қорытындылай келсек, ең тиімді тәрбие әдісі демократиялық екені белгілі болып отыр [9].
Сонымен қатар,отбасында тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауынан балаға теріс әсер ететін жағдайлар.
3. Мектептің
ішкі өмірінде ұйымдастыру
2 - кесте - Отбасында тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауынан балаға теріс әсер ететін жағдайлар
Осы айтылған факторлар сыртқы әсер болып табылады. Біздің ойымызша, осы аталған сыртқы факторлар баланың мектепке деген қызығушылығын төмендетеді. Баланың мектепке бармай қалуы айтарлықтай жиілеп кетеді. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше жағдайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісі немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдырылуы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектепке барудан қасақана бас тартуы сияқты келтірілген сылтаулар барлығы оның эмоционалды бұзылуына байланысты болғандықтан, мектепке бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы – оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен, өз кезегінде әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін. Бұл жағдайлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін схема түрінде көрсетсек:
1 Ата - анасы мен балалары арасындағы қарым - қатынастың қатты бұзылған отбасында;
2 Ата - анасының бірі деликвентті мінез - құлық көрсететін отбасы.
И.Ю.Мангутова «ана мен қыз» конфликті зерттей келе мына тұжырымға келеді: бәсекелестік стилді мінез - құлық «ана мен қыз» қарым - қатынасындағы конфликтіге тән.
Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, И.С.Славина мұғаліммен бала арасындағы қарым - қатынас баланың ата - анасына және баланың құрбыларына қарым - қатынасын экспериментті түрде зерттеп көрсеткен. Балалардың мінез - құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады. Жасөспірімдерде девиативті мінез - құлықтың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді.
Сондай - ақ тәуекел әсер ететін ішкі факторлар бар. Педагогтар оны білуі қажет; бала өзін керексіз және қажетсіз сезінуі, төменгі өзін-өзі бағалауы, өзіне сенімсіздігі, өзін бақылау және тәртіпке әкелу жеткіліксіздігі, түрлі жағдайды сынай қарауы, өзінің ойын еркін жеткізе алмауы, өзіндік ашылуы сезілмейді. Ресейлік ғалым Курен Н.С екі типті отбасында аддиктивті мінез- құлықтың пайда болатынын көрсетеді [10].
Жеке адамның қалыптасуына тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие факторларының әсер ететіні белгілі. Соның ішінен девиантты мінез - құлыққа әсер ететін факторлар [11].
- әлеуметтік - педагогикалық қараусыздық
баланы тәрбиелеуде қажетті
- психикалық терең жабдықталмау,
отбасында психологиялық
- денсаулық және психикалық
- сыртқы жане ішкі
әлеуметтік-психологиялық бейімделмеу
негізгі бақылаусыздық, онда әлеуметтік және жекелік
- психологиялық факторлар - бұл,
балалардың жүйке жүйелерінің
ауру болуымен байланысты. Мұндай
балаларға психотерапевтің
- Әлеуметтік - экономикалық фактор - бұл, әлеуметтік теңсіздік арқылы анықталады. Бұл қоғамдағы бай мен кедей болып адамдардың бөлінуіне байланысты .
- Моральдық - этикалық фактор. Бұл, бүгінгі
таңдағы адамдардың
Біздің ойымызша бұл жерде, жетекші рольде әлеуметтік - психологиялық бақылаусыздық, себебі тәрбиеде немқұрайлық, қарым - қатынаста назардан тыс қалу балада жалғыздық сезімін тудырады, өзін керексіз санайды. Осындай әлеуметтік жағымды тәжірибенің жоқтығы, әлемтану мен құндылық бағытын, этикалық нормаларды, эстетикалық сезімді дамытпайды. Осыдан барып балада үлкенді сыйламау, шеттелу, қажетсіз сезіну байқалады. Қазіргі жеткіншек микроортасы жағымды деп қарастыра алмаймыз себебі: қоршаған ортада, аулада және үйде түрлі мінез - құлықтың бұзылу түрлерімен кездеседі, оған әлеуметтік, мәдени, экономикалық факторлар әсер ететіні белгілі. Тұрмыстық идеология негізі қоғамды ырықтандыру процесіне әкелуде. Күнделікті әңгімеде беделге жету жеке құндылықтар негізінде емес заңсыздық және құқық бұзу деңгейінде жеткені туралы көп қозғалады, ол тек материалды тұрғыда табысқа жетумен қатар қоршаған орта құрылымына енуі және қоғамдық лауазымды қошеметіне жетіп отырғаны баяндалады. Жас жеткіншектің идеалды әлеуметтік және жекелік құндылық бағыттарына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Кейде адам әлеуметтенудің құрбаны да болып кетеді. Ол әлеуметтену нәтижесі адамның ішкі сезімдері мен жан дүниесіне қайшы келгенде орындалады.
Өз ойымды білдіре кетсем, мысалы бала жеткіншек жасқа дейін сабақты бестікпен оқып жүрген. Ал жоғарғы сыныпқа өткенде, ол белгілі жағдайларға байланысты басқа сыныпқа немесе мектепке ауысты делік. Ал оның жаңа сыныбында қиын жеткіншектер. Бәрімізге белгілі жеткіншек жаста бәрінен бұрын құрбыларының көзқарасы маңызды рөл атқарады. Сонда бала «беделді» сыныптастарының көзқарасы маңызды болғандықтан, ол сабақты, қызығатын үйірмелерін тастап, «беделді» топқа қосылуға мәжбүр болады. Ал қосылмаса құрбы, сыныптастарының «оқымысты», «ботаник», «ақылды» т.б мазақ, күлкі сөздерге қалады. Ал жеткіншек үшін бұл топтан шығарып тастау деген сөз. Яғни, ол аутсайдер болады. Сондықтан, бала өз қызығушылықтарынан бас тартуға мәжбүр болады. Яғни, әлеуметтің құрбаны [13].
Әлеуметтену процесінің тиімді жүзеге асырылуы - бұл, адам қоғамға өзін бейімдеп отыра алса, сонда ғана болады. Ал, егер адам қоғам өзгерістеріне сай пайда болған жаңа талаптарға сәйкес бейімделе алмаса, онда ол әлеуметтенудің құрбаны болып табылады. Мысалы, қазіргі уақыттағы жұмыссыз жүрген адамдарды алайық. Олар өз кезінде жақсы маман иелері болған. Бірақ, бүгінгі күннің талабына сай келмей қалуына сәйкес яғни, оған қоғам талаптарына сай өз мүмкіндіктерін жетілдіріп, дайындалмауынан әлеуметтену құрбанына айналып отыр.
Сонымен қатар, адам қолайсыз жағдайлардың да құрбаны болуы мүмкін. Мысал келтіре кетсем, ата - анасы ішімдікке салынып кеткен отбасындағы балалар, медициналық қателіктің нәтижесі, экологиялық орта және т.б. да баланың қалыптасуында оның әлеуметтену құрбаны екендігін көрсетеді.