Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:39, курсовая работа
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Жеткіншектердің девиантты мінез – құлықтарының психологиялық
теориялық мәселелері....................................................................................6
1.1 Девиантты мінез-құлық және оның пайда болусебептері...........................6
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының
психологиялық белгілері..............................................................................15
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың
психологиялық өлшемдері............................................................................25
1.4 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары.................................................41
2. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі.........................................................................46
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқы......................46
Жеткіншектердің девиантты мінез - құлқындағы психологиялық
ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............................53
Қорытынды..........................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................
Мектеп жасына дейінгі кезеңде ауыршаңдық, травма алу, отбасындағы жоқшылық, кедейшілік те кейде әлеуметтік ауытқуға алып келеді. Бастауыш мектеп жасындағылар кезінде ата - анасының ішімдікке салынуы, өгей әке мен шешенің болуы, тәрбиеде дұрыс қамқорлықтың болмауы баланың дұрыс емес дамуына, тілінің дұрыс дамымауына әкеліп соқтырады .
Сондай - ақ, ата - аналардың ажырасуы, мұғалімнің қатал қарым-қатынасы бала дамуына, яғни әлеуметтенуінде үлкен рөл ойнайды.
Сонымен, адам әлеуметтену процесі кезінде оның объектісі де, субъектісі де және құрбаны да болады екен. Соның ішінде әсіресе мақсатты бағытталған тәрбие процесінің мәні зор. Әлеуметтенудің тиімділігі көбінесе тәрбиенің гумандық бағытының негізгі принциптерін бірізді де жүйелі жүзеге асыруына байланысты болады. Сондықтан қазіргі таңда мектепте еркін ортаны қарастыру баланың жағымды әлеуметтік тәжірибе жинауына бар қажетті мүмкіндіктерді жасау. Бала келешекте кім болады, іштей кімге еліктейді, идеалды жүзеге асыру үшін қандай жоғары адамгершілік принциптерімен ізгілік құндылықтарын меңгеру керектігін біртіндеп қарым - қатынас жасау барысында қалыптастыру қажет [14].
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының психологиялық белгілері Жеткіншектік кезең – адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе, осы жаста адамның мінез - құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады:
Отбасындағы жақсы қарым - қатынасты
жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз
топтағы құрбыларымен жақындық
әр түрлі жолдарға итермелейді.
Ендеше осы үш элемент: отбасы,
мектеп, құрбы - құрдастар тобы - барлық
жеткіншектердің нағыз табиғи
ортасы. Олар кәмелеттік жасқа
толмағандардың ең маңызды
Жеткіншектің мінез - құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез - құлық деп аталады.
Девиантты мінез - құлықта жеткіншек агрессивтілікпен көзге түседі. Жеткіншек мінез-құлығындағы агрессивтілік ішімділікпен тікелей байланысты. Ішімділікке бейімділікпен нашақорлыққа құмарлық жеткіншектің девиантты түрдегі өмір құрылымына сіңіп кетеді. Жеткіншек тәртібі агрессивті күйде болса, онда ол «қиын» балалар қатарына жатады.
Қандай қоғамда болмасын, тіпті дамудың қандай сатысында болса да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін адамдар кездеседі. Олар дене жағынан немесе психологиялық, әлеуметтік жағынан ауытқулары бар адамдар болып табылады. Ондай адамдар қашан да басқада адамдар тобынан ерекшеленіп тұрады. Бүгінгі таңда кейбір адамдардың қасиеттері мен мүмкіндіктері қалыпты жағдайға сәйкес келмейді деп айтуға болады.
Қалып (норма) ұғымы медицина ғылымында кеңінен қолданылады. «Қалып» ұғымының қиындығы оның терминдік түсінігінде ғана емес, мазмұнында да. Мысалы, адамгершілік нормаларының өзі әртүрлі болады. Тіпті адамдардың мінез - құлқының нормалары да заман ағымына қарай әртүрлі болады. Олай болса, «қалып», «қалыпынан ауытқу» ұғымдары өте үлкен маңызға ие. Ол баланың әлеуметтік мінез - құлқының даму процесін сипаттау үшін қолданылады. Баланың нормадан ауытқуы кейде оның ақыл-ойы жағынан кемістігі болып саналса, кейде ол талантты болуымен айқындалады. Әлеуметтік педагогикадағы «қалып» және «ауытқу» ұғымдары жоғарыдағы екі жақты ұғымдарды айқындап беруде қолданылады.
Кез - келген ауруды таза күйінде қабылдауға болмайды. Олар аралас күйде кездеседі. Мысалы, әлеуметтену процесінің құрбаны болған балалар денсаулығын бұзып алады. Ондай жағдайда әлеуметтік ауытқу мен дене жағынан ауытқу бірге жүзеге асып жатыр деген сөз [16].
Жасөспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда педагогтармен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі, бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар, биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.
Жасөспірім осы сияқты қасиеті қазірде
және өткен дәуірлердің жасөспірімдерінде
де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман
жасөспірімдері үлкен адамдардың талабына
көне кетпейді. Себебі, біріншіден қазіргі
кезде оқушылардың көпшілігінің соның
ішінде жасөспірім жасындағылардың көбінесе оқудан айналысатын
Біз ілгеріде өткен дәуірлерде бала кіші
жасынан материалдық игіліктерді өндіруге
(мал бағуға, от не пішен шабуға) жегілетінін
ескердік. Қазір де бұл сияқты міндеттердің
көпшілігі үй - ішінде кездесіп жарымайды.
Керісінше, ата-аналар жасөспірім оқу
тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан
босатады. Ал жасөспірім бала кезінен
ересек кезеңіне ауысуы психологиялық
тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыдан ауысудың
себебі сол болып келген психикалық дамудың
салдарынан: егер үлкендер жасөспірімді
бала деп есептесе, керісінше олар өзін
есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл
келмеушілік қайткенде де жеткіншектің
дамуына әсер ете алады. Жасөспірімнің
өз беттілік қасиетке ұмтылып, үлкендердің
қамқорлығына босануға тырысуы баланың
бәрінде кездесетін болғанымен бір қатары
күні-түні фантастикалық әдебиеттерді оқып, солардың
Сабақтан тыс мезгілде жасөспірім радиотехника
электротехникамен танысып едәуір білім
алады. Мұнымен қатар, бұл жастағылар
бойынан әлі де балалық кездесіп тұрады.
(мысалы: ұлдар қыздардың шашын тартып
мазалауы т.б) бірақ сол жеткіншек таныс
емес үлкен адамдардың алдында өзін мәдениетті түрде ұстауға
Әдетте жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін
қиын жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны
біріншіден, бұрынғы кездегі психикасы
мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде
жаңа қасиеттер пайда болатынынан. Кейде
мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы
мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімде
бір уақытта кездеспейді). Екіншіден, осындай
психиканың жаңа саласының пайда болуынан
бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді,
оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды.
Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше
дәлелдейді. Осы ғасырдың бас кезінде
психолог З. Фрит жасөспірім үлкендердің
қамқорлығына көнбейтінін «өзім бәрін
орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің
салдарынан болатын санасыз
әуесқойлық»деп түсіндірді.
Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы.
Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі
түпкілікті емес, уақытша кездесетін уақыттың
бірі. Қоғамдық ортаның жеткіншекті
тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының
ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын
талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа
сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына
өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер
етіп, баланы әр-түрлі фантастикалық іске
ұмтылтырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен
күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие
жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие
не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы жүргізілсе
ұнамсыз әдеттерден аулақ болады.
Жаратылыстан жүрек жылуы мен мейірім
шуағы мол халықтың бірі-қазақ. Бала тәрбиесіне
деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем
жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой
беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының
жақсылығы немесе дәулеті мен ғана емес,
бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы
жарақтылығымен өлшенген. Ата-бабаларымыздың
сондай ектілік деген ұғымды ежелден қастерлеп,
оның атадан балаға мирас қылып қалдыруында
терең сыр жатыр. Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби:
«Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз,
мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін»
деген. Қазіргі кезеңде қазақ халықының
өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға,
еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ
балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар
дөрекі әдепсіз барлық жарамсыз әдеттерге
еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін
жалпы деңгейін ынтасын жақсы білу үшін,
оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің
қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін
әрбір әке, әрбір ана білуге
Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын
дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп,
олардан баланы қиындықсыз алып шығуға
көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін
- мұғалім. Өйткені мектеп жасындағы баланың
көбіне көп негізгі әрекеті - оқу. Оқу барысында
ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық
адамгерішілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің
жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі,
талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына
айналады. Бала тәрбиесі болашақ кепілі,
отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы
ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы
тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ.
Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде,
мұғалімдермен ынтымақтастықта болған
жағдайда алға басады [19].
«Қиын бала» дегеніміз кім? Осы бір сұрақ көптеген ата - ана мен педагогтарды , жалпы жұртшылықты жиі толғандырады және бір сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз , өйткені, баланың «қиын» аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.
«Қиын бала», яғни тәрбиесі қиын бала - әлеуметтік назардан тыс қалған бала. Бала отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстайды, үлкендермен, кішілермен қалай қарым - қатынас жасауды үйренеді. Ата - анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, қайырымдылық пен жылылықты сырттан іздейді. Осының әсерінен олар көшедегі жат қылықтарды бойына сіңіріп алады. Көшедегі кездейсоқ топтарға еліктеп, баланың ішімдік ішуге, темекі шегуге, дөрекі сөйлеуге, құмар ойындарына қызығушылықтары артады. Мұғалімге қарсы сөйлеу, ата-анаға бағынбау, сабақтан қашу сияқты жат қылықтар осының нәтижесі болып табылады. Біздің ойымызша, осы наразылық көрсету арқылы жасөспірім өзіне назар аударттырады. Кейде ол наразылықты әдейі істейді. Яғни, ата-анасының көзқарасы, шешімі дұрыс екеніне келіссе де жеткіншекпен ой бөліспегені үшін, оның көзқарасын сұрамағаны үшін қарсы наразылық білдіреді.
Мінез - құлқында ауытқулары бар оқушылар білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) жеткіншектерді қиын балалар қатарына жатқызуға болады [20].
Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін . Мәселен, кей оқушылар ата - ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата - ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінген оқушы өз-өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
Мінез - құлқында қиыншылығы бар девиантты мінез-құлықтың бұзылуының ішіне:
- гиперкинетикалық мінез-
- мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы
- әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы
- әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы
- делинквентті мінез-құлық
- ерте кезден ішімділік қолдану, наркомания
- девиацидті сексуалды мінез-құлық
- тұлғаның психогенді патологиялық құрылымы
Гиперкинетикалық мінез - құлық, өз дегеніне жете алмау, оқуда табандылық көрсетпейтіндікпен, бала бір тапсырманы аяқтамай екінші тапсырмаға тез өтуімен көрініс береді. Мұнымен санасыздық, импульсивтік, үнемі келеңсіз жағдайға түсіп қалу, қоғам нормасына қарсы келетін көзқарастарды айтқаны үшін жаза алуымен байланысты. Ересектермен қарым - қатынаста аралықты сезінбеу, балалар оны ұнатпайды, олармен ойнаудан бас тартады . Кейде өзін - өзі бағалауы төмен болуы да мүмкін.
Мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы, бұл әлеуметтік нормаға қарсы немесе агрессивті мінез – құлық (қарсы шығу, дөрекілік) көрсетуі. Мұны тек үйде ата - анасымен қарым - қатынаста, туысқан бауырларына көрсетеді. Кейде үйдегі заттарды ұрлау, заттарды қирату, бұзумен, яғни, оларға қатыгездік істеу , кейде үй өртеу [21].
Әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы, бұл әлеуметтік қоғамда қалыптасқан нормаларды бұзу, балаларға қатыгездік істеумен көзге түседі. Және өз құрбы - құрдастарымен жақсы қарым - қатынаста болмауы, олардан шеттеліп қалуы, құрдастарының онымен дос болудан бас тартуы, беделінің болмауы, сонымен қатар, достарының болмауы немесе олармен тығыз қарым-қатынаста болмауы. Әдетте үлкендермен қарым - қатынаста оларға қарсы шығады, қатыгез, жақсы қарым - қатынасы өте сирек болғанымен оларға сенбейді. Кейде көңіл күйінің бұзылуы қатар жүреді. Әдетте бала мен жеткіншек жалғыз. Бұл мінез - құлыққа бұзықтық, төбелес құмарлық, өзгенің затын , ақшасын тартып алу, қатыгездік зорлық - зомбылық көрсету, тыңдамау, дөрекілік тән.
Әлеуметтенген
мінез - құлықтың бұзылуы. Мұның айырмашылығы
антиәлеуметтік тұрақтылық (ұрлау,
өтірік айту ,сабақ кезінде қыдыру,
үйден кетіп қалу, дөрекілік) немесе
агрессивті мінез - құлық қарым-қатынасқа
тез түсетін балаларда
Аралас мінез - құлық көрсеткенімен, олардың басым көпшілігі ашу-ызақылық, депрессия белгілерімен көрінеді.Кейде үнемі депрессияда болады,қатты уайымдаболу,қызығулығының жоғалуы, ойын,тапсырмалардан ләззат алмау. Сонымен қатар, қорқақтық, өзін - өзі үнемі кінәлау [22].
Делинквентті мінез - құлық бұл қылмысқа жатқызуға, соттауға болмайтын бұзақылық.Оларға сабақ кезінде қыдыру, әлеуметтік норманы бұзатын топтармен қарым - қатынаста болу, өзінен кішілерге, әлсіздерге күш көрсету, ақша тартып алу, велосипед, мотоциклдарды ұрлап айдап кету, үй заттарын ұрлау т.б. жатады. Мұның себебі - тәрбиенің жетіспеушілігінде. 30 % - 80 % делинквентті балалардың отбасы толымсыз, 70% жеткіншектердің мінез - құлқы күрделі бұзылған, 60 % - акцентуанттар. Ауруханадағы жеткіншектердің 40 % психозсыз делинквентті балалар. Олардың жартысында психопатияның белгілері көрінеді. Үйден кету, көшеде түнеу делинквенттіктің 3\1 құраса, 4\1 - і - үйден кетумен ұсталған. Жеткіншек алғаш рет үйден жазалау қорқынышынан кетеді немесе жауап қайтару, өзін көрсету белгісі ретінде. Мұның мақсаты көңіл көтеру; ата -ананың қатал талабына қарсы шығу; жақын туыстарының жеткіншекке көңіл бөлмеуінен; жаза қорқынышынан; армандап, қиялданып кетуінен; ата - ана бақылауынан, тәрбие, ескертулерінен құтылу үшін; достарының нашар қарым - қатынасының нәтижесінен; күрделі өзгеріске, жаңа өмірге ұмтылу мақсатында болады.