Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:39, курсовая работа
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Жеткіншектердің девиантты мінез – құлықтарының психологиялық
теориялық мәселелері....................................................................................6
1.1 Девиантты мінез-құлық және оның пайда болусебептері...........................6
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының
психологиялық белгілері..............................................................................15
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың
психологиялық өлшемдері............................................................................25
1.4 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары.................................................41
2. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі.........................................................................46
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқы......................46
Жеткіншектердің девиантты мінез - құлқындағы психологиялық
ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............................53
Қорытынды..........................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.
Жеткіншектердің девиантты
теориялық мәселелері..........
1.1 Девиантты мінез-құлық
және оның пайда болусебептері.
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының
психологиялық
белгілері.....................
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың
девиантты мінез-құлқын
психологиялық
өлшемдері.....................
1.4 «Қиын» баланы қайта
тәрбиелеу жолдары.............
2. Жеткіншектердің
девиантты мінез-құлықтарының психологиялық
ерекшеліктерінің көрінуі.......................
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты
мінез-құлқы...................
ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдық жаңарту кезеңінде Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл дегеніміз, қоғамдағы мектеп, отбасы орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек. Өйткені, Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық, физиологиялық денсаулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайында қолға алынуы тиіс.
Өкінішке орай, қазіргі таңда болып жатқан қылмыс, бұзақылық, ұрлық, зорлық - зомбылық, жеткіншектер арасындағы суицидтың көбейуі, үйден кету, қыздардың жеңіл жүрістері, бастауыш сыныптағы балалардан ақша алу тағы басқа болып жатқан қылмыс айыптыларының басым көпшілігі 11 - 18 жас аралығындағы жеткіншектер екенін көрсетіп отыр. Дәлірек тоқталсақ, 14 жастағылар - 11%, 15 жастағылар - 7%, 16 - 17 жас аралығындағылар - 42%, көбіне көп 14 жасар балалар қылмыстық істерді топтасып жасайды. Ал қыз балалар тарапынан жасалған жалпы қылмыстың 5% құрайды. Бұл дегеніміз, қазіргі нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе, жас буын психологиялық денсаулығының бұзылуына алып келуде. Қазақстан Республикасының өзінде, тіпті әлемдік деңгейде халқымыздың психологиялық, физиологиялық денсаулығын сақтау адамзат алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының аймақты бюросының мәліметтері бойынша дүние жүзінде 14 - 24 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзіне қол жұмсау соңғы 15 жылда екі есе өскен. Қазақстан Республикасының Агенттігінің статистикалық есебі бойынша, Республикасы бойынша өз-өзіне қол жұмсау жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 - 18 жас аралығындағы жастардың 154 - і ер балалар, 57 - сі қыз балалар. Ал өз - өзіне қол жұмсау дүние жүзі бойынша Қазақстан бірінші орында тұрады екен. Ол әсіресе, 15 - 18 жас аралығындағы қыз балалар арасында көп орын алатынын статистикалық мәліметтер дәлелдейді [3].
Сонымен қатар, әлеуметтік ортаның ықпалын былай қойғанда, тәрбиелі мақсатты түрде ұйымдастыратын әлеуметтік институттардың бірі мектептің өзінде жеткіншектердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін қадағалау қиынға соғып отыр. Оған дәлел, ең көп стресс алатындар мектеп жасындағы балалар екендігі анықталған. Мысалы, мектепке келген 1 - сынып оқушылар арасында 25 - 30% әртүрлі аурулар келсе, 11 - сыныпты бітіретін оқушылардың 80%-ы денсаулығын бұзып, әртүрлі диагноздармен мектеп қабырғасынан шығады екен [4]. Бұдан шығатын қорытынды, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым - қатынас және оқу еңбегінің мөлшерден тыс көптігі бала денсаулығының бұзылуына әкелетінін көрсетеді.
Болашақ Қазақстан Республикасының азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата - анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекет, дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген [5].
Қазақстан Республикасының Конституциасында, «Адам мен адамзат» заңында, «Білім туралы заңында» тәлім - тәрбие тұжырымдамасында да салауатты өмір сүруге ерекше басымдық беріледі.
Қазіргі кезде жеткіншек тәрбиесін қадағалау педагогикалық мәселе болып отыр. Отбасында өз баласын қандай етіп тәрбиелеуді өздері алдын -ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда жеткіншектің аз да болса өзіндік өмірлік тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескертіледі. Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі тағы басқа отбасы тәрбиесіне оның құрылымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыр.
Зерттеу мақсаты:
Зерттеу объектісі:
Зерттеу пәні:
нің көрініс беру процесі.
Зерттеу міндеттері:
Зерттеу жұмысының практикалық
маңыздылығы: Диплом жұмысы мазмұнында
қарастырылған жеткіншектердің
девиантты мінез-құлық
Зерттеу жұмысының базасы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы №2 мектебі алынды.Онда экспериментке 8 в және 9 в сынып оқушылары , жалпы саны 37оқушы,12 ата-ана және 14 мұғалім қатысты.
Зерттеу
жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы
кіріспеден, негізгі екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен және қосымшадан
1. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық теориялық мәселелері
1.1 Девиантты мінез-құлық және оның пайда болу себептері
Жеткіншек шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады .
Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзіндік «мен» сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді. Тым еліктегіш болады. Жасөспірімдік шақта оларда өзін - өзі тануға күшті болады. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар, бұл кезеңде балалар отбасымен, мектептен оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар әсіресе, өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді. Олар спорт секциялары, техникалық үйірмелер болуы мүмкін, тіпті, темекі шегетін, арақ ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балалар ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады [6].
Қоғамда қалыптасқан мінез - құлықтан ауытқыған балаларды «қиын» немесе «тәрбиесі қиын» бала деп санау қабылданған, тәрбиесі «қиын» балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала қалып пен ауытқудың ортасында болғандықтан бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлерде көңіл аудару керек.
Ауытқудың пайда болуына жеткіншектің дене құрылуының күрт өсуі, тәрбиенің шарттарына және әлеуметтік орта да әсер етуі мүмкін.
Жеткіншектің физикалық тез дамуы немесе кеш дамуы арқылы ол өзінің әлеуметтік бағасын анықтайды. Қоршаған ортаның оның сырт көрінісіне, физикалық дамуына айтылған сын, жеткіншекті аффект жағдайына апаруы әбден мүмкін. Жеткіншектің тұлға болып қалыптасу мәселесі «жеткіншектер психологиясында» ең күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Бақылаудың нәтижесіне қарасақ балалық шақтан ересектік кезеңге өту қиындаған сайын, оның маңыздылығы арта түседі. Жеткіншек шақ эмоциялық тұрақсыздықпен, көңіл-күйдің тез ауыспалдығымен, қырсықтық, өзбеттілік, өз көзқарасын үлкендерге қарсы шығу арқылы дәлелдеу тағы басқа іс-әрекетпен көрініс береді .
1 - кесте - Девиантты іс-әрекеттің нақты құбылыстарда айқындалуы
Жеткіншектердің денесінің күрт өзгеруі, жыныстық мүшенің дамуы, қаңқаның тез өзгеруі, жеткіншектің санасының өзгеруіне алып келеді. Жеткіншек физикалық еңбекке шаршаңқы келуі мүмкін, немесе өз кемшіліктерін басқа саламен толықтыруы мүмкін. Жүйке жүйесінің, бұлшық еттердің қалыптасуы кешуілдегенде қозғалу координациясы бұзылады. Бұл қопалдықпен көрінеді. Жеткіншектің сырт көрінісі немесе қопалдығы туралы қоршаған ортаның айтылған сыны жеткіншекті ашу-ыза, тіпті аффект жағдайына апарады [7].
Акселерацияға ұшыраған балалар өздерінің ересек, күшті болғанына нық сенімді. Олар қоғамның құрметіне, мойындауына күреспесе де болады. Олардың өзіне - өзі сенімділігі, қоршаған орта оларды өз көзқарасы бар тұлға ретінде қабылдауына әкеледі. Менің ойымша, бұл кезде жеткіншек өзінің сырт пішіні маңызды рөл атқарады. Акселерацияға ұшыраған бала өзінің ересектерге еліктегені тез іске асуда деп ойлайды. Оның бұлшық еті, бойы, даусы өзгеріп, оны өзі және құрдастары нағыз ересек, ойы да жетілген тұлға ретінде қабылдайды. Осыған байланысты бұл жеткіншектер өздерін еркін ұстап, өздеріне аз көңіл бөлуді талап етеді. Ал шын мәнінде ол сырт пішіні ересектерше өзгергенімен, ішкі дүниесі әлі сырт пішініне сай емес. Ол әлі толық қалыптаспаған жасөспірім. Ал дамуы кешуілдеп өсіп жатқан жеткіншектер керісінше көп қажет етіп, өз «мінезін» көрсетіп тұрады. Өз «кемшілігін» білдіртпеу мақсатында, бұл жеткіншектер үнемі тапқырлық, «қайсарлық», үнемі көпшіліктің ортасында болу және өзінің “жетістігімен” топқа керектігін, тіпті орын толмас екенділігін дәлелдеп отырады. Мұндай активтілік ортамен қарым-қатынас жасауда қиыншылықтарға эмоционалды қысымға келеді. Расында, жеткіншек үнемі эмоционалды қысымда жүреді, ал мұның өзі ауытқу. Яғни, девиантты мінез-құлыққа айналуы.
Жыныстық мүшенің дамуы да мінез - құлық өзгеруіне ерекше әсер етеді. Тез жетілген жағдайда жеткіншектің көңіл - күйі тұрақсыздықпен көрінсе, кеш дамып жатқан жеткіншектерде мінезінің өзгеруі, яғни ашушаң болу, үнемі қарсы шығу тағы басқа көрініс береді. Кешуілдеп дамыған жеткіншектер жай қимылдап, қопал болып, өзіне сенімсіз болады.
Көңіл күйдің
тұрақсыздығы ер балаларда 11 - 13 жас,
қыздарда 13-15 жаста ерекше көрініс береді. Сонымен қатар, бұл