Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:39, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Жеткіншектердің девиантты мінез – құлықтарының психологиялық
теориялық мәселелері....................................................................................6
1.1 Девиантты мінез-құлық және оның пайда болусебептері...........................6
1.2 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының
психологиялық белгілері..............................................................................15
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың
психологиялық өлшемдері............................................................................25
1.4 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары.................................................41

2. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі.........................................................................46
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқы......................46
Жеткіншектердің девиантты мінез - құлқындағы психологиялық

ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............................53

Қорытынды..........................................................................................................63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сағынай Самал диплом.docx

— 252.16 Кб (Скачать документ)

Ерте кезден ішімділік қолдану, наркомания. Ішкілік наркоманияның басы болып саналады. Алкоголизация мен наркоманияның жартысынан көбі жеткіншек жастан басталады. Делинквентті жеткіншектердің  3\1  ішімдік қолданғандар жане наркотикпен де таныс. Ішкілікке салынудың түрткісі - белгілі топқа сіңісу, қызығушылық, ересек болуға ұмтылу немесе өзінің психологиялық күйін өзгерту мақсатында.  Жеткіншек көңіл - күйін көтеру үшін, сенімді, өзін еркін сезіну үшін, әрі қарай жеткіншек ішімдікті жиі қолдана бастайды. Жеткіншектің  бұл іс - әрекетін былайша түсіндіруге болады: аддиктивті мінез - құлықта алғашқыда психологиялық тәуелділік («беделін» өсіру) болса, ал, содан кейін физиологиялық тәуелділік (мұнда организм алкогольге үйренеді, онсыз тіршілік істей алмайды). Психологиялық тәуелділік - топта пайда болғанда (кез-келген кездесулерде ішімдік қолдану) алкоголизмнің бастамасы болып табылады. Жеткіншектің ішімдік қолдануға себеп іздеуі немесе наркотик қолдануға, үнемі құрамында спирт бар сусынды іздеу, бұл - ерте жастағы алкоголизмнің   белгілері [23].

Девиацидті сексуалды мінез - құлық  жеткіншек жыныстық қарым -қатынасқа шектен тыс ұмтылуы, бірақ онда  жыныстық идентификация әлі толық жетілмеген. Сондықтан оның жыныстық мінезі ауытқиды. Әсіресе, бұған жыныстық жетілуі тез немесе кеш жетіліп жатқан жеткіншектер шалдығады. Біріншісінің жыныстық  қарым - қатынасқа деген құлшынысы әлеуметтік ересектілікке дейін пайда болады. Ал екіншісінде өзін көрсету үшін, өз құрдастарының сексуалды жағынан алды болуға шектен тыс ұмтылуы. Оның үстіне құрдастарынан қалып бара жатқан жеткіншек күлкі, мазаққа қалуы мүмкін. Жеткіншектердің сексуалды девиациясы өмірлік жағдайларға байланысты.

Жеткіншек есейе келе және қалыпты жыныстық өмірге өткеннен кейін девиация толығымен жойылады. Ал жағымсыз өмірлік жағдайларда олар жаман әдетке айналып, қалыпты жыныстық өмірмен қалыптасып кетеді. Немесе қалыпты жыныстық өмір болмаған жағдайда сексуалды девиация жаңарып отырады  [24].

Физикалық жағынан жынысы жетілмегенге дейін жеткіншек жыныстық қарым - қатынасқа түссе, оны  девиацияға  жатқызады. Жеткіншектік промискуитет (жігітін) (қызын ) жиі ауыстыру, жыныстық қарым - қатынаста да)  - сексуалды девиация. Бұл көбіне ішімділікпен қатар жүреді. Кейбір жеткіншектерде өмірге деген қызығушылығының күрт төмендеуімен көрінсе.Кейбір жеткіншектерді пассивті түрде бағынушылыққа алып келеді.

Тұлғаның психогенді патологиялық құрылымы. Бұл жеткіншектің немесе баланың аномальды түрде есейуі: ата - ананың дұрыс тәрбие бермеуінен; үнемі бала психикасын бұзатын жағдайлар; өмірлік қиындықтарды қатты уайыммен бастан кешіру; ұзаққа созылған невроз; сезім немесе дене мүшелерінің кемістігі;созылмалы аурулар т.б;

Жеткіншектердің дамуында бұрыс тәрбие үлкен роль атқарады, нәтижесінде жеткіншек қиын балалар қатарына қосылады.

Бүгінгі таңда мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып табылады. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады.  Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, шынайы адалдық, жақсы - жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік  айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзіне - өзі көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы мен іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, бала қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді.     Ал, бала бойында ынжық мінез қалыптасса, онда сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжыңдық мінездер пайда болады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен достасу, пікірлесу сияқты мінез - құлық  қалыптасады. Баланың дамып, нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор [25].

Бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Мектеп мұғалімдері «қиын» балаларға теріс көзбен қарайды. Олардың мұндай балалармен жұмысы келеңсіз, стимуляция әдісімен бүкіл сынып алдында жүйке жұқаратын әңгіме, жазалау, т.б түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермейді, керісінше «қиын»  жеткіншектердің мұғалімге, мектепке  кектенуі күшейе түседі және қарсы келуіне әкеліп соқтырады. Мұғалімдер «қиын» жеткіншектерге деген өзінің кері көзқарасын жасырмайды, олармен кикілжіңге де келеді.  Девиантты мінез - құлықта жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилактикалық іс - шаралар тұлғаға әсер ету ғана  емес, түзету іс - шаралармен де шектелмейді. Жеткіншектің әлеуметтік дезадаптациясы кері әсерлі ортада сауықтыруды және әлеуметтік педагогикалық тузетулерді қажет етеді.

Кәмілетке толмағандардың девиантты мінез - құлқындағы профилактика мен ескерту қоғамның әлеуметтік, психологиялық қажеттілігінен туындайды. Жасыратыны жоқ, бастауыш сынып, жоғарғы сынып оқушылары арасында да адамгершілік тәрбиені іске асыруда қиындық келтіретін, оқуға және тәрбиеге көнбейтін нашар, қиқар оқушыларды жиі кездестіреміз. «Қиын» оқушылар отбасы, мектеп және жұртшылық  тарапынан тәрбиеде жіберілген түрлі кемшіліктерден болса керек.

Жоғарғы сыныптарды «қиын» оқушылардың тәртіп, заң бұзылушылығын  кездейсоқтық деп қарауға болмайды , ол оқушы бойындағы бұрыннан бар екенін мойындауымыз керек  [26].

Оқушылармен жұмыс істеу жан - жақты зертеуді, баланың бойындағы ұнамсыз әрекеттердің шығу себебін, тәрбиеленіп, өскен отбасын, мектептегі тәрбие жұмысының деңгейін зертеуді жан - жақты білуден бастау керек. Өкінішке орай, еліміз егемендік алғалы тәрбие мәселесінде белгілі бағыт - бағдардың болмауы, мектеп директоры мен жергілікті жерде білім және ішкі істер бөлімдерінің бірігіп жұмыс жасамау салдарынан «қиын» балалардың көбейгені жасырын емес. Қалаларда аудан - ауданға бөлініп, аудандық жерде көшелерге бөлініп балалардың төбелесуін немен түсіндіруге болады.

 «Қиын» оқушылардың ата - аналары мектепке ата - аналар жиналысына келмейді, баланың тәртіпсіздігінен қылмыстарын естуден қашады. Кейбір ата - аналардың өз міндеттерін түсінбеуі, түсінгендерінің өзі менің балам «судан таза, сүттен ақ» - деп бетбақтырмауы бала  тәрбиесінде қиындық келтірер үлкен кедергі.

         «Қиын» балаларды тәрбиелеугеде спорттық шаралар мен әскери - патриоттық тәрбиенің де маңызы өте зор. «Қиын»  балалардың үлгілі оқушылар санатына қосылуы педагогикалық ұжымның талмай еңбек етуінің арқасында жүзеге асатын үлкен жұмыстың айғағы екенін ата-ана мен ұстаздар қауымының дұрыс түсінгені жөн.

        «Қиын» жеткіншектердің мектепке, жаңа топқа  бейімделу мәселесіне тоқталсақ. Жеткіншек мектепке тез бейімделе алмаған жағдайда, мектептегі  қиындықтар психиканы жарақаттайтын фактор ретінде көрініп, жеткіншектің эмоционалды жағдайының өзгеруіне әкеп соғады. Мектеп өміріндегі кез - келген қанағаттанбаушылық біртіндеп оның үлгеріміне әсер етіп, жүйке - психологиялық денсаулығының төмендеуіне әкеледі .

Баланың мектепке келгенде ерекше өзгешелігі оның мінез - құлқында көрінеді. Бейімделу процесін зерттеу үшін бағытталған бақылау әдісін қолдану керек. Онда жеткіншектің оқу белсенділігін, білімді меңгеруін, сабақтағы, қоңыраудағы мінез-құлқын, сыныптастармен және мұғалімдермен қарым-қатынасын,эмоционалды көріністерін бақылау қажет. Жеткіншектерді  мектепке бейімделуіне қарай үш топқа бөліп қарастырсақ болады:

Бірінші топта бейімделуі аз және шиеленіссіз өткен жеткеншектер жатады. Олар үшін интеллектуалды қызметтің жақсы дамуы мен мектептік тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Бұл топтағы балалардың көпшілігі тұлға  типінің  тұрақтылығымен,  көпшілдігімен,  адалдығымен, эмоционалдылықтың бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарлығымен сипатталады  [27].

Ал екінші топқа бейімделудің кешуілдігімен бөлінеді. Психологиялық тексерулер жүргізгенде,оларда жағымсыз тұлғалық қасиеттері  бар екендігі белгілі болады: алаңдаушылық, шиеленіс, өзін - өзі  бақылаудың төмен деңгейі. Осы топтағылардың жартысынан көбінде интеллектуалды қызметі динамикасының бұзылуы бар болды.

Үшінші топта оқу жылының соңына дейін мектепке бейімделмеген жеткіншектер. Оларда сабақ үлгерімі төмен, жаман жұмыс жасауы, өзіне сенімділігінің жоқтығы, алаңдаушылық, шиеленіс, яғни эмоционалды дискомфорт байқалды. Осы топтың бір бөлігі жоғары моторлы қозғыштықпен, танымдық қызығушылықтың төмендігімен сипатталды.

Негізгі көңіл мектепке бейімделу қиындығын сезінген 2-3 топтағы балалар бөлінді. Зерттеулер көрсеткендей, онтогенез процесінде балаға әсер ететін әлеуметтік және биологиялық жағымсыз факторлардың болмауынан, әр түрлі қиындықтардың себебі болып көбіне психологиялық дамудың жетіспеулігі екені белгілі болды. Жиі кездесетін бейімделу кезіндегі қиындықтар пайда болу себебіне әлеуметтік - педагогикалық бетімен кетушілік факторы жатады. Бұл бетімен кетушіліктің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін және ол отбасындағы психологиялық жағдайға байланысты. Ата-аналарда білім деңгейі төмен болған кезде, бірінші кезекте баладағы танымдық сферасының қалыптасуы зардап шегеді. Мұндай балалар білім қорының аздығымен, ой-өрісінің тарлығымен көрінеді. Олар тапсырмаларды орындай алмай, салыстыру дағдысын талап ететін, жалпылау, әр түрлі өмірдегі жағдайларда бағытталу, заттар мен құбылыстарға дәлме - дәл анықтама беру сияқтыларды талап ететін тапсырмаларды орындай алмайды. Мұндай жеткіншектердің негізгі жетіспеушілігі - вербальды сферасының қалыптаспағандығы болып тұр. Сонымен бірге олар талаптанғыш, мектеп ережелерін жақсы орындайды, эмоционалды бір қалыпты. Осы оқушылардың тәрбиесіндегі басты қателік: мектепке дейінгі жаста интеллектуалды дамуы үшін стимулдары жеткіліксіз болған. Олардың өмірлерін ұйымдастырғанда бәрінен бұрын практикалық  іс-әрекет (мысалы, үй жұмысын орындауға көмек) жағымды бағаланды. Ата - аналардың берген жоғары  бағасы өзіне сенімділігін, ұқыптылықты, адалдықты қалыптастырып, бірақ ең маңыздысы - танымдық сферасы жүзеге аспай қалып қойды.

  Отбасындағы мәдени деңгейдің төмендігінен, баладағы психологиялық дамудың кешуілдегенінен мұндай балалар мектепке үлгермейтін топтағы оқушыларға шарасыз енеді. Оқу материалын меңгерудегі пайда болған қиындықтар олардың толығымен бейімделу жолдарына кедергі жасайды. Мұндай балалар мектепке келгенде оқу сабақтарына үлкен қызығушылықпен қарап, мұғалімді көңіл қойып тыңдайды, қажетті білімді меңгеруге тырысады, яғни, мектептік мотивацияның жоғарлығымен көрінетіндігін атап өтуге болады. Мұғалімдердің мейірімді және сезімді қарым - қатынасы оларды пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі, біртіндеп мектепке бейімделе бастайды, бірақ та басқа сыныптарға қарағанда бейімделу ұзақ мерзімде жүреді. Бұл топтағылар бейімделуі кешуілдегендерге, яғни екінші топқа жатады  [28].

  Кейбір жағдайларда ата - аналардың төмен білім деңгейіне баланың қараусыз қалуы, отбасы ішіндегі дау-дамайлар, алкоголизм сияқты жағымсыз әлеуметтік факторлар жатады. Мұндай отбасындағы балаларда мінез-құлықтың қарапайым дағдылары сіңбеген, оларда танымдық мотивтері қалыптаспаған және өз жұмысын дербес ұйымдастыру дағдысы жоқ, интеллектуалды кешеуілдікке тұлға дамуының дисгормониялығы қосылады.

Осындай отбасынан шыққан қыздарға тұлға типінің инфантильдігі бар болатындығын айтып өту қызық, олар өздеріне сенімсіз, өзінің міндеттерін  түсінуінің болмауына байланысты сәтсіздіктерге қобалжымайды және мектептік мотивациясының төмендігімен сипатталады. Оларға мына сұрақтарға жауап беру қиын: «Сен сыныпта кіммен достасасың?»,   «Үлкейгенде кім болғың келеді?» және т.б. Мектептік тақырыптағы суреттерде оларда ойындық сюжеттер басым. Біздің мәліметтер бойынша, бұл қыздарға 1- ші сыныпта бейімделу процесі болмайды. Сондай балалардың суреттері орындаудың ұқыпсыздығымен ерекшеленіп, ұсынылған тақырыптан басқа олар өздерін көбірек қызықтыратын заттарды  (мысалы, машина, ұшақ және т.б) салады. Олардың вербалды  сферасының динамикасының бұзылулары қосылады. Алғашқы оқу жылының барысында олар мектептік ережелер мен талаптарды меңгере алмайды. Біздің зерттеулеріміздің мәліметтері бойынша мұндай балалар бейімделмеген оқушылар тобына жатады, яғни 3 - ші топқа [29] .

Баланың мектепке бейімделу қиындықтарының пайда болуына әкелетін басқа факторлар,  яғни, жағымсыз тұлғалық сапаның қалыптасуы бәрінен бұрын тәрбиелеу амалының дұрыс еместігінен көрінеді. Мұндай балалардың ата - аналарының білім деңгейлері жоғары болуы мүмкін, балаға көп көңіл бөліп, баланың танымдық сферасын дамытумен шұғылдануы мүмкін. Бірақ та оларда балаға жағымсыз әсер ететін ата - аналарының арасындағы дау - дамайлы қарым - қатынас бар. Балалардың әрқашан үрейлі, қорқынышты жағдайда болуы тұлғаның эмоционалды, бір қалыпты емес типінің қалыптасуына әкеліп соғады: оларға алаңдаушылық, шиеленіс, әлеуметтік жасқаншақтық, өзіне де сенімсіздік сияқты сапалар тән. Оларда жоғары қызығушылық бар. Тапсырмаларды, жаттығуларды орындағанда, орынсыз асығыстық көрсетіп, көп қателіктер жіберіп, өз - өзін нашар бақылайды. Бұл жетіспеушіліктер мектеп тапсырмаларын орындағанда тікелей әсер етіп, орынсыз асығыстық жауап беруіне әкеліп соғады. Алдынғы атап өткен тұлғалық сапалар сыныптағы ұжымға кіруге кедергі жасайды. Бұл балалар бейімделуі кешеуілдеген топтың мүшелері (екінші топтағалар).

       Кейбір жағдайда жағымсыз тәрбиелеу әсері ата - аналар жағынан гиперопека түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда балаларда тұлғаның инфантильді бітістері қалыптасады немесе өзін - өзі жоғары бағалау және доминантты болуға бейімділік пайда болады. Инфантильді балалар жасқаншақтығымен , тұйықтықпен ерекшеленіп, сыныпта «изоляцияланған» топтағыларға жатады. Социометриялық мәліметтер бойынша, сыныптастары оларды таңдамайды және олар өздері де қарым - қатынас жасауға ұмтылмайды.

Информация о работе Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі