Тұлға құрылымының қалыптасуы мен дамуының психологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 15:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектiлiгi. Қазiргi кезде қоғамда болып жатқан нарықтық-экономикалық, саяси-идеологиялық және рухани-әлеуметтiк өзгерiстер оған белсене араласып, оның талаптарын өз бетiнше шеше алатын, ортаға бейiмделгiш, шығармашылық көзқарасы бар, жан-жақты үйлесiмдi дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етедi. Мұның өзi жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандардың тұлғаға тән мағыналы құрылымын дамыту мәселесiмен тiкелей байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулнур косыша 1.docx

— 399.36 Кб (Скачать документ)

Үшiншi шкала бойынша тест нормасы  =25,46 болса, бiздiң зерттеуiмiзде бұл шкала =23,63 көрсеттi. Мұның өзi өмiрдiң нәтижелiлiгi, не өзiн-өзi жүзеге асыруға қанағаттанушылық шкаласы бойынша сыналушылардың өткен өмiрiне қанағаттанбайтындығын сипаттайды. Төртiншi шкала бойынша тест нормасы =21,13 болса, бiздiң зерттеуiмiзде бұл шкала =20,43 көрсеттi. Бұл Мен - локусын бақылау шкаласы бойынша сыналушылардың өзiнiң жеке өмiрiнде болатын оқиғаларды бақылауында өз күшiне өзi сенбейтiндiгiн бiлдiредi.

Бесiншi шкала бойынша тест нормасы  =30,14 болса, бiздiң зерттеуiмiзде бұл шкала =28,86 болды. Бұл өмiр - локусын бақылау, немесе өмiрдi басқарушылық шкаласы бойынша сыналушылардың өмiр адамның саналы түрде бақылауына бағынышты емес, еркiндiктi таңдау жалған, болашақты болжау ақылға симайтын нәрсе дейтiн нанымды ұстайтынын сипаттайды. Ал өмiрдiң мағыналық бағдарының жалпы көрсеткiшi тест нормасы бойынша =103,10 боса, бiздiң зерттеуiмiзде бұл көрсеткiш =132,86 болды. Мұндай көрсеткiштер сыналушылардың осы тобындағы өмiрлiк мағыналар бағдарының төмен деңгейде екендiгiн сипаттайды. 

Қатынасты бағалау тестiсi бойынша  алынған нәтижелер Д.А. Леонтьевтiң  ӨМБТ бойынша алынған нәтижелермен салыстырылды. Төмендегi 1-кестеде қатынасты  бағалау тестiсi мен ӨМБТ нәтижелерiнiң  мәндi корреляцияларының коэффиценттерi келтiрiлген. Мәндiлiк кестесi бойынша (113-кесте) сыналушылар саны 30 болғандағы r-дiң критикалық мәнiн анықтаймыз [141, 392 б.]. N=30 болғанда, мәндiлiгi  5% (не =0,05) деңгейде r 0,361; немесе 1% (не =0,01) деңгейде r 0,463; немесе 0,1% (не =0,001) деңгейде r 0,570 болу керек.

Төмендегi 1-кестеден көрiп отырғанымыздай бiздiң жүргiзген зерттеуiмiздегi ӨМБТ мен қатынасты бағалау тестiсiнiң  барлық шкалалары арасындағы корреляциялық  коэффициент критикалық мәнi r 0,570 болғандағы 0,1% (не =0,001) деңгейде сенiмдi. Олай болса, таныс емес адамға деген жағымсыз қатынас сыналушыларда тек өмiрлiк мағыналар бағдарының дамуы төмен болған жағдайда ғана қалыптасады.

 

1-кесте - Бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңдегi қатынасты бағалау тестiсiнiң нәтижелерi мен ӨМБТ нәтижелерiнiң корреляциялық мәндi байланыстарының матрицасы (N=30)

 

Шкалалар атауы 

Басқаларға қатынасы

Өзiне қатынасы

Iске қатынасы

Затқа     қатынасы

Өмiрдегi мақсат

    0,66

    0,59

   0,60

    0,59

Өмiр барысы

    0,59

    0,58

   0,57

    0,57

Өмiрдiң нәтижесi

    0,63

    0,63

   0,58

    0,58

Мен-локусын бақылау

    0,69

    0,57

   0,77

    0,61

Өмiр-локусын бақылау

    0,61

    0,70

   0,57

    0,58

N=30 болғанда, =0,001 деңгейде r 0,570


 

Сонымен осы эксперименттегi сыналушыларда  қалыптасқан таныс емес адамға деген жағымсыз қатынас пен суреттегi адамды қылмыскер деп таныған алғашқы бейiм-бағдарларға ақпараттардың тапшылығы ғана әсер етiп қойған жоқ, мағыналардыңда тапшылығы әсер еттi. Мұның өзi осы адамға қатысты сыналушылардағы мағынаның дамуы операционалды деңгейде екендiгiн көрсетедi.   

Сондай-ақ, сыналушыларда қалыптасқан осы бейiм-бағдарды жалған алғашқы бейiм-бағдар деп те айтуға болады. Себебi сыналушылар суретте бейнеленген белгiсiз адамның өмiр жолынан мүлде бейхабар. Олар тек экспериментатордың берген нұсқауына сүйенiп қана осындай мiнездеме берiп отыр. Сондықтан осы экспериментте қалыптасқан алғашқы бейiм-бағдарлар мен алғашқы қатынас, сыналушылардың таныс емес адаммен жалған бiрлескен iс-әрекетiнiң нәтижесi. Егер сыналушылар осы адамның өзiмен шынайы бiрлескен iс-әрекетке түссе, онда олардың осы адамға қатысты қалыптасқан алғашқы бейiм-бағдары мен алғашқы қатынасы өзгерер едi. Бiздiңше алғашқы бейiм-бағдар мен алғашқы қатынастың бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы өзгеруi сыналушылардағы өмiрлiк мағыналар бағдарларының дамуымен ғана байланысты болады. Бiз мұны келесi бөлiмдерде салыстырмалы түрде талдап көрсететiн боламыз.

Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымын салыстырып, олардың өзгеруi мен дамуын, сондай-ақ, мағына тудырушы бiрден-бiр механизм болып табылатын санасыз құндылықтарды ашып көрсету үшiн, ең алдымен тұлғалық мағыналардың, қатынастардың және құндылықтардың бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңдегi даму деңгейлерiн анықтап алу қажет. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн бiз жас шамалары 18-20 жас аралығындағы ер адамдардың бiр тобына тұлғаның мағыналарын, құндылықтарын және қатынастарын анықтайтын тест-сауалнамаларын жүргiзiп, олардың iшiнен өмiрлiк мағыналар бағдарының дамуы төмен деңгейде болған 102 сыналушыны iрiктеп алдық. Мұнда сыналушылрдың тұлғалық мағыналарының даму деңгейлерiн анықтау үшiн Д.А. Леонтьевтiң “Өмiрлiк мағыналар бағдары тестiсi”, олардың басқаларға деген қатынасының даму деңгейлерiн анықтау үшiн Т. Лиридiң “Тұлғалар арасындағы қатынасты диагностикалайтын тест-сауалнамасы”, сондай-ақ, сыналушылардың өмiрлiк құндылықтарының даму деңгейлерiн анықтау үшiн В.Ф. Сопов, Л.В. Карпушинаның “Өмiрлiк құндылықтардың морфологиялық тестiсi” қолданылды.

Ж1-кестеде  бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңдегi сыналушылардан өмiрлiк мағыналар  бағдары тестiсi бойынша алынған  нәтижелер келтiрiлген (қосымша Ж  қара). Ж1-кестеден көрiп отырғанымыздай, бiздiң зерттеуiмiздегi өмiрлiк мағыналар  бағдары тестiсiнiң жеке шкалалары  бойынша алынған статистикалық  мәндер В1-кестеде келтiрiлген тест нормаларына  да жетпейдi (қосымша В қара). Мұның  өзi сыналушылардың бұл тобындағы  өмiрлiк мағыналар бағдарының дамуы  барлық шкалалар бойынша төмен деңгейде екендiгiн көрсетедi.

Ж2-кестеде  бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңдегi сыналушылардан Т. Лиридiң тұлғалар арасындағы қатынасты диагностикалайтын  әдiсi бойынша алынған сауалнаманың нәтижелерi келтiрiлген (қосымша Ж қара). Бұл кестеде бағыныштылық, тәуелдiлiк, достық сүйгiштiк, альтруистiк шкалаларына қарағанда, өктемдiк, өзiмшiлдiк, агрессиялылық, күдiктiлiк шкалаларының статистикалық көрсеткiштерi жоғары. Мұның өзi сыналушылардың бұл тобындағы басқаларға деген қатынастың өктемдiк, өзiмшiлдiк, агрессиялылық, күдiктiлiк сипатта екендiгiн көрсетедi. Ж3-кестеде бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңдегi сыналушылардың терминдiк құндылықтары мен осы құндылықтар жүзеге асатын өмiр шеңберлерiнiң нәтижелерi келтiрiлген (қосымша Ж қара).

Ж3-кестеде  терминдiк құндылықтар бойынша  өзiн-өзi дамыту, рухани қанағаттанушылық, креативтiлiк, белсендi әлеуметтiк байланыс шкалаларына қарағанда Д2-кестеде  келтiрiлген тест нормаларына сәйкес (қосымша Д қара) жеке басын қадiрлеу, жетiстiк, жоғары материалдық жағдай, жеке басының индивидуалдылығын  сақтау шкалаларының көрсеткiштерi жоғары. Мұның өзi сыналушылардың бұл тобында  рухани-ұнамды құндылықтар бағытына қарағанда өзiмшiлдiк-қадiр-қасиеттiң, яғни прагматикалық құндылықтар  бағдарының басым екендiгiн көрсетедi.

Сондай-ақ осы кестеде терминдiк құндылықтар  жүзеге асатын өмiр шеңберлерi бойынша  кәсiби өмiр, оқу және бiлiм алу  шкалаларына қарағанда Д3-кестеде  келтiрiлген тест нормаларына сәйкес (қосымша Д қара) отбасының өмiрi, қоғамдық өмiр, құштарлық, физикалық  белсендiлiк шкалаларының көрсеткiштерi жоғары. Олай болса, сыналушылардың бұл  тобы өздерiнiң өзiмшiлдiк-қадiр-қасиетiн, яғни прагматикалық құндылықтарын  отбасының өмiрiнде, қоғамдық өмiрде, құштарлық және физикалық белсендiлiк  секiлдi өмiр шеңберлерiнде жүзеге асырады. Дегенмен, бiздiң зерттеуiмiздегi сыналушылар тобында өмiрлiк құндылықтардың морфологиялық тестiсi бойынша барлық шкалалардың көрсеткiштерi тест нормаларына  сәйкес төмен деңгейде болып отыр. Бiздiңше тест көрсеткiштерiнiң бұлайша  төмен деңгейде болуы сыналушылардағы  өмiрлiк мағыналар бағдары дамуының төмендiгiнен болса керек.

Бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңде бiз тұлғаның мағыналы құрылымын эксперименттiк  зерттеудiң нәтижелерiне факторлық  талдау жасап, факторлар салмағының корелляция коэффициентiн есептеп  шығардық. Бiздiң тұжырымдамамыз бойынша  тұлғаның мағыналы құрылымының жүйе құрушы элементтерi болып табылатын  және оның негiзiн құрайтын адамның  қоршаған дүниеге деген мағыналы қатынасы мен тұлғалық құндылықтарының  дамуы, оның өмiрлiк мағыналар бағдарының дамуымен байланысты. Сондықтан, бiз  тұлғаның мағыналы құрылымында маңызды  рөл атқаратын және оның дамуына  тiкелей әсер ететiн бес факторды: өмiрдегi мақсат, өмiр барысы, өмiрдiң  нәтижесi, Мен - локусын бақылау, Өмiр  локусын бақылау факторларын  бөлiп шығарамыз. Бұл факторлар  өз кезегiнде тұлғаның басқаларға деген  қатынас типтерiне және өмiрлiк құндылықтарының  өзгеруi мен дамуына тiкелей әсерiн  тигiзедi.

Төмендегi 2-кестеде бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңдегi тұлғаның мағыналы құрылымын  зерттеудiң факторлық үлгiсi келтiрiлген. Факторлар салмағын есептеу үшiн мәндiлiк кестесiнен (113-кесте) сыналушылар саны 102 болғандағы r-дiң критикалық мәнiн анықтаймыз [141, 392 б.]. Төмендегi осы 2-кестеден көрiп отырғанымыздай бiздiң жүргiзген зерттеуiмiздегi тұлғаның мағыналы құрылымының барлық шкалалары арасындағы корреляция коэффициентiнiң критикалық мәнi r 0,321 болғандағы 0,1% (не =0,001) деңгейде ғана сенiмдi. Сонымен бөлiп шығарған факторларды былайша талдап түсiндiруге болады.

Бiрiншiсi өмiрдегi мақсат факторы. Бұл фактор қатынас типтерi бойынша өктемдiк (0,66), күдiкшiлдiк (0,59), бағыныштылық (0,56), тәуелдiлiк (0,44), өзiмшiлдiк (0,39) шкалаларымен оң корреляциялық байланыста болса, қалған шкалалар арасында маңызды корреляциялық  байланыстар жоқ. Мұның өзi сыналушылардың өмiрдегi мақсаты төмен болғандықтан басқаларға өктем, күдiкшiл, өзiмшiл болып  келетiндiгiн, оларға бағынышты, тәуелдi болғысы келмейтiндiгiн сипаттайды.

Ал сыналушыларда  агрессивтiлiк жоғары болса да оған өмiрдегi мақсаттың төмендiгi ешқандай әсер етпейтiндiгiн көрсетедi. Сондай-ақ өмiрдегi мақсаттың төмендiгi сыналушылардағы  альтруистiк, достық сүйгiштiк қатынастың төмен болуына да әсер етпейдi.

Тұлғаның терминдiк құндылықтары бойынша бұл фактор рухани қанағаттанушылық (0,50), өзiн-өзi дамыту (0,47), креативтiлiк (0,40), белсендi әлеуметтiк байланыс (0,34) шкалаларымен оң корреляциялық байланыста болса, қалған шкалалар арасында маңызды корреляциялық  байланыс жоқ. Бұл сыналушыларда  өмiрдегi мақсаттың төмендiгi, олардың  рухани қанағаттанушылық, өзiн-өзi дамыту, креативтiлiк, белсендi әлеуметтiк байланыс секiлдi рухани құндылықтарының төмен  болуына әсер ететiндiгiн, ал жетiстiк, жеке басын қадiрлеу, жеке басының  индивидуалдылығын сақтау, жоғарғы  материалдық жағдай секiлдi өзiмшiлдiк  құндылықтардың жоғары болуына бұл  фактордың ешқандай әсерi болмайтындығын көрсетедi.

 

2-кесте - Бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңдегi тұлғаның мағыналы құрылымын зерттеудiң факторлық үлгiсi (N=102)

 

 

Шкалалар атауы

Өмiрдегi мақсат

Өмiр

барысы 

Өмiрдiң 

нәтижесi

Мен-локусын  бақылау

Өмiр-локусын 

бақылау

Қатынас типтерi

 

 

 

 

 

Өктемдiк

0,66

0,40

0,46

0,67

0,44

Өзiмшiлдiк

0,39

0,37

0,39

0,45

0,33

Агрессиялылық

 

0,55

0,55

0,34

0,54

Күдiкшiлдiк

0,59

0,43

0,49

0,33

0,40

Бағыныштылық

0,56

       

Тәуелдiлiк

0,44

       

Достық сүйгiштiк

         

Альтруистiк

         

Терминдiк құндылықтар

         

Өзiн-өзi дамыту

0,47

0,41

0,41

0,42

0,33

Рухани қанағаттанушылық

0,50

0,38

0,40

0,34

0,42

Креативтiлiк

0,40

0,48

0,35

0,34

0,43

Белсендi әлеуметтiк байланыс

0,34

0,34

0,46

0,36

0,53

Жеке басын қадiрлеу

   

 

 
   

Жетiстiк

 

 

 
     

Жоғары материалдық жағдай

         

Жеке басының инди-видуалдылығын сақтау

         

Өмiр шеңберлерi

         

Кәсiби өмiр

0,50    

0,50

 

0,50

0,55

Оқу және бiлiм алу

0,52

0,49

 

0,49

0,45

Отбасының өмiрi

0,36

0,41

0,35

 

0,34

Қоғамдық өмiр

0,42

0,42

   

0,51

Құштарлық

 

0,49

0,46

 

0,33

Физикалық белсендiлiк

 

0,57

   

0,54

N=102 болғанда, =0,001 деңгейде r 0,321 


 

Сонымен қоса бұл фактор тұлғаның терминдiк құндылықтары жүзеге асатын өмiр шеңберлерi бойынша оқу және бiлiм алу (0,52), кәсiби өмiр (0,50), қоғамдық өмiр (0,42), отбасының өмiрi (0,36) шкалаларымен оң корреляциялық байланыста болса, қалған шкалалар арасында мұндай маңызды  корреляциялық байланыс жоқ. Мұның  өзi сыналушылардың өмiрдегi мақсаты  төмен болғанда, олар өздерiнiң өзiмшiлдiк  құндылықтарын кәсiби өмiр мен  оқу және бiлiм алу шеңберлерiнде  емес, қоғамдық өмiр мен отбасының  өмiрiнде жүзеге асыратындығын көрсетедi. Ал осы құндылықтар жүзеге асатын құштарлық пен физикалық белсендiлiк  секiлдi өмiр шеңберлерi сыналушыларда  жоғары болса да, оған өмiрдегi мақсаттың  төмендiгi ешқандай әсер етпейтiндiгiн  бiлдiредi.

Екiншi фактор өмiр барысы немесе өмiрдiң  қызығушылықтар мен эмоцияға толылығы. Бұл фактор қатынас типтерi бойынша  агрессиялылық (0,55), күдiкшiлдiк (0,43), өктемдiк (0,40), өзiмшiлдiк (0,37) шкалаларымен оң корреляциялық  байланыста болса, қалған шкалалар арасында мұндай маңызды корреляциялық байланыс жоқ. Мұның өзi сыналушыларда өмiр  барысы қызығушылықтар мен эмоцияға толы болмағандықтан басқаларға агрессивтi, күдiкшiл, өктем, өзiмшiл болып келетiндiгiн, сондай-ақ олар басқаларға тәуелдi, бағынышты  болғысы келмесе де оған бұл фактордың  ешқандай әсер етпейтiндiгiн көрсетедi. Сонымен қоса бұл фактордың әсерi сыналушылардағы достық сүйгiштiк пен альтруистiк қатынастың төмендiгiне де әсерi жоқ.

Тұлғаның терминдiк құндылықтары бойынша бұл фактор креативтiлiк (0,48), өзiн-өзi дамыту (0,41), рухани қанағаттанушылық 0,38), белсендi әлеуметтiк байланыс (0,34), шкалаларымен оң корреляциялық байланыста болса, қалған шкалалармен мұндай маңызды  корреляциялық байланыс жоқ. Бұл  сыналушылардың өмiр барысы қызығушылықтар мен эмоцияға толы болмағандықтан, олардың креативтiлiгi, өзiн-өзi дамытуы, рухани қанағаттанушылығы, белсендi әлеуметтiк  байланысы да төмен болатындығын, ал жетiстiгi жоғары болса да онымен бұл фактордың ешқандай маңызды  байланысының жоқтығын бiлдiредi. Сондай-ақ сыналушыларда жеке басының индивидуалдылығын  сақтау, жеке басын қадiрлеу, жоғарғы  материалдық жағдай шкалалары жоғары болсада, оған өмiр барысындағы қызығушылықтар мен эмоциялардың төмендiгi ешқандай әсер етпейдi.

Өмiр шеңберлерi бойынша бұл фактор кәсiби өмiр (0,50), оқу және бiлiм алу (0,49), қоғамдық өмiр (0,42), отбасының өмiрi (0,36) шкалаларымен оң корреляциялық  байланыста болса, қалған шкалалар арасында маңызды корреляциялық байланыс жоқ. Мұның өзi сыналушылардың өмiр  барысы қызығушылықтар мен эмоцияға толы болмағандықтан, олар өздерiнiң  өзiмшiлдiк құндылықтарын кәсiби өмiр  мен оқу және бiлiм алу шеңберлерiнде  емес, қоғамдық өмiр мен отбасының  өмiрiнде жүзеге асыратындығын бiлдiредi.

Информация о работе Тұлға құрылымының қалыптасуы мен дамуының психологиялық аспектілері