Тұлға құрылымының қалыптасуы мен дамуының психологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 15:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектiлiгi. Қазiргi кезде қоғамда болып жатқан нарықтық-экономикалық, саяси-идеологиялық және рухани-әлеуметтiк өзгерiстер оған белсене араласып, оның талаптарын өз бетiнше шеше алатын, ортаға бейiмделгiш, шығармашылық көзқарасы бар, жан-жақты үйлесiмдi дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етедi. Мұның өзi жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандардың тұлғаға тән мағыналы құрылымын дамыту мәселесiмен тiкелей байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулнур косыша 1.docx

— 399.36 Кб (Скачать документ)

Екiншi бағыт индивидуалды құндылықтарды қызығушылықтар немесе әлеуметтiк бейiм-бағдарлар (қатынастар) сияқты не оның әр алуан түрлерiнiң бiрi ретiнде қарастырады (Morris, 1956). Құндылықтарды осылай түсiнуде олар құндылықтармен реттелуге барып тiрелетiн оның бағыттаушы немесе құрылымдаушы қызметiн есепке алады.

Ал үшiншi бағыт оның шынайы оятушы күштерiн белгiлей отырып, құндылықтарды мотив пен қажеттiлiк ұғымдарына жақындатып түсiндiредi (Moslow, 1970; Жуков, 1976; Длигенский, 1977; Додонов, 1978; Шерковин, 1982; Василюк, 1984). Құндылықтарды түсiндiрген алғашқы бағыт жоғарыда келтiрген қоғамға қарсы парадигмалардан басталады. Ол әлеуметтiк және соның iшiнде сыртқы талаптармен реттелетiн құндылықтарды және оған  қарсы тұратын iшкi өзiмшiлдiк түрткiлердi теңестiредi. Құндылықтарды түсiндiрген екiншi бағыт бiрiншiге қарағанда тәуiрiрек, сонымен қоса олар әлеуметтiк бейiм-бағдарларды зерттеуден бастап ресми және шынайы құндылықтар арасындағы айырмашылықтар мәселелерiн қарастырады. Құндылықтарды қызығушылықтар немесе әлеуметтiк бейiм-бағдарлар не оның әр алуан түрлерiнiң бiрi ретiнде қарастырған бұл бағытқа жасалған кеңiрек талдауларды В. Брожиктiң (1982), А.И. Донцовтың (1974), О.И. Зотова, М.И. Бобневаның (1975), М.Б. Кунявский, В.Б. Моин, И.М. Попованың (1985) жазған еңбектерiнен тауып алуға болады [111; 120; 121; 122].

Сонымен қоса Д.А. Леонтьев күнделiктi сана сипаты мен философиядағы, әдеп және имандылықтағы құндылықтар мәселелерiн зерттеген көптеген бағыттар үшiн құндылықтар мен бейiм-бағдарларды бiр қатардағы түсiнiк ретiнде қарастыру адам өмiрiндегi құндылықтардың орны мен рөлiн, оның ерекше мәртебесi туралы қөзқарастарға қайшы келетiнiн айтады [123]. Бiз үшiн ең маңыздысы құндылықтарды мотивтер мен қажеттiлiктер ұғымдарымен бiр қатарда қарастырған үшiншi бағыт болып табылады. А.Н. Леонтьевтiң тұлға құрылымының тұтастылығында әр түрлi iс-әрекет түрлерiн бiрiктiретiн ерекше өзiне тән “түйiндердiң” болатындығы жайлы ойын келтiре отырып, О.И. Генисаретский бұл “түйiндi” тұлғаның негiзiн құрайтын құндылықтар түсiнiгiмен теңестiрдi [124]. Сондай-ақ Ю.М. Жуков [115], Б.С. Братусь [75; 76], О.А. Тихомандрицкая, Е.М. Дубовская [125] секiлдi психологтар құндылықтардың мағыналық табиғатының бар екенiн айтады.

Д.А. Леонтьев өз жұмысында дәстүрлi психологияда қажеттiлiк ұғымы тұрақты мотивациялық түсiнiктердiң бiрi ретiнде қарастырылып келгенiн айтады [1]. Оның пiкiрiнше тұлғалық құндылықтар секiлдi қажеттiлiктiң де тұрақты және жағдай үстiнде пайда болатын түрлерi кездеседi. Осы жағынан алғанда дейдi ол өзiнiң қызметi бойынша қажеттiлiк пен тұлғалық құндылықтарды айыру қиын [1]. Д.А. Леонтьев мұның себебiн “психологияда құндылық ұғымын осы күнге дейiн дербес мәртебеде бекiтудiң сәтi түспей келуiнен” деп шамалайды [1, 250 б.]. Осы жұмысында Д.А. Леонтьев тұлғалық құндылықтарды алуан түрлi қажеттiлiктердiң көрiнiстерi ретiнде түсiнуге бола ма, жоқ әлде олардың арасында айырмашылықтар бар ма? - деген маңызды сұрақтарды қарастырды [1]. Ақыр аяғында ол: “егер қажеттiлiктер мотивация құрылымында тiршең, динамикалы, жағдайға байланысты өзгермелi болатын болса, тұлғалық құндылықтар - тұрақты, “мәңгiлiк”, сыртқы жағдайлардан мүлде тәуелсiз болып табылады”, - деген қорытынды жасайды [1, 251 б.]. Тағы бiр жерiнде: “Соған сәйкес қажеттiлiктiң оятушы күшi үнемi өзгередi, оның жүйесi “динамикалы иерархиямен” сипатталады. Тұлғалық құндылықтардың иерархиясы өзгермейдi. Тұлғалық құндылықтардың иерархиясының өзгеруi, жоғарыда бiз атап көрсеткендей - бұл тұлға дамуындағы дағдарыс”, - дейдi [1, 251 б.]. Д.А. Леонтьевтiң айтуы бойынша тұлғалық құндылықтар тұлғаның құрылымына ене отырып, әр түрлi жағдайлы себептерден тәуелсiз, одан ары қызмет ете бередi. Д.А. Леонтьевтiң айтуынша жас нәресте өзiнiң онтогенетикалық дамуында жаңа құндылықтарды бiртiндеп меңгеру үстiнде мотивацияның негiзгi дереккөзi болып табылатын қажеттiлiктердi ығыстырып отырады. Жаңа құндылықтарды неғұрлым жылдам меңгерген сайын, мотивациялық құрылымдағы оған бөлiнген қажеттiлiктiң салмағы соғұрлым кемiп отырады.

А.И. Донцов (1975) әлеуметтiк құндылықтар интериоризация арқылы тұлғалық құндылықтарға айналатынын атап көрсетедi [128]. Б.И. Додоновтың [117], Э.А. Кюрегянның [129] айтуынша қоғамдық құндылықтар ретiнде кейбiр заттарды саналы түрде ұғыну, тұлғалық құндылықтардың қалыптасуына алып келедi. “Қоршаған адамдардың көзқарастарына тұрарлық құндылықтан басқа ештеме емес деп өзiнiң мiнез-құлқы мен iс-әрекетiн оған бадарлап қабылдай бастаса болды, бұрын соңды онда болмаған қажеттiлiк арқылы адам өзiне соның өзiн қабылдай бастайды”, - дейдi Б.И. Додонов [117, 12 б.]. Б.И. Додонов әлеуметтiк құндылықтардың тұлғалық құндылықтарға айналуының негiзгi механизмi саналы түрде ұғыну деп түсiнедi.

Э.А. Арутюнян әлеуметтiк құндылықтар тұлғалық құндылықтарға айналу үшiн, тiптi ол жағымды әсер ететiн болса да, оны саналы түрде ұғыну жеткiлiксiз. Ол үшiн субъектi тиiстi құндылықтарды меңгертуге бағытталған ұжымдық iс-әрекетке қосылу қажет дейдi [130]. Э.А. Арутюнян индивидтер үшiн осы процестi жанамалайтын аралық негiз референттi шағын топтар құндылықтардың жүйесi ретiнде қызмет ететiнiн атап көрсетедi [130]. Шындығында да үлкен әлеуметтiк топтардағы құндылықтарды меңгеру барлық уақытта индивид үшiн референттi болып табылатын шағын топтың құндылықтарымен жанамаланады. Индивидуалды дамудың бастапқы сатысында әлеуметтiк құндылықтарды жанамалаушы бiрден-бiр референттi шағын топ отбасы болып табылады. Ал жеткiншектiк кезеңде субъектi бiршама тұрақты құрбылар тобын жолықтырады. Олар әлеуметтiк құндылықтарды меңгерудiң екiншi арнасына айналады. Д.А. Леонтьев мұны былайша түйiндейдi: “Егер индивид үшiн ауытқыған (девиантты) топ референттi топқа айналса, онда аса кеңiрек әлеумет құндылықтары, соның iшiнде қоғамдық құндылықтар, референттi шағын топтардың көлеңкесi арқылы қабылданады …” [1, 255-256 бб.].

С.М. Жақыповтың айтуынша бiрлескен iс-әрекетке түсетiн әрбiр адам осы жалпы мағыналар қорына өздерiнiң жеке мағыналарын әкеп қосады және осы жалпы қордан өздерiне тиiстiсiн алады. Сондықтан мағыналардың жалпы қоры қашанда бай болып келедi. Олай болса, индивидуалды құндылықтар С.М. Жақыпов көрсеткен дамыған бiрлескен iс-әрекет жағдайында қалыптасатын мағыналы құрылымдардың жалпы қорын меңгерудiң нәтижесi.

Тұлғалық құндылықтар идеологиялық, саяси, адамгершiлiк, имандылық, және т.б. негiздер бойынша адамның қоршаған дүниенi бағалауы мен оларға бағдарлануы болып табылады. Құндылықтар немесе құнды бағдарлар тұлғаның мұраттары, мақсаттары, нанымдары, қызығушылықтары және т.б. сипаттарында көрiне отырып, адамның әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруi үстiнде қалыптасады. Тұлғаның құндылықтары адамның ұстаған жолына, мiнез-құлқына, қылықтарына, iс-әрекетiне бағыт берiп мағына әкелетiн, адамның өзiне, дүниеге деген жалпы қатынасының жүйесiн құрап, оның белсендiлiгiнiң мазмұны мен бағыттылығын сипаттайтын күрделi әлеуметтiк-психологиялық  құбылыс болып табылады. Сондай-ақ құнды бағдарлар тұлға құрылымында жетекшi орын алатын оның тұрақты сапасы ретiнде сипаттала отырып, адамның қоршаған дүниеге қатынасы мен алуан түрлi iс-әрекеттерiн, мiнез-құлықтарын әлеуметтiк реттеуде маңызды рөл атқарады.

 

1.3 Тұлғаның мағыналы құрылымының жалпы қорын талдаудың тұжырымдамалық үлгiсi

 

Бiздiң пайымдауымызша тұлғалық мағынада көрiнетiн және адамның мағыналы құрылымының жүйе құрушы элементтерi болып табылатын мағыналы бейiм-бағдар, мағыналы қатынас, тұлғалық құндылық түсiнiктерi дамыған бiрлескен iс-әрекетте қалыптасатын мағыналы құрылымдардың жалпы қорын меңгерудiң нәтижесi. Мұны түсiну үшiн ең алдымен Д.Н. Узнадзенiң бейiм-бағдар теориясындағы осы күнге дейiн шешiлмей келе жатқан кейбiр мәселелердi қарастырып алайық. Ал содан соң тұлғаның мағыналы құрылымының жүйе құрушы белгiлерiн бiлдiретiн мағыналы қатынас пен тұлғалық құндылықтарды сипаттайтын боламыз.

Кеңес психологиясында бейiм-бағдардың теориялық қағидаларын грузин психологы Д.Н. Узнадзе өзiнiң 1925 жылы жазған “Эксперименттiк психология негiздерi” атты еңбегiнде жариялады [131, 317 б.]. 1931 жылы ол ғылымда “Узнадзе әсерi” деген атқа ие болған бейiм-бағдардың жаңа заңдылықтарын ашты. Өзiнiң соңғы еңбектерiнде Д.Н. Узнадзе бейiм-бағдарды санаға әсер ететiн немесе онда бұрын болған жеке себептердi алдын-ала ескертетiн психиканың ерекше күйi ретiнде анықтады [132]. Бейiм-бағдар оның алдына қойып және мәселенi шешуге тура келетiн, әсер еткен жағдайларға адамның ең алғашқы жауабы түрiнде көрiнетiн субъектiнiң психикасында алдын ала жинақталған тәжiрибенiң нәтижесi ретiнде қалыптасады. Д.Н. Узнадзе бойынша бейiм-бағдарға тән сипат оның “санадан тыс психикалық процесс” екендiгi [132]. Ертеректе кеңес психологиясында iс-әрекет пен бейiм-бағдардың ара қатынасы жайындағы мәселелер көптеген пiкiр таластар туғызғаны барша психологтарға белгiлi. Осыған қатысты А.Г. Асмолов өз кiтабында - “Сонымен iс-әрекет пен бейiм-бағдар арасындағы қатынас мәселелерiн шешу жолдарында кедергi тас болып табылатын бейiм-бағдарлы бейнелеу, алғашқы бейiм-бағдар туралы сұрақ осы күнге дейiн пiкiрталас күйiнде қалып отыр. Бейiм-бағдардың “бiрiншiлiгi” туралы пiкiрталас - мұның мәнi негiзiнде психикалық құбылыстар жатқан категория жайындағы пiкiрталас болып табылады” - деп атап көрсетедi [35, 25 б.]. Дегенмен, осы тұжырымдамалардың қай-қайсысын алсақ та, олар дербес талдаулардың пәнi болатыны даусыз, бiрақ iс-әрекеттегi бейiм-бағдар құбылыстарының орны мен рөлiн, сондай-ақ iс-әрекет пен бейiм-бағдар арасындағы өзара қатынастар жайындағы мәселелердi бұл екi тұжырымдама өзiнше шешуге тырысты. Соның нәтижесiнде екi қарама-қайшы бағыттар пайда болды. Д.Н. Узнадзе мектебiнiң өкiлдерi, атап айтқанда А.С. Прангишвили [133; 134], А.С. Прангишвили, А.Е. Шерозия, Ф.Б. Бассин [135], Ш.А. Надирашвили [136] және т.б. көптеген жылдар бойы белсендiлiктiң кез-келген түрiнiң өрiстеуiн алдын-ала анықтайтын алғашқы бейiм-бағдардың болатындығы жайлы идеяны жақтап, психологияда бейiм-бағдар мәселесiн бiрiншi орынға қойды. Ал iс-әрекет бағытын жақтаған ғалымдар А.Н. Леонтьев [53], А.В. Запорожец [67] және т.б. болса, оған қарама-қарсы бағытты ұстап, алдымен iс-қимыл болу керек, одан соң барып бейiм-бағдар пайда болады дедi.

Д.Н. Узнадзе мен iс-әрекет бағытының негiзгi өкiлдерi Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Д.Б. Эльконин  және т.б. психологиядағы жалпы мәселенi, психикалық процестердi талдаудың екi мүшелiк сұлбасы - әсер етушi объектi мен оны бастан кешiретiн субъектiнiң сол кездегi қалыпты күйiнiң өзгеруiнде туындайтын тiкелей бейнелеушiлiк пастулаттарын жеңу мәселелерiн шешудi қарастырды [35, 24 б.]. Д.Н. Узнадзе объектiнiң субъектiге әсерi салдарынан туындайтын психикалық құбылысты алғашқы бейiм-бағдар деп атауды ұсынса, А.Н. Леонтьев мұны заттық iс-әрекет деп атауды ұсынды. Бiрақ бұл пiкiрталастар мұнымен аяқталған жоқ, оның салдары iс-әрекеттен бейiм-бағдар туындайма, жоқ әлде бейiм-бағдардан iс-әрекет туындайма деген үлкен даулы мәселелерге алып келдi.

Сонымен бейiм-бағдар мәселелерi бойынша негiзгi зерттеулер Д.Н. Узнадзенiң басшылығымен грузин психология мектебiнде қарастырылды. Д.Н. Узнадзе бойынша бейiм-бағдар адамның белгiлi бiр бағыттағы болашақ оқиғаларды қабылдауға санадан тыс дайындығы ретiнде сипатталды. “Бейiм-бағдар теорияларының негiзгi қағидалары” атты 1941 жылғы жазған еңбегiнде Д.Н. Узнадзе алғашқы бейiм-бағдарға былай деп анықтама бередi: бейiм-бағдар бұл - “өз табиғатында пайымдап қараудан, немесе әсерлi бейнелеуден, немесе белгiлi бiр себептермен пайда болатын тұтастай бейнелеу. Ол пайымдап қарауға немесе әсерлi бейнелеуге бара-бар жағдайды қамтамасыз етiп, атап айтқанда, онда сондай қимыл-қозғалысты не психикалық актiлер пайда болуы үшiн соған … субъектiнiң күйiн, оның дайындығын өзiнше реттеу болып табылады. Оны “бейiм-бағдарлы бейнелеу” деп айтуға болады. Субъектiнiң психикасының мазмұны мен жалпы оның мiнез-құлқының бәрiн осы бейiм-бағдар арқылы жүзеге асады деп мойындауға және соның салдарынан екiншi құбылыс пайда болады деуге болады” [35, 25 б.].

Ш.Х. Чхартишвили Д.Н. Узнадзенiң осы тұжырымдамаларын дамыта отырып, алғашқы және бекiген бейiм-бағдарлардың арақатынасы жайындағы мәселелердi қарастырды. Егер алғашқы бейiм-бағдар - бұл мiнез-құлықтың барлық жалпы сипаттарын алдын-ала бейнелейтiн, қашан да субъектiнiң қалпы болып табылса, бекiген бейiм-бағдарды Ш.Х. Чхартишвили - осы бейiм-бағдар өндiрiлетiн субъектiнiң сол жағдаймен қақтығысында iске асатын әрекеттiң белгiлi бiр тәсiлдерiн қайта жүзеге асыруға дайындығы деп түсiндi [137].

А.Е. Шерозия алғашқы бейiм-бағдарды тiкелей эксперименттiк түрде зерттеудiң мүмкiн емес екендiгiн айтады. Оның пiкiрiнше психология ғылымының түсiндiрушi принципi болып табылатын, алғашқы бейiм-бағдардың қасиеттерi туралы нәтижелердi тек екiншi реттiк бекiген бейiм-бағдарды зерттеуде алынған мәлiметтер арқылы ғана жанама түрде талдауға болады [35, 34-35 бб.]. Осыған қарамастан Д.Н. Узнадзе өзiнiң алғашқы бейiм-бағдар жайындағы пiкiрiн өзгертпедi. Оның айтуынша бейiм-бағдар кез-келген iс-әрекетте, соның iшiнде қабылдауға дейiнгi кезеңде де пайда болады, бiрақ бейiм-бағдар пайда болу үшiн жағдайды қабылдағанда қажеттiлiк өтелуi тиiс. Ол бейiм-бағдардың пайда болуы үстiндегi қажеттiлiктi сипаттай отырып: “Егер ол осы орта жағдайында өтеуге болатын қажеттiлiктен мүлде айырылатын болса, орта өздiгiнен субъектiнiң әрекетiне ешқандай түрткi бола алмайды. Онымен өзара әрекеттестiк орната отырып, бiз қандай қажеттiлiктердi меңгеремiз, сонда ғана соған сәйкес орта бiздiң әр түрлi әрекеттерiмiздiң өзiне тән ерекше жағдайларына айналады” - дейдi [35, 37 б.]. Демек, Д.Н. Узнадзе бойынша бейiм-бағдар қажеттiлiктен туындайды.

Iс-әрекет теориясында А.Н. Леонтьев қажеттiлiктiң өз затымен кездесу процесiн мiнез-құлықтың пайда болуының маңызды сәттерiнiң бiрi ретiнде қарастырды. Ол өз еңбегiнде: “Қажеттiлiк психологиясы ең алдымен мынадай күрделi ерекшелiктерден баcталуы керек: iс-әрекеттiң маңызды алғы шарттарының бiрi ретiнде, iшкi жағдай ретiндегi қажеттiлiктiң ерекшелiктерi мен заттық ортадағы субъектiнiң нақты iс-әрекетiн реттеушi және бағыттаушы қажеттiлiктердiң ерекшелiктерi… Қажеттiлiктiң оған жауап беретiн затпен “кездесуi” нәтижесiнде ғана ол iс-әрекеттi алғаш рет бағыттап, реттей алатын болады. Қажеттiлiктiң затымен кездесуi төтенше акты, қажеттiлiктiң заттылану актiсi - қоршаған дүниеден алып, оның мазмұнын “толтыру” болып табылады. Бұл қажеттiлiктi шындығында психологиялық деңгейге ауыстырады” - деп атап көрсетедi [53, 88 б.]. Бiрақ А.Н. Леонтьев қажеттiлiктiң заттылану процесiн iс-әрекет мотивiнiң пайда болуымен ұштастырды. Ал Д.Н. Узнадзе болса бейiм-бағдарды мотив ретiнде сипаттамай, оны өзiнше  қарастырды. Ол өзiнiң бейiм-бағдар теориясына сүйене отырып, мотивтiң мағынасы адам өмiрiнде бекiген бейiм-бағдарға сәйкес әрекеттi орындау деп, оны ол субъктiнi осы актiнi орындауға мәжбүрлейтiн мақсатқа бағытталған, қанағаттандырылған, мойындалған мiнез-құлық ретiнде көрсеттi [132, 401]. А.Г. Асмолов Д.Н. Узнадзенiң мотивты жалпылайтын анықтама бермегендiгiн және соның салдарынан бейiм-бағдар психологиясы бойынша соңғы зерттеулерде мотивтен ерекше бөлiп шығарған бейiм-бағдардың өзiнiң iштей оятушылық бағасынан айрылғандығын айтады [35]. Сондай-ақ А.Г. Асмолов iс-әрекеттiң маңызды алғы шарттарының бiрi ретiндегi алуан түрлi қажеттiлiктер мен iс-әрекеттi реттейтiн және бағыттайтын қажеттiлiктер Д.Н. Узнадзенiң теориясында өз бейнесiн тапқан едi, бiрақ оның тұжырымдамасындағы затпен кездескенге дейiнгi қажеттiлiк пен затпен кездескеннен кейiнгi қажеттiлiктердi ажырату үстiндегi жанама субстанция алғашқы бейiм-бағдар туралы түсiнiк бейiм-бағдар териясын салушылардың оны жеткiлiктi түрде айырып, анықтауына көптеген кедергiлер келтiрдi дейдi [35, 39 б.]. Д.Н. Узнадзе көрсеткендей шындығында да қажеттiлiктiң психологиялық мазмұны туралы сөз тек мынадай жағдайда ғана болуы мүмкiн, ол белсендiлiк барысында өзiнiң затымен кездеседi және осы затқа бағытталған iс-әрекетке дайындық түрiнде көрiнетiн оның затымен қажеттiлiктiң кездескеннен кейiнгi субъектiнiң күйiн тұтастай етiп көрсететiн ерекше психологиялық ұғымды енгiзедi. Ол осы күйдi “бейiм-бағдар” терминiмен белгiлейдi.

Ш.Н. Чхартишвили екiншi реттiк бекiген бейiм-бағдардың алғашқы бейiм-бағдардан айырмашылығы, оның ұзақ уақытқа созылатындығында екендiгiн, тiптi кейде ол адам өмiрiнiң ақырына дейiн сақталатынын айтады. Ол өндiрiлген сол жағдайға тап болмайынша индивидуалды түрде өмiр сүре бередi. Бекiген бейiм-бағдарға негiзделген осы жағдай пайда болғаннан кейiн, ертеректе бекiген сол әрекет дамиды. Сондай-ақ, адамда бiр мезгiлде бекiген бейiм-бағдарлардың саны шексiз болуы да мүмкiн. Сөйтiп Ш.Н. Чхартишвили алғашқы және бекiген бейiм-бағдарлардың өзiне тән ерекше белгiлерiн ажыратып бердi. Алғашқы және бекiген бейiм-бағдарлардың осындай ерекше барлық белгiлерiн келтiре отырып, Ш.Н. Чхартишвили Д.Н. Узнадзе мектебiндегi дәстүрлi зерттеу объектiсi болған - бекiген бейiм-бағдарды - жалпы айтқанда бейiм-бағдар деп мойындауға болмас едi деген қорытындыға келедi [137].

Информация о работе Тұлға құрылымының қалыптасуы мен дамуының психологиялық аспектілері