Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 15:14, дипломная работа
Зерттеудің өзектiлiгi. Қазiргi кезде қоғамда болып жатқан нарықтық-экономикалық, саяси-идеологиялық және рухани-әлеуметтiк өзгерiстер оған белсене араласып, оның талаптарын өз бетiнше шеше алатын, ортаға бейiмделгiш, шығармашылық көзқарасы бар, жан-жақты үйлесiмдi дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етедi. Мұның өзi жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандардың тұлғаға тән мағыналы құрылымын дамыту мәселесiмен тiкелей байланысты.
Операционалды құндылықтар адамдағы құндылықтар дамуының ең төменгi деңгейiн сипаттайды. Бiздiң пайымдауымызша операционалды құндылықтар жалған бiрлескен iс-әрекеттiң нәтижесiнде қалыптасады. Өйткенi, еш нәрсеге қауқары жетпейтiн кiшкене бала от басының құндылығын не жалпы адамзатқа тән әлеуметтiк құндылықтарды меңгеруде ең алдымен ол ата-анасымен не үлкендермен жалған бiрлескен iс-әрекетке түседi. Нәтижесiнде балада ең алғашқы жалған индивидуалды бiрлескен iс-әрекет қалыптасады. Жалған бiрлескен iс-әрекетте балада үлкендер көрсеткен бағыттылық, белгiлi бiр iс-әрекеттi орындауға деген дайындық қана болады, яғни мұны С.М. Жақыповтың сөзiмен айтқанда, әрекет етушi бала өз әрекетiнiң не құндылығын, не мағынасын, не мақсатқа жетудiң мәнiн әлi де болса түсiне алмайды. Ол тек үлкендердiң берген нұсқауымен ғана әр түрлi операцияларды орындайды. Сондықтан операционалды құндылықтарда әрекеттiң операционалды мағынасы ғана болады. Одан ары бала үлкендермен тағы да бiрлескен iс-әрекетке түскенде баланың жалған индивидуалды iс-әрекетi күрделенiп, нәтижесiнде оның шынайы бiрлескен iс-әрекетi қалыптасады. Мұнда атқарушы қызметтер бала мен үлкендердiң арасында теңдей болады және бала өз iс-әрекетiнiң мақсатын ұғына бастайды.
Тұлғаның мағыналы құрылымының иерархиялық сатысының екiншi деңгейiн құрайтын мақсатты құндылық дәл осы жерде қалыптасады. Осы процесс бiрнеше рет қайталанғанда бала мен үлкендер арасындағы бiрлескен iс-әрекет дамыған бiрлескен iс-әрекетке айналады. Дамыған бiрлескен iс-әрекетте бала үлкендердiң құрған мақсатын қабыл алады және өзiнiң мотивациялық-мағыналық шеңберiне енгiзе отырып, оны өзгертiп қайта құрады. Осының негiзiнде мағыналардың жалпы қоры құрылады. Мағыналардың жалпы қорын меңгеру нәтижесiнде ғана адам тұлғалық құндылыққа ие болады. Тұлғалық мағынаны бiлдiретiн және тұлғаның мағыналы құрылымының жүйе құрушы элементi болып табылатын тұлғалық құндылық бiздiң ойымызша дамыған бiрлескен iс-әрекетте қалыптасады. Тұлғаның мағыналы құрылымын құрайтын тұлғаның мағыналы бейiм-бағдары, мағыналы қатынасы және тұлғалық құндылық дамыған бiрлескен iс-әрекетте қалыптасатын мағыналардың жалпы қорын меңгерудiң нәтижесi. Мағыналы құрылымдардың жалпы қорын меңгеру тұлғаның өмiрлiк мағыналар бағдарларының даму деңгейлерiнiң жоғарылауымен анықталады. Сондай-ақ мағына тудырушы бiрден-бiр психологиялық механизм санасыз құндылықтар болып табылады. Санасыз құндылықтар түсiнiгi бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларына қатысатын серiктердiң бiрiнiң құрған мақсатын екiншiсi өзгертiп, өзiнiкi секiлдi қабыл алуы мен өзiнiң жеке мақсатын қайта құруында туындап, оның нәтижесi мағына түрiнде бейнеленедi.
Тұлғаның мағыналы құрылымын құрайтын
және оның құрылымының жүйе құрушы
белгiлерi болып табылатын мағыналы
бейiм-бағдар, мағыналы қатынас, тұлғалық
құндылықтар мен осы ұғымдардың
жүйе iшiндегi жүйешелерiн құрайтын және
тұлғаның мағыналы құрылымының әр түрлi
даму деңгейлерiн сипаттайтын
Тұлғаның мағыналы құрылымын бiрлескен iс-әрекетте зерттеудiң теориялық нәтижелерi бiзге мынадай тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi:
1. Психологиялық мағынаны тұлға
құрылымын талдаудың бiрлiгi
2. Тұлғаның мағыналы құрылымын
бiрлескен iс-әрекетте зерттеу,
3. Тұлғаның мағыналы құрылымын
бiрлескен iс-әрекетте зерттеу
мағына тудырушы психологиялық
механизм болып табылатын
4. Тұлғаның мағыналы құрылымын
бiрлескен iс-әрекетте зерттеу,
5. Тұлғаның мағыналы құрылымын бiрлескен iс-әрекетте талдау, оның қарапайым нысанын лабораториялық эксперимент жағдайында үлгiлеуге болатын, көрнекi-бейнелi және көрнекi-әрекеттiк типтегi тапсырмалар мен бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымдарының дамуы мен өзгеруiн белгiлеп, оларды салыстырып талдауға қол жеткiзетiн ақпараттық әдiстер мен қатынасты және құндылықтарды зерттейтiн психодиагностикалық құралдардың бiрлiгiнен тұратын, тұлғаның мағыналы құрылымын зерттеудiң әдiстемелiк негiзiнiң үлгiсiн ұсынуға мүмкiндiк бередi. Тұлғаның мағыналы құрылымын зерттеудiң әдiстерiн осылайша ұйымдастыру, мағынаны iс-әрекет үстiнде зерттеу керек дейтiн психологиядағы iс-әрекет бағытының жалпы әдiснамалық қағидасын толық жүзеге асыруға жағдай жасайды.
2 МАҒЫНА ҚҰРЫЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ҚОРЫ - ТҰЛҒАНЫҢ НЕГIЗI
2.1 Психодиагностикалық әдістемелер және оларға сипаттама
Жоғары әскери оқу орындары курсанттарының тұлғалық мағыналы құрылымының бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы дамуы мен қалыптасуын эксперименталды зерттеу үшін төмендегідей бағдарлама құрылды. Зерттеу жұмыстары 2012 жылы 16-қаңтардан - 17 наурыз аралығында жүргізілді.
Зерттеу жұмыстарына жоғары әскери оқу орындарының 18-20 жас аралығындағы ер адамдары алынды. Эксперименттiк зерттеуге 50 сыналушы қатысты.
Зерттеуде бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымының даму деңгейлерiн өлшеуге Д.А. Леонтьевтiң өмiрлiк мағыналар бағдарының тестiсi, Т. Лиридiң тұлғалар арасындағы қатынасты диагностикалайтын тест сауалнамасы қолданылды.
1. Д.А. Леонтьевтiң “Өмiрлiк мағыналар бағдары тестiсi
Тұлғаның мағыналы құрылымын диагностикалайтын құралдарға Д.А. Леонтьевтiң “Өмiрлiк мағыналар бағдары тестiсiн пайдаландық [146]. Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымының дамуы мен өзгеруiн диагностикалап, тұлғаның өмiрлiк мағынасының бағдары жөнiнде әр түрлi ақпараттарды алу үшiн бiздiң зерттеу жұмысымызда Д.А. Леонтьевтiң “Өмiрлiк мағыналар бағдары тестiсi” қолданылды [146]. Бұл тест тұлғаның өмiрлiк мағыналарының бағдарын бес субшкаланың негiзiнде өлшейдi. Олар, өмiрдегi мақсат; өмiр барысы немесе өмiрдiң қызығушылықтар мен эмоцияға толылығы; өмiрдiң нәтижелiлiгi, не өзiн-өзi жүзеге асыруға қанағаттанушылық; Мен - локусын бақылау (Мен - өмiрдiң қожасымын); өмiр - локусын бақылау, немесе өмiрдi басқарушылық. Әр шкала бойынша жеке сыналушылардың ұпай көрсеткiштерi қосымшада берiлген тест кiлтiмен есептеледi және тест нормасымен салыстырылады.
Сондай-ақ барлық сыналушылыр үшiн өмiрлiк мағыналар бағдарының әр шкаладағы даму деңгейлерi, олардың әр шкала бойынша берген ұпай көрсеткiштерiнiң орташа мәнiмен анықталады. Барлық сыналушылардың әр шкала бойынша ұпай көрсеткiштерiнiң орта мәндерi жұмыстың 1.5.1 бөлiмiндегi (1) формуламен, ал олардың стандартты ауытқуы (2) формуламен есептеледi. Зеттеудiң корреляция коэффициентi жұмыстың 1.5.1 бөлiмiндегi (3) формуламен, ал бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы сыналушылардағы өмiрлiк мағыналар бағдарының ерекшелiктерi (4 және 4.1) формулаларымен есептеледi.
2. Т. Лиридiң тұлғалар арасындағы қатынасты диагностикалайтын әдiсi
Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның басқаларға деген мағыналы қатынасының даму деңгейлерiн белгiлеп, олардың өзгеруiн салыстырып талдау үшiн бiздiң зерттеу жұмысымызда Т. Лиридiң тұлғалар арасындағы қатынасты диагностикалайтын әдiсi пайдаланылды [149, 143-150 бб.]. Бұл әдiстiң көмегiмен адамның басқаларға деген қатынасының типтерiн бөлiп шығаруға болады. Ол типтерге қатынастың өктемдiк, өзiмшiлдiк, агрессиялық, күдiктiлiк, бағыныштылық, тәуелдiлiк, достық сүйгiштiк, альтруистiк секiлдi сегiз типтерi жатады.
Сонымен Т. Лиридiң тұлғалар арасындағы қатынасты диагностикалайтын сауалнамасы 128 пiкiрден және қатынас типтерiн сипаттайтын 8 шкаладан тұрады (қосымша Г қара). Әр шкала бойынша жеке сыналушылардың ұпай көрсеткiштерi қосылып есептелiп, Г1-кестеде берiлген сауалнама нормасымен салыстырылады (қосымша Г қара). Сондай-ақ, барлық сыналушылар үшiн тұлғалар арасындағы қатынас типтерiнiң әр шкаладағы даму деңгейлерi, олардың әр шкала бойынша берген ұпай көрсеткiштерiнiң орташа мәнiмен анықталды. Барлық сыналушылардың әр шкала бойынша ұпай көрсеткiштерiнiң орташа мәндерi жұмыстың 1.5.1 бөлiмiндегi (1) формуламен, ал олардың стандартты ауытқуы (2) формуламен есептеледi. Зерттеудiң корреляция коэффициентi жұмыстың 1.5.1 бөлiмiндегi (3) формуламен, ал бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы сыналушылардың қатынас типтерiнiң ерекшелiктерi (4 және 4.1) формулаларымен есептеледi.
Зерттеу мақсатына сай жалған бiрлескен iс-әрекет сатысына дейiнгi кезеңде бiз алдын-ала нақтылануы тиiс болған мынадай екi мiндеттi шешiп алдық. Оның бiрi - тұлға құрылымының жүйе құрушы белгiсi болып табылатын тұлғадағы психологиялық бейiм-бағдарлар мен қатынастардың бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы өзгеруi мен дамуын салыстырып талдау үшiн ең алдымен жалған бiрлескен iс-әрекеттiң нәтижесi түрiнде көрiнетiн адамдағы бекiген алғашқы бейiм-бағдар мен алғашқы қатынасты анықтап алу. Бұған суреттегi адамның өзiн қоспағанда 30 сыналушы қатысты (18-20 - жас аралығындағы ер адамдар). Ал екiншiсi бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы мағына тудырушы механизмдердi ашып көрсетуге және тұлғаның мағыналы құрылымдарының өзгеруi мен дамуын салыстырып талдауға мүмкiндiк беретiн тұлғаның мағыналы құрылымының даму деңгейiн алдын-ала анықтау мiндетi болып табылады. Бұған 50 сыналушы қатысты (18-20 - жас аралығындағы ер адамдар). Мұның өзi зерттеуiң жалпы және жеке болжамдарын теориялық тұрғыдан тұжырымдап, эксперименттiк түрде дәлелдеуге мүмкiндiк бередi.
Сонымен жалған бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңде бiз тұлғаның бекiген алғашқы бейiм-бағдары мен анықтау үшiн сыналушылардағы мағынаның даму деңгейлерiн анықтау үшiн Д.А. Леонтьевтiң “Өмiрлiк мағыналар бағдары тестiсiн” пайдаландық.
Сыналушылар тобының мағыналы құрылымдарының даму деңгейлерiн белгiлеп алу үшiн ең алдымен олардың бекiген алғашқы бейiм-бағдарлары мен алғашқы әсердiң салдарынан қалыптасатын алғашқы қатынасы, сондай-ақ олардың өмiрлiк мағыналар бағдары зерттелдi. Жүргiзiлген осы эксперименттiң нәтижелерi көрсеткендей, бiздiң берген нұсқауымызбен суреттiң қабылдауға тигiзетiн әсерiн қосқанда сыналушылардың жазған мiнездемелерiн екi типке бiрiктiруге болады (қосымша Е № 1 хаттамасын қара). Бiрiншiсiне бiздiң берген нұсқауымыздың тiкелей әсерi салдарынан сыналушыларда бекiген алғашқы бейiм-бағдардың қалыптасуын, ал екiншiсiне бiздiң берген нұсқауымыз тiкелей әсер етпесе де, көрсетiлген суреттiң әсерi салдарынан қалыптасқан алғашқы бейiм-бағдарды жатқызуға болады. Ойымыз дәлелдiрек болу үшiн № 1 хаттамадан үзiндiлер келтiре кетейiк (қосымша Е қара).
Сыналушы А. “… Жасы 20-25-тер шамасындағы ер адам. Түсi суық, қабағы қатулы, жүзiнде ыза мен кектiң нышаны бар. Бiр нәрседен көз алмай тесiле қарап тұрған бұл адамның қара ниетiн кескiнiнен-ақ айқын түсiнуге болады. Шымыр дене, түксиген қабақ, сұп-сұр болған өткiр көз зұлымдықтың белгiсi. Менiң пiкiрiмше түсi суық, терiсi қалың, аяушылық сезiмi жоқ суреттегi бұл адам нағыз қылмыскер”.
Сыналушы Ә. “… Жасы 25-30-дар шамасындағы кең иықты, кеуделi, батыр тұлғалы ер адам. Ойлы көзбен күлiмсiреп тайсалмастан тiке қарап тұр. Боп-боз бетiнде қасiреттiң таңбасы бар. Сирек қойған қара мұрты өзiне жарасып тұрса да, өзiн зұлым, қатыгез ретiнде көрсететiн сияқты. Көздерi қу мысықтың көзiндей жайнап тұрғанына қарағанда қолға түспес жау жүрек, нағыз баукеспенiң өзi болса керек” (қосымша Е № 1 хаттамасынан үзiндiлер).
Осы хаттамада келтiрiлген сыналушы
А-ның суретке берген мiнездемесiне
қарап оған экспериментатордың нұсқауы
тiкелей әсер еткенiн оңай ажыратамыз.
Ал сыналушы Ә-нiң суретке берген
мiнездемесiнен
Осы сыналушылар тобындағы мағынаның даму деңгейiн белгiлеу үшiн бiз Д.А. Леонтьевтiң “Өмiрлiк мағыналар бағдары тестiсiн” жүргiздiк. Оның нәтижелерi Е2-кестеде келтiрiлген (қосымша Е қара). Е2-кестеден көрiп отырғанымыздай, бiздiң зерттеуiмiздегi өмiрлiк мағыналар тестiсiнiң жеке шкалалары бойынша алынған статистикалық мәндердi В1-кестеде келтiрiлген тест нормаларымен салыстырғанда анағұрлым төмен деңгейде (қосымша В қара). Тест нормасы бойынша бiрiншi шкала =32,90 болса, бiздiң зерттеуiмiзде =30,03 болды. Мұның өзi сыналушылардағы өмiрлiк мақсаттың жоқтығын көрсетiп, олардың тек бүгiнгi күнмен ғана өмiр сүрiп отырғандығын бiлдiредi. Ал екiншi шкала бойынша тест нормасы =31,09 болса, бiздiң зерттеуiмiзде бұл шкала =29,93 көрсеттi. Бұл өмiр барысы немесе өмiрдiң қызығушылықтар мен эмоцияға толылығы шкаласы бойынша сыналушылардың өз өмiрiне қанағаттанбайтындығын бiлдiредi.
Информация о работе Тұлға құрылымының қалыптасуы мен дамуының психологиялық аспектілері