Тұлға құрылымының қалыптасуы мен дамуының психологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 15:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектiлiгi. Қазiргi кезде қоғамда болып жатқан нарықтық-экономикалық, саяси-идеологиялық және рухани-әлеуметтiк өзгерiстер оған белсене араласып, оның талаптарын өз бетiнше шеше алатын, ортаға бейiмделгiш, шығармашылық көзқарасы бар, жан-жақты үйлесiмдi дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етедi. Мұның өзi жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандардың тұлғаға тән мағыналы құрылымын дамыту мәселесiмен тiкелей байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулнур косыша 1.docx

— 399.36 Кб (Скачать документ)

Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы  тұлғаның өмiрлiк мағыналар бағдары  дамуының графигi келтiрiлген осы 3-суреттен көрiп отырғанымыздай, бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңде өмiрлiк мағыналар  бағдары тестiсiнiң 1-өмiрдегi мақсат, 2-өмiр барысы, 3-өмiрдiң нәтижесi, 4-Мен-Локусын  бақылау, 5-Өмiр-Локусын бақылау шкалалары  бойынша сыналушылардан алынған  нәтижелер төмен деңгейде болса, бiрлескен және дамыған бiрлескен iс-әрекеттерден соң тестiң барлық шкалалары бойынша көрсеткiштер жоғарылаған. Мұның өзi бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңмен салыстырғанда бiрлескен  және дамыған бiрлескен iс-әрекеттерден соң тұлғаның өмiрлiк мағыналар  бағдарының дамығандығын көрсетедi.

Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы сыналушылардың өмiрлiк  мағыналар бағдарының даму ерекшелiктерiнiң  дәлдiгi t-критерийi бойынша анықталды. Төмендегi 11-кестеде бiрлескен iс-әрекеттiң  әр түрлi даму сатыларындағы сыналушылардың өмiрлiк мағыналар бағдарларының  даму ерекшелiктерiнiң t-критерийi бойынша  дәлдiгi келтiрiлген. Осы кестеден көрiп  отырғанымыздай, бiрлескен iс-әрекеттiң  әр түрлi даму сатыларындағы сыналушылардың өмiрлiк мағыналар бағдарының даму деңгейлерi ерекшеленедi.  

11-кесте - Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы сыналушылардың  өмiрлiк мағыналар бағдарының  даму ерекшелiктерi (n=101)

 

Шкалалар атауы 

Бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi және бiрлескен iс-әрекеттен  кейiнгi      

Бiрлескен iс-әрекет пен дамыған  бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi

Өмiрдегi мақсат

       4,15

        4,40

Өмiр барысы

       4,39   

        3,98

Өмiрдiң нәтижесi

       4,02

        3,20

Мен-Локусын бақылау

       5,51

        4,26

Өмiр-Локусын бақылау 

       5,36

        5,06  

ӨМ – жалпы көрсеткiшi

       5,16

        6,01 

n , n =101 болғанда, P=99,9% деңгейде t 3,34


 

Тұлғаның өмiрлiк мағыналар бағдарының бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы  дамуын төмендегi 6-суретте келтiрiлген графиктерден де көруге болады. Төмендегi 6-суретте бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы тұлғаның өмiрлiк  мағыналар бағдары дамуының графигi келтiрiлген.

А1 - бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi, А2 - бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi, А3 - дамыған  бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi кезеңдегi ӨМБТ шкалаларының графиктерi.

 

6-суретте бiрлескен iс-әрекеттiң  әр түрлi сатыларындағы тұлғаның  өмiрлiк мағыналар бағдары дамуының  графигi (N=102)

Осы 6-суреттегi графиктерден көрiп  отырғанымыздай, бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңде өмiрлiк мағыналар  бағдары тестiсiнiң 1-өмiрдегi мақсат, 2-өмiр барысы, 3-өмiрдiң нәтижесi, 4-Мен-Локусын  бақылау, 5-Өмiр-Локусын бақылау шкалалары бойынша сыналушылардан алынған нәтижелер төмен деңгейде болса, бiрлескен және дамыған бiрлескен iс-әрекеттерден соң тестiң барлық шкалалары бойынша көрсеткiштер жоғарылаған. Мұның өзi бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңде тұлғада дамуы төмен деңгейде болған өмiрлiк мағыналар бағдарының бiрлескен және дамыған бiрлескен iс-әрекеттерден соң дамығандығын көрсетедi. Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы тұлғаның өмiрлiк мағыналар бағдарының дамуы, оның қоршаған ортамен үйлесiмдi дамуын сипаттайтын басқаларға деген достық сүйгiштiк, альтруистiк қатынастары мен тұлғаның мұраттарынан, мақсаттарынан, нанымдарынан және қызығушылықтарынан айқын көрiнетiн, оның рухани-өнегелi құнды бағдарларының қалыптасуына өз әсерiн тигiзедi.

Сонымен бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымын эксперименттiк зерттеудiң  нәтижелерi мынадай негiзгi тұжырымдарды жасауға мүмкiндiк бередi.

1. Бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңдегi сыналушыларда пайда болған алғашқы  бейiм-бағдарлар ореол әсерiнiң негiзiнде  қалыптасады. Ореол әсерiнiң негiзiнде қалыптасатын мұндай бейiм-бағдарлар адамның басқа адамдарды шынайы бағалап, дұрыс тануына бағытталған iс-әрекетiнiң санадан тыс дайындығын реттеуде бiраз кедергiлер келтiредi, бiрақ олар басқаларды танып бiлу мен бағалауда адамның мiнез-құлқында уақытша болса да маңызды қызмет атқарады.

2. Алғашқы әсерлердiң нәтижесiнде  қалыптасатын алғашқы бейiм-бағдарлар  мен алғашқы қатынастар бейiм-бағдар  мен қатынас дамуының тым қарапайым  сатысын сипаттайтындықтан, олардың  мазмұны өзiнiң даму деңгейлерiне қарай операционалды мағыналардан тұрады.

3. Жалған бiрлескен iс-әрекеттiң  нәтижесi түрiнде қалыптасатын  алғашқы бейiм-бағдарлар мен алғашқы  қатынастар бiрлескен iс-әрекетте  мақсатты бейiм-бағдарлар мен  мақсатты қатынастарға айналады. Алғашқы бейiм-бағдарлар мен алғашқы  қатынастың мақсатты бейiм-бағдарлар  мен мақсатты қатынастарға айналуына  “жаңалық әсерi” ерекше ықпал  етедi.

4. Алғашқы бейiм-бағдар мен алғашқы  қатынастың өзгеруi көбiне бiрлескен  iс-әрекетке қатысатын серiктердiң  өзара қатынасы мен шешiлетiн  тапсырманың сипатына тәуелдi болып  келедi. Басқаша айтқанда, бiрлескен  iс-әрекетте адам басқа адамның  барлық жеке ерекшелiктерiн емес, алда тұрған практикалық тапсырмаларды  табысты орындаудағы оның қабiлетiн  ерекше бағалайды.

5. Бiрлескен iс-әрекетте қалыптасатын  мақсатты бейiм-бағдарлар мен  мақсатты қатынастар дамыған  бiрлескен iс-әрекетте мағыналы  бейiм-бағдарлар мен мағыналы  қатынасқа айналады. Мұнда адам  басқа адамдардың iшкi жан дүниесiн  тереңiрек түсiнiп, оның тұлғасын  тұлғалық-мағыналық тұрғыдан бағалайтын  болады. Әсiресе, мағыналы бейiм-бағдарлар  мен мағыналы қатынастардың қалыптасуына  дамыған бiрлескен iс-әрекетте  құрылатын мағыналардың жалпы  қорын, олардың әр қайсысының  меңгеруi өз әсерiн тигiзедi.

6. Зерттеуге қатысқан сыналушылардың  құнды бағдарлары мен басқаларға  деген қатынас типтерiнiң өзгеруiне  бiрлескен және дамыған бiрлескен  iс-әрекеттегi олардың өмiрлiк мағыналар  бағдарының дамуы ерекше әсер  етедi.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазiргi психология ғылымының даму үрдiсi қоғамдық болмыстың даму үрдiсiн  бейнелейтiндiктен, қоршаған дүниеге  деген индивидуалды iс-әрекетте көрiнетiн  тұлғаның мағыналы құрылымы бiрлескен iс-әрекетте зерттеудi қажет етедi. Дегенмен, қазiргi кезде психологияда шешудi талап  ететiн өзектi мәселелердiң бiрi - дәстүрлi iс-әрекет бағытын негiзге алған  отандық психологтардың басым көпшiлiгiнiң  мағынаны субъектi-объектiлiк қатынас  жоспарында қарастыруында болып  отыр.

  Бiздiң түсiнiгiмiздегi тұлғаның мағыналы құрылымы, орталығы тұлғалық мағынаны бiлдiретiн мағыналы бейiм-бағдардан, мағыналы қатынастан және тұлғалық құндылықтан, сондай-ақ олардың иерархиялық құрылымдарын сипаттайтын үш деңгейден: тұлғалық мағынадан, мақсатты және операционалды мағыналардан тұрады. Бұл деңгейлер өз кезегiнде бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларында қалыптасатын тұлғаның мағыналы құрылымының жүйе құрушы элементтерiнiң жүйе iшiндегi жүйешелерiн құрайды.

Мағына  құрылуды қарастырған зерттеулердi теориялық талдаудың нәтижелерi мағынаны тұлға құрылымын талдаудың  бiрлiгi ретiнде ұсынуға және оған қойылатын негiзгi талаптар мен принциптердi бөлiп шығаруға мүмкiндiк бердi. Сондай-ақ, мағына құрылуды талдаудың нәтижелерi мағына туғызушы психологиялық механизм болып табылатын санасыз құндылық түсiнiгiн теориялық тұрғыдан нақтылап, эксперименттiк түрде ашып көрсетуге  мүмкiндiк бердi. Сонымен қоса алынған эксперименттiк зерттеу нәтижелерi жалған бiрлескен iс-әрекеттiң нәтижесi түрiнде қалыптасатын алғашқы бейiм-бағдарлар мен алғашқы қатынастың, сондай-ақ, операционалды құндылықтардың бiрлескен iс-әрекетте мақсаттыға, ал дамыған бiрлескен iс-әрекетте мағыналы бейiм-бағдарлар мен мағыналы қатынасқа және тұлғалық құндылықтарға айналатындығын дәлелдедi. Жалған бiрлескен iс-әрекетке байланысты жүргiзiлген эксперименттiк зерттеу нәтижелерi көрсеткендей, тұлғада өмiрлiк мағыналар бағдарының дамуы төмен деңгейде болғанда, оның басқаларға деген қатынас типтерi өзiмшiлдiк, агрессиялық сипатта болып, тұлғаның рухани-өнегелi құндылықтарына қарағанда өзiмшiлдiк-қадiр-қасиеттiк құндылықтарының басым болатындығы айқындалды. Керiсiнше, бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы тұлғаның өмiрлiк мағыналар бағдарының дамуы, оның басқаларға деген альтруистiк қатынасының дамуы мен рухани-өнегелi құндылықтарының қалыптасуына ерекше әсер ететiндiгi анықталды. Мұнда ең негiзгi шешушi жағдай бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларында құрылатын мағыналардың жалпы қорын оған қатысушылардың әрқайсысының меңгеруi болып табылады.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер  қоғамдық болмыстың әр түрлi жағдайларында  табиғи және iскерлiк, рөлдiк ойындар  мен психологиялық тренингтер және т.б. секiлдi жасанды жағдайларда  айқын көрiнетiн бiрлескен iс-әрекеттегi тұлғалардың мiнез-құлқы мен iс-әрекетiн  басқарудың практикалық ұсыныстарын  дайындау мен индивидуалды iс-әрекеттi зерттеу үстiнде алынған мағына құрылу процесiнiң психологиялық  механизмдерiн ашып көрсетудi кеңейтуге  жағдай жасайды.

Сонымен, тұлғаның мағыналы құрылымын  бiрлескен iс-әрекетте зерттеудiң нәтижелерi мынадай ұсыныстар жасауға мүмкiндiк  бередi:

  1. Диссертациялық жұмыста дайындалған тұлғаның мағыналы құрылымын бiрлескен iс-әрекетте зерттеудiң эксперименттiк үлгiсiн Әскери оқу орындарында ғылыми зерттеу басқармасында оқу процесiндегi курсанттардың мағыналы құрылымының даму деңгейлерiн диагностикалау үшiн әдiстемелiк құралдар ретiнде қолдануға болады.
  2. Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымының дамуы мен қалыптасуы жөнiнде зерттеу жұмысында тұжырымдалған қағидаларды Әскери оқу орындарында профессорлық-оқытушылар құрамы курсанттардың бiрлескен оқу-тәрбие процесiн тиiмдi ұйымдастыру үшiн пайдалана алады.
  3. Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымының дамуы мен қалыптасуы туралы зерттеу жұмысында келтiрiлген тұжырымдар тұлғаға психотерапиялық көмек көрсетуде, оның жағымсыз мiнез-құлықтарын психологиялық түзету мен сақтық шараларын жүзеге асыруға, сондай-ақ, оны тәрбиелеудiң психологиялық стратегиясын дайындауға негiз бола алады.
  4. Диссертациялық жұмыстың теориялық бөлiмiнде нақтыланған тұлғаның мағыналы құрылымының жүйе құрушы белгiлерiн құрайтын мағыналы бейiм-бағдар, мағыналы қатынас және тұлғалық құндылық ұғымдарының әрқайсысының дербес психологиялық механизмдерiн бөлiп шығаруға болады. Бiз соңғы жағдайды болашақ зерттеу жұмыстарының еншiсiне қалдырдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

 

1 Леонтьев  Д.А. Психология смысла: Дис. …  д-ра психол. наук: 19.00.01. - М.: МГУ, 1999. - 484 с. 

2 Тәжiбаев  Т.Б. Жеке адам психологиясына  кiрiспе. - Алматы: академиясы, 2003. - 100 б.

3 Выготский  Л.С. Мышление и речь // Психолоия развития человека. - М.: Изд-во Смысл; Изд-во Эксмо, 2003. - С. 664-1019.

4 Горбацевич  Л.В. Проблема личности в современной  философской и психологической  литературе // Теория личности / Под  ред. В.Ф. Сержантова. - Л.: ЛГУ, 1989. - С. 23-46.

5 Джакупов  С.М. Психология познавательной  деятельности. - Алма-Ата: КазГУ, 1992. - 195 с.

6 Кон  И.С. Социология личности. - М.: Политическая  литература, 1967. - 383 с.

7 Божович  Л.И. Личность и ее формирование  в детском возрасте. - М.: Просвещение, 1968. - 464 с.

8 Якобсон  П.М. Психологические проблемы  мотивации поведения человека. - М.: Просвещение, 1969. - 320 с.

9 Ковалев  А.Г. Психология личности. - М.: Просвещение, 1965. - 288 с.

10 Ананьев  Б.Г. Психологическая структура  личности и ее становление  в прцессе индивидуального развития  человека // Психология личности. Т. 2: Хрестоматия. - Самара: Изд. Дом.  “Бахрах-М”, 2002. - С. 7-94.

11 Давыдов  В.В. Проблемы развивающегося  обучения. - М., 1986. - 240 с.  

12 Жақыпов  С.М., Тәжiбаев Т.Б. Тұлғаның мағыналы  құрылымын дамыту мәселелерi // Вестник  КазНУ. Серия психология и социология. - 2003. - № 2 (11). - 35-40 бб.

13 Божович  Л.И. Проблемы формирования личности. - М.: “Институт практической психологии”,  Воронеж: НПО “МОДЭК”, 1997. - 352 с.

14 Слободиков  В.И., Исаев Е.И. Личность как  реальность для других // Психология  личности. Т.2: Хрестоматия. - Самара: Изд.  Дом. “Бахрах-М”, 2002. - С. 489-508.

15 Ананьев  Б.Г. Человек как предмет познания. - Л.: ЛГУ, 1968. - 338 с.

16 Анцыферова Л.И. К психологии  личности как развивающейся системы  // Психология формирование и развитие / Отв. ред. Л.И.Анцыферова. - М.: Изд-во  Наука, 1981. - С. 3-19.

17 Платонов  К.К. Структура и развитие личности. - М.: Наука, 1986. - 256 с.

18 Асмолов  А.Г. Личность как предмет психологического  исследования. - М.: МГУ, 1984. - 105 с.

19 Петровский  А.В. Личность в психологии  с позиций системного подхода  // Вопросы психологии. - 1981. - № 1. - С. 57-66.

20 Ананьев  Б.Г. Психологическая структура  человека как субьекта // Человек  и общество. - Л.: ЛГУ, 1967. - Вып. 2. - С. 235-249.

21 Рубинштейн  С.Л. Основы общей психологии. - СПб.: Питер, 2004. - 713 с.

22 Рейнвальд  Н.И. Личность как предмет психологического  анализа. - Харьков: Изд. объединение,  “Вища школа”, 1974. - 164 с.

23 Рейнвальд  Н.И. Психология личности. - М.: Ун-та  дружба народов, 1987. - 196 с.

24 Ломов  Б.Ф. Методологические и теоретические  проблемы психологии. - М.: Наука, 1984. - 448 с.

25 Тәжiбаев  Т.Б. Мағына жеке адам құрылымын  талдаудың негiзi / Теоретические  и прикладные проблемы социализации  личности: Межвузовский сборник  научных трудов / Под ред. С.М.Джакупова. - Алматы, 2002. - Ч. 5. - 154-168 бб.

Информация о работе Тұлға құрылымының қалыптасуы мен дамуының психологиялық аспектілері