Тұлға құрылымының қалыптасуы мен дамуының психологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 15:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектiлiгi. Қазiргi кезде қоғамда болып жатқан нарықтық-экономикалық, саяси-идеологиялық және рухани-әлеуметтiк өзгерiстер оған белсене араласып, оның талаптарын өз бетiнше шеше алатын, ортаға бейiмделгiш, шығармашылық көзқарасы бар, жан-жақты үйлесiмдi дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етедi. Мұның өзi жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандардың тұлғаға тән мағыналы құрылымын дамыту мәселесiмен тiкелей байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулнур косыша 1.docx

— 399.36 Кб (Скачать документ)

Тұлғаның терминдiк құндылықтары бойынша бұл фактор жеке басын  қадiрлеу (0,49), жоғарғы материалдық  жағдай (0,46), жеке басының индивидуалдылығын  сақтау (0,45), рухани қанағаттанушылық (0,43), креативтiлiк (0,40), жетiстiк (0,39), белсендi әлеуметтiк байланыс (0,38), өзiн-өзi дамыту (0,34), шкалаларымен оң корреляциялық  байланыста. Мұның өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi сыналушылардың осы айтылған терминдiк құндылықтарының  өзгеруiне, олардың өмiрлiк мақсатының дамуы ерекше әсер еткендiгiн көрсетедi.

 Сондай-ақ, бұл фактор тұлғаның  осы айтылған терминдiк құндылықтары  жүзеге асатын өмiр шеңберлерi  бойынша барлық шкалалармен де  оң корреляциялық байланыста. Бұл  сыналушылардың дамыған бiрлескен  iс-әрекеттен кейiнгi  терминдiк  құндылықтары жүзеге асатын осы  өмiр шеңберлерiнiң дамуына дамыған  бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi олардың  өмiрдегi мақсаттарының дамуы зор  әсер ететiндiгiн бiлдiредi.

Екiншi фактор - өмiр барысы немесе өмiрдiң  қызығушылықтар мен эмоцияға толылығы. Бұл фактор қатынас типтерi бойынша  өзiмшiлдiк (0,66), күдiкшiлдiк (0,56), достық сүйгiштiк (0,50), бағыныштылық (0,37), альтруистiк (0,35), тәуелдiлiк (0,35), агрессиялылық (0,33) шкалаларымен оң корреляциялық байланыста болса, өктемдiк шкаласымен мұндай маңызды  корреляциялық байланыс жоқ. Мұның  өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен  кейiнгi сыналушылардың өктемдiк шкаласынан басқа осы айтылған қатынас типтерiнiң  өзгеруiне бұл фактордың зор әсер еткендiгiн көрсетедi. Ал сыналушылардың басқаларға деген өктемдiк қатынасының  өзгеруiне бұл фактордың еш қатысының  жоқтығын аңғартады.

Тұлғаның терминдiк құндылықтары бойынша бұл фактор рухани қанағаттанушылық (0,62), жетiстiк (0,58), өзiн-өзi дамыту (0,53), креативтiлiк (0,47), белсендi әлеуметтiк байланыс (0,44), жеке басының индивидуалдылығын  сақтау (0,43) шкалаларымен оң корреляциялық  байланыста болса, қалған шкалалармен  мұндай маңызды корреляциялық байланыс жоқ. Мұның өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi сыналушылардың рухани қанағаттанушылық, жетiстiк, өзiн-өзi дамыту, креативтiлiк, белсендi әлеуметтiк  байланыс, жеке басының индивидуалдылығын  сақтау секiлдi терминдiк құндылықтарының  өзгеруiне осы фактордың ерекше әсер ететiндiгiн, ал олардың жеке басын  қадiрлеу мен жоғарғы материалдық  жағдай секiлдi құндылықтарының өзгеруiне мұның еш қатысының жоқтығын сипаттайды.

Сондай-ақ, бұл фактор тұлғаның терминдiк  құндылықтары жүзеге асатын өмiр шеңберлерi бойынша барлық шкалалармен де оң корреляциялық байланыста. Бұның  өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен  кейiнгi сыналушылардың терминдiк құндылықтары жүзеге асатын осы айтылған өмiр  шеңберлерiнiң дамуына бұл фактордың  ерекше әсер ететiндiгiн көрсетедi.

Үшiншi фактор - өмiр нәтижесi немесе өзiн-өзi жүзеге асырудан қанағат алу  болып табылады. Бұл фактор қатынас  типтерi бойынша өктемдiк шкаласынан басқа барлық шкалаларымен оң корреляциялық  байланыста. Мұның өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi сыналушылардың басқаларға деген бағыныштылық (0,54), өзiмшiлдiк (0,51), достық сүйгiштiк (0,48), агрессиялылық (0,44), альтруистiк (0,41) тәуелдiлiк (0,37), күдiктiлiк (0,36) қатынастарының өзгеруiне осы фактордың ерекше әсер еткендiгiн көрсетедi.

Ал олардың дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi басқаларға деген  өктемдiк қатынастарының өзгеруiне бұл фактордың ешқандай әсер етпегендiгiн  сипаттайды.

Тұлғаның терминдiк құндылықтары бойынша бұл фактор барлық шкалалармен  де оң корреляциялық байланыста. Бұның  өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен  кейiнгi сыналушылардың жетiстiк (0,59), рухани қанағаттанушылық (0,53), жоғарғы материалдық  жағдай (0,49), креативтiлiк (0,44) пен жеке басының индивидуалдылығын сақтау (0,44), өзiн-өзi дамыту (0,40), жеке басын  қадiрлеу (0,38), белсендi әлеуметтiк байланыс (0,36) секiлдi терминдiк құндылықтарының  өзгеруiне осы фактордың ерекше әсер еткенiн көрсетедi.

Сонымен қатар бұл фактор осы  айтылған терминдiк құндылықтар  жүзеге асатын өмiр шеңберлерiнiң  физикалық белсендiлiк шкаласынан басқа барлық шкалаларымен де оң корреляциялық  байланыста. Бұның өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi сыналушылардың терминдiк құндылықтары жүзеге асатын осы өмiр шеңберлерiнiң дамуына  осы өмiр нәтижесi немесе өзiн-өзi жүзеге асырудан қанағат алу факторының ерекше әсер еткендiгiн бiлдiредi. 

Төртiншi фактор - Мен - локусын бақылау. Бұл фактор қатынас типтерi бойынша  бағыныштылық шкаласынан басқа барлық шкалалармен де оң корреляциялық  байланыста. Мұның өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi сыналушылардың басқаларға деген альтруистiк (0,57), өзiмшiлдiк (0,54), өктемдiк (0,53), тәуелдiлiк (0,49), күдiкшiлдiк (0,45), достық сүйгiштiк (0,37), агрессиялылық (0,35) қатынастарының өзгеруiне осы фактордың  ерекше әсер еткендiгiн көрсетедi.

Ал олардың дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi басқаларға деген  бағыныштылық қатынасының өзгеруiне бұл фактордың еш әсерiнiң жоқтығын сипаттайды. 

Тұлғаның терминдiк құндылықтары бойынша бұл фактор өзiн-өзi дамыту (0,46), белсендi әлеуметтiк байланыс (0,39) және жеке басының индивидуалдылығын  сақтау (0,39), рухани қанағаттанушылық (0,38), креативтiлiк (0,35), жетiстiк (0,34), жоғарғы  материалдық жағдай (0,33) шкалаларымен оң корреляциялық байланыста болса, жеке басын қадiрлеу шкаласымен мұндай маңызды корреляциялық байланыс жоқ. Мұның өзi сыналушылардың дамыған  бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi жеке басын қадiрлеу құндылығынан басқа  барлық терминдiк құндылықтарының  өзгеруiне осы фактордың ерекше әсер еткендiгiн көрсетедi. Ал олардың  дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi жеке басын қадiрлеу құндылығының өзгеруiне бұл фактордың еш қатысының жоқтығын сипаттайды.

Сонымен бiрге бұл фактор тұлғаның терминдiк құндылықтары жүзеге асатын өмiр шеңберлерi бойынша физикалық  белсендiлiк шкаласынан басқа барлық шкалалармен оң корреляциялық байланыста. Мұның өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi сыналушылардың терминдiк құндылықтары жүзеге асатын физикалық белсендiлiк шеңберiнен басқа осы айтылған өмiр шеңберлерiнiң дамуына бұл фактордың ерекше әсер еткендiгiн сипаттайды.

Бесiншi фактор - Өмiр - локусын бақылау. Бұл фактор қатынас типтерi бойынша  агрессиялық (0,66), тәуелдiлiк (0,58), достық сүйгiштiк (0,56), күдiкшiлдiк (0,36), бағыныштылық (0,34), альтруистiк (0,33) шкалаларымен оң корреляциялық  байланыста болса, қалған шкалалармен  мұндай маңызды корреляциялық байланыс жоқ. Мұның өзi сыналушылардың дамыған  бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi олардың  осы айтылған қатынас типтерiнiң  өзгеруiне бұл фактордың ерекше әсер еткендiгiн көрсетедi. Ал олардың  дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi басқаларға деген өктемдiк, өзiмшiлдiк  қатынастарының өзгеруiне бұл фактордың  ешқандай әсер етпейтiндiгiн бiлдiредi.

Терминдiк құндылықтары бойынша  бұл фактор рухани қанағаттанушылық (0,49), креативтiлiк (0,48), жетiстiк (0,45), өзiн-өзi дамыту (0,42) және белсендi әлеуметтiк  байланыс (0,42), жеке басын қадiрлеу (0,38) шкалаларымен оң корреляциялық байланыста болса, қалған шкалалармен мұндай маңызды  корреляциялық байланыс жоқ. Мұның  өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен  кейiнгi сыналушылардың осы айтылған терминдiк құндылықтарының өзгеруiне бұл фактордың ерекше әсер еткендiгiн  сипаттайды. Ал олардың дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi жоғарғы материалдық  жағдай, жеке басының индивидуалдылығын  сақтау секiлдi құндылықтарының өзгеруiне бұл фактордың ешқандай әсерiнiң  жоқтығын көрсетедi.

Сонымен қатар өмiр - локусын бақылау  факторы сыналушылардың осы айтылған терминдiк құндылықтары жүзеге асатын өмiр шеңберлерi бойынша физикалық  белсендiлiк шеңберiнен басқа барлық өмiр шеңберлерiмен оң корреляциялық  байланыста. Мұның өзi дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi сыналушылардың терминдiк құндылықтары жүзеге асатын осы айтылған өмiр шеңберлерiнiң  дамуына бұл фактордың ерекше әсер еткендiгiн көрсетедi. Ал дамыған  бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi сыналушылардың физикалық белсендiлiк шеңберiнiң  дамуына бұл фактордың еш әсер етпейтiндiгiн бiлдiредi.

Дамыған бiрлескен iс-әрекеттегi тұлғаның мағыналы құрылымын эксперименттiк  зерттеудiң нәтижелерi көрсеткендей тұлғаның мағыналы бейiм-бағдарларының  қалыптасуы, олардың өмiрлiк мағыналар  бағдарының дамуымен байланысты болады. Сондай-ақ тұлғаның өмiрлiк мағыналар  бағдарының дамуы, оның басқаларға деген  өктемдiк, өзiмшiлдiк, агрессиялық, күдiкшiлдiк  қатынастарының төмендеуiне әсер етiп, керiсiнше оның достық сүйгiштiк, альтруистiк  қатынастарының дамуына жағдай жасайды.

Сонымен қатар өзiн-өзi дамыту, рухани қанағаттанушылық, креативтiлiк, белсендi әлеуметтiк байланыс секiлдi тұлғаның рухани-өнегелi құндылықтарының дамуы, оның өмiрлiк мағыналар бағдарының дамуымен тiкелей байланысты болатындығын бiздiң эксперименттiк зерттеу  нәтижелерiмiз көрсетiп бердi.

Сонымен бiрлескен iс-әрекеттен дамыған  бiрлескен iс-әрекет сатысына өту үстiндегi тұлғаның мағыналы құрылымын эксперименттiк  зерттеудiң нәтижелерi мынадай тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi.

1. Дамыған бiрлескен iс-әрекетке  қатысушылардың мағыналарды өзара  алмасуы, олардың тұлғалық мағыналарының  дамуының белгiсi болып табылады.

2. Тұлғалар арасындағы бiрiн-бiрi  танып бiлудiң тереңдiгi мен  өзара қатынас, өзара түсiнiстiктiң  белгiсi дамыған бiрлескен iс-әрекетте  қалыптасады. Ал мұның негiзiнде  қоршаған орта мен басқа адамдарды  тереңiрек танып, дұрыс бағалауға  мүмкiндiк беретiн тұлғаның мағыналы  бейiм-бағдарлары мен мағыналы  қатынастарының дамуы жатыр.

3. Дамыған бiрлескен iс-әрекеттегi  мағыналардың жалпы қорының қалыптасу  процесi бiрлескен iс-әрекетке қатысушылардың  жаңа мақсаттарды қатар құруынан  айқын көрiнедi.

4. Бiрлескен iс-әрекетке қатысушы  серiктердiң құрған болашақ мақсаттарының  нәтижелерi алдымен оларда санасыз  түрде кездесiп, соңынан оны  бiрлескен iс-әрекетке қатысушылардың  әрқайсысы ұғынғанда барып ол  саналы түрге айналады. Соның  нәтижесiнде бiрлескен iс-әрекетке  қатысушы серiктер мағыналардың  жалпы қорын меңгередi.

5. Дамыған бiрлескен iс-әрекетте қалыптасатын мағыналардың жалпы қорын бiрлескен iс-әрекетке қатысушылардың әрқайсысының меңгеруi, олардың мағыналы құрылымының дамуына жағдай жасайды. Мұнда бiрлескен iс-әрекетке қатысушылардың мақсатты бейiм-бағдарлары мен мақсатты қатынастары мағыналы бейiм-бағдарлар мен мағыналы қатынастарға айналады. Сондай-ақ олардың бiрлескен iс-әрекет сатысында қалыптасқан мақсатты құндылықтары дамыған бiрлескен iс-әрекетте мағыналы құндылыққа, яғни тұлғалық құндылыққа ауысады.

6. Тұлғаның өмiрлiк мағыналар  бағдарының дамуы, оның басқаларға  деген өктемдiк, өзiмшiлдiк, агрессиялық,  күдiкшiлдiк қатынастарының төмендеуiне  әсер етiп, керiсiнше оның достық  сүйгiштiк, альтруистiк қатынастарының  дамуына жағдай жасайды.

7. Сонымен қатар өзiн-өзi дамыту, рухани қанағаттанушылық, креативтiлiк,  белсендi әлеуметтiк байланыс  секiлдi тұлғаның рухани-өнегелi құндылықтарының  дамуы, оның өмiрлiк мағыналар  бағдарының дамуымен тiкелей байланысты.

Енді төменде  бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымын эксперименттiк зерттеудiң нәтижелерiне салыстырып талдау жасалық. Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымын эксперименттiк зерттеудiң нәтижелерi тұлғаның мағыналы құрылымының негiзi әрi жүйе құрушы элементтерi болып табылатын мағыналы бейiм-бағдарлар мен мағыналы қатынастардың, сондай-ақ тұлғалық құндылықтардың бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы дамуы мен өзгеруiн қадағалап, оларды сандық және сапалық тұрғыдан салыстырып талдауға мүмкiндiк бердi. Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымын зерттеудiң нәтижелерiн талдау мынадай екi сұрақты ашып көрсетудi көздейдi. Оның бiрi жалған бiрлескен iс-әрекеттiң нәтижесi түрiнде қалыптасатын адамдағы алғашқы бейiм-бағдарлар мен алғашқы қатынастардың бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы өзгеруi мен дамуын ашып көрсету, ал екiншiсi тұлғаның мағыналы құрылымының негiзi әрi жүйе құрушы белгiсi болып табылатын мағыналы қатынастар мен тұлғалық құндылықтардың бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы өзгеруi мен дамуын салыстырып талдау.

Бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi және бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi, сонымен қоса бiрлескен iс-әрекет пен дамыған бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi ӨМБТ барлық шкалалары  бойынша сыналушылардан алынған  нәтижелердi салыстырдық. Аталған тест нормасына сәйкес барлық шкалалар бойынша  сыналушылардан алынған нәтижелер  бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңде  төмен болса, бiрлескен iс-әрекеттен  кейiн олар жоғарылады, ал дамыған  бiрлескен iс-әрекетте тестiң барлық шкалалары бойынша көрсеткiштер одан да жоғары болды. Мұның өзi бiрлескен  және дамыған бiрлескен iс-әрекеттерден кейiн зерттеуге қатысқан сыналушылардың өмiрлiк мағыналар бағдарының өзгергендiгi мен дамығандығын көрсетедi. Төмендегi 8-кестеде зерттеуге қатысқан сыналушылардың өмiрлiк мағыналар бағдарының бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы  даму ерекшелiктерiнiң t-критерийi бойынша  дәлдiгi келтiрiлген.

8-кесте - Бiрлескен iс-әрекеттiң  әр түрлi сатыларындағы сыналушылардың  өмiрлiк мағыналар бағдарының  даму ерекшелiктерi  (n=26)

 

Шкалалар атауы 

Бiрлескен iс-әрекеттке дейiнгi және бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi

Бiрлескен iс-әрекет пен дамыған  бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi

Өмiрдегi мақсат

        3,70

       3,90

Өмiр барысы

        4,50

       3,50

Өмiрдiң нәтижесi

        4

       5,50

Мен-Локусын бақылау

        4,10 

       4,80 

 Өмiр-Локусын бақылау 

        4,15

       4,60

ӨМ-жалпы көрсеткiшi

        5,01

       5,51

n , n =26 болғанда, P=99,9% деңгейде t 3,50


 

Осы кестеден көрiп отырғанымыздай, бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы зерттеуге қатысқан сыналушылардың өмiрлiк мағыналар  бағдары тестiсiнiң барлық шкалалары  бойынша алынған нәтижелер ерекшеленедi. Бұл бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi кезеңде  зерттеуге қатысқан сыналушыларда  төмен болған өмiрлiк мағыналар  бағдарының, бiрлескен және дамыған  бiрлескен iс-әрекеттен соң дамығандығын көрсетедi. Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы зерттеуге қатысқан сыналушылардың өмiрлiк мағыналар бағдарының даму ерекшелiктерiн төмендегi 3-суретте келтiрiлген графиктерден де көруге болады (3-суреттi қара).

А1 - бiрлескен iс-әрекетке дейiнгi, А2 - бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi, А3 - дамыған  бiрлескен iс-әрекеттен кейiнгi кезеңдегi ӨМБТ шкалаларының графиктерi.

 

3-суретте бiрлескен iс-әрекеттiң  әр түрлi сатыларындағы тұлғаның  өмiрлiк мағыналар бағдары дамуының  графигi (N=30)

Информация о работе Тұлға құрылымының қалыптасуы мен дамуының психологиялық аспектілері