Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 15:14, дипломная работа
Зерттеудің өзектiлiгi. Қазiргi кезде қоғамда болып жатқан нарықтық-экономикалық, саяси-идеологиялық және рухани-әлеуметтiк өзгерiстер оған белсене араласып, оның талаптарын өз бетiнше шеше алатын, ортаға бейiмделгiш, шығармашылық көзқарасы бар, жан-жақты үйлесiмдi дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етедi. Мұның өзi жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандардың тұлғаға тән мағыналы құрылымын дамыту мәселесiмен тiкелей байланысты.
КIРIСПЕ
Зерттеудің өзектiлiгi. Қазiргi кезде қоғамда болып жатқан нарықтық-экономикалық, саяси-идеологиялық және рухани-әлеуметтiк өзгерiстер оған белсене араласып, оның талаптарын өз бетiнше шеше алатын, ортаға бейiмделгiш, шығармашылық көзқарасы бар, жан-жақты үйлесiмдi дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етедi. Мұның өзi жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандардың тұлғаға тән мағыналы құрылымын дамыту мәселесiмен тiкелей байланысты. Атап айтқанда, бүгiнгi күнi негiзгi психологиялық мәселелердiң бiрiне айналып отырған тұлға үшiн өмiрдiң мағынасыздығы мен құнсыздығы, сондай-ақ, адамдағы мағынадан айрылу сезiмдерiнiң әлеумет арасында кеңiнен тарауы және осының тiкелей салдары ретiнде көрiнетiн қоғамдағы нашақорлық пен маскүнемдiктiң, зорлық-зомбылықтың, психикалық аурулардың, өзiн-өзi өлтiрудiң өсуi, соның iшiнде ноогендiк невроз деп аталатын мағынадан айрылған невроздардың көбеюi секiлдi қазiргi қоғамдық болмыста кездесетiн құбылыстардың алдын алу бiрлескен iс-әрекеттегi тұлғаның мағыналы құрылымын қарқынды зерттеудi талап етедi. Әсiресе, елiмiздiң өркениеттi-техникалық дамуында қоғамның өндiргiш күшi болып табылатын адам мүмкiндiктерiн жан-жақты жетiлдiру мен оның электронды жүйелермен өзара әрекеттестiгiн психологиялық зерттеудегi қоғамдық қажеттiлiктердiң барынша дамуы, шығармашылық пен ұжымдық еңбектегi тұлғалардың өзара қатынастарын жақсарту, сонымен қатар оқу процесiне оқытудың белсендi әдiстерi мен оның жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм сапасын көтерудiң тиiмдi жолдарын iздеу секiлдi көптеген күрделi мәселелердi шешу бiрлескен iс-әрекеттегi тұлғаның мағыналы құрылымын тереңiрек оқып үйренудi қажеттілігінен зерттеу мәселесі туындайды. Соңғы жағдай бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымының дамуы мен қалыптасуының психологиялық механизмдерiн ашып көрсетуде ерекше мәнге ие болып отыр.
Екiншi жағынан, зерттелiп отырған
тақырыптың өзектiлiгi психологиялық
талдаудың негiзгi категориясы ретiнде
қарастырылатын мағына құрылу процесiн
бiрлескен iс-әрекетте зерттеу, жалпы iс-әрекет
теориясын одан ары жетiлдiрумен
тығыз байланысты болып келетiн
психология ғылымын дамытуға жасалған
маңызды қадамдармен
С.М. Жақыповтың мағына құрылу жөнiндегi тұжырымдамасын тереңiрек зерттеу, жалған бiрлескен iс-әрекеттiң нәтижесi ретiнде қалыптасатын алғашқы бейiм-бағдарлар мен алғашқы қатынастың, сондай-ақ, операционалды құндылықтардың бiрлескен iс-әрекетте мақсатты бейiм-бағдарлар мен мақсатты қатынастарға, мақсатты құндылықтарға, ал дамыған бiрлескен iс-әрекетте мағыналы бейiм-бағдарлар мен мағыналы қатынастарға және тұлғалық құндылықтарға айналатындығын ашып көрсетуге мүмкiндiк бередi. Д.А. Леонтьев тұлғаны тұтастай мағыналы құрылымдардың бiрнеше құрамдас бөлiктерiнен тұратындығын атап көрсетедi [1]. Олай болса, қоғамдық өндiрiстiң барлық салаларына экономикалық, әлеуметтiк, рухани салалардағы өндiрiске ерекше үлес қосатын, қоршаған дүниемен жан-жақты үйлесiмдi дамыған осындай тұлғаны дамыту мен қалыптастыруда бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы мағына құрылу процесiн зерттеу психология ғылымында қашанда өзектi.
Зерттеудiң мақсаты: Зерттеудiң мақсаты лабораториялық эксперимент жағдайындағы екi сыналушының жалған бiрлескен iс-әрекеттен бiрлескен iс-әрекетке, одан дамыған бiрлескен iс-әрекет сатысына өту үстiндегi мағыналы құрылымдарын зерттеу болып табылады.
Зерттеудiң нысаны: Жоғары әскери оқу орындары курсанттарының тұлғалық мағыналы құрылымының бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi сатыларындағы дамуы мен қалыптасуы.
Зерттеудiң пәнi: бiрлескен iс-әрекеттегi тұлғаның мағыналы құрылымын зерттеу.
Зерттеу болжамы: Тұлғаның мағыналы құрылымы бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларында өзгередi.
Зерттеудiң мiндеттерi:
- бiрлескен iс-әрекет дамуының тым қарапайым сатысын бiлдiретiн жалған бiрлескен iс-әрекеттегi тұлғаның мағыналы құрылымдарының даму деңгейлерiн анықтау;
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негiздерi: Зерттеудiң нақты-ғылыми әдiснамалық негiзi А.Н. Леонтьевтiң iс-әрекет бағыты мен оның мектебi және оны одан ары дамытқан С.М. Жақыповтың бiрлескен iс-әрекеттегi тұлғаның мағыналы құрылымының қалыптасуы мен дамуы жайындағы тұжырымдамасы болып табылады. Б.С. Братусьтың тұлғаның мағыналы шеңберi туралы тұжырымдамаларына, С.М. Жақыповтың бiрлескен iс-әрекетте құрылатын мағыналардың жалпы қоры туралы идеяларын басшылыққа алады. Сондай-ақ бұл жұмыста автор әлемдiк психологияда қалыптасқан басқа да психологиялық бағыттарға сүйенедi.
Зерттеудiң әдiстемелерi: Зерттеуде бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымының даму деңгейлерiн өлшеуге Д.А. Леонтьевтiң өмiрлiк мағыналар бағдарының тестiсi, Т. Лиридiң тұлғалар арасындағы қатынасты диагностикалайтын тест сауалнамасы қолданылды.
Зерттеу жұмысының базасы: Жоғары әскери оқу орындарының 18-20 жас аралығындағы ер адамдары алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Тұлғаның мағыналы құрылымының жүйе құрушы белгiсi болып табылатын және оның негiзiн құрайтын мағыналы қатынас ұғымы мен осы ұғымның жүйе iшiндегi жүйешесiн құрайтын мақсатты қатынас пен операционалды қатынас түсiнiктерi, сондай-ақ тұлғаның мағыналы құрылымының жүйе құрушы элементтерi болып табылатын және оның негiзiн құрайтын Б.С. Братусь айтқан тұлғалық құндылық ұғымы мен осы ұғымның жүйе iшiндегi жүйешелерiн сипаттайтын мақсатты құндылықтар мен операционалды құндылықтар ұғымдары психология ғылымына алғаш рет енгiзiлiп отыр.
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы: Зерттеу материалдары бойынша тұлға психологиясы тақырыбына лекцияларда, әскери оқу орындарында оқу процесiнде қолдануға және тұлға психологиясы курсы бойынша семинар сабақтарында пайлануға болады. Бiрлескен iс-әрекеттiң әр түрлi даму сатыларындағы тұлғаның мағыналы құрылымының дамуы мен қалыптасуы туралы зерттеу жұмысында келтiрiлген тұжырымдар практикадағы тұлғаны психологиялық түзету мен сақтандыру шараларын жүзеге асыруға негiз болуы мүмкiн.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемi: диплом жұмысы кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады. Жұмыстың көлемi - бетті құрайды.
1 ТҰЛҒАНЫҢ МАҒЫНАЛЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Тұлға мәселелерiн зерттей бастасақ болды, психология ғылымының әр алуан салаларының iшiнде бұл ғылымның өте жас ғылым екенiн бiз оңай ажыратамыз. Э. Штерннiң айтуынша ғылым ретiнде тұлға психологиясы адамның жеке басын қарапайым элементтердiң жиынтығынан iздеген дәстүрлi вундттық психологияның дағдарысына жауап беру мақсатында пайда болып, ХХ ғасырдың басында қалыптасқан психологиялық мектептерде дами бастады [2]. Әр түрлi бағытта дамыған психологиялық мектептiң өкiлдерi тұлға психологиясын әр қырынан алып талдап, оның жеке көрiнiстерiн сипаттайтын алуан түрлi құбылыстарды бөлiп шығарды. Зерттеу үстiнде алынған қарапайым деректер мен ашылған жаңалықтарды басшылыққа ала отырып, олар тұлғаны түрлiше түсiндiрiп, түрлiше анықтады. Психологияда тұлға туралы көптеген теориялар мен қарама-қайшы пiкiрлер жиi-жиi кездесетiндiктен, психологтар өздерi тапқан тұлға құбылыстарын түсiндiру үшiн әрбiр автор өзiнiң тұлға психологиясы жөнiндегi жеке тұжырымдамасын салуға мәжбүр болды. Мұның өзi тұтас бiлiмдер жүйесiнен тұратын тұлға психологиясын бiрыңғай бағытта қарастыруға мүмкiндiк беретiн жалпыға ортақ ғылыми теорияның қалыптасуына кедергi жасады. Дәл осы жағдайды кезiнде Л.С. Выготский “Ф. Брентано айтқандай көптеген психология бар, бiрақ бiрыңғай психология жоқ, бiздiң ғылымымыздың тарихи жағдайы мiне осындай” - деп дұрыс атап көрсеткен едi [3].
Психологиялық әдебиеттерде кездесетiн алуан түрлi пiкiрлер мен көзқарастарға сүйенсек, көптеген психологтар психологияда әлi күнге дейiн тұлға ұғымы мен оның қалыптасуын түсiндiрудiң бiрыңғай бағытының жоқтығын айтады (Л.С. Выготский, 2003; Г.М. Андреева, 2002; А.Г. Асмолов, 1984; Л.И. Божович, 1968; Л.В. Горбацевич, 1989; С.М. Жақыпов, 1992; И.С. Кон, 1967; К.К. Платонов, 1986; Н.И. Рейнвальд, 1974; 1987.). “Бүгiнгi күнi”, - дейдi Л.В. Горбацевич: “тұлға ұғымын анықтаудың бiрыңғай бағыты жоқ, яғни оларды салыстырмалы түрде алғанда, осы ұғымға ненi қосу керек” - деп атап көрсетедi [4]. “Қазiргi психология ғылымындағы тұлға ашылмаған жұмбақ және шешiлмеген мiндеттердiң айтарлықтай кеңiрек жиынтығы болып саналады” - дейдi психолог С.М. Жақыпов [5]. Өзiнiң 1931 жылы жарық көрген еңбегiнде Л.С. Выготский “психологияның негiзгi және аса маңызды мәселесi - тұлға мен оның дамуы жайындағы мәселелер әлi күнге дейiн жабық күйiнде қалып отыр” - деп жазған едi. Шындығында да жалпы психология жүйесiнде тұлға түсiнiгiн көптеген ғалымдар түрлiше сипаттайды. Кезiнде Г. Олпортта әр түрлi авторлардың жеке адам ұғымына берген 50-ден аса анықтамаларын есептеп тауып, оларға жеке-жеке талдау жасады. Ақыр аяғында мұндай анықтамаларды бiрiктiрудiң сәтi түспегендiктен ол “адамның объективтi шындық” екенiн мойындап, оларды одан ары талдаудан бас тартуға мәжбүр болады.
Осыдан жарты ғасыр өткен соң атақты отандық методолг П.Г. Щедровицкий тұлға мәселесi көп жағдайда сипаттаушы психология деңгейiнде қалып қойып отырғандығын, ал тұлға ұғымының өзi тұрмыстық дәрежеде ғана қолданылатындығын ерiксiз қайта тұжырымдады. Кейбiр психологтар тұлға ұғымының көп мәндiлiгiн психология ғылымының осалдығынан ғана емес, осы мәселемен айналысатын философия, әлеуметтану, антропология және т.б. ғылымдардың ықпалы мен әр автордың тұлғаның дамуын, оның психикалық құбылысының әр қырынан көруiнен деп түсiнедi. Осыған байланысты И.С. Кон тұлға ұғымының көп мәндiлiгi бiреулерге тұлғаны, оның әлеуметтiк рөлдерi мен оның индивидуалды қасиеттерiнiң бiрлiгiндегi iс-әрекеттiң нақты субъектiсi деп түсiнуiне алып келсе, ендi бiреулердi “оны өз кезегiнде қарым-қатынас пен танымның, еңбектiң субъектiсi ететiн және басқа адамдармен сол адамның тiкелей және жанама өзара әрекеттестiгiн қалыптастыратын, ондағы әлеуметтiк мәнi бар бiтiстерiнiң жинақталған жиынтығы ретiнде түсiнуiне алып келдi” - деп дұрыс атап көрсеттi [6].
Психологиядағы өзектi мәселелердiң ең бастысы - тұлға ұғымын анықтау шетел психологиясында да, отандық психологияда да әлi де болса өз шешiмiн таппаған күрделi мәселелердiң бiрi болып табылады. Тiптi бұрынғы кеңес өкiметi тұсында отандық психологияны бiрiктiрген марксистiк қағиданың өзi де тұлға мен оның құрылымының табиғатын бiрыңғай түсiндiруге түрткi бола алмады. Соның нәтижесiнде дейдi Л.И. Божович “әлi күнге дейiн кеңес психологиясында тұлға мен оның қалыптасуы жайлы бiрыңғай толық жасалған тұжырымдама жоқ. Барлық кеңес психологиясы үшiн ортақ тұлға туралы марксистiк қағида әр түрлi жиындарда түрлiше талданып, түрлiше жүйеленедi және түрлiше жалпыланады. Тұлға ұғымын үнемi жиi қолданса да, оның психикалық жақтарын ашпай жатып бiрде сананың, бiрде бейiм-бағдардың, бiрде психиканың синонимi ретiнде көрсетедi” [7, 131 б.].
К.Н. Корнилов өзiнiң тұлға мәселелерiне қатысты баяндамасында: “тұлға психологиясын зерттеудiң тiкелей пәнi тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшелiктерiн, оның санасын зерттеу болып табылады” - дейдi [8, 170 б.]. Осы тұрғыдан алғанда К.Н. Корнилов бойынша тұлға түсiнiгiнiң бiрлiгi, оның өзгелерден айырмашылығын бiлдiретiн тұлғаның даралық ерекшелiктерi мен санасы болып табылады. Оны жүзеге асыру үшiн ол мынадай принциптердi басшылыққа алуы керек деп санайды: 1) индивидтер ұжымның мүшесi ретiнде алынуы тиiс; 2) тұлғаның iшкi дүниесiн зерттеу, оның санасының мазмұны тұрғысынан жүзеге асуы керек; 3) тұлға психологиясы тұрғысынан зерттелетiн сана мазмұндары - көбiнесе тұлға психологиясының басты көздерi ретiнде адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелеуi тиiс; 4) тұлға психологиясын зерттеудiң осы принциптерi бiрден ажыратуға болатын қоғамдық сана мен индивидуалды сананың байланысы болып табылады. Дегенмен К.Н. Корниловтың бұл принциптерi жалпылама түрде айтылғандықтан, олар тұлға түсiнiгi мен оның тұтас құрылымын толық ашып көрсете алмайды.
М.В. Деминнiң жұмыстарында да тұлға өзiнiң индивидуалды қасиеттерi арқылы анықталады. “Әлеуметтiк мәнi бар, қоғамның мүшесi ретiндегi тұлға - қайталанбайтын индивидуалдылықты меңгерген адам” - дейдi ол [4, 38 б.]. Тұлғаға берiлген мұндай сипаттамалардан бiз бұл ұғымның психологияда әлi де болса нақтыланып, дұрыс анықталмай отырғанына көз жеткiземiз. Психологиялық әдебиеттерде келтiрiлген мұндай анықтамаларда бiр жағынан, тұлға тек болжамды түрде ғана анықталса, екiншi жағынан оған берiлген анықтамалардың басым көпшiлiгi адамдар арасындағы индивидуалдылықты сипаттайды. Тұлға психологиясының пәнi туралы психолог А.Г. Ковалев өз жұмысында былай деп жазған едi: “Тұлға психологиясы туралы айтқанда кейбiр психологтар тек қана адамның индивидуалды-психологиялық ерекшелiктерiн зерттеудi есiне алады. Тұлға психологиясының пәнiн осы тұрғыдан талқылау дұрыс емес. Жалпының, ерекшелiк пен жекенiң бiрлiгiнде көрiнетiн адам тұлғасының шынайы рухани дүниесiн зерттейтiн тұлға психологиясының өз пәнi бар” [9, 15 б.]. Дегенмен, бұл жұмысында А.А. Ковалев тұлға психологиясының пәнi индивидуалдылық болып табылатындығын психология ғылымынан мүлде алып тастай алмады.
К.К. Платонов тұлға түсiнiгiнiң өзiн сананың синонимi ретiнде қарастырды. “Тұлға”, - дейдi ол: “сана иесi ретiндегi нақты адам болып табылады. Балада сана пайда бола бастаса болды, ол тұлға болып қалыптаса бастайды. Неғұрлым адам санасы және оның ең жоғарғы нысаны - өзiндiк сана толық дамыған сайын, оның тұлғалық дамуы да соғұрлым толық айқындалады” [10, 65 б.].
Психолог В.В. Давыдов тұлға түсiнiгiн оның шығармашылығымен теңестiредi. Ол адам индивидi қоғамдық байланыстағы ұдайы өндiрiске әр түрлi өзгерiстер әкелгенде ғана, оны тұлға деп айтуға болады деген болжам жасайды. “Тұлға”, - дейдi В.В. Давыдов: “қоғамдық өмiрдiң жаңа түрiн құратын шығармашылықты (еркiн) меңгерген және дарынды әрекет ететiн адам” [11, 24 б.]. Демек В.В. Давыдовтың айтуынша тұлға өзiнiң шығармашылығында ғана көрiнедi. Алайда, күнделiктi өмiрде бiз кездестiрiп жүрген адамдардың басым көпшiлiгi шығармашылықпен айналыса бермейдi. Сонда оларды тұлға деп айтуымызға болмай ма деген орынды сұрақ туындайды [12, 35 б.]. Л.И. Божовичтiң пiкiрiнше “тұлға деп психикалық дамуы белгiлi бiр дәрежеге, айтарлықтай жоғары деңгейге жеткен адамды ғана айтуға болады” [13, 180 б.]. Бұл деңгей өзiн-өзi тану процесiнде кездесетiн адамның өзiн қабылдай бастауымен, бiр тұтас ретiнде өз-өзiне жаны ашуында және “Мен” түсiнiгiнде көрiнiп, өзiн басқалардан ажырата алуымен сипатталады. Сондай-ақ Л.И. Божович өз жұмысында “моральдық дамуы жоғары деңгейге жеткен адамдарды ғана тұлға деп есептеуге болады деп санайтындармен жиi-жиi қақтығысуға тура келетiнiн” айта отырып, бұл пiкiрлерге өзiнiң қосылмайтынын бiлдiредi [13, 180 б.]. Оның пiкiрiнше “адамның барлық iс-әрекетi мен мiнез-құлқын анықтайтын тұрақты мақсаттары мен тұрақты көзқарастары бар кез келген адамды, оның осы айтылған мақсаттары мен көзқарастарының мазмұны қандай болуына қарамастан тұлға деп айта беруге болады” [13, 180 б.]. Мiне, көрiп отырғанымыздай психологиядағы тұлға түсiнiгiн кейбiр психологтар адамның басқалардан айырмашылығын бiлдiретiн, оның даралық ерекшелiктерiмен байланыстырса, ендi бiреулерi осы ұғымды оның шығармашылығымен ұштастырады. Ал Л.И. Божович болса тұлға түсiнiгiн адамның тұрақты мақсаттары мен көзқарастарынан iздейдi.
Информация о работе Тұлға құрылымының қалыптасуы мен дамуының психологиялық аспектілері