Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат
Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.
Ол XVII халықаралық психологтардығ конгресінде (Москва 1966 ж) сөлеген сөзінде былай деген еді.
«Көру және есту органынан айырылған адам қолмен мүсінді ұстап көре алады. Осыдан өзі қанағаттанғандық сезімге бөлінеді. Мен бұрын да қолдыңк көмегімен ерте кездің жиһазын, киімдерін, өткір бұрыштармен аяқталатын терезелерін, фигуралар мен әртүрлі макеттерді сезіп қабылдау туарлы жазған болатынмын. Осының бәрі көзі көрмейтін, құлағы естімейтін адамға эстетикалық тұрғыдан қабылдауға мүмкіндік береді. Біз жердің, шөптердің, гүлдердің хош иісін, теңіздің немесе өзеннің иісін, егер олар жақын болса, түйсінеміз.
Музыканы тыңдау үшін ойнап отырған адамның музыкалық аспабына қолымды қойғанда, пырылдап ұйықтап жатқан мысықтың мойнына саусақтарымды салсам, мен одан ләззат аламын». Сол сияқты ол найзағайдың қалай күшті күркіреген дыбысын, теңізге шомылу кезінде толқындарды вибрация (діріл) арқылы қалай түйсінетіндігін, одан қандай ләззат алатындағы туралы тебіене айтқан болатын.
Сол сияқты Ольга Скороходова түсті ажырату, кеңістіктегі суреттерді, жануарлар туралы түсініктерді қалай елестететіндігі, оның таңғажайып сыры туарлы тебірне жазды.
Есту түйсіктері
Есту түйсіктері – бұл дыбыстарды түйсіну. Дыбыстар екі түрге бөлінеді: музыкалық дыбыстар (әннің әуендері, музыкалық аспаптардың дыбыстары) және шулы дыбыстар (сылдырлау, ысқырық, тарсылдау, гүрсілдеу, ұрғылау және т.б) Дыбыстар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қаарпайым дыбыстар тон деп аталады (немесе макродыбыстар). Музыкалық дыбыстар күрделі болып келеді, олар бірнеше тоннан тұрады. Осы тондардың бірі негізгі болып табылады және дыбысының биіктігі мен күшін анықтайды, басқалары – қосымшалары болып саналады, олар обереон деп аталады. Оберондар белгілі бір биіктіктегі әртүрлі аспаптардан шыққан дыбыстардың, гитарадан. Бұл дыбыстардың ерекшелігі тембр деп аталады.
Сөйлеу дыбыстары музыкалық дыбыстардан (негізінен дауыссыздар) және бқлімнен тұрады: сыртқы, орта және ішкі құлақ.
Сыртқы құлақ құлақ қалқанынан және дыбыс жолдарынан тұрады. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақтың арасында жыртылмайтын, берік даыл жарғағы бар. Ол түрлі ауа толқындары келіп тигенде өзінше тәрбеліп отырады. Орта құлақ ауыз және мұрын қуысымен ерекше арна арқылы байланысқан.
Ішкі құлақ бір-бірімен байланысты 3 бөлімнен тұрады: ішкі құлақтың жоағарғы бөлігі үш жарты дөңгелек арнаны құрайды, орта бөлігі – камерадан, төменгі бөлігі – улиткадан тұрады. Барлық ішкі құлақтың үш бөліктері ерекше сұйық зат эндолимфамен толықтылырлған. Ішкі құлақтың негізгі бөлігі улитка болып табылады. Улитканың іш жағында Кортиев органы орналасқан.
Естудің мидағы орталығы бас ми қабығының маңдай бөлігінде орналасқан.
Есту түйсіктерінің физикалық себептері денелердің дыбыстарының тербелістерімен пайда болатын әуе толқындарының қозғалысы болып табылады. Музыкалық дыбыстар толқындардың кезеңмен, ретмикалық қызғалыстарының нәтижесінде пайда болады, ал шулы дыбыстар толқындардың біркелкі емес қозғалысының негізінде іске асады.
Дыбыстартың биіктігі негізгі тоның биіктігімен анықталады. Тонның биіктігі уақыт өлшемінде дыбыстық толқындардың жиілігіне тәуелді. Тербелістің жиілігі неғұрлым көп болса, соғұрлым түйсінетін дыбыс жоғары болады.
Адам құлағының тонды түйсіну қабілеті бір секундына 16-20 –дан 20000-22000-ға дейінгі тербелістің аралығын қамтиды. Құлақ секундына 1000 тербелістегі ерекше бір дыбыстарға сезімтал келеді.
Мәселен, есту түйсігінен айырылған адамдарда діріл сезгіштігі күшті дамыған болады, олардың ішінде кейбіреулері музыканы тыңдай алады. Бұл жағдайда олар қолдарын музыкалық аспаптың үстіне қояды немесе арқасымен оркестрге бұрылады. Осындай принципте саусақтарының көмегімен дыбысты қабылдау жүйесі құрылған болатын. Дыбыстың әсерімен пайда болған тербелістерін айыру саңырауға саусақтарының терісімен «тыңдауға» мүмкіншілік береді.
Белгілі дефектолог-ғалым Ольга Скороходованың көзі көрмейді, құлағы естімейді. Міне, осыған қарамастан, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, Москваның дефектология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының кандидаты, бірнеше ғылыми еңбектің авторы 70-жылдары бұрыңғы КСРО Педагогикалық ғылым академиясыныңк Дефектология ғылыми-зерттеу институтында Москвада белгілі психолог-дефектол ғалым Ольга Скороходовамен кездесу сәті түсіп, 2 сағаттық дәрісін тыңдадық. Оның көзі көрмесе де, құлағы естімесе де күрделі классикалық музыкалық шығармаларды саусақтары арқылы «естуіне» қалай қайран қалмасқа!!
О.И. Скороходова «Мен қалай қоршаған дүниені қабылдаймын және елестетемін» деп аталатын тамаша еңбегінде өзінің өмірі, көру және есіту сезімінен айырылған адамның өмірі туралы өз тәжірибесін тебірене баяндаған болатын. Сипай сезу арқылы қоршаған дүниені қабылдай отырып. Ол жоағыр мәдениетті адам деғгейіне жетті. Демек, бірнеше сезім органдары істен шыққанда, адамныңк мы, оныңк жүйке жүйесі жаңа жағдайға бейімделеді және қалған сезім органдары күшті дами түседі.
«Соқырдың көруі» , «Саңыраудыңк естуі» сөз тіркестері бір қарағанда мағынасыз сияқты көрінгенмен, бірақ бұл олай емес. Өмірде көп кездеседі, адам көзінен немесе құлағынан айырылады, ол кей жағдайда екеуінен бірдей кеміс болады. Осындай жағдайда оны қоршаған ортада бағдарлаудан, өмір сүру және еңбек ету мүмкіншіліктерінен айырылды деуге бол ма? Олай емес.Басқа сау сезім органдарының сезгіштігін дамыту белгілі деңгейде көз бен құлықтың жұмысының орнын толтырады. Бұл туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен, көзінен айырылған адам мүсіндеу өнерімен айналысып, тамаша жетістіктерге жеткен, оларда сипай сезу органдары ерекше жетілгендіктерін аңғартты.
Музыкалық шығармаларда сыбызғыда орындау жоғары есту дыбысыныңк дамуын қажет етеді, ал сыбызғышыларда ол пианистерге қарағанда ерекше дамыған.
Мәселен, тәжірибелі ұшқыштар есту түйсігі арықылы ұшықтың двигателініңк айналу санын өте жаңіл анықтай алады. Олар минутына 1300-ден 1340 айналымды еркін ажырата білед. Көрсетілген мысалдардан біздіңк түйсіктеріміз өмір жағдайыныңк әсерімен дамитындығын аңғару қиын емес.
Иіс түйсіктері
Иіс органдарына ауыз қуысының жоағыр бөлігінде орналасқан иіс жасушалары жатады. Иіс анализаторы үшін тітіркендіргіш болып табылатын иіс шығатын заттардың бөлшектері ауыз қуысына ауамен бірге енеді. Иістер өз сапасы жағынан көптеген және әртүрлі болып келеді. Жинақталған иістің жіктелуі әлі де жасалған емес. Иістер көп жағдайда заттар бойынша аталады, мәселен сиреннің иісі, гүлдің иісі, нанның иісі, алманың иісі және т.б. Күнделікті жағдайда иістер жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
Иіс заттары мен сезгіштік жүйкенің қозуы бас миға беріледі, біз әртүрлі иістерді түйсінеміз. Дәм сезу орталығы бас ми жартышарының төменгі бөлігінде орналасқан. Иіс шыққан заттар иіс газ тектес жағдайда жасушаларына әсер етеді және химиялық реакция жолымен оларды тітіркендіреді. Барлық иіс шығатын заттар буланып, ауаға тарайды және ериді.
Газ тәріздес иісті заттар аумен бірге мұрын қуысына енеді, оны біз жұтамыз.
Иіс пен дәм айыру түйсіктері адамның дүниетану үдерісінде де, жалпы психикалық әрекетінде де она елеулі орын алмайды. Ал жануарлардың әсіресе дамудың төен сатысында тұрған организмдердің тіршілігінде (тамақ табу, яғни шағылысу) ерекше орын алады. Бұл түйсінудің соқыр, саңырау, сақау адамдардың тірлігінде маңызы ерекше.
Белгілі ғалым, соқыр, әрі сңырау О.И.Скороходованың айтуынша, ол иіс түйсінуін көзі көретіндер көзді қалай пайдаланса, мен солай пайдаланам деген екен. Ольга Скороходова иісі бойынша белгілі жерлерді анықтайды және таныс адамдарды танып біледі.
Дәм түйсінулері.
Дәм түйсінулеріне тәттіні, қышқылды, ащыны, тұздыны, түйсіну жатады. Осы негізгі дәм түйсінулерін басқа жинақталған жіктелу жоқ көптеген әртүрлі дәм түйсінері болады. Дім түйсінулері иіс түйсінулері сияқты белгілі дәмге тән заттар мен құбылыстар бойынша аталады. Мәселен, біз сүттің, майдың, еттің, нанның және т.б. дәмі туралы айта аламыз.
Дәм түйсінулерінің органына тілдің жоғары жағы мен таңдайдың жұмсақ бөлігі жатады. Тілдің сілекей бөлігінде ерекше дәм оталықтары орналасқан. Дәм айырудыңк табиғаты иіс түйсінуінен күрделірек болып келеді.
Дәм түйсіктерініңк динамикасыныңк ерекшелігі олардыңк асқа деген организмнің қажеттілігімен тығыз байланысты. Адам аш болғантда дім сезгіштігі арта түседі, тойғанда азаяды.
Ерекшеліктері бойынша әртүрлі дәм түйсіктері тілдің жоғары жағына бірдей емес орналасқан. Негізі немесе тілдің артқы бөлігі ащы дәмге ерекше сезімтал, ал шеттері- қышқылға. Тілдің ортаңғы бөлігі дәм түсіктеріне сезімтал емес. Ескерте кету керке, дәм аппаратының ми орталықтары иіс орталықтарына жақын орналасқан. Дәм түйсіктері заттардыңк химиялық қсиеттерінен пайда болады. Иіс және дәм түйсіктерініңк арасында тығыз байланыс бар. Дәм және иіс түйсіктері сезім органдарына химиялық тітіркендіргіштердіңк әрекетінің нәтижесінде ұйымдасады. Мәселен, жоағыр деңгейде дәм, иіс түйсіктері шайдың, сыраның, шараптың, темекініңк сапасын анықтайтын дегустаторларда дамыған.
Тері түйсіктері
Тері түйсіктеріне түйсіктердіңк екі тобы жатады: сипай сезу және температуралық.
Бұл түйсіктердіңк тері түйсіктері деп аталуының себебі, осы түйсіктердің аяқталған жүйке аппараттары (репепторлар) теріде және біздіңк ағзамыздыңк сілекей қабықтарында орналасқан.
Сипай сезу түйсіктері – бұл түйсіктер сипай сезу немесе тактилдік түйсіктер, сонымен қатар тегістік және бұдырлық түйсіктер. Сыртқы тітіркендіргіштің күшеюінен денеге тию түйсігі қысым түйсігіне көшеді, ал тітіркендіргіштің одан әрі күшеюінеде қысым түйсігі ауыру түйсігіне айналуы мүмкін.
Тері сезгіштігінің барлық түрлері контактылық сезгіштікке жатады. Тері сезгіштік адамныңк бүкіл денесіне бірдей емес бөлінген. Тері рецепторларыңк ерекше көп жинақталуы – алақанда, сасақтардың ұштарында және еріндерде.
Сипай сезу түйсіктерінің шақыратын сыртқы және физикалық себептеріне қандай да болмасын заттардыңк теріге тиюі болып табылады. Бұл жағдайда сипай сезу сезгіштігі біршама артады. Сипай сезуде қол және қолдың саусақтары ерекше үлкен рөл атқарады. Адамныңк қолы мен оның саусақтары қоршаған дүниені тануда сипай сезудіңк арнаулы органы қызметін атқарады.
Мәселен, көзі көрмейтін, құлағы естімейтіндігіне қарамастан, белшгілі ғалым Ольга Скороходова қоршаған дүниені сипай сезу арқылы, яғни қолдың саусақтары немеес алақаны арықылы қызыл және жасыл жарықты түстерді ажырата білгендігін айта кеткен жөн. оның көру, есту, сезім органдары істемегенмен, сипап сезу тері түйсінулерінің күшті дамығандығын мысалға келтіріп айтуға болады.
Температуралық түйсіктерге жылылық пен салқындылық түйсіктерін жатқызуға болады.
Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері
Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктерін немесе кинестетикалық түйсінулер. Осы топтағы түйсінулерге қысым (ауырлық) түйсінулеру, қарсы тұру түйсінулері (қатты, жұмсақ) және жекелеген органдардың қозғалысының түйсінулері жатады.
Бұл түйсінулердің органдарына біздіңк барлық бұлшық етеріміз сіңірлеріміз мен буындар жатады. Бұлшық еттерде, сіңірлерде және буындардың үстіңгі жақтарында ерекше сезгіштік жүйкелер тармақтарының ұшары орналасқан, қимыл кезінде осы түйсіктер іске асады.
Бұлшық ет, қозғалыс түйсінулерінің пайда болуының сыртқы және физикалық себебі механикалық қысым немесе біздің бұлшық еттерде, сіңірлерде, байланыстарда және буындардыңк үстіңгі жақтарында үйкелу, қысым пайда болады. Осыныңк бәрін біз қысым, ауырлық, қаттылық, жұмсақтық ретінде түйсінеміз.
Статикалық түйсіктер
Статикалық түйсікер дегеніміз кеңістіктегі біздің денеміздің жағдайы және оның тепе-теңдігін сақтауды айтады. Кеңістіктегі денені түйсінудің және оның тепе-теңдігін сақтаудыңк рецепторы құлақтың ішкі бөігінде орналасқан жарты дөңгелек арналар болып табылады, онда ерекше сұйық зат – эндолимфа болады. Эндолимфада тармақталған сезгіштік жүйке орналасқан, ол кеңістіктегі біздің денеміздің қозғалысы мен жағдайын реттеп отырады. Бұл жүйкенің қозуы эндолимфаның тербелістерінен пайда болады. Дененің тепе-теңдігін сақтауда ерекше рөл атқаратын отолиттер. Бұл ұсақ әктерден тұратын кристалдар (тастар), олар эндолимфада қалқып жүреді.
Ағзаның тепе-теңдігін реттеу негізінен автоматты, рефлекторлар түрде іске асады. Біздің денемізде белгіл бір жағдайда тепе-теңдік бұзылғанда ерекше айқын түйсініледі.
Тепе-теңдік органында қандай да бір ақау болған жағдайда адам белгіл органның (немесе бүкіл дененің) жағдайын қабылдауды тоқтатады немеес жүрген кезде тепе-теңдікті нашар сақтайды.
Органикалық түйсіктер
Органикалық түйсіктерге аштықты, шөлдеуді, тоюды, денсаулықты, ауру жағдайды, сергектікті шаршауды түйсінулер жатады.
Органикалық түйсінулердің үлкен бөлігі сараланбаған, шашыраңқы сипатта болады. Бұл түйсіктердің рецепторлары ішкі органдардыңк қабырғасында орналасқан: өңеште, қарында, ішекте, қан тамырларында, өкпеде және т.б.
Интерорецепторлардың тітіркендіргіштері ішкі органдардағы іске асатын үрдістер болып табылады. Бірақ дені сау және ішкі органдардың дұрыс жұмысы жағдайында біз органикалық түйсінулерді байқаймыщ немесе бұл түйсінулерді денсаулық, сергектік түйсінулер ретінде байқаймыз. Мәселен, шөлдеу, аштық, тою түйсіктері, ішкі органдардағы ауыру түйсіктері, жүрек айну түйсіктері.