Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат
Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.
Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер баршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негізгі өлшемдерге сәйкес жіктеледі: 1) іс - әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялык, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі; 2) іс-әрекеттің мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі; 3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.
Қозғалыс ес — бұл әр түрлі қозғалыстар және олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жыңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық байқалатын адамдар кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әр түрлі практикалық және еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы, еңбекке шеберлігі, "алтын қолдар" жатады.
Барлық адамдар қозғалыс есін меңгереді. Бірақ оның әрбір адамда байқалуы әр түрлі іске асады. Осы дара айырмашылықтар екі жағдайға байланысты: 1) ағзаның туа біткен дене ерекшеліктеріне байланысты; 2) қозғалыс дағдыларын қалыптастыруда дұрыс үйренудің, жаттығулардың дәрежесіне байланысты. Дара ерекшеліктерінің нәтижесінде (туа біткен және өмірде қалыптасқан) әрбір адам жүруде, жазуда, еңбекте, ойында, спортта және т.б. қозғалыстардың өзіндік қарқынын, стилін меңгереді.
Қозғалыс есі генетикалық тұрғыдан (өзінің пайда болу жағынан) естің басқа түрлерінен бұрын келеді. Балада қозғалыс есінің алғашқы байқалуы өмірінің алғашқы айына жатады. Алғашқыда балалар қарапайым қозғалыстардың тар шеңберін меңгереді. Содан кейін, қозғалыстарды есте қалдыру және қайта жаңғырту жағымды түрде кеңейе түседі, өте күрделі қозғалыстарды қамтиды.
Эмоциялық ес - бұл бастан кешкен сезімдердің есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ал белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.
Эмоциялық ес адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Ол бұрын бастан кешкен сезімдерге байланысты адамға өз мінез-құлқын реттеп отыруға мүмкіншілік береді. Бастан кешкен және есте сақталған сезімдер қозғаушы күш ретінде белгілі бір әрекетті орындауға итермелейді. Қайта жаңғыртылған сезімдер алғашқы сезімдерден күші жағынан және сипатына, мазмұнына қарай айырмашылығы болуы мүмкін. Өмірлік деректерді мысал ретінде келтіруге болады. Мәселен, өте күшті және терең қайғы, күшті қуаныш біздің есімізде уақыт өте әлсіздене түседі.
Бұрын бастан кешкен сезімді қайта жаңғырту белгілі бір жағдайда мүмкін. Осындай жағдайлар қайталап қабылдау немесе өткенмен байланысты оқиғаны еске алу.
Бейнелік ес - бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипай сезу, иіс, дәм болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларды немесе көру, есту орғандарынан айырылған адамдарда байқалады).
Бейнелік естің жоғары дамуы көркем өнер мамандықтарының адамдарында жиі кездеседі: суретшілерде, музыканттарда, жазушыларда.
Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді. Мұндай есті эйдетикалық ес деп атайды. (эйдос — грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді).
Сөздік — логикалық ес — ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік-логикалық деп аталады.
Сөздік-логикалық есте негізгі орынды екінші сигнал жүйесі атқарады. Естің осы түрі ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары оқушыларына тән болып табылады. Сөздік-логикалық есті меңгерген адам оқиғалардың мәнін, қандай да болсын дәлелдеудің логикасын, оқыған мәтіннің мәнін және т.б. тез және дәл есте қалдырады. Бұл мәнді ол өзінің сөзімен бере алады.
Сөздік-логикалық ес басқа түрлеріне қарағанда жетекші ес болып табылады, оның дамуына естің барлық басқа түрлерінің дамуы байланысты.
Іс-әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсыз және ырықты деп бөледі. Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде, адам тарапынан ешқандай күш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру және қайта жаңғыртуды айтады.
Екінші жағдайда осындай мақсат міндетті түрде қатынасады, иә ырықты есте қалдыру немесе қайта жаңғырту үрдісі адамнан ерік-жігерді қажет етеді.
Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.
Қысқа мерзімді ес — материалды есте сақтау белгілі аз кезеңге шектеулі ес. Қысқа мерзімді ес ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.
Ұзақ мерзімді ес салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне есептеледі.
Жедел ес дегеніміз қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталған мерзім бойында материалды есте сақтауға есептелген.
Адамның өмірі мен іс-әрекетінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді естің маңызы әр түрлі. Қысқа мерзімді ес іс-әрекеттің жекелеген түрлері мен әрекеттеріне қызмет етеді. Қысқа мерзімді естің ұқсас көріністері стенографистің, оператордың, тез іске асатын іс-әрекеттің басқа түрлері өкілдерінің жұмысында байқалады.
Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.
Есте қалдыру. Естің іс-әрекеті есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру басқаша айтқанда бекіту деп аталады. Біз әр уақытта да белгілі бір нәрсені есте сақтаймыз, сол сияқты қабылдаймыз жонс ойлаймыз.
Есте қалдыру үрдісі қабылданған заттардан бас ми қыртысында із қалудан тұрады, сонымен қатар есте қалдыратын материалдың адамның бұрыннан бар тәжірибесімен, білімімен, сонымен қатар есте қалдыратын материалдың бөлімдері мен элементтерінің арасындағы байланыстарды орнату.
Есте қалдырудың жүйкелік-физиологиялық негіздері бас ми қыртысында қалыптасқан уақытша жүйкелік байланыстар болып табылады.
"Уақытша жүйкелік
байланыс, — деп жазды И.П. Павлов,
— жануарлар дүниесі және
Ассоциация заттардың екі немесе бірнеше бейнесі арасыеда ұйымдасуы мүмкін. Бұл көршілестік ассоциация деп аталады. Мысалы, біз әнді естиміз және бір уақытта сол өлең айтып тұрған адамды көреміз, онда оны қабылдау (оның әуені мен өлеңін) және ән айтушы адамды біздің қабылдауымыздың арасында көршілестік ассоциациясы қалыптасады. Көршілестік ассоциациясының қалыптасуын біз қайталап, екінші рет қабылдағанда немесе елестеткенде әннің әуенін еске түсіруіміз мүмкін. Бұл жерде әннің әуені мен әнші адамның арасында шартты байланыс, бірдейлік ассоциациясы қалыптасады.
Егер жаңа қабылданатын заттар бұрынғы қабылданатын затпен ұқсас болса, есте қалдыруда ұқсастық ассоциациясы қалыптасуы мүмкін. Мысалы, құс пен ұшақтың бейнесінің арасында ұқсастық ассоциациясы көрінеді.
Егерде қайта қабылданатын зат өзінің белгілері бойынша бұрынғы қабылданған затқа қарама-қарсы болса (мысалы, жарық және қараңғы), қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы жасалады.
Есте қалдыру механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте қалдыру негізінен есте қалдыратын материалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелеген бөлімдерінің (мысалы, сөздермен) арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталау болып табылады. Мысалы, егер бірнеше рет бірінен соң бірін екі сөзді — балта, алма, бірнеше рет қайталасақ, олардың арасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.
Механикалық есте қаддыру — бұл материалдың жекелеген бөліктерін олардың арасындағы мағыналық байланысқа сүйенбей бірізді есте қалдыру. Материалды механикалық есте қалдыру білімді формальді меңгеруге жиі әкеліп соқтырады. Сонымен қатар механикалық есте қалдыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз, ол мағыналық есте қалдыруға қарағанда біршама көп уақытты қажет етеді. Бірақ механикалық есте қалдыруды мағыналық есте қалдырумен дұрыс ұштастыра білгенде пайдалы.
Мағыналық есте қалдыру ойлау үрдісімен тікелей байланысты, мағыналық есте қалдыру, материалдың мазмұнын түсінуге, оның бөліктерінің арасында болатын логикалық байланыстарды саналы пайымдауға негізделеді.
Мағыналық есте қалдыруға көмектесетін тәсілдердің бірі — материалды мағыналық топтау. Мағыналық топтау дегеніміз материалды бөліктерге бөлшектеу, әрбір бөлімдегі басты, маңыздыларын бөліп көрсету.
Мағыналық бөлу және материалды топтау белсенді ойлау іс-әрекетін талап етеді, жақсы түсінгеннің барлығы есте қайталаулар арқылы бекітілген болуы керек.
Оқыту тәжірибесі мен психологиялық зерттеулер көрсеткендей, білімді берік бекіту үшін оқу материалын берік және ұзақ есте сақтауда, ұстанымды есте қалдыруда ерекше мәні зор.
Мәселен, шәкірттердің екі тобына бірдей материалды жаттау ұсынылған болатын. Бірінші топтағы шәкірттерге бір күннен кейін тексеретіндігі ескертілген болса, екінші топқа бір аптадан кейін тексеретіндігі ескертілді.
Бірақ екі топты да екі аптадан кейін тексерді. Тексерудің қорытындысы көрсеткендей материалды жақсы меңгерген екінші топтың шәкірттері болды.
Бір психологиялық зерттеуде мынадай тәжірибе жүргізілген еді. Шәкірттердің екі тобына есте қалдыру үшін мәтін ұсынылды. Бірінші топта бұл мәтінді қатарынан төрт рет оқу арқылы есте қалдыру қажет болса, екінші топта - екі рет оқуды қайта жаңғыртумен ауыстырып отыру, демек, бірінші оқудан кейін қайта жаңғырту, одан кейін — тағы да оқу және тағы да қайта жаңғырту. Зерттеудің нәтижесінде толық есте қалдыру оқу мен қайта жаңғыртуды ауыстырып отырған топта іске асқандығын аңғарамыз. Екінші тәсілмен меңгерілген материал бірінші тәсілге қарағанда есте толық және берік сақталған.
Мағыналық есте қалдырудың негізгі шарты — түсіну. Есте қалдыру ырықты және ырықсыз болуы мүмкін. Ырықсыз есте қалдыру — алдын ала ешқандай мақсат қойылмай, материалды алдын ала таңдап, есте қалдырудың қандай да бір тәсілдерін қолданбай іске асатын есте қалдыруды айтады.
Мәселен, біз көшеде кездейсоқ кездескен адамдарды, кездейсоқ тыңдалған сөздер мен әуендерді де есте қалдырамыз, біздің есімізде ырықсыз есте қалатын өзінің әсемдігімен, анықтығымен ерекшеленетін заттар мен құбылыстар, күшті сезімдер, бұрынғы біздің тәжірибемізбен байланысты қызықты, маңызды оқиғалар есте қалады.
Ырықты есте қалдыру алдын ала мақсат қайталап, есте қалдыру үшін материалды таңдауды іске асыратын есте қалдыруды айтады. Ырықсыз есте қалдырудан айырмашылығы белгілі бір материалды есте қалдыруға саналы бағытталады. Ырықты есте қалдыруда оған қажетті ерікті, күш — жігерді сала отырып, өзін жақсы және берік бекітуге жұмылдырады.
Шәкірттердің оқу іс-әрекеті білімді меңгеру, ептілік пен дағдыны қалыптастыру негізінен ерікті есте қалдыруға сүйенеді.
Қайта жаңғырту дегеніміз бұрынғы қабылдаулардың, сезімдердің, ойлардың, ұмтылыстар мен әрекеттердің адам санасында жандануы, қайта жаңғыртылуын жүйке-физиологиялық негіздері ұйымдасқан уақытқа байланыстар жүйесінің жандануы болып табылады. Бізде ең алдымен бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың адам санасындағы бейнесі елестетулер деп аталады.
Қайта жаңғырту тану немесе еске түсіру түрінде, еріксіз және ерікті түрінде іске асуы мүмкін.
Тану - қайта жаңғырту бейнесі қайта жаңғыртылған нысанды қайталап қабылдағанда іске асады. Мысалы, жолдасымды, үйімді тыныдым деп айтқанымыз, мынаған байланысты: заттар мен құбылыстарды қайталап қабылдағанда біздің санамызда тағы да осы жолдасымыз немесе үйіміз бұрынғы қабылдаудан алынған бейнелер, сезімдер, ойлар пайда болады.
Тану толық емес немесе толық болып бөлінеді:
Толық емес тануда біздің санамызда белгілі нысанды қабылдаумен байланысты тек кейбір елестеулер, сезімдер мен ойлар қалыптасады, қабылданған нысан біз үшін жаңа еместігін білеміз. Бірақ бұл елестеулер мен осы нысандар бұрынғы қабылдауларда болған басқа елестеулермен және ойлармен байланыссыз қайта жаңғыртылады. Мысалы, қандай болсын адамның бет-пішінін танимыз, бірақ, көргенімізді еске түсіре алмаймыз.
Толық тануда біздің санамызда қазіргі заттар мен құбылыстарды қабылдауға қатысты бұрынғы өткен елестеулер мен ойлар басқа елестеулермен, ойлармен байланысты іске асады, толық тануда елестеулер мен ойларды бізге белгілі орнына, уақытына нақты жатқыза ойлаймыз.
Сонымен, біз кездестірген адамды тани білеміз, қайда және қашан кездескенімізді, қандай жағдайда, онымен не туралы айтқанымызды және т.б. еске түрсіреміз.
Біз тек бұрын қабылданған заттар құбылыстарды ғана емес, сонымен қатар біз өз қиялымызда жасаған заттар мен бейнелерді, олар туралы кітапта оқыған немесе басқа адамдар туралы әңгімелерді тыңедай отырып, тани аламыз.
Тану белгілі дәрежеде әрбір қабылдаудың құрамды бөлігі болып табылады.
Еске түсіру — нысанды қайта қабылдаусыз іске асатын қайта жаңғырту. Еске түсіруде бекітілген бейнелер, сезімдер мен ойлар сол кезде сезім органдарының қатысынсыз қайта жаңғыртылады. Мысалы, біз кешегі күннің оқиғасын қайта жаңғыртамыз, 30 жатталған өлеңді қайта жаңғыртамыз. Еске түсіру тану сияқты толықтығына және дәлдігіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Еске түсіру толық емес болғанда, біздің есте қалдырған заттарымыз бен құбылыстарымыздың кейбір бөліктері ғана қайта жаңғыртылады.