Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Бақылағыштық қабілетті дамыту үшін қабылдаудың нәтижелі болуына қажетті келесі шарттар орындалып баруы тиіс: міндет анықтығы; алдын ала дайындық; жүйелілік; жоспарлы болуы т.б. Адам өмірі мен қызметінің барша саласында бақылағыштықтың маңызы үлкен. Ал адамның бұл қасиетінің қажетті деңгейде болуы үшін оны балалық жастан ойын мен оқу барысында тәрбиелеп бару керек.

 

Қайталау және бекіту сұрақтары

  1. Қабылдау процесінің мазмұндық сипаты қандай?
  2. Қабылдау құбылысына байланысты қандай қасиеттерді атай аласыз?
  3. Қабылдау физиологиялық тұрғыдан қалай түсіндіріледі?
  4. Қабылдаудың күрделі формаларымен байланысты құбылыстар қандай?
  5. Бақылау мен қабылдаудың өзара байланысының мәні неде?

 

 

Тақырып 2. Ес.

  1. Психикалық үрдіс ретінде естің сипаттамасы.
  2. Естің қызметі. Естің түрлері.
  3. Естің типологиялық ерекшеліктері.

Біздің түйсінген және қабылданған заттарымыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежеде есте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлы жағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады.

Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекетттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұл әрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мәселен, мектепте әр түрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады.

Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз.

Естің физиологиялық негіздеріне уақытша жүйкелік байланыстар, оның құрылуы, есте сақталуы жатады.

Ес дегеніміз бұрынғы тәжірибені бейнелеу болып табылады.

Адамның өмірінде естің мәні орасан зор. Естің арқасыңда біздің санамызда бүгінгі жағдайлар ғана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар өткендегі біздің қабылданған және бұрын бастан кешкен көңіл-күй жағдайлары да бейнеленеді.

Егер де ес болмаса, онда біз қазіргі қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана есте сақтаған болар едік. Бүкіл қабылданғанның бәрі бізге жаңа сияқты көрінер еді. Адам есті болуының арқасында ептіліктер мен дағдыларды меңгереді, білімін байытады, өзінің ой-өрісін кеңейтеді.

Ес іс-әрекет және басқа психикалық үрдістерді дамыту үшін мәні орасан зор. Ес үрдісі біздің қабылдауларымызды байытады.

Неғұрлым адамда елестетулер мен бекітілген білімдер бай болса, солғұрлым қабылдауларымыз мазмұндырақ, толығырақ және дәлірек, қиялдың, ойлаудың, сөйлеудің және ерік-жігердің қызметі жемістірек болады.

Ес адамзат қызметінің барлық түрлерінде маңызды рөл балаларда кейбір білімдердің, ептіліктердің және дағдылардың болуын қажет етеді. Кез-келген еңбек - дене, ақыл-ой еңбегі қажетті білімнің, икемділіктердің және дағдылардың болғанында ғана мүмкін.

Әсіресе, оқыту үрдісінде естің мәні ерекше. Мектепте оқытудың бірінші және негізгі міндеті оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру болып табылады.

Ес адамға қажетті күрделі үрдіс, бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістерден тұрады. Ол адамға жеке өмірлік тәжірибені жинақтауға, есте сақтауға және кейін пайдалануға көмектеседі. Барлық бекітілген білімдер мен дағдылар естің жұмысына жатады.

Психология ғылымы өзінің алдына ес үрдісін зерттеу туралы бірнеше күрделі мәселелерді қойып отыр.

Ес психологиясы төмендегі мәселелерге жауап беруді қажет етеді: қаншалықты бұл іздер адам есінде ұзақ сақталады, қысқа және ұзақ мерзімдерге іздерді сақтаудың амалдары қандай, адамның таным үрдістерінің іске асуына қалай әсер етеді?

Ес психологиясы психология ғылымының жан-жақты зерттелген бөлімдерінің бірі ретінде саналады. Бірақ, қазіргі кезде естің заңдылықтарының одан әрі зерттелуі оның психология ғылымының әлі де өзекті проблемасы екендігін дәлелдейді. Ес проблемасын белгілі дәрежеде зерттелуінуі әр түрлі ғылымдардың дамуы, оның тілінде психологиядан қашық делінген ғылым салаларымен (ең алдымен техникамен) байланысты екені белгілі.

Ертедегі гректерде есті ерекше қастерлеген. Естің құдайы әйел адам Мнемозина болған. Ол өнер мен ғылымның жаратушы анасы деп есептелген.

Бұл қарапайым түсініктерде терең ой жатыр: ес барлық жаңаны жасаудың, демек, шығармашылықтың негізгі шарты.

Адам үздіксіз қандай да болсын жаңаны ойлап табады: ол автомобиль немесе станоктар, музыка немесе кинофильм, ғылыми теориялар немесе Жердің жасанды серіктері. Жеке адамдардың жасаған тәжірибесі із-түссіз, сақталмай жоғалып кетуі мүмкін емес. Тек қана шығармашылық емес, сонымен қатар жалпы кез-келген адамзат қабілеттіліктерінің дамуынсыз, адамның алға қарай қозғалысы мүмкін болмас еді. Адам ешнәрсеге үйренбеген болар еді. Үйрену дегеніміз - белгілі бір тәжірибені меңгеру, оны сақтау, болашақ өмірде қолдану. Ал бұл тәжірибені ес үрдісі сақтайды.

Адамның есін жануарлардың тәжірибе жинақтауға қабілеттілігімен салыстыруға болмайды. Олар әр түрлі, демек, ес ағза дамуының, оның ішінде адам ағзасы дамуының қажетті шарты болып табылады. Демек, ес - кез-келген іс-әрекеттің қажетті шарты.

Ес жұмысының физиологиялық негізі жүйке жүйесінде жүйке қозуларынан қалатын іздер болып табылады. Бұл іздер өзара байланысты, жүйке жүйелерінің аяқталуы іске асады.

Ұлы орыс физиологі И.П.Павлов бұл жүйке байланыстарын ұйымдастыру заңдарын, оның негізінде ағзаның қызметі заңдарын зерттеді.

Балаларда естің жоғары түрін алғаш рет бір жүйелі зерттеуде психология ғылымының көрнекті өкілі Л.С. Выготскийдің еңбегі орасан зор. Ол 20-жылдардың аяғында алғаш рет естің жоғары түрінің дамуы туралы мәселені зерттеуге кірісті болатынды және өзінің шәкірттерімен бірге естің жоғары түрі психикалық қызметтің күрделі түрі екендігін көрсетіп берді.

А.А. Смирновтың және П.И. Зинченконың зерттеулері естің жаңа және күрделі заңдарын ашып көрсетті.

Ес туралы негізгі теориялар

Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әр түрлі жасушаларының рөлі туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзірше алынған емес. Сондықтан да жоғарыдағы айтылған ойларды тек қызықты жорамал ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты ес жұмысының заңдарын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің психологиялық теориялары болып табылады.

Ес туралы соңғы кезде әр түрлі теориялар қалыптасты: олардың ішінде естің зерттеу амалдары мен заңдылықтарын зерттейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауға болады.

Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хронологиялық тұрғыдан басқа теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен тараған.

Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, XVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теория болды. Бұл теория негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциация туралы ұғым жатады. Ассоциация — жекелеген психикалық үрдістердің арасындағы байланыс, сонымен қатар қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың арасындағы байланысы айтылады.

Бұл теория бойынша ес қыска мерзімді және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық ассоциациясы, көршілестік ассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы, адамның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есіне жататын уақыт пен кеңістікке жақындық ассоциациясы.

Осы теорияның арқасында естің қызмет істеуі мен амалының көптеген заңдылықтары ашылып және зерттелді (мысалы, Г. Эббингауз заңы). Уақыт өте бұл теория көптеген шешілмейтін проблемаларға кездесті, ол проблеманың негізі — адам есінің таңдамалылығын түсіндіру, естің ассоциациялық табиғатының негізінде түсіндіру мүмкін болмады.

Дей тұрғанмен, естің ассоциативті теориясының оны тану үшін пайдасы көп болды.

XIX ғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке гештальттеория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтердің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы — гештальт болып табылады.

Гештальтизм теориясы естің ассоциативтік теориясын қатты сынға алды (гештальт — неміс созі, қазақшалағанда бейне, тұтас құрылым деген мағынада қолданылады).

Гештальтизм теориясының негізгі ұғымы — гештальт ұғымы — тұтас ұйымды, құрылымды білдіреді.

Сонымен, ассоциативтік теорияның заттар мен құбылыстарға қарапайым элементарлық көзқарасына гештальтизм ең алдымен элементтер синтезі, тұтастық қағиданы қарсы ұсынды.

Гештальтизм тсориясының жақтаушылары адамның практикалық іс-әрекетіне естің тәуелділігі туралы сұраққа жауап бермеді және өз шешімін таппады. Сондықтан да естің генезисі туралы мәселе күн тәртібінен алынып тасталды.

Осы сұраққа психологиялық зерттеулердің басқа да екі бағытының өкілдері жауап бермеді — бихевиоризм және психоталдау.

Бихевиоризмді жақтаушылардың көзқарастары ес проблемасына ассоциативтік теория өкілдерінің көзқарастарына жақын болды. Олардың арасындағы бірден-бір мәнді жалғыз айырмашылық - бихевиористер материалды еске сақтауда бекітудің рөлін бағалады, үйрету үрдістеріндегі естің қалай жұмыс істейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді. З. Фрейд және оның жақтаушыларының еңбегі адам есін зерттеуде еске сақтау мен ұмытудың мнемикалық үрдістерінде жағымды және жағымсыз эмоциялардың рөлін анықтауға ерекше мән берді.

Психоталдау теориясының арқасында адамның түрткілер саласымен байланысты ұмытудың көптеген қызықты психологиялық амалдарын анықтады және суреттеді.

Кибернетиканың ғылым ретінде дамуының басталуымен есептеу техникасы мен математикалық программалаудың білімнің бұл салаларында пайда болуы психологиядан тәуелсіз ес үрдістерін моделдеу басталған болатын, дәлірек айтқанда, еске сақтаудың амалдары, еске сақтаудың тәсілдері және ақпаратты қайта жаңғырту электронды-техникалық құрылымның және электронды есептеу машиналары үшін бағдарламалардың көмегімен іске асырылды.

Соңғы онжылдықта осындай зерттеулердің нәтижесінде бай материал жинақталды, адам өзінің қызмет істеу заңдарын түсіну үшін оның пайдасы орасан зор болды.

Өз кезегімен бұл ғылымдар өкілдерінің естің өзіндік психологиялық зерттеулеріне деген қызығушылығы арта түсті, себебі олар үшін алгоритмдер мен машиналардың есін жетілдіру үшін мүмкіншіліктер ашып отыр. Осындай өзара қызығушылық психологияда соңғы жылдары ақпараттық-кибернетикалық деп аталатын естің жаңа теориясының қалыптасуына алып келді. Қазір ол алғашқы адам есін түсіну жолында көп үміт күттіретін қадамдар жасай бастады. Адам миы — бұл күрделі электрондық-есептеу машинасы.

Кеңестік психологияда негізінен есті зерттеуде іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясымен байланысты бағыттар дамиды. Бұл теорияның негізінде ес психологиялық іс-әрекеттің ерекше түрі, адамның теориялық және практикалық әрекетінің жүйесі ретінде әр түрлі ақпаратты еске қалдыруға, еске сақтауға және қайта жаңғыртуға бағытталған.

Іс-әрекет ретінде адамның есін зерттеудің басталуы француз ғалымдарының жұмыстарымен, оның ішінде П. Жаненің еңбектерінде негізі салынды. Ол алғашқылардың бірі болып, еске сақтауға, қайта өңдеуге және материалды сақтауға бағдарланған есті іс-әрекет жүйесі ретінде тұжырымдады.

Психологиядағы француздың ғылыми мектебі барлық ес үрдістерінің әлеуметтік байланыстылығын, оның адамдардың практикалық іс-әрекетіне тәуелділігін дәлелдеді.

Кезінде біздің елімізде бұл концепция А.С. Выготскийдің және оның ең жақын шәкірттері А.Н. Леонтьевтің, А.Р. Луриянің негізін салған адамның жоғары психикалық қызметінің пайда болуы мәдени-тарихи теорияның одан әрі дамуында көрініс тапты.

А.Р. Луриянің ғылыми жетекшілігімен жүргізілген нейропсихологиялық зерттеулер естің физиологиялық амалдарын сипаттауға мүмкіншілік берді.

Есті зерттеуге өзінің белгілі үлесін қосқан П.И. Зинченко мен А.А. Смирновты ерекше атауға болады. Олар ырықты және ырықсыз есте қалдырудың практикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға және басқа жағдайларға тәуелді екендігін жан-жақты зерттеді.

Естің іс-әрекеттік теориясына сәйкес әр түрлі елестетулердің арасында байланыстар - ассоциациялар ұйымдастыру, сонымен қатар материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту былай түсіндіріледі: адам есте сақтайтын материалмен жұмыс барысында не істейді, сонымен қатар мнемикалық үрдістер іс-әрекеттің тұтас құрылымында қандай орын алатындығына байланысты.

Есте қалдыру амалының ерекшеліктерін ашып көрсететін әр түрлі қызықты деректерді А.А.Смирнов өзінің зерттеулеріңде атап көрсеткен болатын-ды.

 

Естің түрлері

Есті материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту қызметін атқаратын психофизиологиялық үрдіс ретінде анықтауға болады. Кейбір адамдар, мәселен, өте қиын есте қалдырады, бірақ оның орнына жақсы қайта жаңғыртады және есінде қалған материалды есінде ұзақ сақтайды. Бұл адамдардың ұзақ мерзімді есі жақсы дамыған. Кейбір адамдар бар, керісінше, тез есте қалдырады, бірақ оның орнына есте қалдырғанын тез ұмытады. Оларда қысқа мерзімді және жедел ес күшті дамыған болады.

Информация о работе Психология және адам дамуы