Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Сәбидәң көздері алғашқыда күннен, жарықтың өзгеруін бағдарлай бастайды. Түстерді ажырату баланың бір айлығында аңғарылады. Бала дүниеге келгенде алғашқы күндері естемейді. Оныңк себебі жаға туған баланың ортаңғы құлағы ерекше жарғақпен бекітілген, ол дыбысты өткізуге кедергі келтіреді. Алғашқы аптада бұл дене үгіліп түсіп қалады да, сәби дыбысты бағдарлайды. Бірте-бірте дыбыстқа сезгіштігі қалыптасып, 2-3 айда дыбыстыңк бағытын айырады, басын дыбыс шықан жққа бұрады.

Алғашқы екі-үш айлығында баланың барлық сезім органдарыныңк қызметі қалыптаса бастайды. Одан әрі бұл органдардың дамуы және түйсінулердіңк жіктелуі айырма сезгіштігініңк күшеюіне байланысты іске асады. Мысалы бала 4 жасында көптеген түсті ажыратады. Ал есту түйсігі 2-3 жаста дамығандығы соншама, балалар кейбір адамдардың дауысын жеңіл айырып қана қоймайды, сонымен қатар жекелеген заттардың дыбысын және күрделі музыкалық әуендерді ажырата алады.

Мектепке дейінгі кезеңнің өзінде барлық түйсінулерге баланың абсолюттік сезгіштігі өте жоғары деңгейге жетеді. Үлкен адамдармен немеес мектеп оқушыларымен салыстырғанда мектепке дейінгілерде айырма сезгіштігі өте төмен дамыған.

Мектеп жасында балалардың түйсіктері одан әрі дами түседі. Шәкірттерде ең алдымен айырма сезгіштігі жақсы дамиды. Күшті қарқынмен көру және сезу сезгіштіктері ерекше дамиды.

Психологтардыңк арнаулы зерттеулері көреткендей 7 – ден 10 жасқа дейінгі шәкірттерде түстердің белгілеріне сезгіштігі 45% артады, ал 10-нан 12 жасқа  дейінгілерде 60 пайызға дейін арта түседі. Түйсіктердің түске саралануына сурет салуға үйретудің мәні орасан зор. Мектеп жасынида шәкірттердің есту түйсіктерін дамытуда алатын орны ерекше.

Шәкірттердің мектеп  жасында қозғалыс дағдыларының қалыптасуына байланысты бұлшық ет, қозғалыс сезгіштігі дамиды. Психологтардың зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша бұлшық ет, қозғалыс сезгіштіктері 8-14 жас араллығында 50 пайыздан астам артатындығы дәлелденеді.

Түйсінуді дамытуда дұрыс ұйымдасқан тәрбиенің мәні орасан өор. Денсаулық туарлы қамқорлық шәкірттерді жан-жақты үйлесімді дамыту жүйесінде дене тәрбиесінің алатын орны ерекше екендігін жақсы білеміз.

 

                  Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Түйсіктер дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
  2. Анализатор қанша бөліктен тұрады?
  3. Түйсіктердің танымдық мәні туралы идеалистік көзқарастарға сипаттама беріңіз.
  4. Түйсіктер қандай топтарға бөлінеді? Әрқайсысына сипаттама беріңіз.
  5. Түйсіктердің заңдылықтарына тоқталыңыз?
  6. Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі дегеніміз не?
  7. Түйсіктердің контрастылығы дегеніміз не? Мысал келтіріңіз
  8. Адаптация дегеніміз не? Күшті және әлсіз адаптацияларды атаңыз. Мысалдар келтіріңіз. 

 

Қ абылдау

Жоспары:

  1. Қабылдау туралы жалпы түсінік.
  2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
  3. Уақыт пен кеңістікті қабылдау.
  4. Қабылдауды дамыту. 

             

Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бейнелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру құсаған күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.

Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады. Психикалық қабылдау процесі - субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті.

Қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызады.

Қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Заттың санада қабылдануы психикалық іс-әрекеттің ең жоғары сатысы - тілмен тікелей байланысты. Адам зат қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, белгілі категориялар тобына қосады.

Сонымен, қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен біріге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.

 

 Қабылдаудың қасиеттері

Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады.

Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдауда заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.

Тұтастық - қабылдаудың құрылымды болумен байланысты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайды. Мысалы,  тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі келетін ноталарымен емес, біртұтас әуенімен мәнді.

Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орынын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай  біз қоршаған дүние заттарын бір қалыпты күйінде танып, білеміз. Заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғы-мас қалпында бейнеленеді.

Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің  жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.

Апперцепция. Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъекттің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының (эмоция) ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы - иллюзия (алдану) салдарынан.

Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау - галлюцинация деп аталады.

 

Қабылдаудың физиологиялық негіздері

Қабылдау рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.

Қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау бол-май, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне - талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу (интеграция) процесі мен күрделі синтездің болуынан.

Қүрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі - әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келеді. Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.

Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының   шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан.

 

Қабылдау   формалары

Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар - кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам объектив дүниені бейнеленгенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.

Кеңістік нысандарын қабылдау - күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші т.б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен монокулярлық - көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельефбедері әртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседі .

Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарауда олардың екі бөлініп кетуі дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілет аккомодация (көз үйрену) деп аталынады. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды.

Уақыт та - материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын - уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

Уақытты қабылдауда субъективті мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.

Бақылау және қабылдауға тәрбилеу

Қабылдау ниеттелмеген (ырықсыз) және ниеттелген (ырықты) болып екіге бөлінеді. Ниеттелмеген қабылдауда алдын ала белгіленген мақсат не міндетті көздемейміз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау, керісінше, әуел бастан алға қойылған міндетпен реттеліп, қажетті зат немесе құбылысқа назар аудару мақсаты қойылады. Ниетті қабылдау қандай да іс-әрекетке қосылып, оның орындалу барысында жүзеге асады.

Өз алдына қабылдау дербес іс-әрекет түрінде бақылау процесінде көрінеді. Бақылау - бұл қабылдау объектіне түскен құбылысты немесе онда жүріп жатқан өзгерістерді белгілі мақсатпен, жоспарлы және ұзақ уақыт аралығында назарда ұстап, зерттеп бару.

Бақылау - адамның қоршаған дүниені сезімдік тануының белсенді формасы. Дербес бағдарлы мақсаты бар іс-әрекет ретінде бақылау алғашқыдан-ақ оның бағытын айқындайтын мақсаты мен міндеттерін сөзбен өрнектеуден басталады. Бақылаудың табысты болуы оның алдына қойылған міндеттің өте анық әрі түсінікті болуына тәуелді. Жоспарлы ниеттеліп, ұзақ мерзімге созылатындықтан және танымдық мақсатты қабылдау болғандықтан бақылау жұмысы арнайы дайындықты керек етеді Дайындық барысында аса қажет жұмыстар: бақылау міндетін түсініп алу, бақылау барысында орындалатын талаптарды жете тану, күні бұрын бақылаудың жоспары мен әдістерін анықтап алу. Бақылауда бақылаушының белсенділігі зерттеу барысындағы ойлау қабілеті мен жедел қимыл әрекеті үлкен маңызға ие. Затпен айналыса, оған араласа, қатынас жасай отырып, адам бақылаудағы нысанның көп қырлары мен сырларын түбегейлі біле алады. Затты жан-жақты әрі кең бақылау нәтижесінде зерттеуші анық, сонымен бірге жүйелі жұмыс белгілеп, бақылауындағы нысанның әрі бөлігін белгілі тәртіпте бірінен соң бірін қарастыру мүмкіндігіне жетіседі, осыдан ешнәрсе көзден таса қалмайды, бұрын қабылдап, танығанына қайта оралып, уақыт оздырмайды.

Бақылау ісіне болған адам қатынасы үлкен мәнге ие. Ұзақ жаттығудың арқасында бақылағыштық қабілет дамиды, яғни адам бір көргенге көзге түспейтін, онша қажет еместей көрінетін заттың майда ерекшеліктерін байқауға үйренеді. Бақылағыштық қасиетті дарыту мақсатында келесі жаттығуларды орындау қажет: әртүрлі заттарды және олардың тараптарын салыстыру; зат бөліктері арасындағы байланыс пен өзара ықпалына назар аудару; бір қарағаннан заттар мен құбылыстардың көбірек қасиет, сапаларын қамту; елеусіз өзгерістерге де мән беріп, назар аудару; қабылданатын заттың мәнді тараптарын айыру.

Информация о работе Психология және адам дамуы