Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат
Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.
Органикалық түйсінулер көп жағдайда эмоционалдық толығумен ерекшеленеді.
Мәселен, ауруды түйсіну немесе аштықты түйсіну ерекше қолайсыз жағдайдағы көңіл-күйде болады, ал денсаулық түйсінуін немесе тою түйсінуін өте жағымды жағдай ретіндегі көңіл-күйді бастан кешіреміз.
Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
Түйсіктер тітіркендіргіштердің андайы болмасын сезім органдарына әрекет ету нәтижесінде пайда болады. Бірақ рецепторға тітіркендіргіштердің әрекетіінің басталуы және түйчіктердіңк пайды болуы уақытпен абсолютті түрд сәйкес келмейді, тітіркендіргіштің әрекеті басталғаннан кейін тек қана біршама уақыт өткеннен соң түсіну пайда болады. Бұл уақыт әртүрлі түйсінулерде 0,2-ден 0,1 секундқа дейін өзгеріп отырады. Осындай қысқа мерзімді біз көп жағдайда ескермейміз.
Пайда болған түйсінудің белгілі бір ұзақтығы болады. Ұзақтығы жағынан түйсіктер қысқа және ұзақ мерзімді саналады. Мәселен бір ғана жалт еткен ұгқыннан жарықты түйсіну немесе еденге ұлаған қарындаштыңк дыбысын түйсіну қысқа болады. Күндізгі жаоықты түйсіну, зауыттың айқайлаған дыбысы ұзақ мерзімді түйсінулер болып табылады. Түйсіктердіңк ұзақтығы сыртқы нысандардың сәйкестігі сезім органдарына әрекетін ұзақтығына тәуелді. Тітіркендіргіштердің әрекеті аяқталғанен, ал түйсіну белгілі уақытқа дейін әлі де жалғасады. Осындай кешіккен түйсінулерді қалдықтар немесе бірізді бейнерлер деп атайды. Қалдық бейнелерің ұзақтығы 0,05 –тен (ал кейде одан артық) секундтай болады.
Түйсіктердің пайда болу жылдамдығы мен ұзақтығы осындай заңдылықтармен түсіндіріледі.
Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі
Түйсінулердің әртүрлі дәрежедегі күші болуы мүмкін, олар әлсіз және күшті болады. Мәселен, бөлмедегі бір ғана жанған сіріңкеден жарықты түйсіну әлсіз, ал жарық күні күн сәулесін түйсіну күшті болады.
Түйсінудің күші ең алдымен тітіркендіргіштіңк күшіне байланысты: тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым оған сәйкес түйсіну күшті болады.
Күнделікті бақылаулар мен арнаулы зерттеулер көрсеткендей, кез-келген тітіркендіргіште түйсінк бола бермейді. Тітіркендіргіш әлсіз әсер етуі мүмкін, онда ешқанрдай түйсіну болмайды. Мәселен, стакан суда ерітелген 1 г қант тәттілік түйсінуін білдірмейді. 0,1 кв,см қолға салынған қағаздың бөлшегі қысым түйсінуін шақырмайды. Оның себебі: әлсіз тітіркендіргіштерден пайда болған жүйке қозуы бас м қыртысына жетпейді. Біріншіден сәл ғана түйсінуді шақыру үшін тітірікендіргіш белгілі бір күшке жетуі керек. Күші жағынан өте әлсіз тітіркендіргіш сәл ғана белгілі түйсіну шақырады немесе түйсінудің төменгі немесе абсолюттік табалдырығы деп аталады.
Егер бұл тітіркендіргіштің күшін сәл ғана азайтса, түйсіну жоқ болып кетеді. өте әлсіз тітіркендіргіштер (түйсіну шақырмайтын) түйсіктердің табалдырығыннан төмен жатқан тітіркендіргіштер деп аталады.
Түйсікті шақыратын тітіркендіргіш өзгеріп отыруы мүмкін: ол көбейді немесе азаяды.
Тітіркендіргіштің өзгеруіне байланысты (өсуі немес азаюя) түйсінудің күші де өзгерді.
Егер де бөлмеде бір шам жанып тұрса, онрда біз жарықтың белгілі күшін түйсінеміз. Егер де тағы да осындай шам жағатын болсақ, онда жарықты түйсіну күшейеді. Егер қолдағы бір килограмм салмаққа тағы да килограмм қосатын болсақ, онда қысымды түйсіну күшейе түседі.
Түйсінудің күші тек тітіркендіргіш белгілі өскенде немес кемігенде өзгеруі мүмкін. Мысалы, егер стакан сцға 6 г қантты ерітетін болсақ, біз белгілі мөлшерде тәттілікті түйсінеміз. Егер осы тсаканды еріген 6 г қантқа тағы да 1 г. қосатын болсақ, онда тәттілік түйсігі өзгермейді. Тәттілікті түйсіну белгілі дәрежеде көбею үшін 6 г қантқа тағы да 2 г. яғни, қанттың барлық санының үштен бірін қосу керек.
Тітіркендіргіштің күшінің сәл ғана өзгеруі нәтижесінде түйсінудің сәл ғана байқалатын өзгеріс шақыруын айырма табалдырығы деп атайды. Айырма табалдырығы тек тітіркендіргіштің күшінің өзгеруіне байланысты емес, сонымен қатар тітіркенрдіргіштің басқа қасиеттерініңк өзгеруіне де байланысты. Мысалы, есту түйсіктері саласында айырма табалдырығы дыбыстың жоғарылауына тәуелді, көру түйсіктері саласында – түстердің (белгілерінің) айырмашылығына, ол тактилдік түйсінулер саласында сипай сезу нүктелеріінің қашықтығына байланысты.
Түйсінудің табалдырығының жоағры болуы сенсорлық сезгіштіктің дәрежесін айқындайды. Неғұрлым түйсінудің табалдырығы жоғары болса, соғұрлым сезгіштік төмен (әлсіз) болады және керісінше, неғұрлым түйсінудің табалдырығы төмен болса, соғұрлым сезгіштік күшті болады. Түйсіну табалдырығына сәйкес сезгіштік абсолюттік және айырма сезгіштігі болып бөлінеді.
Түйсінудің өзгеруі тітіркендіргіштің өзгеруіне тәуелділігі туралы мәселе алғаш рет эксперимент түрінрде зерттеген ХІХ ғасырдың екніші жартысында Германияда физиолог Вебер мен физик Фекнер еді.
Көптеген эксперименттіңк негізінде Вебер түйсінуді сәл ғана байқалатын биіктікке өсіру үшін тітіркендіргіштің күшін биіктікке өзгерту қажет екендігін дәлелдеді.
Фехнер Вебердің зерттеуін одан әрі жалғастырды.
Тітіркендіргіш пен түйсінудің өзара өзгеруінің арақатынасы туралы өзінің зерттеулерінің қорытындыларын Фехнер мынадай формуламен көретті. Түйсіктер арифметикалық прогрессиямен өзгереді (өседі немесе азаяды), соған сәйкес тітіркендіргіштің өзгерістері геометриялық прогрессиямен іске асады.
Осындай формуламен берілген тітіркендіргіштер мен түйсіктердіңк өзгерстерінің арасындағы арақатынасты Вебер-Фехнердің психофизикалық заңы деп атады.
Фехнер түйсіну өзгерістерінің және тітіркендіргіштіңк логарифмы арасында тікелей пропорционалдық тәуелділіктің болатындығын дәлелдеді. Сондықтан да Фехнердің психофизиологиялық заңы былай деп беріледі: түйсіну тітіркендіргіш логарифмына пропорционал.
Сезгіштің өзгеруі
Тітіркендіргіштіңк бірдей күшінде әрбір адамда түрлі уақытта сенсорлық сезгіштік әртүрлі болуы мүмкін. Сезгіштік өзгеріп отырады, бірде күшейеді, бірде әлсірейді. Сезгіштік қандай да болсын тітіркендіргішке түйсктердің бірізді ауысуында өзгереді. Бұл жерде ең алдымен түйсіктердіңк қарама-қарсылығына назар аудару қажет.
Түйсіктердің констрастылығы қарама-қарсы сападағы алдындағы немесе бір мезгілдегі тітіркендіргіштердің әсерінен сезгіштіңк өзгеруі арқылы байқалады.
Мәселен, ыстықты түйсінуден кейін салқындықты түйсіну күшейе түседі. Тып-тыныш жағдайда дыбысты күшті түйсінеміз. Ашық фонда қоңыр түсі өте қоңыр түс болып түйсініледі, ал қоңыр фонда ашық түс-өте ашықтау болып көрінеді.
Сенсорлық сезгіштік түйсіктердің әртүрлі түрлерінің өзара әрекетінде өзгеріп отырады. Яғни, сезім органдарының біріне әсер еткен тітіркендіргіштер барлық басқа сезім органдарында сезгіштіктің өзгеруін шақырады.
Сенсорлық сезгіштік адамның жалпы жағдайына байланысты- сергектігіне, шаршауына, денсаулығына және аурулығына. Әрбір адам өз тәжірибесінен жақсы біледі: жалпы шаршау басталғанда көру, есіту, сипай мезу сезгіштері әлсірейді. Жоғары температуралы салқындыққа сезгіштік күшейе түседі.
Егер қандай да сезім органдарыныңк бәрі әлсіз немесе тіптен істемейтін болса,онда өмір тәжірибесіннде қажеттілікке байланысты басқа органдардың сезгіштігі күшті дами бастайды.
Мәселен, соқырларда есіту, сипай сезу және бұлшық ет қозғалыс сезгіштіктері күшті дамиды. Ал саңырау, сақауларда – көру, сипай сезу, бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері күшті дамиды.
Сезгіштің өзгеруінде адамныңк өмірілік тәжірибесі және көбіне оның мамандығы, кейбір жағдайларда сезгіштікті арттырудың қажеттілігі пайда болады. Мәселен музыканттар дыбысмтың чәл өзгерістеріне ерекше сезгіштік аңғартатыны белгілі, сол сияқты суретшілер де түстер мен белгілерінің сәл өзгерістеріне ерекше сезгіштік ңғартады. Майлаушы - әрлеушілерде сипай сезу сезгіштігі күшті дамыған.
Адаптация
Адаптация деп түйсік органдарының сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге бейімделуін айтады. Тітіркендіргіштің әрекетінің өзгеруімен сезгіштік те өзгереді. Күшті тітіркендіргіштерде сезгіштік артады, ал әлсіз тітіркендіргіштерде сезгіштік азаяды. Сондықтан да адаптация жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
Көру түйсіктерінде адаптация анық байқалады, әсіресе жарықтан қараңғыға шыққанда және керісінше – қараңғыдан жарыққа. Мысалы, жарық бөлмеден қараңғыға, далаға шыққанда, алғашында айналаны ешқандай көрмейді, бірте-бірте біздіңк көру органымыз қарңғылыққа бейімделе бастайды. Мұны қараңғыға бейімделу деп атайды.
Эксперименттік зерттеулердіңк мәліметтері бойынша, қараңғыда жарыққа сезгіштік жарықтағы сезгіштікпен салыстырғанда 200 мың есе көбейеді (бір сағаттың ішінде) керісінше, қараңғыдан жарыққа өткенде жарық жағждайда көру органдарымыз тағы да бейімделу үшін бірер уақыт қажет. (шамамен 4-5 минут). Мұны жарыққа бейімделу деп атайды.
Адаптациялық құбылысты температуралық түйсінулер саласында да байқалады. Жаз кезінде суға сүскенде немесе душ алғанда, су алғашқы сәтте бізге салқын сияқты көрінеді, бірнеше минут өткеннен кейін суды, сол температурамен салқын емес немесе жылы сезінеміз, бұл сол температураға уақыт өте бейімделу болып табылады.
Иіс түйсінулерінде адаптация тез пайда болады. Мысалы, біз бөлмеге кіргенде. Бөлмедегі жағымсыз иісті сеземіз, содан белгілі бір уақыт өте оның иісін сзбей қаламыз. Организміміз ол иіске бейімделіп кетеді. Тәжірибе көрсеткендей, толық адаптацияда иіс сезілмейді. Мысалы, иодтың иісіне организмнің бейімделуі (иіс органына бейімделуі) 50-60 секнд өткеннен кейін болады, камфорыға 1,5- мн, ащы иісті сүзбеге -8 минуттан кейін бейімделеді.
Күшті адаптация сипай сезу түйсіктерінде немесе әлсіз қысымды байқалады. Көп жағдайда киімнің ауырлығын және қысымын біз сезбейміз, көзілдіріктің қысымын түйсінбейміз.
Кейде көзде тұрған көзілдірікті іздеп әуре боламыз.
Адаптация көру, температуралық, иіс және сипай сезу түйсіктерінде күшті болады, ал есту және ауыру түйсіктерінде әлсіз байқалады.
Түйсінулердің өзара әрекет етуі
Түйсінулердің қарқындылығы тек тітіркендіргіштің күшіне ғана байланысты емес, рецептор адаптациясының деңгейіне, соынмен қатар қазіргі басқа да сезім органдарына әсер ететін тітіркендіргіштерге байланысты.
Басқа сезім органдары тітіркендіргіштерінің әсерімен анализатордың сезгіштігінің өзгеруін түйсінулердің өзара әрекеті деп атайды.
Әдебиетте түйсіктердің өзара әркетінен тындайтын сезгіштіктердің өзгеруінің көптеген фактілері жазылған болатын. Көру анализаторының сезгіштігі есту тітіркендіргішінің әсерімен өзгереді.
Жалпы алғанда, барлық біздің анализаторлқ жүйелер бір-біріне ықпал етуге қабілетті. Адаптация сияқыты түйсіктердің өзара әрекет етуі бір-біріне қарама-қарсы үрдістерде байқалады: сезгіштіктің артуы мен төмендеуі. Жалпы заңдылық; әлсіз тітіркендіргіштер сезгіштікті арттырады, ал күшті тітіркендіргіштер өзара әркеет етуде езгіштікті азайтады.
Сенсибилизация деп аналаизаторлардың және жаттығулардың өзара әрекет ету нәтижеінде сезгіштердіңк артуын айтады. Сенсибилизация- тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс. Адамның барлық стимулдарға сезгіштігі бірдей емес, тек белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсінуге болады, әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштерді, сезгштікті арттырады. Мысалы, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына себпші боады. Қызыл түс адамның ақ қара түстерді жұрыс ажыратуына көмектеседі. Мысалы, ұшқыштар түнгі ұшуға дайныды кеінрде 20-30 мин. қызыл көзілдірік киеді.
Сенсибилизацияға қарама-қарсы үрдіс – десенсибилизация.
Синестезия (гректің сөзі – «ynai» the «і», қазақшасы қосарлақан түйсік) Кейбір адамдардың түйсінулерінде синестезия деп аталатын құбылыс байқалады. Бұл екі түйсіктің біртұтас түйсікке бірігуі. Синестезияда түйсіктердің біреуінің қазіргі сәтте тікелей әсер ететін тітіркендіргіші болмайды, ол қайта жаңғырады.
Синестезияның ерекше жиі кездеметін түрлерінің бірі «түсті есту» деп аталатын түрі, онда дыбысты түйсіну – шу, тон, музыкалық аккорд – көру бейнесін шақырады, жарықты немесе түсті елестету. Анық байқалатын түсті дыбыс мысалы, композитор Скрябинде кездеседі.
Синестезия құрылысын, бейнелейтін жекелеген сөз тіркестері әдеби сөйлеу тілінен табылады. Мысалы, «бажырайған түс» «алапес түс» «жылы және сақын колорит туралы» , «жылы дыбыс» туралы және т.б.
Синестезия табиғаты әлі толық зерттеліп болған жоқ. Синестезия түйсінулердің әртүрлі түрлеріне тән эмоциялық сәттердің бірлігі арықылы іске асады. Синестезияның физиологиялық негізі бс ми қыртысыныңк жекелеген орталықтарының арасындағы берік қалыптасқан артты байланыс болып табылады. Соңғы жылдары түсті музыкалық құралдарды жасау синестезия құбылысына негіздеоген, бұл аппараттар дыбыстық бейнелерді түсті музыкаға айналдырады.
Түйсіктерді дамыту және қалыптастыру
Баланың барлық сезім органдары бірті-бірте дамып, жетіле бастайды. Бірақ бала жарық дүниеге келгеннен бастап, үлкендер сияқты қоршаған дүниені танып біледі деуге болмайды. Балаларда сезім органдары бірте-бірте дамиды, олардыңк түйсінулерге қабілеттілігі тәжірибеге және тәрбиеге байлансты жетілдіріледі. Кішкентай сәбидіңк нені түйсінетіндігі туралы біз тек қана олардыңк белгілі тітіркендіргіштерге жауап реакцияларын айта аламыз. Осы реакциялары бойынша өмірінің алғашқы күндерінен бастап, сәбиде жылылық пен салқындыққа тері түйсіктері қалыптасқандығын аңғаруға болады.