Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Оқу – басқа адамдардың өткендегі жинақтаған тәжірибесінің қорытылған нәтижелерін үйренуге бағышталады. Адамзат бұл үшін өсіп келе жатқан әулет өмірінің ерекше кезеңін белгілеп, оқудың арнайы да негізгі іс-әрекеттігін танытатын жағдайларды жасады.

Әрбір адамның өмір бойы бірізді ауысып отыратын іс-әрекеттерінің ортасында оқу өз орнын иелеп, ойыннан кейінгі, еңбектен алдыңғы процестік мағынаға ие болады. Оқу ойыннан түбегейлі ерекшеленіп, еңбектік іс-әрекетке жақындасты. Оқу барысында еңбек процесіндегідей адам тапсырмалар орындайды, талаптарға бойсынады, міндет-термен байланысқа келеді. Оқудағы жалпы нұсқаулар мен талаптар енді ойындық емес, еңбектік сипатқа ие болады. Оқудағы негізгі мақсат - бұл адамды болашақтағы дербес еңбек қызметіне дайындау, ал міндеті - өткен әулет тәжірибесінің жалпыланған нәтижесін ұғу, игеру. Оқу - мұға-лім  ұсынған  білімдерді енжар қабылдап қана қою емес, оларды саналы еңбек процесінде өзіндік құрал дәрежесінде пайдалану үшін белсенді игеру.

Оқу құрылымы келесі бірліктерден тұрады: төңі-ректегі заттар мен құбылыстардың қасиеттері жөніндегі ақпараттар, яғни білімдер; іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын тәсілдер мен қимылдар, яғни дағдылар, іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына орай тәсілдер мен қимылдарды дұрыс таңдауға арналған ақпараттарды қолдана білу, яғни ептіліктер.

Оқу іс-әрекеті қалыптасуының негізгі шарты - балада білім, ептілік және дағдыларды игеруге деген саналы сеп-түрткілердің оянуынан. Бала дамуына қоғамдық ықпал жасаушылар - әрдайым ересектер. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін бала  әрекет-қылығы  мен іс-әрекетін  бағыттауға арналған белсенді процесс - оқыту деп аталады. Ал осы процестің жеке адам қасиеттері мен сапаларын қалыптастыруға бағытталуы -  тәрбие ұғымын туындатты.

 

3. Еңбек сипаты

Еңбек - белгілі нәтижеге жету үшін бағытталған, белгілі мақсатқа орай ерік күшін қосумен реттелуші мақсат бағдарлы, саналы іс-әрекет. Басты ниетке байланысты нәтижеге жетісу шарасы болумен бірге еңбек - жеке адам қалыптастырудың негізгі жолы да. Еңбек процесінде субъект  өнімі ғана пайда болып қоймастан, сол субъекттің өзі де осы еңбекте кемелденеді. Еңбектенуден адам қабілеті дамиды, оның мінезі тұрақтанады.

Еңбектік қызметтің психологиялық ерекшеліктері ең алдымен оның қоғамдық пайдалы өнім жасауға бағытталған іс-әрекет болуында. Еңбек процесіндегі әрекеттердің бәрі тұтасымен ең соңғы кезеңге, қорытынды нәтижеге тәуелді болуы еңбектік сеп-түрткілерге өзіндік сипат береді: мақсат іс-әрекеттің өзінде көрінбей, оның өнімінен байқалады. Ал еңбектің қоғамдық бөлшектенуі бұл ерекшелікті айқындай түседі. Әрқандай адам өз қажеттігін қанағаттандыру үшін барша заттарды өндіре алмағандығынан басқа тұлғалардың қоғамдық қызметінің өнімімен байланыста болады.

Еңбек желісінде тек еңбек құралдары (техникасы) ғана емес, адамның сол еңбекке деген қатынасы да үлкен мәнге ие. Адам еңбегінің сеп-түрткілері де нақ осы қатынастан. Адамның еңбекке бағытталған субъектив қатынасы санада бейнеленетін объектив қоғамдық қатынастарға тәуелді.

Әрқандай нақты іс-әрекеттегідей, еңбекте адамның барша қасиеттері мен сапалары қатысып, көрініс береді. Әрқандай еңбек  түрінде өзіне сай еңбек құралдары  қолданымын таба білуі қажет, адам міндеті - сол құралдарды қолдану тәсілдерін игеру. Ал бұл үшін жүйелі білім мен дағдылардың ролі күшті.

Адамның әрқандай даму кезеңдеріне сай еңбек әртүрлі болады. Бүгінгі нақты іс-әрекет ендігі іс-әрекеттің дайындығы: тиісті қажеттіктер дамиды, танымдық мүмкіндіктері мен әрекет-қылық ерекшеліктері ашылады. Осы-ған орай психологияда іс-әрекеттің жетекші түрі ұғымы қалыптасқан. Қай жас кезеңінде болмасын іс-әрекеттің үш түрі де (ойын, оқу, еңбек) өз маңызына ие, бірақ белгілі бір кезеңде олардың әрқайсысына деген қажетсіну әртүрлі, өзіндік мазмұнға ие. Ал осылардың ішінде жас кезеңіне байланысты бала психикасына маңызды өзгерістер енгізіп, ондағы танымдық процестер мен жеке адамдық қасиеттердің қалыптасуына ықпал жасай алатыны ғана іс-әрекеттің жетекші түрі деп есептелінеді.

Жетекші қызметпен шұғылдану барысында субъект дамуымен қатар келесі жас кезеңіне сай жаңа жетекші іс-әрекет қалыптасып барады. Осы жетекші іс-әрекет түрімен айналыса, адам өзінде әлеуметтік ортамен болатын жаңа қатынас-тарды, жаңа білімдер қоры мен оларды игерудің әдістерін үйреніп, өзінің танымдық аймағы мен психологиялық құрылымын өзгеріске келтіреді.

 

Тақырып 2. Қарым-қатынас.

  1. Қарым-қатынас түрлері.
  2. Қарым-қатынастың құрылымы және оның қызметі
  3. Топтар және ұжым.
  4. Топтар психологиясы.
  5. Топтардың түрлері.
  6. Топтардың өзара қарым-қатынасының динамикасы.
  7. Кіші топтарды зерттеу әдістері.

Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.

Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен кү-діктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.

Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.

Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топ-тық қатынастар деп аталады.

Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.

Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.

Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл остранизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, на-зардан тыс қалады, еленбейді. Адам аралық қатынастардың ерекшелігі - олардың эмоционалды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқа-шан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады.

Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай  қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды.

Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.

Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәнгі арман еткен мұраты ретінде  қарастырған  жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін "сүйіспеншілік" қатынасты жатқызуға болады.

Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді.   

Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.

Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.

Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі - бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.

Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.

Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік (үйлесімсіздік). Көп жағдайда адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар  арасында біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте-бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспестік олардың ресми байланыстарының кедергісіне айналады.

Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар себеп - бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік-психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік-саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды.

Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор - бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады.

Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе алады ма, не сезбейді ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу).

Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екіұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.

Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кімде кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондай да қарсыласын түбелегін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.

Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады.

Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар - түзілмес еді.

Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғымастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай. Ірілі-кішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды. Егер күнара субъекттердің ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетері баршаға аян.

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл-күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді.  Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні - адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.

Информация о работе Психология және адам дамуы