Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Ата-аналар алғашқы сәбилік кезеңдегі балалар үшін идентификация негізгі қайнар көзі болып табылады. Одан әрі оларға жора-жолдастары, жоғары жастағы балалар және басқа   үлкендер   қосылады.   Идентификацияның   қайнар   көзі   не   бойындағы   бағалы қасиеттері мен жағымды мінез-құлық түрлері үлгі болатын басқа адамдар жатады.

Ерлер мен әйелдердің жеке тұлғасының қалыптасуында негізгі идентафикациялық үрдістердің   бірі   жыныстық   -   рөлдік   жіктелу   жатады.   Жыныстық-рөлдік   жіктелу дегеніміз бір жынысты адамдардың психологиясы мен мінез-қулқына тән ерекшеліктерді меңгеру үрдісі.

Жыныстық-рөлдік жіктелуде негізгі қызметті ата-аналар атқарады. Отбасында жыныстық-рөлдік мінез-құлық тәрбиесінде балалар үшін үлгі-өнегенің көзі — ата-аналар болып табылады. Балаларға ата-аналарынан олардың жыныстық-рөлдік ұстанымдары, соған сәйкес талаптары мен мінез-құлық үлгілері беріледі. Отбасында, әсіресе, ананың рөлі орасан зор. Қыз балаларға оның үлгісі, ер балаларға әкенің жеке басының өнегесі ерекше әсер етеді. Әкелеріне негізінен ер балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жүктеледі, олардан қыз балаларға қарағанда, ер балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу талап етіледі. Қыз балалар тәрбиесімен негізінен анасы айналысады.

Осындай    әлеуметтену    жағдайында    мерзімді    басылым,  бұқаралық    ақпарат құралдары ерекше рөл атқарады. Сонымен, қазіргі қоғамда жыныстық-рөлдік тұрақты көзқарастар

 

 Идентификация — identificatio деген латын сөзі, қазақшасы ұқсас, бірдей деген мағынаны білдіреді. мен мінез-құлық түрлерін балаларда қалыптастыру үшін құралдар жеткілікті, екі-үш жас шамасыңда балаларды белгілі бір жынысқа тән мінез-құлық белгілері мен түрлері, көзқарастары мен бағалар анық аңғарыла бастайды.

Кейбір жүргізілген эксперименттерде белгілі бір адамдар мен балаларды идентификациялауға мүмкіншілік жасайтын тетіктер мен шарттар ашып көрсетілді. Мәселен, идентификацияның нысаны көп жағдайда үлкендер болатындығы, оларға негізінен балалар көп еліктейтіндігі атап көрсетіледі.

Отбасында ана ықпалды болған жағдайда, қыз балалар негізінен әкесіне емес, анасындай болуға еліктейді; ал ер балаларда ерлердің мінез-құлқы мен қасиеттерін алуда қайшы келетін дамудың белгілі қиындықтары пайда болуы мүмкін. Ал әкенің беделі басым болса, керісінше, қыздар көп жағдайда өздерінің әкелеріне ұқсауға ұмтылады. Сонымен қатар бір уақытта қыз балалардың бойларында анасына тән көптеген мінез белгілері қалыптасады.

Әлеуметтенудің басқа да факторлары — еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм).

Еліктеу — бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс-әрекеті.

Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу қозғалысының әртүрлі түрлерін жоғары сатыдағы жануарларда, алдымен адам тәріздес маймылдарда аңғаруға болады. Адамдарда бөбектік және мектепке дейін жас кезеңдерінде ерекше анық байқалады. Ересек адамдарда басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рөл атқарады.

Сендіруді үрдіс ретінде қарастыра отырып, оның нәтижесінде адамның қатынас жасайтын басқа жолдардың ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендіру тетігі арқылы басқа адамдардың көңіл-күйін білеміз, дұрыс түсінеміз.

Әлеуметтік фацилитация — бұл бір адамдардың мінез-құлқының басқа адамдардың іс-әрекетіне ынталандырушылық ықпалы, оның нәтижесінде іс-әрекет ерікті, белсенді және интенсивті іске асады (фацилитация — жеңілдету мағынасында қолданылады). Еліктеу және сендіру фацилитациямен бірге жүреді, ол көптеген жағдайда таныс, жақын адамдардың төңірегінде көрінеді.

Таныс емес, шет адамдардың арасында қолайсыздық, берекеті кету сияқты балаларда қарама-қарсы құбылыс — әлеуметтік ингибиция аңғарылады (ингибиция — тежелу деген мағынаны білдіреді).

Әлеуметтік ингибиция жеке тұлғаға жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгеруін кедергі келтіреді және әлеуметтенуге қарсылық білдіреді.

Әлеуметтік психологияда басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм) сияқты әлеуметтену тетігіне ерекше мән беріледі. Конформизм дегеніміз адам мінез-құлқының бір түрі. Ол саналы түрде қоршаған ортадағы адамдардың көзқарасымен алшақтық байқағанына қарамастан іштей олармен келісімге барады. Конформизм — басқаның айтқанына көнгіштік, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынастың өзіне артық қиындық туғызбау үшін басқаның айтқанына көну, келісімге келу.

 

 

Тақырып 3. Қазіргі кездегі тұлға теориясы.

1. Тұлғаның зерттеуіндегі негізгі тарихи кезеңдер.

2.Тұлғаның психологиялық мәселелерінің теориялық талдамасындағы жаңа тенденциялар.

 

§2. Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары

XX  ғасырдың бас кезінде ғылыми білімнің ең алдымен дамыған сұраныстарының салдарынан санада интроспективтік психологияның тоқырауы байқалды. Иностроспективтік психология тәжірибелік талдауды талап ететін проблемалардың алдында әлсіздік танытты. Капитализмнің тез қарқынмен дамуы анықталатын тәжірибенің сұрақтарын бұрынғы субъективтік әдістермен қанағаттандыру мүмкін болмады.

Психология ғьшымының тарихын зерттеушілердің бірі профессор М.Г.Ярошевскийдің айтуынша, сана психологиясының тоқырауы, әсіресе Францияда тоқырау бастағанға дейін ерекше кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижелері дайындалды. Бұл зерттеулер адам психикасына кейде санасыздық көріністер тән екендігін дәлелдеп берді. Санасыздық саласына клиникалық және эксперименталдік талдау жасалынды.

Жан-жақты зерттеу жұмысын Шарко (1825-1893) жүргізді. Оның жетекшілігімен аса дарынды француз психологі Пьер Жане (1859-1937) және психоанализ бағытының негізін салушы Зигмунд Фрейд (1859-1939) өз жұмыстарын бастады. Көрнекті француз психологі Альфред Бине объективтік өдістерді зерттеп, талдады. Ол балалардың интеллектісінің даму деңгейін анықтау үшін тестілер жасады. Интроспективтік әдіс жаңа объективтік талдау жөне эксперименттік зерттеу әдістерімен салыстырғанда кейінгі қатарға ығыстырылды.

Сонымен, XX ғ. бас кезінде психиканы эксперименталдік зерттеулер психологияға сана турлы ғылым деп анықтама берудің дұрыс емес екендігін дәлелдеді.

Бұл кезеңде психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі ерекше рел атқарды. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша, психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан, тірі организмнің бейімделу іс-әрекетінен боліп алып қарауға болмайтындығын дәлелдеді. Эволюциялық теорияның әсерімен бала психикасы мен жануарлар психикасын зерттеулер жан-жақты қолға алынды. Онда интроспекция әдістерінің қолдану мүмкіншіліктері шектеліп, адам психикасын зерттеуге генетикалық және салыстырмалы түрде қарауға ерекше мөн берілді. Осындай қалыптасқан жағдайдан, тоқыраудан шығудың жолдары іздестіріліп, әртүрлі теориялар мен бағыттар қалыптасты. Сондай теорияларға бихевиоризм, гештальпсихология және психоанализді (фрейдизм) жатқызуға болады. Олардың барлығы бір кезеңде жан туралы ғылымның жалпы тоқырауы негізінде дүниеге келді.

Бихевиоризм - XX ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген себептерге байланысты қалыптасқан психологиялық бағыттардың бірі. Бихевиоризм теориясының негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-қүлқы болып табылады. Мінез-қүлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды. Бихевиоризм бағытының көрнекті окілі америка ғалымы, әрі психологі Джон Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәстүрлі психологияның пәнін, жан құбылыстарын жаңа мінез-құлық психологиясымен өзгерту қажеттігін ұсынды.

Бихевиоризм behaviour - деп аталатын ағылшын сөзінен шыққан, қазақшалағанда мінез-құлық мағынасында қолданылады. 1913 жылы америка психологі Джон Уотсон психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарастырды. Жаңа бағыттың пайда болуы "Психология, оны бихевиорист қалай көреді" атты мақаланың шығуымен ерекшеленеді. Оның авторы Уотсон психология басқа жаратылыстану ғылымдарының арасында өзінің лайықты орнын алуға тиісті деп жазды. Оның айтуынша, қазіргі кезге дейін психологияның пәні және зерттеу әдісі теріс түсіндіріліп келді және психологияның зерттеу нышаны сана емес, мінез-құлық, ал интроспективтік әдістің орнына — субъективтік әдіс деп тұжырымдады. Бұл мақаланы батыс психологтары "бихевиористік төңкерістің" басталуы деп бағалады. Мақаладан кейінгі 10 жылдықта бихевиоризм толқыны барлық америка психологиясын қамтыды.

Бихевиоризм психологиядағы прагматистік бағыт, оның пайда болуы тез қарқынмен дамып отырған капиталистік экономиканың сұраныстарына байланысты. Бихевиористердің мақсаты - психологияны мінез-құлықты басқаруға қабілетті білімнің саласына айналдыру. Д.Уотсонның түсіндіруінше, бихевиоризмнің түпкі мақсаты - адам мінез-құлқын түсіндіру. Бұл үшін 3 жағдай жеткілікті деп есептеді: мінез-құлықтың өзін суреттеу, организмге өсер ететін ішкі, сыртқы дене стимулдарын және оған жауап беретіп мінез-қүлық реакциясын байланыстыратын заңдарды тану. Адам жануарлардан тек мінез-құлық реакцияларының күрделілігімен, оларға жауап беретін стимулдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Бихевиористердің делелдеуінше, негізгі ғылыми ұғымдар болып табылатын стимул — сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция - тітіркендіргішке ағзаның жауабы және стимул мен реакцияның байланысы - ассоциация. Сонымен, Уотсон санадан ғылыми категория ретінде бас тарта отырып, езінің еңбегінде И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы әдістемесіне сүйенеді.

Бихевиоризмнің пайда болуына америка зерттеуші-ғалымы Э.Торндайктің (1874-1949) еңбектерінің үлкен әсері тиді. Э.Торндайктің негізгі зерттеулері жануарларға жүргізілді, олар "проблемалық жәшік" деп аталатынға орналастырылды. Э.Торндайк "проблемалық жәшіктегі" жануарларлардың мінез-құлқын бақылап, байқау және қателесу әдісімен әрекет ете отырып, жануарлар кездейсоқ нәтижеге жетеді деген қорытындыға келеді. Үйрету, бейімделу реакциясын қалыптастыру бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде іске асады (жаттығу заңы). Егер реакциядан кейін ағза үшін жағдай ойдағыдай іске асатын болса, реакция бекітіледі, стимул мен реакцияның арасында берік байланыс қалыптасады (тиімділік заңы).

Ашылған заңцылықтарды бихевиористер механикалық түрде адамға пайдаланды. Адамдардың жануарлардан айырмашылығын олар реакциясының өте күрделі сипатынан көреді.

Бихевиористер мінез-құлықтың ортаның әсеріне байланыстылығын дұрыс анықтап берді. Бірақ олардың тұжырымдамасы механикалық сипатта болды. Олар кері реакцияның тек стимулмен емес, сонымен қатар ішкі жағдайлармен байланыстылығын ескермеген.

Жануарлар психикасын зерттеуге адам мінез-құлқы моделі тұрғысынан қарау дұрыс, бірақ жануарлар мен адам психикасының сапалық ерекшелігі бұрмаланды. Джон Уотсон адамның мінез-құлқы тітіркендіргіштерге бағанштылығы туралы ғылымды байыта түсті. Бұл байланыстылықты S→R (стимул - реакция) формуласы түрінде бейнеледі.

Бихевиоризмнің негізіне психологиялық зерттеулердің пәні ретінде психиканы, сананы жоққа шығару жатады. Зерттеу нышаны ретінде мінез-құлықты мойындайды. Психология ғылымына мінез-құлық пен ортаның арақатынасының заңдылықтарын зерттеу ұсынылды. Бихевиористер жануарлар сияқты адам да жай тетік, машина төріздес сыртқы ортаның өсеріне жауап береді дегеңці айтады.

1925 ж. Джон Уотсонның  кезекті еңбегі "Бихевиоризм" атты кітабы жарық көрді. Бұл  еңбекте негізгі идея сыртқы  ттркендіргіштердің нәтижесіңде  кез-келген келбеттегі, мінез-құлықтағы  адамды "жасауға" болатындығы  айтылды. Бұл еңбекте тек туа  біткен қасиеттердің мәні жоққа шығарылған жоқ, сонымен қатар жеке тұлғаның өзінің сенімі, ұстанымы және қатынастары жоққа шығарылды.

30-жылдардың өзінде бихевиоризм  идеясының өміршеңдігі, оның мәнділігі  бірте-бірте шайқала бастады. Америкада  кезекті экономикалық тоқырау басталды, жағдай жұмыссыздық, халықтың жағдайы одан әрі нашарлай түсті. 

Көрнекті америка психологі Роберт Вуцворте функционалцық психологияның негізін салушылардың бірі (1869-1962) болды. Ол бихевиористердің ұсынған "стимул — рекация" үлгісін жоққа шығарып, оның құрамына аралық буын — ағза мен ұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді таңдады. Сонымен, бихевиоризм қатты сынға алынып, мінез-құлық психологиясының реформасы басталцы. Ол реформаны Эвард Толмен және Кларк Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал жаңа бағыт "необихевиоризм" деп аталды. Олардың айтуынша, психологиядан дәстүрлі ұғымдарды: образ, түрткі және т.б. шығарып тастау мүмкін емес, олар реакция мен стимулдың арасында тұрады деді.

Сонымен бихевиоризм барлық өз тарихының барсында психологияны мінез-құлық ағзасы туралы жаратылыстану ғылымына айналдыру ұранымен шұғылданды. Бихевиоризмнің және необихевиоризмнің барлық нұсқаларының негізгі кемшілігі — олардың әдіснамалық негізі позитивизм және адам механикалық философиясы. Бірақ, нәтиже көрсеткеңдей, осы екі әдіснамалық ұстаным негізсіз болды.

Психоталдау (фрейдизм). Тоқырау кезінде пайда болған екінші бағыттардың бірі психоталдау (фрейдизм) болып табылады. Оның негізін қалаған австриялық психиатр және психолог Зигмунд Фрейд. Психоталдау бағыты окілдерінің бахевиористерден, гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғылыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологияның өз шеңберінде табуға ұмтылды.

Фрейдизм, оның негізі мынада — адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шыңдығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең алдымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.

Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін психотерапевтік тәжірибені талдаудан және жинақтаудан бастауы кездейсоқ емес, содан кейін жинақтаған тәжірибені психологиялық теорияға айналдырды. Фрейдизм үшін негізгі ұғымдарға "сана" және "санасыздық" жатады. Психоталдау ілімінің болашақ тағдыры және оған кезқарас әртүрлі елдерде түрліше қалыптасты. Алғашында Фрейдтің ең жақын шәкірттері мен ізбасарлары және психиатор-дәрігерлердің кейбіреулерінен басқалары оған өте салқын қатынаста болды. Кейіннен психоталдау бағытын жақтаушылар Германия мен Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні бүгінге дейін кеңінен таралды.

Информация о работе Психология және адам дамуы