Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Жауаптардың нәтижелері таңдау матрицасы деп аталатынға енгізіледі. Оның саны өлшемдердің санына сәйкес келеді. Таңдау матрицасы социометриялық талдау үшін негіз болып табылады. Мәліметтерді сұрақ карточкаларынан матрицаға көшіргенде жағымды таңдаулар + түрінде белгіленеді, жағымсыз -, қалай болса-солай қарау 0 арқылы белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 3. Психика және сана.

  1. Психика мен сананың дамуы.
  2. Психика жайлы түсініктер, психиканың байқалуының формалары.
  3. Психиканың құрылымы.
  4. Психиканың рефлекторлы табиғаты мидың жүйке жүйесінің қызметі ретінде. Психологиялық заңдылықтардың объективті сипаты.
  5. Психика және ми, психиканың қызметтері.
  6. Психика эвалюциялық үрдістің факторы мен өнімі ретіне.
  7. Сананың құрылымы және оның негізгі психологиялық сипаттамасы.
  8. Сана психиканың дамуының жоғары сатысы ретінде.
  9. Сана мен санасыздықтың әрекеттестігі. Психологиялық қорғаудың тәсілдері.
  10. Жанды және жансыз табиғаттағы бейнелеудің деңгейі мен формасы.
  11. Жануарлардағы психикалық бейненің даму деңгейі мен сатысы жайлы А.Н.Леонтьевтің болжамы, оны анықтауы және К.Э.Фабридің ары қарай жетілдіруі.

 

1. Ми құрылымы мен қызметі

Адамның психикалық әрекет заңдарын, оның желісі мен құрылым ерекшеліктерін айқын түсіну үшін  жан әрекетін туындатушы тән - адам миының құрылымымен танысып, оның жан күйі көріністерінің сол тән бөлігімен қандай байланыста болатынын білу қажет.

Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюция-сында - қарапайым бір жасушалы жануарлардан адамға дейін - қылық-әрекеттің физиологиялық механизмдері үздіксіз жетілуде болды. Мысалы, бір жасушалы организмнің жалғыз-ақ жасушасы тіршілікке қажет барша қызметтерді (түйсік, қозғалыс, ас қорыту) орындай алды. Бірақ оның мүмкіндіктері шектеулі болды. Ал жоғары дамыған жануарларда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері даралана бастады. Қажеттікке орай жеке мүшелер және олар-дың қызметі жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара байланысын  орталық жүйке жүйесі (центральная нервная система) қамтамасыз етті.

Жүйке жүйесінің жалпы түзілімі барша омыртқалыларда бірдей. Бұл  жүйенің негізгі элементі - жүйке жасушалары немесе нейрондар. Нейрон жасуша тәнінен  (дендрит - қозу қабылдау) және өсінділерден (аксон - қозуды жеткізу) құралады. Аксонның дендриттермен, не басқа жасуша денесімен байланысы синапс деп аталады. Синапс жүйке жүйесіндегі жаңа байланыстар механизмін түсіндіруде шешуші маңызға ие.

Орталық жүйке жүйесі арқа және бас миынан тұрады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарылаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен жайласқан - арқа миы, оның қызметі - бұлшық ет топтары мен  ішкі мүшелер қызметін реттеу. Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша ми дененің күрделі қызметтерін орайластыра басқарады (бұлшық ет топтары, дем алу, қан айналымы, ас қорыту және т.б. жұмыстарды біріктіру). Бұлардан жоғарылау орталық жүйке  бөлігі - күрделі қозғалыстар мен бүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын - орта ми жайғасқан. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. Орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөліктері бас миының үлкен жарым шарларына біріккен. Үлкен жарым шарлар құрамына қабық асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді. Жарым шарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты - бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде. Жақын маңда жатқан көру төмпешіктері мен қабық асты түйіндері қосылып қабық асты деп аталады. Ми қабығы қабық астымен қосыла рефлекторлық әрекеттің күрделі формаларын басқарады .

Бас миының бағаналы бөлігі күрделі де тіршілікке өте қажет шартсыз рефлекстік әрекеттерді басқаратын орталық. Сору, шайнау және жұтыну рефлекстері осы тетік құрамындағы сопақша мидің жауап әрекет орталығынан басқарылады. Кейбір қорғаныс рефлекстерін (түшкіру, жөтел, жас ағу) де осындағы жүйке іске асырады.

Орта мида көз бен құлақ қозуларын қозғалыс аймағына жеткізетін орталықтармен қатар к?з қарашығын тарылтатын жүйке тетігі жайғасқан. Сопақша мида орналасқан дем алыс, ж?рек-тамыр мүшелерінің қызметін, сонымен бірге организмнің ішкі құрылым тұрақтылығын сақтаушы басқа да органдардың жұмысын реттеуші орталықтар ерекше маңызға ие. Өте күрделі қызметтер мишыққа жүктелген. Бүкіл сүйек - бұлшық ет жүйесіндегі әрекет: жүру, жүгіру, секіру т.б. кезіндегі дене теңдестігін сақтауға орай барша бұлшық еттерді басқару - осы мишықтың міндеті.

Адамның саналы әрекетін реттеп, басқарушы орган - үлкен ми сыңарының қабығы, сондықтан да адам психикасы мен үлкен ми сыңарлары арасындағы байланыс, қатынас мәселесі - маңызды проблемалардан, осыдан ғылымда психикалық қызметтердің ми қабығында мекенді болу (локализированность) теориясы көтеріліп жүр.

"Психикалық қабілеттердің  мекендігі" теориясын бірізді  жолға түсіруге күш салған  Ф.А.Галль (ХІХғ. басы) болды. Оның болжамынша, әртүрлі психикалық "қабілет-тердің" негізі (субстраты) осы қабілеттердің дамуымен өрбитін бас миы қабығындағы жүйке еттерінің (ткань) кішігірім ауданшалары. Осылай тұжырымдаумен, ғалым көптеген қасиеттердің мекенін белгілеп берді: мыс., адалдық, ұқыптылық, махаббат ж.т.б. Зерттеушінің пікірі: әртүрлі қабілеттер адам миында нақты мекеніне ие және ол мекенді бас сүйегіндегі шығыңқы томпақтардан байқауға болады.

Ми қабығындағы қызмет мекендігі туралы осы заманғы ғылыми түсінімнің негізін 1861 ж. сөйлеу орталығын ашумен француз ғалымы П.Брока қалады. Кейін, 1873 ж. неміс ғалымы К.Вернике сөз ұқпау (словесная глухота) орталығын тапты. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, сырқаттарды бақылаудың нәтижесінде ми қабығының шектелген ауданшаларының зақымдануы белгілі жан қызметтерінің жоғалуына әкеп соғатыны дәлелденді. Осыған орай бас миы қабығында нақты психикалық әрекетке жауапкерлі жүйке орталықтары белгіленді.

Үлкен ми сыңарларының бүкіл бет аймағын бірнеше көлемді бөліктерге жіктеу мүмкін. Бас миы аймақтары: ми сыңарларының сыртқы бөлігі - желке аймақ (қарақұс), ол алдыңғы тарапта төбе (еңбек) аймақтарына жалғасады. Алдыңғы, аумағы бойынша ми сыңарларының ең үлкен бөлігі - маңдай аймағы - адамда ғана жақсы дамыған. Осындай бөлектеулерге орай көру әсерлерінің анализі мен синтезі қабықтың желке аймағында (көру зонасы); есіту тітіркендіргіштерінің анализі мен синтезі - желке аймағының жоғары бөлігінде (есту зонасы); сезу және бұлшық ет-сүйек аппаратындағы тітіркенушілер - төбе (ең-бек) аймағының алғы бөлігінде орындалады.

Адам не жануар тіршілігінде қайбір тітіркену неғұрлым маңызды болса, бас миы қабығының соғұрлым үлкен бөлігі осы тітіркенуді беретін сезім органына "жұмыс" істейді.

Ал анағұрлым күрделі психикалық әрекеттерге байланысты  ми қызметін бүтін, бір топ органдардың бірлігі, яғни күрделі қызметтік жүйе орындайды (П.К. Анохин).

Күрделі психикалық процестердің мидағы ұйымдасуын жете түсіну үшін адам миы қызметі жөніндегі осы заманғы ғылыми деректерді білу қажет. Мұндай ұйымдасу принциптері көрнекті психолог-ғалым А.Р.Лурия тарапынан нақтыланған. Жантану үшін өте маңызды бас миы аппараттарының қызметімен байланысты бұл принциптер келесідей:

- Ақпаратты қабылдау  мен өңдеуді қамтамасыз етуші, өз әрекетінің бағдарламасын  түзу мен олардың тиімді қызметте болуын бақылайтын адамның бас миы құрылымдары әрдайым бүтін бірлікте жұмыс етеді. Бірақ бұл аппарат өте күрделі әрі жете дараланған (высокодифференцирован) бірнеше бөліктерден тұрады, енді осы көп бөліктердің бірі өзінің қалыпты ісінен ауытқыса, бүтін аппараттың қызметіне зақымын тигізеді. Адам бас миында әдетте үш негізгі блок (тобы) байқалады, олардың әрбірі психикалық әрекетте өзінің ерекше маңызына ие. Олардың бірі - ақпарат қабылдап, өңдеуге; сонымен бірге бағдар түзу процесі мен олардың іске асуын қадағалап баруға қажетті ми қабығының іс қуатына жәрдем береді. Екінші блок - адамға сыртқы қоршаған орта мен өз тәні мүшелерінен жетіп келген ақпараттардың қабылдануы, өңделуі және сақталуына байланысты процестерді жүргізеді. Ал үшіншісі - әрекет жоспарын түзеді, оның орындалуын реттеп, іске асырады және табысты нәтижеге жетуіне бақылау қояды. Аталған үш блок бас миының оқшауланған бөлімдерінде орналасып, олардың үйлесімді жұмысының арқасында ғана адамның саналы іс-әрекеті тиімді бағытта өтеді. Әр блоктың өзіне тән сипаттамасы бар. Бірінші блок - ми қабығына қуат беру (тонус) блогі, немесе энергетикалық блок.

Блок құрамына енген бүкіл тетіктер тобы (комплекс) ми қабығының қалыпты жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Оның мәні: қабықтың тұрақты қуаты, негізінен, екі себепке орай қолдау табады. Бірінші себеп: ми қабығының сергек (бодрствование) қалпын сақтау үшін оған сыртқы орта ақпараты ізін үзбестен, легімен келіп, еніп жатуы лазым: мұндай тысқы әсер болмағанда, жануар мүлги бастайды, не ұйқыға кетеді. Сонымен, ми қабығының сергектік көзі - организмнің шеткі аймақтарынан (периферия) түсетін тұрақты тітіркендіргіштер, ал бұларды жеткізетін мидың жоғары бағанасы.

Ми қабығы қуатының тұрақтылығын қолдаушы екінші көз - бұл организмнің ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын - импульстер. Ми қабығында тіл, сөз араласуымен тек адамға қатысты ең жоғары ниеттер мен қажеттіктерді пайда етуші ақпараттарға орай туындайтын әрекет-қылық бағдарламасының қуатын сақтауда маңызға ие болған үшінші көз - бәсеңдеуші ретикулярлық формация. Бұл ми тетігінің жұмысы адамның саналы әрекетімен пайда болатын күрделі ниет, ұмтылыс, қажетсінуге байланысты.

 

2. Мидың  ақпаратты қабылдау, өңдеу  және сақтау қызметі

Сонымен, бірінші блок ми қабығының қуатын ғана қамтамасыз етеді. Ал енді әңгіме болатын, екінші блок сезім органдары сырттан жеткізген сигналдардың анализі мен синтезіне байланысты іс атқарып, адамға келіп түскен ақпаратты қабылдайды, өңдейді және сақтайды. Оның құрамындағы аппараттар бас миы қабығының артқы (еңбек, шеке, желке (қарақұс) бөліктерінде орналасып, бірінші блокта жоқ арнайы қызметтік сипатқа ие. Осы тетіктер жүйесі арқылы ми көру, есіту және сезу сигналдарын қабылдайды, өңдеп, бекітеді, алынған т?жҢрибенің іздерін есте қалдырады.

Қабылдаушы аппараттардан (рецептор) шыққан талшықтар осы бөліктерге жетіп, бітеді; осы арада келіп жатқан көру, есту және сезу (тактиль) ақпараттары жіктеледі, "тіркеуге" алынады. Бұл зонада күрделі болған құрылымда бас қосып, бірігеді және  кірігеді. Шеткі сезім органдарынан талшықтар жетіп, тікелей байланысатын қабық зоналары алғашқы немесе құрастырушы аймақ деп аталады да, осы құрастырушы аймақпен жанасып, қабысатын ми қабығы зоналары туынды немесе құрастыру-байланыс түзуші (проекционно-ассоциатив) аймақтар аталған.

Сезімдік қабықтың алғашқы аймақтары арнайы қызметтік белгілерді (көру, есіту, сезу) жіктеп, талдайды, яғни келіп түскен ақпаратты мәнді бөліктерге бөлшектесе, қабық бөліктерінің екінші, туынды зонасы біріктіру (синтез) қызметін, немесе субъектке жеткен ақпараттың күрделі өңдеуін жүргізеді.

Талдағыш блок аппараттары алғашқы және екінші бөліктермен шектелмей, олардың жоғарысына қабықтың үшінші зона тетіктері қондырылған. Бас миы қабығының үшінші зонасы тек адамда ғана түзілетін арнайы ми қабығы құрылымдарының бірі.

 

3. Іс-әрекет бағдарламасын түзу, реттеу және бақылау ми қызметі

Бас миының үшінші блогі адамның белсенді әрекетінің бағдарламасын түзіп, оны реттеп және бақылап барады. Оның құрамына үлкен ми сыңарларының алғы бөліктеріндегі маңдай аппараттары кіреді. Адамның саналы іс-әрекеті ақпаратты қабылдау мен өңдеуден басталып, тиісті іс жоспарын түзіп, қажетті ниет қалыптастыру және түзілген іс-әрекеттік бағдарламаға орай тысқы (қозғалыс), ішкі (ой-ақыл) жұмыстарды орындаумен аяқталады. Бұл процестің іске асуы,  керекті ниеттер мен ұмтылыстарды түзіп, сақтау және ниетке сай жасалған бағдарламаны орынды жерінде жүзеге келтіріп, бастапқы мақсат пен әрекет нәтижесін салыстыра, байқап бару үшін арнайы аппарат қажеттік етеді.

Аталған қызметтердің бәрі мидың алдыңғы бөліктері мен олардың маңдай шектерінде іске асып отырады. Мидың артқы бөліктері сияқты, алдыңғылары да төмен жайғасқан ретикулярлық формациямен тығыз байланысқан. Бұл арада қабықтың маңдай шектерінде туған импульстерді жеткізетін ретикулярлы формация талшықтары (өрлі және төмен бағыттағы) өте күшті дамып, шоғырланған. Осылардың арқасында қабықта қалыптасқан тілек-ниеттердің мазмұнына сай организмнің жалпы қалпы реттеліп, керек болса, өзгертіліп тұрады.

Маңдай аймағының зақымдануынан сырқаттар тілек-ниеттерін ұзақ уақыт сақтай алмайды, әрекет бағдарын ұмытып қалады, бағдарламаға тура болмаған импульстерге қарсы тұра алмай, әрекетті қажеттілікке орай басқара алмайды. Мұндай науқастар өз назарын алдында тұрған міндетке шоғарландыра алмай, ойын басқа бірдеңеге ауыстырып жібереді.

4. Ми қызметінің  физиологиялық  негіздері

Жан әрекеттері негізінде жатқан мидың күрделі жұмыс формалары рефлекстер (жауап әрекеттер) сипатында құрылған. Барлық рефлекстер екі үлкен - шартты және шартсыз - топқа бөлінеді. Шартсыз рефлекстер тума, көп өзгеріске келе бермейді, бас ми қабығынан төмен орналасқан жүйке жүйесінің бөліктерімен іске асырылады. Мұндай рефлекстер организмнің қоршаған ортаға икемделуін шектелген жағдайларға байланыстырып, аздаған тітіркендіргіштерге жауап күйінде, тұрақты сипатқа ие болады. Сондықтан шартсыз рефлекстер жәрдемімен сырттың ауыспалы әсерлеріне онша икемсіз келетін организм әрекеттері ғана бастау алады. Ал қоршаған орта жағдайлары өте көп өзгере беретіндіктен, олармен бірге ауысып тұратын басқа да жауап әрекеттер формасы өте қажет.

Организмнің тіршілік барысында (өмірлік тәжірибе негізінде) қалыптасатын жаңа өзгермелі әрекет - жауаптар формасы - шартты рефлекстер аталып, олар жоғары дамыған жануарлар бас миы қабығында жасалады. Шартты рефлекстер түзілуде организм үшін бұрын мәнге ие болмаған тітіркену әсері енді организмге тікелей маңызды басқа тітіркендіргіштің сигналына айналады. Бұған дейін бейтарап әсер енді жаңа сигналдық қызметке ауысады.

Информация о работе Психология және адам дамуы