Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат
Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.
Психологияның зерттейтін құбылыстарының саласы жан-жақты. Ол адамның әртүрлі қиындық сатысы бар психикалық үрдістерін, психикалық қалпын және психикалық қасиеттерін қамтиды.
Өткен онжылдықтарда психология негізінен теориялық (дүниетанымдық) пән ретінде белгілі болды. Қазіргі кезде оның ролі қоғамдық өмірде ерекше өзгерді. Психология бірте-бірте білім беру, өндіріс, мемлекеттік басқару, медицина, мәдениет, спорт және т.б. жүйеде кәсіптік-практикалық іс-әрекеттің ерекше саласы болып табылады.
Бүгіндері қоғамның барлық саласында «адам факторының» мәні арта түсуде. «Адам факторы» деп адамдардың меңгеретін әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасиеттердің жан-жақты көлемін түсінеміз.
Психология ғылымының алдында тұрған міндеттер туралы айтқанда, адам бар жерде, әртүрлі міндеттерді орындау барысында «адам факторы» әруақытта да ескерілуге тиісті. Халық ағарту жүйесінің барлық салаларынды (мектепке дейінгі білім беру, арнаулы орта білім беру, жоғары мектеп) психологтарға бағытталған проблемалар туындауда.
Психология ғылымының шешетін қолданбалы міндеттерінің рөлін қоғамның түсіну халық ағарту органдарында әртүрлі тармақталған психологиялық қызмет көрсетуді жасау идеясына алып келді. Қазір ондай қызмет көрсету жасалып, ғылым мен тәжірибеде қолданудың байланыстырушы буыны болып келеді.
Психологияның негізгі міндеті адамның психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Психологияның заңдылықтары көрсеткендей, адам миында объективтік дүниені қалай бейнелеуге, адам қоршаған ортадағы объективтік дүниені қалай танып білуге болады? Психологиялық заңдылықтар, психикалық іс-әркет қалай дамиды, жеке тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасады, міне, осыларды ашып көрсетеді.
Пчихология психикалық үрдістерді мидың бейнелеу іс-әрекетінің негізі болып табылатын жүйке-физиологиялық үрдістерімен бірлікте зерттейді.
Жоғарыда айтылғандардан біз психологияны практикалық қолдану мүмкіндіктері орасан зор екендігін білеміз. Ерекше атап айту керек, бұл бағытта әртүрлі деңгейдегі міндеттерді шешуге тура келеді.
Қазіргі адамзаттың алдында тұрған жаһандық проблемаларды шешуде де психологияның атқарар жүгі ерекше. Бүгінгі күннің ғаламдық проблемаларының психологиялық астарын анықтауда (дүниеде бейбітшілік сақтау үшін күрес, қошаған ортаны қорғау, космосты игеру), оның ішінде, адамдардың күнделікті өмір мәселелері (эмоциялық қиыншылықты жеңу, адамдар арасындағы даудамайды шешу т.б.) психология ғылымның алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып есептеледі. Психологияның адам туралы ғылымдар жүйесінде алатын орнын бағалай келіп, проф. Б.Ф.Ломовтың айтуынша, зерттеу нысаны адам туралы барлық ғылыми пәндердің интеграторы психологияның алатын орнын дұрыс бағаланды.
Психологиялық ілімдердің тарихынан
Қоғамдық өмірдің қажеттілігі ерте кезден бастап, адамдарды өздерінің іс-әрекетінде қоршаған ортаның психикалық келбетінің ерекшеліктерін айыра білуте және ескеруге мәжбүр етті. Алғашқы кезде бұл ерекшеліктер "жанның" іс-әрекетімен түсіндірілді "Жан" ұғымының пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың анимистік көзқарастарымен байланысты.
Алғашқы қауымдық кезендегі адамдардың түсінігінде "жан" адам денесінен айқын бөлінбейді. Бұл көзқарастар тіршілік құбылыстары мен сананы ғылымға дейінгі қарапайым материалистік талдау нәтижесінде қалыптасты, оның ішінде ұйқы, өлім т.б. Осындай құбылыстардың себебі мен сырын түсіндіре білмегендіктен, алғашқы адамдар оларды шындықтың мәні ретінде қабылдады.
Мәселен, түс көруді жанның ерекшеліктерімен түсіндіруте ұмтылды, түс кезінде жан адамның денесін тастап, әлемде сапар шегетінін түсінді. Алғашқы адамдарда өлім өмір үрдісінің ең соңғы кезеңі екені туралы түсінік болмады. Сондықтан да өлім түс көрудің түрі ретінде қабылданды. Бұл жанға тәуелділік туралы түсініктер алғашқы адамдардың табиғат алдындағы әлсіздіктеріне байланысты қалыптастын.
Одан әрі қоғамның дамуына, дене еңбегі мен өндірістің рухани күштерінің саралануына, таптық қоғамның пайда болуына байланысты жанның материалдық табиғаттан тыс екендігі туралы идеялары қалыптасты. Бұрынғы анимистік, мифологиялық түсініктер жанды натурфилософиялық дүние тұрғысынан түсіндіру көзқарасына жол бере бастады.
Бізге дейінгі ерте кезде, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен жазба ескерткіштердің материалдары дәлелдегендей, психологиялық құбылыстарға қызығушылық адамдарда ерте пайда болды. Ол біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың орта кезінен бастап қалыптасты, оған ертедегі грек философтары Демокриттің, Платонның, Аристотелдің және басқаларының ғылыми трактаттары дәлел болып табылады.
Көптеген ертедегі ойшылдардың көзқарастарына ортақ болған "психология" сөзінің орнына "жан" ұғымын-қолданады және ерекше мәнді құбылыс ретінде қарастырады.
"Жанды" түсіндіруде
ертедегі ойшылдардың
Платонның шәкірті - Сократ "жанды" материалистік бағыттың өкілдерімен салыстырғанда басқаша түсіндірді. Ол мәңгі бақи және өзгермейтін мәңгілік заттардан тәуеліз идеялардың өмір сүретінін ұсынды. Платон ойынша, жан идеялар мен материалдық дененің арасында әмір сүреді, оларды біріктіріп түрады, жан-заттар дүниесінің туғызған жемісі емес, идеялар дүниесінің жемісі. Жанның барлық бөліктері, Платон бойынша, бір-бірімен тиімді арақатынаста болуы тиіс, ал егер оның арақатынасы бұзылатын болса, онда психика мен мінез-құлықта әртүрлі ауытқушылықтар пайда болады.
Аристотелдің көзқарасы алғашқы жан туралы ілімнің шыңы болып табылады. Ол - алғашқы "Жан туралы" ғылыми-психологиялық еңбектің-трактаттың авторы. Аристотель бойынша, жан — тірі материяға тән жаңды бастама. Аристотель адамда болатын негізгі 5 сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс. Оларды алғаш рет ғылыми тұрғыдан түсіндірді. Адамзаттық іс-әрекеттерді және адамдардың мінез-құлқын этикалық-психологиялық тұрғыдан түсіндіруде сіңірген еңбегі ерекше. Егер де жан болмаған болса, Аристотелдің айтуынша, бүкіл тіршілік болмаған болар еді.
Адам жаны өлмейді, ол өмірден кеткенмен, жоқ болып кетпейді, дүниеге қайта оралады, барлық кеңістікке кеңінен тараған жан атомдары түрінде іске асады. Ертедегі дүниеде басталған "жанды" ғылыми зерттеу алғаш рет Аристотелдің психологиялық еңбектеріңде бір жүйелі қолға алыңды, орта ғасырда негізінен діни-мистикалық көзқараспен, схоластикамен және рух философиясымен ауысты.
Қайта өрлеу дәуірінде қайтадан "жанның" ғылыми-жаратылыстану зерттеулеріне қызығушылық пайда болды, бұл кездегі қол жеткен табыстар Р.Декарт, Т.Гоббс, Б.Спиноза, Д.Локк және тағы басқа да европа ғалымдарының есімдерімен байланысты. Декарт алғашқылардың бірі болып, ғылыми тұрғыдан жанның адам миында болып жатқан органикалық үрдістермен байланыс проблемасын шешуге әрекет жасайды. Декарт сырттан әсер еткен ықпалға жауап берудің автоматтық, механикалық төсілі ретінде рефлекс ұғымын енгізді. Рефлекстің көмегімен одан әрі жануарлар мен адамдардың іс-әрекетін түсіңдіре бастады. Декарт өзіндік бақылауды психологиядағы негізгі әдіс ретінде пайдала отырып, ғалымдар ХУШ-ХІХғ. адамдардың ішкі дүниесін зерттей отырып, бұл бағытта біршама жетістіктерге жетті. Психологиялық білімді дамытуға ерекше үлес қосқан голландиялық философ Б.Спиноза болды. Ол белгілі дәрежеде Декарттың дуализмін (оның екі жақты көзқарасын) өзгертуге талпыныс жасады. Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген кезқарасты ұсынады. Ағылшын ғалымы Т.Гоббс, мәселен, ғылыми-жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады. Осы кезден бастап, психологиядағы негізгі перспективалық бағыт ретінде эмпирикалық немесе тәжірибслік психология қалыптасты, оның негізгі мақсаты — жан туралы философиялық түсінік емес,объективті ғылыми дәйектерді жинау және талдау.
Ағылшын ойшылы Джон Локк психологиялық құбылыстарды тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептелді. XVIII ғасыр ғылыми психология тарихыңца ассоциативтік ілімнің дамуымен тығыз байланысты. Ассоциация - белгілі бір психикалық құбылыстар мен қозғалыстардың басқалармен заңды байланысын айтады. Ассоциациялар уақытқа, кеңістіктегі жақындығына, ұқсастығына және қарама-қарсылығына байланысты болады. Ассоциация идеясы XVIII ғасырда пайда болды жөне механика мен физикадан алынған түсініктерге негізделеді. Ағылшын ғалымы Д.Гартлидің еңбектерінде ассоциативтік психология аяқталған түрде берілді. Гартлидің айтуынша, адамның бүкіл жан дүниесі үш элементтің: түйсіктердің, идеялардың жөне сезімдердің бір-бірімен байланысы, біріктірілуі негізінде құрылған.
XIX ғасырда психология өз алдына дербес ғылым болып бөлінді. Психологияға эксперимент енгізілді және зерттеу әдістері жетілдірідді. Әсіресе, бұл кезеңде неміс ғалымдары психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосты. Немістің эмпирикалық психологиясының негізін қалаған И.Ф.Гербарт болды. Ол ассоциативтік теорияның белсенді жақтаушыларының бірі өрі психологияға өлшеу өдістерін енгізуде көп жұмыс атқарды. Психологияны Гербарт елестетулер туралы ғылым, ол адамның барлық психикалық қызметі: сезімі, ерік-жігері, ойлауы, қиялы және т.б. - бүл түрлі өзгерген елестетулер деп қате түсіндірді. И.Ф.Гербарттың енгізген ассоциация және апперцепция ұғымдары қазіргі психологияда сақталған, өз мәнін жойған жоқ. Оның жұмысын Г.Эббингауз бен В.Вуңдт жалғастырды. Біріншісі ес үрдісін зерттеуде көп жұмыстар атқарды, екіншісі Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалады, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды, ол тез араның ішінде ғылыми психологиялық ойдың және психолог кадрларды даярлауда өлемдік орталыққа айналды, онда бастапқы оқыту дәрісін алған кейбір ресейлік психолог-ғалымдар В.М.Бехтерев пен Н.Н.Ланге болды. Вундттың арқасында психологияның жаңа саласы - эксперименталдік психология қалыптасты (оны Вундт физиологиялық деп атады).
Ресейде бұдан бірнеше жыл бұрын психологияны дамыту бағдарламасымен И.М.Сеченов айналысты. Оның "Бас ми рефлекстері"(1863) атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады. И.М.Сеченовтың бағыты кейіннен И.П.Павловтың және В.М.Бехтеревтің еңбектерінде өз жалғасын тапты.
И.П.Павлов үйретудің және бейімделудің тәжірибесінің қызметі ретінде шартты рефлексті ашты, ал В.М.Бехтерев Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдік психологиялық зертхананы негіздеді.
XIX ғасырдың аяқ кезі психология тарихында көптеген маңызды оқиғалармен ерекшеленеді. Олардың ішінде ең негізгілері таным үрдістерін зертеумен байланысты проблемаларды ғылыми эксперименталдық талдау: түйсіну, қабылдау, ес, ойлау және психология ғылымының жалпы тоқырауы. Бұл тоқыраудың мәні төмендегіше сипатталады: интроспекцияны пайдаланатын және организм физиологиясына бағыттайтын ғылым ретінде санамен, жеке тұлғамен, адамдардың тұлға аралық қатынастарымен байланысты көптеген проблемаларды шешуге дәрменсіздік танытты. Сонымен қатар психологияның білімі жалпы алғанда тәжірибе үшін жеткіліксіз болды, ол әдістері арқылы алынған нәтижелері сенімсіздік байқатты. Осындай ахуалдан шығудың жолын психологтар әртүрлі бағыттарда іздестіре бастады. Бір жағынан, күрделі ғылыми проблемаларды шешуде сәтсіздікке ұшыраған кейбір психологтар шешімін таппайтын проблемалар деп қарап, шешімі күрделі емес мәселелерге көңіл бөлді. Мәселен, америка ғалымдары психологиялық зерттеулер саласынан сана, ойлау, олармен байланысты терминологияны алып тастап, адам мен жануарлардың мінезінің қарапайым түрлерін зерттеумен айналысты.
§3. Кеңестік психология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Отандық ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің ертеден қалыптасқан тарихы мен дәстүрі бар. Оның тарихи тамырлары өз бастауш XIX ғасырдан алады. Біздің елімізде психологияға Деген қызығушылық тарихи тұрғыдан қоғамдық ғылыми білімнің дамуымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік Үрдістерді дұрыс түсінуде қоғамдық ұмтылыспен, адамгершілік, педагогикалық, діни, құқықтық сипаттағы Проблемаларды қою және шешумен байланысты.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында отандық ғалымдардың психологиялық көзқарастары Материализм мен идеализмнің, ғылым мен діннің шиленіскен Күресі жағдайында қалыптасты. Біздің елімізде психология ғылымының жаңа бағытын талдауға алғашқылардың бірі болып сұраныс берген, сол кездегі әлемде үстемдік еткен бағыттардан өзгеше, аса көрнекті орыс физиологі И.М.Сеченовтың еңбектері болып табылады. Ол Материалистік бағытты ұстана отырып, психикалық Құбылыстар ағзаның рефлекторлық қызметінің құрамына Кіретіндігін көрсетті, рефлекстің бөлшбейтін бөлігін құрайды, сонымен қатар органикалық үрдістер ретінде мінез-құлықты басқарады.
XIX ғасырда кең тараған, үстемдік еткен ескі Интроспективтік психологияны жақтаушылар психикалық Құбылыстардың мәні мен рөлін осылайша түсіндіріп, түпкілікті жоққа шығарған болатын.
Өткен ғасырдың аяқ кезінде Ресейде И.М.Сеченовты Жақтаушылар мен ескі психологиялық мектептің арасында өткен ғылыми пікірталас өте қызу түрде жүргізілді.