Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат
Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.
Е.Суфиев көп жылдар бойы қазақ шәкірттерінің орыс тілін меңгеруінің психологиялық негіздерін зерттеді.
Қазақ психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосқан психолог-ғалымдарымыздың қатарына Мажит Мұқановты (1920-1985) жатқызуға болады. Ол Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын 1949 жылы тамамдағаннан кейін, Қазақ университетінің аспирантурасын бітіреді, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың ғылыми жетекшілігімен психологиядан кандидаттық диссертаңия қорғайды. 1953-1960 жылдардың аралығында Алматының шет тілдер педагогикалық институтының, 1960-1985 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының психология кафедрасының меңгерушісі болды.
М.Мұқанов 1980 жылы психологиядан тұңғыш рет Қазақстанда докторлық диссертация қорғап, кейін профессор ғылыми атағын алды.
Ол — жалпы психология, жас және педагогикалық, психология, этнопсихологиядан оннан астам еңбектің авторы. Мәселен, "Бақылау және ойлау, Алматы, 1959; "Педагогикальіқ психология очерктері", Алматы, 1950; "Ми және сана", Алматы, 1956; "Жан дүниесінің сыры", Алматы, 1964; "Ақыл-ой өрісі", Алматы, Қазақстан, 1980; "Жас және педагогикалық психология", Алматы, 1982.
Республикада бұл жылдары психологиядан бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында психологиядан дәріс оқыған ғалымдардың бірі — Әбдірахман Асылбеков (1907-1970). Ол — бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, әсірссе, оның "Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу" (1958), "Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларга коммунистік тәрбие беру" (1959), "Бала тәрбиесінде семьяның ролі" (1969). "Мектеп оқушыларында ынтаның қалыптасуы" атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Кәрім Қойбағаров (1928-1985) - Қазақ мемлекеттік университетінің логика және психология бөлімін 1951 жылы алғашқы бітірген түлектерінің бірі. 1951 -1954 жылдарга дейін психология кафедрасының аспирантурасын оқып бітіреді.
"Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
психологиялық көзқарастары" деген
тақырыпта бірнеше ғылыми
60-жылдардың бас кезіне
дейін Республикада қазақ
2005 жылы профессор Қ.Б.
XX ғасырдың 70-80-жылдарында Республикада психология ғылымының әртүрлі салалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, әсіресе, жалпы, педагогикалық, заң, әлеуметтік, спорт және т.б. салалар бойынша зерттеу жұмыстары орындалып, бірнеше еңбектер дүниеге келді. Бұл жерде Қ.ІПерниязованың, Ж.Түрікпенұлының, С.Сүлейменованың, Р.Жаңабекованың, Ж.Дүйсенбековтың, Б.Орманбаеваның зерттеулерін атаған жөн.
Психологияның басқа да жекелеген салаларынан бірнеше сүбелі еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, О.Жөкебаев "Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері", Ғ.Досполов "Алдын ала тергеудің психологиясы", С.Жақыпов "Таным әрекетінің психологиясы" Ә.Алдамұратов, Қ.Рахымбеков "Жалпы психология", "Қызықты психология", Ғ.Илешев "Медициналық психология", К.Оразбекова "Иман және инабат" т.б. Соңғы жылдары жеке тұлғалар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың психологиялық көзқарастары туралы диссертациялар қорғала бастады (А.Мералиева, Ж.Сабирова). Сонымен қатар Қазақстанда жүргізілген іргелі зерттеулердің қатарына қорғалған докторлық диссертацияларды жатқызуға болады. В.К.Шабельниковтың "Әрекеттің жоспарлы қалыптасу жағдайындағы функционалдық құрылысы генезисінің психологиялық механизмдері" (1990), Ж.Намазбаеваның "Арнайы мектептердегі шәкірт тұлғасының қалыптасуы" (1986), Б.Хамзиннің "Шәкірттердің конструктивті-техникалық әрекетінің қалыптасуындағы операциялық пен тұлғалардың бір-біріне әсері" (1989), Н.А.Логинованың "Бектерев пен Ананьевтің ленинградтық ғылыми мектебінің сабақтастығы" (1990), В.Е.Клочконың "Ақыл-ой әрекетінің инициациясы" (1983), С.М.Жақыповтың "Оқыту үрдісінің психологиялық құрылымы" (1998), А.М.Кимнің "Қазіргі түсіну психологиясы" (2001), Қ.Б.Жарықбаевтың "Қазақстандағы психология ғылымы (XX ғ. тарихы мен даму кезеңдері)" (2003), С.Бердібаеваның докторлық диссертацияларын1 ерекше атап өткен жөн.
70-90-жылдарда түрлі
Соңғы жылдары этнопсихологияның әртүрлі мәселелері төңірегінде профессор Қ.Жарықбаев, профессор В.К.Шабельников, доценттер С.Бердібаева, Р.Рахымбеков т.б. бірнеше еңбектер жазды.
Мәселен, Қ.Жарықбаевтың "Этнопсихология — тіл тәрбиесінің өзегі" (Алматы, "Білім", 2005), "Ортағасырлық қазақ психологиясының тарихы" (Алматы, "Қазақ Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. - Алматы, 2005. 94-бет. университеті", 2004), "Психология негіздері" атты 2005 жылы шыққан оқулығында "Қазақ психологиясының тарихына" арнайы жеке тарау берілген.
2002 жылы "Мектеп" баспасынан
психология мен педагогиканың
түсіндірме сездігі жарық
Қазақ тілінде шығарылып отырған бұл сөздікте психология ғылымының теориясында да, практикасында да қолданылатын негізгі ұғымдар мен атаулар толық жүйеленген ақпарат берілген. Сөздіктің ұлттық сипатының айқын болуына айырықша мән берілген.
Еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып есептелетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінгі күндері кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір орталығы болып отыр. Кезінде осы кафедраға қазақтың тұңғыш психологі, академик Төлеген Тәжібаев басшылық етті. Этнопсихология проблемалары төңірегінде бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды.
Сонымен қатар Республикада этнопсихология мамандығы бойынша психолог кадрлар даярлауда және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университеті мен қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті, сондай-ақ облыс орталықтарындағы университеттер мен педагогикалық институттардың психология кафедралары әртүрлі бағыттарда психология ғылымын дамытуда ғылыми-зертгеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы (2003), 1992 ж. этностар психологиясын зерттейтін "Ұлттық тәлім-тәрбие ассоциациясы" ұйымдасты.
Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінде көрнекті психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаевтың ғылыми жетекшілігімен 1998 ж. академик Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы құрылды.
1988 жылдан бастап, Республикадағы
жоғары оқу орындарында
Сонымен, академик Т.Тәжібаев атындағы "Этнопсихология және этнопедагогика орталығы" Қазақстанда психология ғылымын дамытуда біршама іс-тәжірибе жинақтады. Соңғы жылдары орталықтың ұйымдастыруымен бірнеше республикалық және халықаралық ғылыми-теориялықғ тәжіриелік конференциялар өткізіліп, этнопсихология және этнопедагогика мәселелері бойынша ғылыми жинақтар мен конференция материалдары жарық көрді.
Тақырып 2.Психологияның әдіснамалық ұстанымдары.
Жоспары:
1. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылымы мен зерттеу әдістері
2. Зерттеу әдістерінің түрлері.
3. Негізгі және қосалқы әдістер.
4. Зерттеу материалдарын өңдеу.
5. Әлеуметтік психологиялық тренинг.
Психология әдістері. Ғылым - ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмей, әдістер аймағын тануды да қамтиды. Әдістер дегеніміз ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Ғылым әдістері жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның негізгі заң-дылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу әдістері ғылым-ның өзімен бірге дамып, өзгерістерге келіп отырады.
Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады, мұндай ғылыми-психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар (принцптер)келесідей:
1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу;
2. Психикалық құбылыстарды зерттеуде психо-физиологиялық принципті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық (биологиялық) білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану қажет;
3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік-тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі;
4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс-әрекеті және оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау.
Әрқандай ғылым сияқты психология да қилы әдістердің тұтас жүйесін пайдаланады. Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:
Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі ж.т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектті жан-жақты, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер: бақылау мен өзіндік бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу - әдістері; шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.
Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
Реттеу - түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.
Психологияның зерттеу әдістері. Психологияда қолданатын әдістер әр түрлі болады. Бақылау, эксперимент,
әңгімелеу әдісі адам қызметінің нәтижесін зерттеу болып табылады.
Бақылау – психологияда кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс–әрекетін, оның мінез–құлқын, психикасын, қозғалысын, сөйлеген сөзін жоспарлы түрде бақылайды. Адамның мінез–құлқын дұрыс түсіне білудің де маңызы зор. Мысалы оқушының бет–әлпетіне ден қоя берудің керегі жоқ. Кейде оқушы зер салып отырған адамның кейпінде болады, ал шынында ол мұғалімнің айтып жатқанын тыңдамай отырады. Сондықтан балалардың жай күйін білу үшін, оларға зер салып қарау жеткіліксіз, басқа әдістер сұраулар қоюды қолдану керек.
Баланың іс–әрекетін сабақ үстінде сыныптан тыс оқып үйренуде үй іші жағдайында үнемі бақылау жасай отырып, мұғалім оның оқуға, жолдастарына, өзіне және үлкен адамдарға қарым–қатынасының қандай екендігін біледі. Оқушыға бақылау жасау арқылы оның темпераментін, мінезін, қабілетін білуге болады.[2, 16 бет].
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1. Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2. Зерттелетін
объектіні айқын белгілеу және
байқаудың мақсатын түсіне
3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялау, кейін оған мұқият талдау жасау, басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу өрекетін одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді. Байқау әдісі арқылы оқу–тәрбие процесінің әр кезеңдерінде ұстаз студенттердің сабақ үлгіруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жақсарта түсу жөнінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданылатын әдістердің бірі.