Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат
Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.
Шартты рефлекстердің жасалуынан мида бұрын болмаған, жаңа уақытша байланыстар қалыпқа түседі. Бұл байланыстар жоғары жануарлар мен адамдарда психиканың бас тірегі (субстрат) болған үлкен ми сыңарларының қабығында орайласады.
Шартты рефлекстердің жасалу заңдарын ашқан И.П.Павлов. Ғалымның зерттеулері нәтижесінде, шартты рефлекстер немесе тұйықталған уақытша байланыстар үлкен ми сыңарлары қабығының қызметіне негіз болатыны дәлелденді. Сондықтан бас миының қызметі тұйықтаушы әрекет деп те аталады.
Сезім органдарына әсер етуші тітіркендіргіш бас миы қабығының белгілі бір аймақшасын қоздырады. Бұл қозу бір орында бекіп қалмай, қабық бетіне, жақын жердегі қабық астына түгелдей жайылады (иррадиация). Бұл қозу иррадиациясы барлық бағытта бірдей болмайды. Бас миы қабығында нақ мезетте ең көп қозу болған орын, тұрақты қозу көзі - доминанта деп аталады. Егер бас миында тұрақты доминанта пайда болса, онда көрінген әрқилы әлсіз әсерлерден болған қозулар да осы күшті орталыққа қарай тартыла тарайды.
Шартты рефлекстердің түзілуі үшін бас миы қабы-ғының белсенді әрекеттік қалпы да өте қажетті, яғни организмнің жалпы сергектігі болған жөн.
Уақытша байланыстар тұйығы - ми қабығының біріктірушілік (синтезирующий) әрекетінің негізі. Сонымен бірге, шартты рефлекстердің жасалуы рефлекс туындататын әсерді бөліп тануға байланысты, яғни ми қабығы синтездік жұмыспен қоса талдау (анализ) қызметтерін орындайды. Осы шартты рефлекстер негізінде жатқан ми қабығының талдау-біріктіру (аналитико-синтетическая) қызметі организмнің өмір жағдайларына икемдесуін қамтамасыз етеді.
Шартты рефлекстерге байланысты және бір маңызды мәселе - бұл жүйке процестерінің жүрісі (динамика), Үлкен ми сыңарларындағы жүйке процестері нақты бір орында басталып, жүйке жүйесінің басқа бөліктеріне жайылады. Бұл құбылыс - иррадиация деп аталады. Таралу процесіне қарсы - жүйке процесінің бір орында шоғырлануы (концентрация). Жүйке процесінің екеуі де - қозу және тежелу - шоғырланады да таралады. Бұл үлкен ми сыңарларындағы жүйке процестері қозғалысының негізгі формасы болумен, тітіркендіргіш әсерлердің қуатына тәуелді келеді.
Жүйке жүйесінің қызметінде маңызды факторлардың бірі - жүйке процестерінің өзара индукциясы. Бас ми қабығының бір бөлігіндегі қозу төңірегіндегі ауданшаларда тежелу процесін туындатады (кері индукция). Ал белгілі пункттегі тежелу оны қоршаған аймақта өзіне қарсы қозу процесін пайда етеді (оң индукция).
Өмірдің табиғи жағдайында тітіркендіргіштер оқ-шауланып, дараланбайды. Әдетте, олар бір мезгілде не бір ізділікпен көрінеді. Қалаған әсер - тітіркендіргіштердің бір мезеттік тобы. Сондықтан қоршаған ортада үйлесім табу үшін ми көптеген әсерлерге бірдей жауап қайтару мен бір жүйені екіншісінен айыру мүмкіндігіне ие. Үлкен ми сыңарларының жеке тітіркендіргіштерді бүтін топқа біріктіре алу мүмкіндігі - бас ми қабығының жүйелеу қызметі деп аталады.
Ми қабығы жұмысындағы жүйеліліктің маңызды көрінісі - динамикалық стереотип немесе тітіркендіргіштердің белгілі тобына болған жауаптардың бүтін жүйесі. Ми қабығының жүйелі жұмысы күрделі әрекет түрлерінің орындалуына көмектесіп қоймастан, оған қоса жүйке байланыстарын түзуде үлкен үнемділікке жеткізіп, ұзақ уақыт есте сақтауға жәрдемін тигізеді.
Адам санасы — психика дамуының жоғары сатысы
Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бүрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың
омір сүруінен ерекшелігі қоғамдық — еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі — адамның санасы пайда болады.
Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесінен ерекшелейді. Егер де қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғатгың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісіңде табиғатқа белсенді және мақсатты өсер етеді, оны озгертеді, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады.
Еңбек үрдісіңде адам өзінің дене және рухани табиғатын озгерте алады. Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам еткен еңбек. Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісіңде адамның дене және психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық сапалары, қабілеттері қалыптасты.
Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға төн психикалық бейнелеуден айырмашынығы — бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев озінің "Іс-әрекет, Сана, Жеке түлға" атты еңбегіңде берген болатын-ды.
Сана — психика дамуының сапалы ерекше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюциясында сананың озіңдік үзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болды. Адамның саналы іс-орекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішіңде біріншісі — адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей жағдайда адамдардың саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармен қарама-қарсылықта болады немесе оларды басып тастайды.
Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.
Үшінші ерекшелігі — жануарлардың мінез-құлқынан адамның саналы іс-орекетінің айырмашылығы білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталған және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез-құлық төсілдері оның өз төжірибесінің
нәтижесі емес,- үрпақтардың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін жануарлардың мінез-құлқынан түбірінен ерекшелейді.
Адамның жануарлардан айырмашылығы тек еңбек құралдарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар еңбек құралдарын жасайды. Еңбек құралдарын жасау алғашқы қауымдағы адамның іс-әрекетін түбірімен өзгертті.
Адам мен жануарлар психикасының арасында ерекше айырмашьғлықтар бар. Жануарлардың "тілі" мен адамдардың тілін еғиқаңдай салыстыруға келмейді. Жануарларда тіл, сөз болмайды, олар бір-біріне сигнал, белгі бере алады, оның барлығы интеллектілік түрде іске асады. Адам баласы тілдің көмегімен басқа адамдармен ақпарат алмасып отырады, ойткені, бүгіні және болашағы туралы бір- бірімен пікір алысады, қарым-қатынас жасайды. Әрбір жеке адам тілдің арқасында қоғамның ғасырлар бойы жинақталған өлеуметтік тәжірибесін пайдалана алады және кейінгі өскелең үрпаққа жеткізеді.
Адамдар мен жануарлардың негізгі айырмашылығы адамдарда ойлау үрдісінің болатындығы, абстрактілі ойлаудың дамығандығы болып табылады. Жануарларда бірінші сигнал жүйесі болады да екінші сигнал жүйесі болмайды, адамдарда І-ІІ сигнал жүйелері болатындығы адамды жануарлардан ерекшелейді.
Сана — психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-өрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі. Сананың құрылымы, оның негізгі психологиялық сипаттамасы қандай? Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.
Сананың құрылымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның комегімен адам әзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес, қиял және ойлауды жатқызуға болады.
Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән. Жануарларда сана болмайды. Психиканың томенгі деғггейі санасыздықты құрайды. Санасыздық саласына психикалық құбылыстар кіреді, атап айтқанда, түс көру, өртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар, ауру адамдардың психикасында кездесетін галлюцинациялар және т.б.
Адам психикасы мен жоғары сатыдағы жануарлардың психикасының арасында ерекше айырмашылық бар. Құралдардың комегімен адам әзінің органдарын күшейтті. қолмен жұмыс істей отырып, адам ой-өрісін дамытты. Қол бірте-бірте ыңғайға көніп, ептілікпен түрлі іс-әрекеттерді орындай бастады. Адам көзі мен қолы дами отьфып, енердің ғажайып тамаша құндьглықтарын жасауға үйренді. Мәселен, ондай құндылықтарға әлемдік өнер екілдерінің Леонардо да Винчи, Рафаэль, Репин, Суриков, Қастеев және т.б. тамаша туындыларын жатқызуға болады.
Мыңцаған жылдарғы еңбек біздің есту органымыз -құлақты жетілдірудің нәтижесінде нәзік айыра білумен қатар, адам баласына музыканың үлы қайраткерлері Бетховен, Чайковский, Құрманғазы және кептеген үлы музыканттар мүраларын жасауға көмектесті.
Адамның еңбек іс-орекетінің негізгі ерекшеліктеріне: 1) еңбек құралдарын пайдалану және жасау, 2) еңбектің қоғамдық немесе бірлескен, ұжымдық сипаты. Адам еңбек құраддарын пайдалана отырып, сол аркылы қағгдай заттарды табуға және пайдалануға болатындығын саналы түсінеді. Еңбек құралдарын жасау мен пайдалануды саналы түсіну белгілі еңбек заттарын өндіру және шығаруға қатысты.
Еңбек үрдісі жекелеген еңбек әрекеттерінен тұрады, ол адамдардан ұжымдық ынтымақтастықты қажет етеді. Бұл ұжымдық еңбек, егер ұжымның әрбір мүшесі еңбектің жалпы мақсатын түсінген жағдайда еңбектің нәтижесін көреді. Демек, адам іс-әрекеті ұжымдық еңбек іс-әрекеті жағдайында саналы сипатқа ие болады.
Сана - тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңцарын жан-жақты білуге комектеседі. Осы зандарды білуге сүйене отырып, адам қоршаған ортага қажеттілігі мен керегін қанағаттандыру үшін озгереді жоне бейімделеді. Демек, сана - бейнелеудің белсенді танымдық және озгертуші түрі.
Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбектің қарым-қатынасында тіл пайда болады. Тіл - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісінде және бірлескен өмірінде бір-біріне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір – бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігінен пайда болды. Адамзат қоғамының тарихы көрсеткендей сана, ой, сезім әр түрлі кезеңде, әр түрлі сипатқа ие болады.
Психика органикалық дүниенің даму үрдісінде пайда болғандығы туралы айтқан болатынбыз. Органикалық дүниенің органикалық емес дүниеден айырмашылығы оның негізгі қасиеттерінің бірі тітіркендіргіштік, демек, сыртқы әсерлерге жауап беру қабілеттілігі. Қарапайым микроорганизмдерде психика болмайды. Оларға тән сипат бейнелеудің қарапайым түрі — тітіркендіргіштік қасиет.
Тітіркендіргіштік — бұл тірі организмнің сыртқы әсерге өзінің жағдайы мен қозғалысының өзгерістерімен жауап беру қасиеті.
Кері жауап беру реакциясының күші мен сипаты сыртқы әсер етудің күші мен ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар тірі ағзаның ішкі жағдайына да байланысты. Мәселен, тойып алған амеба тамаққа ешқандай реакция бермейді. Жәндіктер дыбысты, иісті, түсті бағдарлай отырып, тамағын тауып алады немесе қауіп-қатерден қорғанады. Заттар мен құбылыстардың дыбысы, иісі немесе түсі құрт-құмырысқаларға қауіпсіз емес, әрі олардың тамаққа қажеттігін қанағаттандыру мүмкіндіктері туралы ескерту сигналдары болып табылады.
Материяның ерекше қасиеті ретінде бейнелеудің психикалық түрінің шығуы қарапайым жүйке жүйесімен байланысты. Осындай жүйке жүйесі жәндіктерде алғаш рет пайда болды (гидра, медуза, актиния). Бұл жүйке жүйесі өзара бір-бірімен байланысты денеден өсіп түрған жекелеген жүйке жасушаларын қарастырады, оны диффуззия деп атайды.
Осындай жүйке жүйесінде әртүрлі тітіркендіргіштерге барлық ағзаның сараланбаған реакциясы аңғарылады. Оңда қандай да болса басқару орталығы жоқ. Басқару орталығы жүйке жүйесінің дамуының келесі кезеңіңде пайда болады. Ол ганглиоздық (түйіскен, тізбектелген) жүйке жүйесі деп аталады. Құрттарда барлық түйіскен (ганглия) жерлері денесінің әрбір сегментінде орналасқан. Бүкіл түйіскен жерлер өзара байланысқан және ағза біртұтас әрекет етеді. Басқаларға қарағанда басты түйіскен жер біршама күрделірек және сыртқы тітіркендіргіштерге ерекше сараланып жауап береді.
Жәндіктерге тән жүйке жүйесі ганглиоздық жүйке жүйесін одан әрі дамыту және күрделендіру болып табылады. Жоғары сатыдағы (бал аралары, құмырсқалар) жәндіктерде дәм, сипай сезу, иіс, көру т.б. түйсіктері болады. Сонымен, тірі ағзалар өсімдік және жануарлар түрлері дамуының барлық кезеңдерінде бейнелеудің ерекше биологиялық түрі – тітіркендіргіштікті меңгереді.
Тітіркендіргіштік дегеніміз тірі ағзаның биологиялық (биотикалық) ықпалдарға жауап беру қабілеттілігі.
Элементарлық тітіркендіргіштік ортаның әсеріне қозғалыспен жауап беретін қарапайымдыларда, бірклеткалы тірі ағзаларда байқалады. Ортаға биотикалық ықпал етеді, соның нәтижесінде тірі ағзаның протоплазмаларының қасиеттері өзгереді. Биотикалық факторларға ерекше қозғалыстармен жауап беру тәсілдері тропизмдер немесе таксис деп аталады.
Қазіргі ағзалардың ұзақ эволюциясы нәтижесінде біз тітіркендіргіштен бастап, бейнелеудің ерекше жоғары түрлері — түйсіктермен, қабылдаумен, еспен, ойлаумен аяқтай отырып, бейнелеудің әртүрлі түрлерін кездестіреміз.
Органикалық материяның кейінгі даму сатыларында жаңа қасиет — сезгіштік пайда болды. Сезгіштік дегеніміз ағзаның түйсіне білу қабілеті, яғни, ағзаға әсер еткен заттар мен құбылыстарды бейнелей білу қасиеті. Алғашқы түрінде бұл түйсіне білу қабілеті жануарлардың жүйке жүйесінің алғашқы қалыптаса бастаған кезінде, тіпті одан да ерте кезде пайда болуы мүмкін.
Түйсіне білу қабілеті психика дамуының бастапқы сатысы болып табылады. Жануарлардың жүйке жүйесінің дамуына, оның ішінде, сезім органдарының дамуына байланысты, одан әрі бейнелеу қызметі дамып, өте күрделене бастайды. Мәселен, арнаулы сезім органдары жоқ қарапайымдыларда, жануарларда тек қана жалпы сараланбаған сезгіштік болады.