Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.

Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған адамның сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек  болады.

Байқау әдісіне қарағанда психологиялық қасиеттерді эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И.П.Павлов: «Бақылау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады», – деп тегін айтпаған.[1, 14-15 беттер].

Тәжірибе. Ғылыми–зерттеу жүргізуде эксперименттік әдістің мәні – сыналушыға зерттеуге қажет психикалық процесті әдейі жасатады. Яғни тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті психикалық қасиеттерді көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Мәселен, мәтінді дұрыс түсініп, игеруде оны оқудың қолайлы шапшаңдығын білу үшін, белгілі бір әңгімені бір топтағы балаларға 3 минутта, сол үзіндіні екінші топтағы балаларға 5 минутта, үшінші топтағыларға 7 минутта оқытады. Бір қатар тәжірибе жасаудың негізінде оқу материалын жақсы түсініп, есте сақтау үшін оқудың орташа қарқыны дұрыс деген қорытындыға келеді.[2, 16 бет].

Тәжірибенің 2 түрі болады:

1. Зертханалық  тәжірибе

2. Табиғи тәжірибе

Лабораторыялық тәжірибе. XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832 – 1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды,    тұңғыш рет      лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары ес қүбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н.Ланге (1858 – 1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А.Бине (1857 – 1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І–ші дүние жүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында ондаған  лабораториялар  болды.   Осындай  жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін XX ғасырдың басында орыс психологы Г.И.Челпанов (1862 – 1936) ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылыми–зерттеу институты мен Ресей ғылым академиясына қарасты психология институтының (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми–зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.

Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И.П.Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады көптеген   физиологиялық   және   психологиялық лабораторияларда И.П.Павловтың шәкірттері бұл әдістің әр түрлі нұсқаларымен ойдағыдай     жұмыс     жүргізуде. Мысалы, осы әдіс арқылы профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің даму жолдарының, проф. А.Г.Иванов–Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің  қызметін зерттеген.

Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет болатынын айттық.  Енді кейбір қарапайым аспаптардың атымен таныстырайық. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін — хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін — эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау ушін — тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін — аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін — эргографты пайдаланады. Бұлардан басқа құрылысы әлдеқайда күрделі құрал–жабдықтар да толып жатыр.

Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларға байланысты болады:

1.  Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;

2.  Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып  отыру,  инструкциялар т.б.  жазу–сызу құралдарымен қамтамасыз ету);

3.   Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу;

4.  Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;

5.  Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және шінара қорытындылар шығара отырып, тәжірибе жүргізуде ашылған кейбір ғылым деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу–тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл тәжірибенің негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады.

Қазіргі кезде ғарышты игерумен, медицинаның қарқынды дамуымен байланысты қасындағы отырған адамның психологиялық күйін, физиологиялық қалпын біліп қана қоймай, арнаулы аспаптар арқылы алыста тұрған адамның да ішкі күйін біле аламыз. Соның бірі – радио-рефлексометр. Бұл аспап арқылы аспанда ұшып жүрген ғарышкерлердің рефлекстерін бақылап отыруға болады.[1, 15-17 беттер].


Табиги эксперимент. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А.Ф.Лазурский (1874 – 1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констатациялау эксперименттері т.б.) мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.


Бір тәжірибеде III – IV сынып оқушыларының ақыл–ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Тәжірибе   жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқаша және жалпылай баяндай алуын, сурет бойынша елестер туғыза алу мүмкіншілігін, сондай-ақ нақтылы образдарды қайта жанғырту текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл–ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара  қатынасы  үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп,  білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған. [1, 17-18 беттер].

Әңгімелесу әдісі бақыланып отырған адамның зерттеушіге берген жауаптарынан құралады. Қойылатын сұрақтарды алдын ала ойлап алған жөн. Сұрақтар әңгіме етілетін тақырыпты толық қамтуға тиіс, ал қойылған сұрақ балаларға түсінікті болуы керек. Әңгімені бір адаммен емес, бірнешеуімен тіпті тұтастай сыныппен өткізуге болады. Әңгіменің мұндай түрі зерттеліп отырған оқушылардың жауабын бір–бірімен салыстырып отыруға мүмкіншілік туғызады.[2, 17 бет].

Қосалқы әдістер. Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар. Оларды қосалқы әдістер деп атайды. Мәселен, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне  ерекше  мән беріледі.

Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып (алынған мәліметтерді сол бойда жазып отырудың қажеті шамалы), кейіннен мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Осындай қосалқы әдістердің қатарына адамның іс–әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстары, түрлі формадағы шығармашылық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зерттелушінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму   жолын   зерттеу,   оның   өмірбаян,   естелік, мінездемелерін талдау), анкета (жазбаша) әдістері жатады. Мәселен, анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Осы әдіспен әр түрлі топтың ұжымның психологиялық өзгешеліктері (талап–тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты ерекше  құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кімдер екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы әдісті пайдалануына болады. Анкеттегі сұрақтар шұбалаңқы келмей, ықшам, зерттеушілерге түсінікті тұжырымдалып, жалпы саны 5 – 8 ден аспауы тиіс. Алынған материалдың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан  өткізіледі де, қорытындысы ондағы үлкен цифрларға қарай жасалынады. Мәселен, анкета толтырған бес жүз адамның төрт жүзі «Абай» романын оқыдық деп жазса, бұдан осы кітаппен оқырмандардың 80 пайызының таныс екендігін, сондай-ақ бұл шығарманың көпшілік сүйіп оқитын кітапқа айналғанын байқауға мүмкіндік туады. Мұның негізгі кемшілігі адам шын көңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса оны қағаз жүзінде дұрыс көрсетпеуі де мүмкін. Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің  бірі  —  сұхбат.   Мұнда  сұрақ  қоюшы сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол–жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өң–ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді. Сұрақ қоюшы  сыналушының ниетін қас–қабағынан біле алатын әдісқой да тәсілқой, қырағы әрі білікті кісі болуы қажет. Мұнда анкета арқылы анықталуы қиын ұсақ–түйек детальдарды, мәселенің түрлі қалтарыстары мен түп–төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы жерде зерттеушінің әңгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екіұшты мәліметтер беруі де ықтимал екендігін ескерген мақұл. Зерттеудің нақтылы талап–тілегіне орай сұхбат бірнеше салаға бөлінеді. Ол жеке адамдармен де, сондай-ақ әр түрлі топтармен де (үйелмен, дос–жарандар т.б.) жүргізіледі. Мұның стандарттық, сондай-ақ алдын ала жасалған бағдарлама бойынша, ауқымды тақырыптың төңірегіне құрылған түрлері де бар.

Түрлі психикалық қасиеттердің құрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды талдауда,  модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық–статистикалық әдіс қолданылады. Математика қазіргі кезде көптеген ғылымдардың зерттеу әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологы  Ч.Спирмен  (1904).  Осы әдіспен адам интеллектісін  (ақыл–ой), оның музыкалық, математикалық қимыл–қозғалыс т.б. қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеуге  болады.  Мәселен,  осы әдісті психологтар адамның жоғары жүйке қызметі қасиеттерінің құрылымын (Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын) зерттеуде пайдаланды. Күрделі корреляцияларды факторлық талдауға салу электрондық өлшеуіш машиналарының (ЭВМ) көмегіне де сүйенеді.

Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл–ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген, сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болмайтындай етіп іріктеу қажет. Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептелінеді. Тест тапсырмаларын тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу тесті стандарттау деп аталады.   Мұндай тестке  кейін  ешқандай  өзгеріс енгізілмейді. Баланың ақыл–ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тестерді интеллектік тестер дейді. Мұнда әртүрлі ақыл–ой әрекетін қолдануды талап ететін, зерттелінушіге бұрыннан таныс емес тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл–ойға байланысты берілген тапсырманы қандай дәрежеде игергенін байқауға мүмкіндік береді.

Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан қараудың маңызы зор, өйтпеген жағдайда, оның қортындылары бала ақыл–ойының дамуын бұрмалап көрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін танып–білуде көмек көрсете алады.

Адамның жан дүниесінің сырын жақсырақ түсіну үшін бүл әдісті аталған әдістермен қосарластыра пайдаланған дұрыс. «Біз, әдетте, адамды жұмыста іс–әрекетіне қарай бағалаймыз, дегенмен, адамды жан–жақты бағалаудың өлшеміне оның отбасындағы, тұрмыстағы, ұжымдағы және одан тыс жерлердегі мінез–құлқы да енуге тиіс» (Д.А.Қонаев).[1, 18-21 беттер].

Психологияда өзін–өзі бақылау әдісі де қолданылады. Мұнда адам өзін–өзі тәрбиелеуде сапалық жақсы қасиеттерін дамытып, кемшіліктерін жойып отыруы керек.[2, 18 бет].

 

Таңдау әдісі. Социометрия

Шет ел психологиясы шағын топтарды зерттеуде ауырлықтың орталығын топтарда жеке тұлғаның тұлға аралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге ауыстырды. Тұлға аралық қарым-қатынастың эмоциялық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Топтар мен ұжымдардағы қарым-қатынас және тұлға аралық қатынастар бақылау, эксперимент, әңгіме, анкета, социометрия әдістері арқылы зерттеледі. Белгілі әдістерді қолдану нақты міндеттермен, сонымен қатар зерттеу іске асатын жағдайлармен байланысты.

Қазіргі кезде кеңінен тараған және шет елден енген әдістердің бірі - социометриялық әдістеме немесе социометрия әдісі, оны алғаш рет ұсынған З.Фрейдтің шәкірті — Джекоб  Морено (1892-1974). Морено теориясы бойынша, барлық қиыншылықтар, қарама-қайшылықтар, оның ішінде, әлеуметтік, микро және макро құрылымының сәйкес келмеуіне байланысты. Социометрия — америка социологі және психологі Джекоб Морено ұсынған шағын топтарда тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеудің ерекше әдісі. Қазір социометрия әдісін топ мүшелерінің арасыңда ұнату және ұнатпауды анықтау үшін кеңінен қолданады. Социометриялық әдістің мәні белгілі бір шарттарға жауап беретін адамдарға — бірізділік тәртіппен таңдауды іске асыру міндеті қойылған топ мүшелерін сауалдаудың нәтижесін зерттеу. Демек, бұл жағдайда әртүрлі социометриялық өлшемдер немесе нақты сұрақтар ұсынылады, оған әрбір зерттеуші жауап беруі тиіс (мәселен, зеттеуші бірінші кезекте кіммен бірге жұмыс істеуді, көрші болуды, демалуды қалайды, кіммен екінші кезекте, кіммен үшінші кезекте). Сонымен зерттеу нәтижесінде топтағы "социометриялық жұлдыздарды" немесе топтағы ең кеп тандауға ие болғандарды анықтау.

Бұл әдіс тез арада топтағы адамдардың бір-бірімен қатынасын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл әдісті сынып жетекшілері, тәрбиешілер кеңінен қолданады. Мектеп оқушыларына төмендегі сұрақтарға жауап беру сұралады: "Сен кіммен туристік жорықтарға, емтиханға дайындалануға, бір партада отыруға, бір командада ойнауға тілек білдірер едің?" Әрбір сұраққа үш таңдау беріледі: нәтижесінде ұжымның кейбір мүшелері көп тандауға мәжбүр болады. Ұжымның әрбір мүшесінің орны, рөлі, мәртебесі, бағыты туралы негізделген бағалауға, ұжым ішілік топтарды, оның лидерлерін анықтауға мүмкіндік, тәріздес сұрақтар социометриялы өлшемдер деп аталады, топ ішілік тұлғалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасының әртүрлі жақтарын қамтиды. Осындай өлшемдер белгілі бір міндеттерді орыңдаумен тығыз байланысты (оқу, қоғамдық жүктемелер, демалыс, бірге уақыт өткізу және т.б.сияқты).

Тандау өлшемдерін күшті және әлсіз деп беледі. Күшті өлшемдер зерттеу үшін оның өмірінің ең маңызды және қажетті салаларын қамтиды. Социометриялық таңдау өдісін жүргізу эксперименті жүргізушілерден немесе экспериментатордан таңдау өлшемдерін, оның санын зерттеу мақсаттары мен міңдеттеріне сай анықтауды талап етеді. Социометриялық зерттеулердің жүрісі белгілі дәрежеде экспериментатордың жеке басына тікелей байланысты, оның топ мүшелерімен қатынас жасай білу ептілігіне, зерттеудің маңызы мен қажеттілігін түсіндіре білуіне байланысты. Психологтар оны жүргізу ісіне бірден кіріспейді, ең алдымен олар топпен танысуға біршама уақыт жібереді. Бұл кезеңді социометриялық жаттығу деп атайды. Топ жөне эксперимент жүргізуші бір-бірінен үйренеді, олардың арасында ынтымақтастық және бір-бірін өзара түсінушілік қарым-қатынас қалыптасады.

Информация о работе Психология және адам дамуы