Психология және адам дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Психология объективтік шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады. Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі.

Содержание

Психология пәні, мақсаты, міндеттері.
Психология ғылымының салалары, әдістері.
Қазіргі кездегі психология.
Психологияның даму кезеңінің негізгі сипаттамасы.
Психологияның ғылым ретінде анықталуы.
Шетел және отандық психологияның дамуы.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы. Психологияның негізгі принциптері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фат, Фақ-311 Кешен психол 2014.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерделеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, психолог-ғалым, академик Төлеген Тәжібаев болды. Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында "К.Д.Ушинский — Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы" тақырыбыңда кандидаттық диссертация қорғады.

Төлеген Төжібаев кеп жылдар қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Қүнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің психологиялық және педагогикалық кезқарастарын зерттеуге арналған бірнеше монографиялық еңбектер жазды. Ол 1962 жылы түңғыш рет Қазақстанда педагогика тарихынан докторлық диссертация қорғады.

Академик Т.Тәжібаевтан кейін  бұл бағытта  ғылыми-зерттеу  жұмысын  ілгері  дамытқан, Қазақстанда  психологиялық  және  педагогикалық ой-пікірдің  қалыптасуы мен  даму  тарихын  зерделеген, «Қазақстанда  төңкеріске  дейінгі  педагогикалық  ой-аікірдің  қалыптасуы және  дамуы», «Қазақстанда  психологиялық  ой-пікірдің   қалыптасуы  мен дамуы"-және т.б. бірнеше монографиялық еңбектердің авторы, көрнекті психолог-ғалым, педагогика және психология, ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаевтмң алатын орны ерекше.

Ол қазақ психологиясының тарихын зерделеуде сонау орта ғасырлық ғұлама ойшылдар - Әбу Шсыр өл-Фарабиден, Жүсіп Баласағұнидан, Махмұд Қашғари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Иассауи, Мұхаммет Дулати, Қадырғали Жалаири еңбектерінен бастау алады.

Қ.Б.Жарықбаев XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіңдегі қазақ ағартушылары Шоқанның, Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Міржақып Дулатовтың, Нәзипа Құлжанованың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастарына жан-жақты талдау жасады».

Кеңестік дәуірде республикада психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуын архив құжаттарына сүйене отырып, зерттеді. Профессор Қ.Б.Жарықбаевтың қазақ психологиялық терминологиясының мәселелері туралы тұжырымдары және зерттеу еңбектері өз алдына бір төбе.

Қазақстаңда психология ғылымы дамуы басқа қоғамдық ғылымдар сияқты кеңестік дәуірде жан-жақты дами бастады. Оның кең құлаш жайып дамуына белгілі алғышарттар жасалынды. Атап айтқанда, сонау орта ғасырдан бастау алатын, қазақ топырағында дүниеге келген ғұлама-ойшылдар әл-Фараби, Жүсіп Баласағұнидің және т.б. психологиялық мұраларында, төңкеріске дейінгі кезеңдегі қазақ ағартушылары Абай, Шоқан, Ыбырай, Шәкәрімнің психологиялық ілімдерінде, 20-ғасырдың бас кезіндегі Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов еңбектеріңде негізі қаланды. Сонымен, кеңестік дәуірде қазақ психология ғылымы бос орынға келген жоқ, оған дейін Республикада кеңестік психологияның дамуына белгілі алғышарттар жасалып, ғылыми негіз қаланған болатын.

Қазақ топырағында алғаш рет 1922 жылы "Педагогика" атты (Ташкент, Орынбор) Мағжан Жүмабаевтың (1993-1938) оқулығының жарық көруі өмірде өте сирек кездесетін құбылыс ретінде бағалауға болады. Бірақ оқулықтың аты "Педагогика" деп аталғанмен, оның бүкіл мазмұны психология ғылымының мәселелеріне арналған. 15 тарау 106 беттен тұратын "Педагогика" оқулығының төрт-ақ тарауы, 13 беті ғана педагогика мәселелеріне арналғанда, 11 тарауы түгелге дерлік психологиялық құбылыстарға, оның ішінде таным үрдістеріне, оны жіктеу, ақыл-көріністері, ес, зейін, қиял, тіл мен сөйлеу, сезім, көңіл-күй, ерік-жігер сияқты психологиялық үрдістерге арналады. Бұл еңбекте қазақ терминологиясының мәселелері де назардан тыс қалмаған. Оқулықта Мағжан Жұмабаев алғаш рет психологиялық терминдердің қазақша баламаларын жасауға талпынған, мәселен, түйсінуді - әсерлену, зейінді - абай, есті - зейін, пікірді — хукім және т.б. қазақша баламаларды қолданады. Дей тұрғанмен, бұл баламалар қазіргі психологияда қолданылып жүрген ұғымдарға сәйкес келмейді.

Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған, жеке адамға табынудың, заңсыздықтың құрбаны болған, біртуар қазақ зиялыларыньщ бірі - Жүсіпбек Аймауытов (1989-1931) қазақ топырағында тұңғыш рет "Психология" (Қызылорда -Ташкент) оқулығын 1926 жылы жазды. Оқулықтың кезінде жіберілген кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбек қазақ тіліңде жазылған біршама уақыт өтсе де, өзінің кұндылығын жоймаған тұңғыш оқулық екендігіне ешқандай күмөн келтіруге болмайды. Бұл оқулық — мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған оқу құралы. Еңбекте Жүсіпбек Аймауытов қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін психикалық құбылыстардың себептерімен, сырларымен таныстыра отырып, соған қарапайым тілмен жауап беруге ұмтылады. Еңбекте психология ғылымы, оның тарихынан хабардар етеді.

Жүсіпбек Аймауытовтың "Психология" оқулығының екінші, үшінші тараулары жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын зерттеу әдістері туралы, жүйке жүйесінің құрылымы, оның заңдылықтарына сипаттама береді. Сол сияқты шартты рефлекстер, организмнің тітіркенгіштік, сезгіштік қасиеттері туралы айтылады.

"Денедегі кейбір мүшелер, оның қызметтері" және "Эмоция  және сезім" атты тертінші және  бесінші тарауларында психикалық  үрдістердің анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктері мен эмоция, сезім, көңіл-күйге талдау жасалады. Сонымен қатар оқулықта таным үрдістеріне сипаттама беріледі, олардың зандылықтары мен қасиеттеріне тоқталады.

Психология және педагогика ғылымдары саласында психолог және педагог ғалым ретінде Василий Яковлевич Струминскийдің (1880-19631 Республикада психология ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі ерекше. Ол Орынбор практикалық институтында педагогика, жалпы және педагогикалық психология пәндерінен студенттерге дәріс берді.

1923 жылы В.Я.Струминскийдің  Орынбор қаласында "Психология" оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегінде диалектикалық материализм тұрғысынан гылыми психологияның негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталады. Кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбектің мәні орасан зор болды.

1935 жылдан бастап, өмірінің соңғы кезіне дейін психология ғылымының кернекті қайраткері, профессор Александр Петрович Нечаев (1870-1948) Семей қаласыңца тұрды. Психология ғылымы саласында 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен, есімі әлемге белгілі психолог-ғалым. Ол психология ғылымының ортүрлі саласында, әсіресе, психологияның жас, педагогикалық, медициналық және т.б. салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірді. Өмірінің соңғы жылдары Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында студенттерге педагогикадан және психологиядан дәріс оқыды. А.П.Нечаев көп жылдар "Психофизиологиялық синдромдар жүйесі" тақарыбында Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, Жоғары аттестациялық комиссия 1944 жылы диссертация қорғамай-ақ, психология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді. Сонымен, қазақстанда психология ғылымының дамуында А.П.Нечаевтың сіңірген еңбегін ерекше бағалауға болады.

Қазақстан педагогикалық институттарында педология 1936 жылғы 4 шілдедегі партияның қаулысы қабылданғанға дейін пән ретінде оқытылып келді. Жоғары педагогикалық оқу орындарында педагогика және психология пәндерімен қатар педологиядан белгілі ғалымдар, мәселен, қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында педагогика және педологая кафедрасының меңгерушісі Шарапи Әлжановтың, дарынды әмбебап ғалым, казақстанда жоғары педагогикалық мектепті белсенді ұйымдастырушылардың бірі, профессор Халел Досмұхамедовтың, Орал педагогикалық институтында психология және педологиядан дәріс берген, Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді дамытуға ат салысқан, белгілі психолог-ғалымдардың бірі Абдолла Темірбековтың, Республикада психология ғылымын дамытуда ерекше еңбек сіңірген корнекті психолог ғалым Салкен Балаубаевтың есімдерін ерекше атауға болады. С.Балаубаев пен Ш.Әлжановтың басшылығымеи 1934 жылы Залкиндтің "Педология" оқулығы қазақ тіліне аударылды.

30-жылдары А.Темірбеков  Орал педагогика институтында  недология мен психологиядан  қазақ тілінде студенттерге дәріс  оқыды, қазақ тілінде психология  және педология курстарынан оқулықтар мен оқу құралдары болмады. Студенттер А.Х.Темірбековтың басшылығымен психологиядан К.Н.Корниловтың, педологиядан П.П.Блонскийдің орыс тілінде шыққан оқулықтарын пайдалануына тура келді.

30-жылдары педагогикалық  институттарға арналған психология бағдарламасы профессорлар СЛ.Рубинштейн мен К.Н.Корниловтың жетекшілігімен жасалды. Республика жоғары оқу орындарында профессор С.Л.Рубинштейннің "Жалпы психология негіздері" оқулығы мен профессор К.Н.Корниловтың "Психология" оқулығы қолданылған болатын.

"Психологияның қазақ  бөлімдері педагогикалық институттардың  жанынан кейінірек ашылды, білімді  маман кадрлардың, ана тілінде  психология оқулықтарының болмауы, ғылыми терминологияның әлі де  жеткіліксіз жасалуы көп уақытқа  дейін бұл маңызды шараны іске асыруды тежеген болатын", - деп жазды белгілі психолог-ғалым, профессор Қ.Б.Жарықбаев.

1938-1939 оқу жылынан бастап, жалпы психология курсы студенттерге  ана тілінде оқытыла бастады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында  психология курсын оқытуды дұрыс жолға қоюда қазақтың Абай атындағы недагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасы, меңгерушісі Төлеген Тәжібаевтың еңбегінің мәні зор болды.

1947 жылы 13 мамырда КСРО Жоғары  білім министрінің жоғары және арнаулы орта оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау туралы бұйрығы жарияланды. Жоғары жөне арнаулы оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау мақсатында 1947-1948 оқу жылында Одақтағы басқа да 16 мемлекеттік университеттердің бірі болып, Қазақтың С.М.Киров атындағы университетінің филология факультетінің жанынан логика және психология бөлімі ашылды. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік университеті жанынан логика және психология мамандығы бойынша аспирантура ашылды. Алғашқы кезде бөлім ұйымдасқанда логика және психология мамандықтары бойынша ғылыми кадрлар жетіспеді. Психология кафедрасы ашылып, белгілі маман кадрлармен бірте-бірте толықты.

Психология бөлімін ашуда және психологиядан ғылыми-зерттеу жұыстарын жүргізуде, қазақ психология ғылымынын дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, дипломат Т.Тәжібаевтың (1910-1964) ұйымдастырушылық жұмысын ерекше атаған жөн. Ол Шымкенттің педагогикалық техникумын үздік тамамдағаннан кейін (Ж.Аймауытов Шымкент педтехникумының директоры, педагогика жөне психологиядан дәріс берді) Мәскеудің Н.К.Крупская атындағы коммунистік тәрбие академиясын 1935 жылы ойдағыдай бітірді. Т.Тәжібаевты Академия ұжымы аспирантураға қалдырады. Аспирантурада оқыған кезінде Т.Тәжібаев әлемдік психологияның көрнекті өкілдерімен жете танысады. 

1939 жылы Ленинград қаласында "К.Д.Ушинский — Ресейдегі педагогикалық  психологияның негізін салушы" тақырыбында бұрынғы Одақта бірінші  рет орыс педагогикасының классигі  К.Д.Ушинскийдің психологиялық мұрасын  зерттеген тұңғыш ғалым-психолог. Ол Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ университетінде психологиядан қазақ тілінде дәріс берді, психология кафедрасын басқарды.

Соңғы жылдары Т.Тәжібаевтың әр жылдарда республикалық педагогикалық басылымдарда жарияланған мақалалары жарық көрді. Бұл ғылыми мақалалар мен дәрістердің студенттер мен мұғалімдердің психологиядан бір жүйелі білім алуына септігі тиді.

Осы еңбектерінде белгілі жүйеге түспей жүрген ұлттық психология терминдерін жан-жақты зерттеп, бір жүйеге келтіруде біршама еңбектенді.

Т.Тәжібаевтың "Жалпы психология" оқулығы "Қазақ университеті" баспасынан 1992 жылы жарық көрді. Еңбекте психология ғылымының теориялық негіздері жан-жақты баяндалады.

Еліміздің белгілі психолог-ғалымы, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, Саратов университеті медицина кафедрасының меңгерушісі Иосиф Лазаревич Стычинский (1896-1969) 1946 жьшы Алматыға келіп, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды, соңғы жылдары оның профессоры болып жұмыс істеді. Ол  Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында психолог-аспиранттарға ғылыми жетекшілік етті. И.Л.Стычинскийдің ғылыми жетекшілігімен психологиядан бірнеше ғылым кандидаттары даярланды. Бірінші рет Республикада жоғары жүйке қызметі зертханасы жұмыс істеді. И.Л.Стычинский И.П.Павловтың іліміне байланысты бірнеше ғылыми еңбектер жариялады.

Қазақ психология ғылымының қалыптасуында өзіндік орны бар көрнекті психологтарымыздың қатарына Сәлкен Балаубаевты (1902-1972) жатқызуға болады. Ол Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында оқытушы, Қазақ ССР Халық ағарту комиссариаты жанындағы әдістемелік кеңесте жұмыс істеді.

С.Балаубаев еңбектері қазақ психологиясы тарихында елеулі орын алады. С.Балаубаев біраз жыл қуғын-сүргінге ұшырады. 1937-1938 ж.ж. заңсыздық пен жеке адамға табынудың салдарынан көп жылдар үзілістен соң Қарағаңдыда ұзақ жылдар студенттерге психологиядан дәріс оқыды, ғылыми жұмыспен айналысты. 1966 жылы Абдолла Темірбековпен бірлесіп, университеттер мен педагогикалық институттарға арналған "Психология" (Алматы, 1966 ж.) оқулығын жазды.

Республикада психологиядан алғаш рет кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Олар: Е.Суфиев, АТемірбеков, М.Мүқанов, ААсылбеков, Қ.Жарықбаев және т.б. 

Қазақстан психологтарының ғылыми тұрғыдан өсуіне Ресей ғалымдарының көмегі орасан зор болды. Москва мен Ленинградтың жоғары оқу орындарының психология кафедрасында психологиядан бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды (Н.Айғабылов, А.Косеубаев, Г.Айманов және т.б.)

Қазақстаңда психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан психолог ғалымдардың ішінен Абдолла Темірбековты (1904-1972), Елеш Суфиевті (1919-1980), Мажит Мұқановты (1920-1985) атауға болады. АТемірбеков 30-40 жылдары Орал, Қызылорда пединституттарында директордың орынбасары, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында факультет деканы, Өскемен педагогикалық институтының ректоры, кейінгі жылдары Алматы шет ел тілдері институтының педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Е.Суфиев (1919-1980) Оралдың А.С.ГІушкин атындағы педагогикалық институтының химия-биология факультетінің тулегі. Оралдың А.С.Пушкин атындагы педагогикалык институтын бітіргеннен кейін мектептерде ұстаздық қызмет атқарды. Соғыстан кейінгі жылдардан 80-жьшдарға дейін Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларындағы оқу орындарында психологиядан дәріс оқыды.

Информация о работе Психология және адам дамуы